Шығын мәні және оны топтастыру мен бөлу.


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

КІРІСПЕ . . .

І. Бөлім. Шығындар туралы жалпы түсінік.

1. 1. Шығын мәні және оны топтастыру мен бөлу . . .

1. 2. Өнім өндірісіне шыққан шығындар есебі . . .

ІІ. Бөлім. Үстеме шығындар есебі.

2. 1. Үстеме шығындардың мәні . . .

2. 2. Үстеме шығындар бөімшесіндеті шоттардың мәні . . .

2. 3. Құрал - жабдықтары пайдалану мен күтіп - ұстау бойынша

шығыстар . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕЕТТЕР . . .

КІРІСПЕ

Кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметі бүкіл кәсіпорынның мақсаттарымен міндеттеріне сай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін қажетті процесс болып табылады.

Кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетінің мақсаты - өнім шығару, оны өткізу мен пайда алу.

Өндіріс шығындарын басқару кәсіпорынның негізгі міндеттерін орындауға бейімделген басқарудың белгілі бір үлгісіне сәйкес өткен шақтағы, қазіргі және өндірістік қызметтің шығындары мен қорытындыларын байқау мен талдаудан тұрады.

Өндіріс шығындары есебінің басты міндеті - өндірістік қызметті бақылау мен оны шығару үшін шығындарды басқару.

Мақсатты белгілеуі мен шығындар есебі бағытына байланысты шығындарды жіктеудің әр түрлі нұсқалары қолданылады. Шығындар есебінің бағыты болып өндіріске шығатын шығындардың дербес мақсатқа сәйкес есебі қажетті іс-әрекет саласы түсініледі:

  • дайын өнімді қалькуляциялау мен бағалау үшін қолданылатын шығындар;
  • мәліметтері шешім қабылдау мен жоспарлауға негіздемеболып қызмет ететін шығындар;

• бақылау мен реттеу жұйесінде қолданылатын шығындар.
"Шығындар" сөзі жағдайға байланысты әр түрлі мәнге ие болады. Басқару есебінде шығындар әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі тәсілдермен жіктеледі.

Шығындар шынында басқару есебінің негізгі объектілерінің бірі болып саналады. Шаруашылық іс-әрекет процесінде тұтынылған материалдық, еңбек, ақшалай және басқа ресурстар шығындар болып келеді.

Ұйымның өткізуге арналған өнімі (жұмыс, көрсетілетін қызмет) шығынды көтерушілер болып табылады.

Өнімнің нақтылы түріне немесе нақтылы тапсырысқа сатысыз бірден жатқызуға болатын шығындар тікелей (тікелей материалдық шығындар мен еңбекті өтеу шығындары) деп аталады. Нақтылы өнім қатарына жатқызу мүмкін емес немесе үнемді емес шығындар жанама деп аталады. Өнім тандалған базаға сайма - сай бұйымдар бойынша бөлінеді. Бұл шығындар қосалқы материалдарға, қызмет көрсететін жеке құрамның еңбетін өтеуге, негізгі құрал - жабдықтарды ұстау мен жөндеуге арналған.

Кезең ішінде болған өндірістік шығындар дайын өнімнің өндірістік өзіндік құнын жасай отырып, өндірістік өнімге, не болмаса бітпеген өндірістің қалдықтарына жатқызылады.

Есепті кезеңдеті өнім өткізу және ұйымның жұмыс істеу процесін қамтамасыз ету үшін сондай-ақ қоммерциялық және жалпы әкімшіліктерден тұратын мерзімді шығыстар керсетіледі. Бұл шығындар пайданы азайту үшін есептен шығарылады.

Соған сәйкес біз бұл жұмыста шығындардың эқономиқалық мәнін және ондағы үстеме шығындарының есебін, оларды жұргізу тәртібін толығырақ қарастырамыз.

І. Бөлім. Шығындар туралы жалпы түсінік

1. 1. Шығын мәні және оны топтастыру мен бөлу

Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты Кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік кұн құрылымын - өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарынын жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді.

Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты. Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған «Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар.

Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шығындардың пайда болатын жері - Кәсігіорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т. б. Мұндай әрбір учаскете кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі.

Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімнің өзіндік құнын қалькуляцияда қажетті; өнімнің жекелетен түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу.

Жауапкершілік орталықтары жөніндеті есептін мақсаты әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар мен табыс туралы мәліметтерді сметадан ауытқуды жауапты адамға арту үшін жинақтау. Жауапкершілік ортатықтары бойынша нақты мәліметтерді қысқа уақыт аралығында жасалатын смета орындау жөніндегі есепте бухгалтер талдаушы көрсетеді. Олардан жауапкершілік ортатықтарының басшылары шығыстың әр түрлі баптары бойынша сметадан ауытқушылықтар туралы ақпарат алады.

Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан - жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді.

Көтерушілер бойынша есеп. Технология мен өнім сипатына байланысты бұйымдар мен жартылай өнімдер, біртекті бұйым топтары, бір аттас немесе жеке жасап шығаратын бұйым (тапсырыс) сериялары, құрылыс объектілері, кұрылыстың біткен кезендері, жұмыс пен көрсетілген қызмет түрлері яғни өткізуте арналған өнім (жұмыс, көрсетілген қызмет) түрлері шығынды көтерушілер (носители) болады.

Егер Кәсіпорында біртекті өнім бірдей негіздеті шикізат пен материалдан жасаса және мөлшерімен, жаңғыртып жетілдіруімен (модифиқациясымен) айрықшаланса, онда кәсіпорынның шығынды көтерушілер сайын ең аз шамада азайтуға мүмкіндік пайда болады, соған орай, қалькуляциялау амалын қарапайымдандыруға болады.

Өндірістік шығындар. Олар төрт элементтен тұрады:

- тікелей материалдық шығындар;

  • еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар;
  • аударымдар (әлеуметтік салық) ;
  • қосымша шығындар.

Өндірістік қорлар. Кәсіпорын қоймасындағы материалдар, бітпеген өндіріс, дайын өнім (тауар) қорларында көрсетіледі. Олар түгенделуге тиісті, Кәсіпорын активінде болады және алдағы есспті кезеңдерде пайда әкелуге тиісті.

Тікелей материалдық шығындарға дайын өнімнің бөлігі болатын негізгі материалдар мен шикізат шығындары кіреді және олардың құнын белгілі бір бұйымға тікелей және үнемді, аса мол шығынсыз жатқызады. Материалдық шығындардың шамасын өнімнің нақты түрін өндіруге, материал бірлігі бағасына қолданылуға тиісті, материалдар сынына кебейтіп, санауға болмайды.

Еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар қатарына тура, бірден және үнемді түрде дайын бұйымның белгілі бір түріне жатқызуға болатын, жұмыс күшін төлейтін барлық шығыстар: бұйым дайындаумен тікелей шұғылданатын жұмысшылардың еңбеқақысы кіреді. Алайда көмекші жұмысшылар, менеджерлер мен мастерлер, қосалқы күрделі қызметкерлері де өндіріспен байланысты. Олардың еңбеқақсысы өндірістік шығындар кұрамына кіреді, бірақ бұл шығындарды дайын бұйымның белгілі бір түріне тікелей және үнемді түрде жатқызуға болмайды, оларды қосымша (жанама) еңбек шығындары деп атайды. Жанама қосымша материалдық шығындар сияқты мұндай шығыстар жалпы өндірістік шығындардыңбөлігі ретінде қарастырылады.

Еңбек етеу шығындарын тікелей және жанама деп бөлу едәуір дәрежеде нақты жағдайларға байланысты. Егер ұйымда бір өнім шығарылса, онда тек өндірістік жұмысшылардың еңбеқақысы ғана емес, басқару қызметкерлерінің де еңбеқақысы да тікелей шығындар ретінде жіктеледі.

Оқу, демалыс, жұмыс тоқтап қалған кездері қосымша еңбеқақы, мерзімнен тыс жұмысқа төлеу сияқты шығындарға байланысты айтыстар туады. Әдетте бұл шығындарға жанамалар ретінде жіктеледі.

Бұл қызметкерлерге қосымша төлемдер аударымдарымен бірге еңбекке шығатын тікелей шығындар болып саналады.

Тікелей материалдық шығындар мен еңбекті өтеу шығындары өзгермелі болып табылады, олардың шамасы өндіріс көлеміне тура сайма - сай өзгереді.

Жалпы өндірістік (қосымша) шығыстарға барлық жанама шығындар кіреді. Бұл шығындар өндіріспен байланысты, бірақ тура, тікелей және үнемді дайын бұйымның нақты түрлеріне жатқызуға болмайды. Оларды сонымен қатар жанама өндірістік шығыстарды сайма - сай таңдалған база өнімдерінің түрлері бойынша бөледі. Бөлудің нақты тәсілдері төменде келтірілген.

Кейбір жалпы өндірістік шығыстар, электр энергиясына, құрал-аспаптарға, қосалқы материалдарға детен шығындар сияқты өндіріс көлеміне тура сайма - сай (пропорциональды) өзгереді және өзгермелі өндірістік шығындар болып табылады. Кейбір жалпы өндірістік шығыстар тұрақты, мысалы, сақтандыру жарнамалары, жал төлемі, жабдыққа амортизациялық аударымдар, немесе жартылай өзгермелілер, мәселен, телефон үшін төлем, коммуналдык қызмет.

Басқа шығындарды нақты өнімге тура, тікелей және үнемді жатқызуға болмайды. Бұлар тікелей емес немесе жанама шығыстар. Оларды тандалған әдістемете сай бұйым бойынша бөледі. Бөлу тәсілдері төменде қарастырылған.

Өндіріс бойынша шығындар өндірістік қосымша шығыстар ретінде жіктеледі, оларға шығынның үш түрі кіреді: материалдарға жанама шығындар, еңбекке жұмсалатын жанама шығындар, басқа өндірістік шығындар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметті жасау бойынша барлық; тәжірибелік үлгілерді жасау, жаңа бұйымдарды сынау, ғылыми зертхананы ұстау шығындарын біріктіреді.

Баламалы шығындар - пайдаланылмаған мүмкіндіктердің шығыны. Олар бір әрекетті тандау екінші әрекетті пайда болдырмаған кезде қолдан шыққан пайданы білдіреді. Баламалы шығындар бизнесте шешім қабылдаған көп жағдайларда туындайды. Мысалы, спорттық сөмкелер өндіруші кәсіпорын чемодан дайындауға тапсырыс алды. Егер Кәсіпорын бұл тапсырысты қабылдаса, спорт тауарларын сататын дүкендердің тұтас жұйесі үшін спорттық сөмкелердің әдеттеті санын өндіру мүмкіндігі (машиналық және жұмыс уақыты) болмайды. Бұл тапсырысты қабылдаудың баламалы шығындары - бұл жұзете асырыла алмайтын, спорттық сөмкелер өндірісінің пайдалана алмаған пайдасы. Пайдаланыла алмаған пайда спорттық сөмкелерді сатудан түскен болуы ықтимал табыс минус оны өндіру бойынша шығындар болып есептелінуі мүмкін.

Қайтарымсыз шығындар - бұлар бұрын болған шығындар. Олар болашақ шығындарга ықпал ете алмайды және ешқандай осы шақтағы немесе болашақтағы іс-кимылдар оны өзгерте алмайды, мәселен, сатып алынған жабдыктың бастапкы құны (бағасьі) мен материалдық қорларды жасау шығындары. Сондықтан бұл шығындар болашақта шешім қабылдау көзінде есепке алынбайды. Ғылыми-зерттеу зертханасы жабдық алды делік. Жыл өтті, жабдыктың кепілді жұмыс мерзімі өтті, ол сыр бере бастады. Жабдыктың бұзылу себебін талдау бұл түрге ылғалдылық деңгейі мен температура ауытқуына қатты әсер ететінін көрсетті. Зертхана жылытылуы нашар және қондиционерлері жок ескі үйде орналасқан. Нәтижесінде жабдық үзіліспен жұмыс жасайды, оны жөндеу үшін шоттар ұлгаюда. қызметкерлер ашулы. Зертхана қызметкерлері жабдықты алып тастауды талап етеді, бірақ зертхана басшысы бұлай етуден бас тартты, өйткені ол үшін 6 млн теңге төленген болатын.

Бұл - қайтарымсыз шығынның рөлін бағаламаудың типтік үлгісі. Жабдық жөніндеті ешқандай болашақ шешімдер бұл құнды қайтара алмайды. Болашақ шешімдер жөндеу үшін немесе бөлмені қондиционерлерімен және жылу жұйесімен жабдықтау үшін шоттар сияқты болашақ шығындарға қатысты болады.

Диффенциальды шығындар - екі баламалы шешімдерді қараған кезде шығындарды ажырататын шама. Қалалық жаңа бассейнді салу үшін екі баламалы орын қаралды делік. Егер А ауданы таңдалса, бассейнде үстау бойынша жыл сайынғы шығындар шамамон 65000 теңге болады. Егер В ауданы таңдалса, жыл сайынгы шығыстар 60 000 теңге сомасында күтіледі. Бассейнді ұстау бойынша дифференциальды шығындар былайша есептеледі:

65 000 - 60 000 = 5000 тенге.

Дифференциальды шығындар да қосымша немесе өсетін шығындар деп аталды. Қалалық бассейн мысалында оны ұстау үшін жыл сайын өсетін шығын 5000 теңгені құрайды, Егер қалалық басейн В ауданынан А ауданына көшсе. Дифференциальды (немесе өсетін) шығындар көптетен эқономиқалық шешімдерден табылады. Туристік агенттіктің жаңа бөлімшені қала шетіне орналастыруға орай шығарган қосымша шығындары - жаңа кәсіпорында орналастырудын өсетін шығындары. Туристік фирма бөлімшені шет жаққа орналыстырып немесе орналыстырмай шететін жалпы шығындардағы айырмашылық. Егер жаңа бөлімше ұйымдастырылса, шешімнің өсетін шығындары. Авиажелілерде жаңа маршрут, заводтарда қосымша ауысым немесе ауруханада медбике штатын ұлғайту туралы шешімдер де дифференциальды шығындарға кіреді.

Маржиналдық шығындар - өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандагы қосымша шығындар.

Бір қосымша ''Стинол" тоңазытқышын шығарып, кәсіпорын шететін қосымша шығындар - тоназыткыш өндіру бойынша маржиналды шығындар.

9-кестеде өндірілген бұйымның әр түрлі санында маржиналды шығындардың қалай өзг еретіндігі көрсетілген.

9. Маржиналдық шығындарлын өзгеруі, мын теңге

Шығарылатын тоңазатқыштар саны: Шығарылатын тоңазатқыштар саны
Тоңазытқыш өндірісі бойынша жалпы шығындар: Тоңазытқыш өндірісі бойынша жалпы шығындар
Тоңазытқыш өндірісінің маржиналдық шығындары.: Тоңазытқыш өндірісінің маржиналдық шығындары.
Шығарылатын тоңазатқыштар саны:

1

2

Тоңазытқыш өндірісі бойынша жалпы шығындар:

2000

} айырым - 1800

3800

Тоңазытқыш өндірісінің маржиналдық шығындары.:

2-ші тоңазытқыштың

1800

Шығарылатын тоңазатқыштар саны:

10

11

Тоңазытқыш өндірісі бойынша жалпы шығындар:

17000

}айырым - 1790

18790

Тоңазытқыш өндірісінің маржиналдық шығындары.:

11-ші тоңазытқыштың

1790

Шығарылатын тоңазатқыштар саны:

50

51

Тоңазытқыш өндірісі бойынша жалпы шығындар:

9

}айырым - 995

91000

Тоңазытқыш өндірісінің маржиналдық шығындары.:

51-ші тоңазытқыштың

1000

Маржиналдық шығындар әдетте әр түрлі өндіріс көлемінде сан қилы болады, өйткені өндіріс процесінің тиімділігіне қарай өзгереді, олар шығару ұлгайғанда, азаяды.

Маржиналдық шығындар мен орташа шығындарды айырудың маңызы зор. Мына мысалда екінші маржиналдық шығындары 1800 мың. Теңгені құрайды. Алайда бірліктің орташа шығындары, екі тоңазытқыш жасап шығарғанда, 3800 : 2 = 1900 мың теңгеге тен болады. 11-тоңазытқыштың маржиналдық шығындары ұқсас - 1790 мың теңге, бірақ 11 тоңазытқыш жасап шығарғандағы бірлікке шаққандағы жалпы шығындар 1708 мың теңгеге тең (18 790: 11) .

Сонымен, өндірістің маржиналдық шығындары - өнімнің тағы бір бірлігі жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққандағы орташа шығындар - шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кез келген санын өндіру бойынша жалпы шығындар.

Аталған шығын түрлерінен басқа, инкрементті шығындар да бар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешім қабылдау нәтижесінде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкрементті шығындар деп қарастырады. Егер енімнің қосымша партиясын шығару туралы шешім қабылау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығындар нөлге тең болады.

1. 2. Өнім өндірісіне шыққан шығындардың есебі

Өндіріс шығындарының есебі 90 "Негізгі өндіріс", 92 "Қосалқы өндіріс", 93 "Қосымша шығыстар" бөлімшелерінің шоттары қолданылады.

10. Өнім өндірісіне шыққан шығындар есебі

№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Шаруашылық операцияларының мазмұны
Дебет: Дебет
Кредит: Кредит
Сома: Сома
№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны: 2
Дебет: 3
Кредит: 4
Сома: 5
№: Негізгі өндіріс шығындарының есебі
№: 1.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндіріске материалдар босатылуы
Дебет:

901“Материал-

дар”

Кредит:

201-206, 208

“Материалдар”

Сома: 524 000
№: 2.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндірістік жұмысшыларға еңбекақы
Дебет:

902 “Өндірістік жұмысшылар

дың еңбегін өтеу ”

Кредит: 681“Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу”
Сома: 200 000
№: 3.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өте қорынан ақша аударылды
Дебет: 903 "Еңбекті өтеуден ауда-рымдары"
Кредит: 635 "Әлеуметтік салық"
Сома: 1 7 1 89
№: 4.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндіріс шығындарына қосымша шығыстар кіргізілді
Дебет: 904 "Қосымша шығыстар"
Кредит: 930"Қосымша шығыстар"
Сома: 310439
№: 5.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі өндіріс шығындары жинақталып қорытылады
Дебет: 900 "Негізгі өндіріс"
Кредит:

901 "Материалдар" 902 "Өндірістік жұмысшылардың еңбетім о гсу" 903'"Нңбекті отеуден аударымдар"

904"Қосымша шығыстар"

Сома:

524 000

200 000

17 189

31043"

№: 6.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Басындағы бітпеген өндірістін шынындары негізгі ондірістін шығындарына көрсетіледі
Дебет: 900 "Негізгі өндіріс"
Кредит: 211 "Лякчалш-гап нс ондіріс"
Сома: 18 000
№: 7.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Ай сонықдағы бітнетен он-дірістің шьнындары негізгі ондіріс Ілыгындарынаи шығарылады
Дебет: 211" Аякталма-ган негізгі ондіріс"
Кредит: 900 "Негізгі өндіріс"
Сома: 21 000
№: 8.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Дайын онім өндірістен ІІІы-гыл, қоймага тапсырылды (өндірістік өзіндік күнмен)
Дебет: 22 1 "Дайын өнім"
Кредит: 900 "Негізгі өндіріс"
Сома: I 04 N 62Н
№: Қосымша шығыстар есебі
Шаруашылық операцияларының мазмұны:
№: 99.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Материалдар боса І ылды
Дебет:

93 1 "Материал-

дар"

Кредит:

201-206. 208

"Материалдар"

Сома: 263 800
№: 10.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі онлірістік жұмысшы

-ларга сңбеқакы есептелді

Дебет:

932 "Қызмет-

керлермен

еңбекақы

бойынша

есеп айырысу"

Кредит:

68 1 "Қызметкерлермен ең

беқакы бойынша есеп айы-

рысу"

Сома: 150 000
№: 11.
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Өндіріс жұмысшыларының

еңбегін өтеу қорынан ақша

аударылды

Дебет:

933 "Еңбекті

өтеуден ауда-рымдар"

Кредит: 635 "Әлеуметтік салық"
Сома: 11 789
№: 12.
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Негізгі кұрал-жабдыктарды жөндеу шығындары
Дебет: 934"Негізгі кұрал-жабдықтарды жөндеу
Кредит:

686 "Жөндеу қоры",

201-206,

208 "Материалдар",

681 "Енбекакы бойынша кызметкерлермен есеп айырысу",

635 "Әлеуметтік салық"

Сома: 76 000
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешім қабылдау және жоспарлау үшін өндірістік шығындарды топтау
ЖШС «ОПТСНАБ» - тың ұйымдастыру - экономикалық мінездемесі
Шығын есебінің объектісі - кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект
Шығындар
Активтердің негізгі түрлері
Өнімнің өзіндік құнының теориялық аспектілері
Өндірілетін өнімнің өзіндік құны
Өндірістік шығындардың жіктемесі
Өндірісті экономикалық ұйымдастыру
Негізгі өндіріс шығын есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz