Кәсіпорындағы жоспарлау процесі мен жоспарлаудың әдістері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.‭ ‬Жоспарлаудың мәні мен принциптері
2.‭ ‬Кәсіпорындағы жоспарлау процесі мен‭ ‬ жоспарлаудың әдістері

1.Жоспарлаудың мәні мен принциптері
Экономиканы жоспарлы дамытудың обьективті қажеттілігі‭ ‬өндірушілердің бөлінуіне және қоғамдық еңбек бөлнісінің дамуына байланысты пайда болады.‭
Жоспарлау-‭ ‬зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу,‭ ‬сол арқылы көздеген мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі,‭ ‬сондай-‭ ‬ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады.‭ ‬Сонымен,‭ ‬жоспарда алдын ала көре білу дәлірек және айқынырақ көрініс болып табады.‭
Жоспарлау‭ ‬– кәсіпорынның дамуы мен жалпы мақсатына жету үшін ұйымның барлық мүшелерінің күшін қамтамасыз ететін бағыт.‭
Жоспарлау‭ ‬-‭ ‬басқарудың негізгі функциясы.‭ ‬Жоспарлау сатып алушылардың әртүрлі қажеттіліктерін есепке ала отырып өнім ассортименттерін көбейтуде зор‭ ‬мәнге ие.‭ ‬Жоспарлау мәні бекітілген мерзімге нарық сұраныстары мен материалдық көздер есебімен қамтамасыз етіліп дамуына бағытталған,‭ ‬анықталған негіздеме.
Ф.Энгельс‭ ‬“Анти-‭ ‬Дюринг‭”‬атты еңбегінде былай деп жазды:‭“‬Дамыған қоғамда өндірістегі анархия‭ ‬өндірісті қоғамдық жоспарлы реттеумен ауыстырылады,‭ ‬ол бүкіл қоғам қажеттілігіне және оның мүшелерінің қажеттілігіне сай жүргізіледі‭”‬.
Өз кезінде К.Маркс жоспарлауды қоғамдық еңбекті халық шаруашылығының салдары мен түрлеріне бөлуде қажетті пропорцияларды‭ ‬қоғамның сұранысы мен мүмкіндіктеріне сәйкес саналы анықтау және жүзеге асыру үшін қажет деп түсіндірді.‭ ‬1986‭ ‬жылы‭ ‬11‭ ‬шілдеде Л.Кугельманға жазған хатында ол былый деген болатын:‭ ‬“Қоғамдық еңбекті белгілі пропорциямен бөлу қажеттігі қоғамдық өндірістің белгілі формасына сәйкес жойылуы мүмкүн емес,‭ ‬оның көріну формасы ғана өзгереді‭”‬.
Әкімшілік жоспарлау жүйесінен нарықтық экономикаға көшуге байланысты және халық шаруашылығын дамытудың‭ ‬жаңа қарым-‭ ‬қатынастарының қалыптасуы жайында жоспарлау жаңа қырынан көрінеді де,‭ ‬жаңа міндеттерді шешуді көздейді.Жаңа жағдайдағы жоспарлаудың сапалық ерекшелігі жоғарыдан жасалатын бұрынғы директивтік жоспарлау орталық және жергілікті органдардың,‭ ‬кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара тиімді келісімі арқылы орындалатын нұсқаулы‭ ‬жоспарлауға айналады.‭
Нарықтық экономикада жоспарлау жойылмайды,‭ ‬керісінше,‭ ‬жоспар мен нарықтың өзара байланысы күшейе түседі.‭ ‬Әйтпесе нарықтың өз бетінше дамуы және өзін-өзі реттеуі қоғамдық экономикалық және әлеуметтік процестер барысында‭ ‬үлкен қателіктер мен күрделі олқылықтарға ұрындырады.‭ ‬Сондықтан әр бір мемелекет,‭ ‬жоспарлау мен экономикалық реттеуге сүйене отырып,‭ ‬пайда болған деформайияларға түзетулер енгізіп,‭ ‬нарықтық қатынастарды әлсін-‭ ‬әлсін бәсекелестік жағдайына келтіреді,‭ ‬экономиканы динамикалық тепе-‭ ‬теңдікте ұстап,‭ ‬тұтынуды қоғамның төменгі күнкөріс деңгейі дәрежесіне сәйкестендіруге тырысады.Сонымен,‭ ‬жоспарлау жүйесі нарықсыз,‭ ‬нарықтық қатынастар механизімінсіз сәтсіздікке ұшыраса,‭ ‬тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау-‭ ‬басқару шешімдерін қабылдау просеці.‭ ‬Ол кәсіпорынның экономикалық даму мінездемесіне бағытталған.
Нарықтық ортада жоспарлау келесі принциптерге негізделіп түрлерге бөлінеді:
Демократиалық жоспарлау-‭ ‬бұл кәсіпорындағы жоспарлау басқару шешімдері директивті түрде емес,‭ ‬индикативтік негізде төменнен қалыптастырады.
Меншіктің алғашқы формасы‭ ‬– обьектіні меншіктеу құқығы ең алдымен меншік иесіне беріледі.
Жоспарлаудың ғылымилығы-‭ ‬жоспарды жасауда экономикалық заңдармен ғылыми нормамен нормативтерді,‭ ‬ғылыми техниканың жетістіктерін қолдауды білдіреді.
Жоспардың әлеуметтік бағыттануы.
Ағымдық,‭ ‬оперативтік,‭ ‬стратегиялық жоспарлардың өзара байланысы мен бірлігі.‭
Жоспардың кешенділігі‭ ‬– кәсіпорындағы барлық жоспарлау түрлерін қамтиды.
Жоспардың оңтайлылығы‭ ‬– бұл бірнеше жоспардың ішінен максималды пайдамен шығындардың ми нимумын беретін оңтайлы жоспарды таңдауға мүмкіндік береді.

2.‭ ‬Жоспарлаудың әдістері‭ ‬мен кәсіпорындағы‭ ‬жоспарлау процесі‭ ‬.
Жоспарлауға обьективті экономикалық заңдылықтарды білу және сапалы қолдану негіз болады.‭ ‬Экономикалық заңдылықтар экономика дамуының негізгі тенденцияларының бағыттарын,‭ ‬мазмұнын,‭ ‬сипаттап анықтайды дегенмен олар бұл тенденциялардың‭ ‬нақты‭ ‬сандық‭ ‬көлемін‭ ‬көрсете‭ ‬алмайды.Шаруашылық‭ ‬дамуының‭ ‬тиімді‭ ‬вариантын‭ ‬саналы‭ ‬тандау‭ ‬мүмкіндігі‭ ‬кеңітілген‭ ‬ұдаиы‭ ‬өндірістің‭ ‬прапортциясы‭ ‬мен‭ ‬қарқынын‭ ‬анықтау,‭ ‬онын‭ ‬нәтижесін‭ ‬бөлу‭ ‬ғылыми‭ ‬методология‭ ‬,‭ ‬әдістеме‭ ‬жане‭ ‬жоспарды‭ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы жоспарлауды ұйымдастыруын талдау
Маркетинг жоспары
Қаржылық жоспарлау және болжау
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын құрудың теориялық негіздері
Персоналды басқару және кадрлық саясат
Қаржылық жоспарлау процесі
«Ата-тек-Астана» шағын бизнес орталығының басқару жүйесін талдау
Пәндер