Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайында білім беру жүйесінің қайта құрылуы, оның адамгершілікке бағдарланып, мәдениеттен көрініс алуы адамның шығармашылық әлеуетінің ашылуына, рухани құндылық бағдарының қалыптасуына әсер етеді. Адамның руханилығын өз халқының мәдениетінен оқшау дамыту мүмкін емес. Мәдениет адамзат тұрмысының формасы ретінде өзінің көрінісінде көпжақтылықты байқатады. Соның бірі болып рухани құндылықтардың бірегей әлемін қарастыратын және соның негізінде адамның қалыптасуына әсер ететін халықтың мәдени мұрасы саналады.

Мәдени мұра мәдениеттің біртұтас жүйесінде маңызды орын алады. Оны аға ұрпақтың жасаған, өзінің көкейкестілігін әлі де жоғалтпаған құндылықтарының, іс-әрекет құралдарының бөлігі деп қарастыруға болады.

Халықтың мәдени мұрасына тұлғаны рухани қалыптастырудың құралы ретінде назар аудару тұрақты әдіснамалық негізге сүйенеді және мәдениеттің өзекті компоненттерінің бірі ретінде халықтың мәдени мұрасын философиялық ой елегінен өткізуге негізделеді.

Халықтың мәдени мұрасында халықтың салт-дәстүрлері, дүниетанымы, білімі, бала тәрибесіндегі тәжірибесі, эстетикалық, көркемдік құндылықтары көрініс алады. Оның тұлғаны қалыптастырудағы рөлі білім беру жүйесінің теориясы мен практикасында күннен-күнге артып келеді, соңғы жылдары қабылданған мемлекеттік құжаттарда қарастырылады («Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім беру тұжырымдамасы» (1996), «Мәдениет туралы» заңы (2000), «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы» (2004), «Қазақстан Республикасының әлеумет мәдени дамуының тұжырымдама» және т. б. ) .

Әйтседе рухани жетілген, эстетикалық көзқарасы дамыған тұлғаны тәрбиелеу тек рухани-эстетикалық мәдениеті жоғары ұстаздың ғана қолынан келетіні хақ. Осыған байланысты студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы негізінде қалыптастыру және оны жүзеге асыру әдістемесін жасау қажеттігі туындайды.

Болашақ мұғалімдерді тәрбиелеудің теориялық саласы А. В. Луначарскийдің, П. П. Блонскийдің, С. Т. Шацкийдің, А. С. Макаренко мен В. А. Сухомлинскийдің ғылыми еңбектері мен практикалық жұмыстарында көрініс алған. Тұлғаның эстетикалық мәдениетін (М. Р. Каган, А. Н. Буев, А. Г. Егоров, О. В. Лармин және т. б. ), рухани мәдениетін (А. И. Арнольдов, Э. А. Баллер, В. А. Межуев, П. Н. Федосеев, Ю. У. Фохт-Бабушкин, И. Т. Фролов және т. б. ) қалыптастыру мәселелері де бірқатар ғалымдардың еңбектерінде әдіснамалық тұрғыда қарастырылады.

Қазіргі ғылыми ізденістерде де тұлғаның эстетикалық-адамгершілігін қалыптастыру процесін зерттеуге қызығушылық артып, эстетикалық және адамгершілік мәдениетінің мәніне, мазмұнына, құрылымына түсінік беруде әртүрлі көзқарастар пайда болуда (Л. В. Алехина, Н. Л. Аринина, О. А. Зорова, Н. Б. Крылова, В. П. Матюхин, Л. П. Печко және т. б. ) . Олардың көзқарастары бүгінгі таңдағы бірқатар ғалымдардың (Г. С. Батишев, А. А. Бодалев, А. И. Бурова, В. В. Давыдов, И. А. Зязюн, Е. В. Квятковский, А. Н. Леонтьев, Б. Т. Лихачев және т. б. ) тұлғаны тәрбиелеу, білім беру және дамытудағы ұсынылған тұжырымдамасына сәйкес келеді. Біздің жұмысымыз үшін бірқатар ғалымдардың (Б. Г. Ананьев, Н. В. Кузьмина, В. А. Кан-Калик, Л. В. Рувинский, В. А. Сластенин, Н. Ф. Талызина және т. б. ) мұғалімдерді даярлаудағы процестің заңдылықтары мен оны қайта құру шарттары туралы айтқан тұжырымдамалары және мұғалімнің эстетикалық мәдениеті бойынша ұсынған теориялық моделдері аса пайдалы болды.

Қазақстандық ғалымдардың зерттеулерінде (М. Х. Балтабаев, қ. е. Ералин, С. А. Ұзақбаева, Б. Алмұхамбетов, С. Жолдасбекова, Ұ. М. Әбдіғапбарова, Ш. Құлманова, Р. Дүйсенбінова, Қ. Ибраева және т. б. ) эстетикалық тәрбиені қазақтың сәндік-қолданбалы өнері арқылы жүзеге асыру, қазақ халық педагогикасының эстетикалық тәрбиедегі әлеуеті, болашақ мұғалімдерді қазақ халық музыкасын, қолөнерін оқушылардың эстетикалық тәрбиесінде пайдалануға даярлау, қазақ халық өнері негізінде студенттердің көркемдік мәдениетін қалыптастыру проблемалары қарастырылады.

Қазақ халқының эстетикалық, көркемдік мәдениет, рухани-дүниетанымдық мәдениет, оның өзіндік ұлттық психологиялық ерекшеліктері, мазмұндық сипаты философтар мен мәдениеттанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектерінде жан-жақты көрініс табады (Б. Қазыханова, Қ. Ж. Нұрланова, Н. Шаханова, К. Қаракөзова, А. Қасабекоов, Ж. Алтаев, Н. Джандильдин, А. Сейдімбек, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, Қ. Бөлеев және т. б. ) .

Сонымен, аталған ғылыми зерттеулерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың бұрын-соңды педагогика ғылымында жүйелі түрде зерттелмегенін дәлелдейді. Демек, болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға қоғамның сұранысы мен жоғары оқу орнындағы эстетикалық тәрбиенің қазіргі жағдайы арасында; қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті мен жоғары оқу орнында оған деген сұраныстың жоқтығы арасында; қазақ халқының мәдени мұрасын оқушыларға эстетикалық тәрбие беру процесінде пайдалану қажеттігі мен бұл процеске мұғалімдердің даярлық деңгейінің болмауы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты «Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу объектісі - қазіргі жоғары оқу орны жағдайындағы оқу-тәрбие әрекеті.

Зерттеу пәні - студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру процесі.

Зерттеу мақсаты: студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруды ғылыми тұрғыда негіздеп, мазмұнын

анықтау және тұжырымдамасы мен әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы: егер, студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері анықталса және оны қалыптастыруда қазақ халқының мәдени мұрасының жіктемесі мен мүмкіндіктері ескеріліп, соның негізінде тұжырымдама жасалса, ол арнайы даярланған модель мен педагогикалық шарттар бойынша студенттерге меңгертілсе және тиімді әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, онда студенттердің қазақ халқының мәдени мұрасы құндылықтарынан білім қоры жетіліп, іскерлігі мен білігі артады, ал бұл болса оларға оқушылардың эстетикалық тәрбиесін практикада тиімді шешуде септігін тигізеді.

Зерттеудің міндеттері:

1. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау.

2. Қазақ халқының мәдени мұрасының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық әлеуетін негіздеу.

3. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру тұжырымдамасын жасау.

4. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың құрылымдық моделін жасау және өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау.

5. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау.

6. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.

Жетекші идея: қазақ халқының мәдени мұрасы - студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі факторы.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып, мәдениет теориясы; мәдениеттанудың эстетикалық мәдениет пен жалпыадамзаттық рухани мәдениеті туралы қағидалары; мәдениеттану тұғырларына сай бүгінгі философиялық білімнің «қоғам-адам-эстетика» қағидаларының өзара байланысы; іс-әрекет пен тұлғаның философиялық және психологиялық теориясы; іс-әрекеттің тұлға дамуындағы рөлі туралы қағидалар; біртұтас педагогикалық процестің теориясы және оның болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығында көрініс алуы; қазақ халқының мәдени мұрасының мазмұны саналады.

Зерттеу көздері болып Қазақстан Үкіметінің ресми құжаттары, Ата Заңы, «Мәдениет туралы» заңы, «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы, «Білім туралы» заңы, «Қазақстанда білімді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», ҚР Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауы, Қазақстан Республикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұғырнамасы, Қазақстан Республикасындағы этникалық-мәдени


білім тұжырымдамасы, Білім және ғылым министрлігінің Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы, Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасы, зерттеу проблемасы бойынша басылым көрген қазақстандық, алыс және жақын шетелдік ғалымдардың (философ, тарихшы, этнограф, мәдениеттанушы, өнертанушы, филолог, педагог, психолог және т. б. ) еңбектері, жоғары оқу орындары оқытушыларының озық тәжірибелері, білім беру жүйесінің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтары, сондай-ақ, диссертанттың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі табылады.

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, мәдениеттану, тарихи-этнографиялық, этнопедагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау, қазақ халқының мәдени мұрасын зерделеу, жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік құжаттарымен танысу, озық тәжірибелерді талдау, анкета жүргізу, әңгімелесу, тест өткізу, шығарма жаздыру, зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәні:

1. Эстетикалық мәдениеттің педагогикалық мәні мен мазмұны және оның мұғалімнің кәсіби даярлығы құрылымындағы орны анықталды;

2. Қазақ халқының мәдени мұрасының мазмұны анықталып, жіктемесі жасалды және студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері айқындалды;

3. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың тұжырымдамасы жасалды;

4. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды және өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;

5. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруды қамтамасыздандыратын педагогикалық шарттар анықталды;

6. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың әдістемесі жасалды және тәжірибелі-эксперимент жүзінде тексерістен өткізілді.

Зерттеудің практикалық мәні. Жоғары оқу орындарына арнап:

- «Қазақ халқының мәдени мұрасын студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда пайдалану тұжырымдамасы»;

- «Эстетикалық мәдениет негіздері», «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», «Педагогика» оқу құралдары;

- «Қазақ халқының мәдени мұрасының эстетикалық мәдениетті қалыптастырудағы әлеуеті» атты элективті курс бағдарламасы;

-«Қазақ халқының мәдени мұрасын оқушылардың эстетикалық тәрбиесінде пайдалану» әдістемелік нұсқаулар;

-Студенттердің эстетикалық мәдениетінің қазақ халқының мәдени мұрасы

арқылы қалыптасуы деңгейін анықтау әдістемесі жасалды.

Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы орта оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептер мен лицей, гимназияларда, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:

1. Студент тұлғасының эстетикалық мәдениеті, қарым-қатынас барысындағы эстетикалық қажеттілікте, эстетикалық пайымдау мен баға бере білу ерекшеліктерінде, сондай-ақ меңгерген эмоционалдық-эстетикалық әсерін өзінің кәсіби іс-әрекетінде шығармашылықпен пайдалану даярлығында жүзеге асырылатын эстетикалық және көркемдік құндылықтарға көзқарасын сипаттайды.

2. Қазақ халқының мәдени мұрасының мазмұны, жіктемесі студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы педагогикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігін дәлелдейді.

3. «Қазақ халқының мәдени мұрасын студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыруда пайдалану тұжырымдамасы» халықтың эстетикалық-көркемдік құндылықтарына және қазіргі қоғамның талаптарына негізделеді.

4. Құрылымдық модель мен өлшемдер, көрсеткіштер студенттердің эстетикалық мәдениетінің қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптасуы деңгейін зерттеуге және анықтауға ықпал етеді.

5. Педагогикалық шарттар студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыздандырады: студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру мақсатында оның төрт компоненті негізінде (эмоционалдық-мотвиациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік, бағалау) оқу-тәрбие процесін мақсатталған педагогикалық ықпалға бағдарлау; жоғары мектептің оқу-тәрбие процесінде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыруға жүйелілік, кешендік, тұлғалық-әрекеттік, этнопедагогикалық тәсілдің болуы; студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастыру үшін педагогикалық пәндердің және тәрбие жұмысының мазмұнына қазақ халқының мәдени мұрасын қосу; студенттерді педагогикалық ықпал ету объектісінен оқу-тәрбие процесінің белсенді субъектісіне ауыстыру.

6. Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастыру әдістемесі оларға меңгерген білім, іскерлік, дағдысын оқушылардың эстетикалық тәрбиесін тиімді шешуде пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеудің кезеңдері. Алғашқы кезеңде (1998 - 2001 ж. ж. ) зерттеу тақырыбы анықталды, ғылыми аппараты құрылды, тақырып проблемасы бойынша материалдар жинақталды, ғылыми мақалалар, оқу құралдары басылым көрді.

Екінші кезеңде (2002 - 2006 ж. ж. ) зерттеу проблемасы бойынша

материалдар жинау жалғастырылды, тұжырымдама, педагогикалық пәндерге қосымшалар, элективті курс бағдарламасы дайындалды, анықтау және қалыптастыру экспериментінің алғашқы кезеңдері жүргізілді, әрбір кезеңнің соңында кесінділер алынды, оқу-әдістемелік кешенге қажет материалдар сұрыпталды.

Үшінші кезеңде (2007-2009 ж. ж. ) қалыптастыру эксперименті жалғастырылды, жиналған материалдар құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелер қорытындыланды, бақылау эксперименті өткізілді, нәтижелер тексеріліп, математикалық өңдеуден өтті, оқулықтар басылым көрді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.

Зерттеу базасы. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті; Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі теориялық-әдіснамалық және әдістемелік тұрғыда дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, кешенді әдістерді қолданумен, зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелерін практикаға ендірумен, тәжірибелі-эксперимент барысында пайдаланылған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігімен, ғылыми болжамның дәлелденуімен, ізденушінің жоғары оқу орнындағы жұмыс тәжірибесімен қамтамасыздандырылады.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеу жұмысының нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда («Қазақстандағы психология және педагогика ғылымдарының өзекті проблемалары» (Алматы, 2000) ; «Мышление - Язык - Линговодидактика» (Алматы, 2000) ; «Білім жүйесін реформалау жағдайындағы этнопедагогика» (Жетісай, 2000) ; «Қазақ мәдениеті: зерттеулер мен ұсыныстар» (Алматы, 2000) ; «Интегральдық білім беру: мәселелер, ғылыми ізденіс, жетістіктер» (Алматы, 2000) ; «Актуальные проблемы профессиональной подготовки личности будушего учителя» (Алматы, 2001) ; «Әлемдік білім беру кеңістігі жағдайында ғылым және практиканы интеграциялау» (Алматы, 2003) ; «Қазақстан Республикасы ғаламдық мәдениетаралық кеңістікте» (Алматы, 2003) ; «Болашақ маман тұлғасын кәсіби-ұтқыр дайындаудың көкейкесті проблемалары (Алматы, 2004) ; «Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуының проблемалары» (Алматы, 2009) ; «Роль и значение этнокультурных ценностей в учебно-воспитательном процессе» (Актөбе, 2009) ; «Компетентнось как основа качества подготовки специалистов» (Алматы, 2009) ; ізденушінің оқыған дәрістерінде, жарияланған ғылыми баяндамаларында, мерзімді баспа беттерінде, басылым көрген оқу құралдары мен әдістемелік нұсқауларда көрініс тапты.

Диссертация құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындындыдан, әдебиеттер тізімінің тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің объектісі, пәні, мақсаты мен міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық, практикалық мәні, зерттеу кезеңдері, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі мен дәйектілеуі беріледі.

«Студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде «мәдениет», «эстетикалық мәдениет», «тұлғаның эстетикалық мәдениеті» ұғымдарының мәні мен өзара байланысына жан-жақты сипаттама беріледі; студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың әдіснамалық тұғырлары ашылады, мәні, мазмұны, ерекшеліктері, функциялары қарастырылады. Эстетикалық мәдениеттің студенттер даярлығығындағы көрінісі мазмұндалады.

«Қазақ халқының мәдени мұрасының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы әлеуеті» атты екінші бөлімде қазақ халқының салт-дәстүрлері, ауызекі поэтикалық шығармалары, музыка өнері, қолөнерінің және ойшылдары мен ғұлама ағартушыларының студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері қарастырылады, оны пайдаланудың тұжырымдамасы ұсынылады.

«Студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың әдістемесі» атты үшінші бөлімде студенттердің эстетикалық мәдениетін қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың моделі және шарттары ұсынылады, оның мазмұны баяндалады, оқу процесінде және оқудан тыс іс-әрекеттерде қазақ халқының мәдени мұрасы арқылы қалыптастырудың формалары мен әдістері көрсетіледі; педагогикалық практика барысында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында оларды пайдалану формалары мен әдіс-тәсілдері қарастырылады, жүргізілгін тәжірибелі-эксперимент жұмысының нәтижесі көрсетіледі және проблеманы жетілдіру перспективасы айқындалады.

Қорытындыда зерттеудің негізгі нәтижесі, қағидалары тұжырымдалады, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.

Негізгі бөлім

Қоғамның мәдени мұраға қызығушылығының артуы бізді оның педагогика ғылымы үшін маңызды деген салаларын баса көрсетуге бағыттайды. Өйткені мәдениеттану білімі қазіргі қоғамда жастарды тұлғалық бағдарға, оны адамзат қоғамының мәдени жерістіктерінің жиынтығы ретінде ой-елегінен өткізуге даярлауға шақырады. Осыған орай, эстетикалық мәдениеттің тұлға дамуындағы рөлін жалпы мәдениеттің іргелі негізінің құрамдас бөлігі ретінде танып білу қажеттігі туындайды. Біздің пайымдауымызша, бұл «руханисыздық», «ұлттық негізден алшақ кету», «жатырқаушылық» проблемасын нәтижелі шешуде көмектеседі; тұлғаның адами тұрғыда жетілуіне септігін тигізеді.

«Мәдениет» пен «эстетикалық мәдениет» ұғымдарының байланысын анықтау қажеттілігі бізді жалпы мәдениеттің аса маңызды компоненттері мен функцияларын қарастыруға бағыттайды. Біз үшін мәдениеттану адамның барлық іс-әрекет процесінде әлемді мәдениеттану тұрғысында меңгерудің жалпы принциптері туралы философиялық ғылым ретінде құндылық бағдардың диалектикалық байланысын, рухани-адамгершілік қасиеттерін, дүниетанымдық кемелденуін, қоршаған болмысқа іс-әрекеттік көзқарасын белгілеп, зерделейді.

Мәдениеттану теориясы проблемалары саласындағы зерттеулерге талдау жасау арқылы біз мәдениет ұғымының қазіргі қоғамтануда іргелілердің қатарына жататынын, бұл сөзге көптеген ұғымдық түсініктер берілетінін анықтадық.

Мысалы, ғылыми деректерді негізге ала отырып, алыс шетел ғалымдарының (И. Кант, Ф. Шеллинг, Э. Тайлар, О. Шпенглер, А. Тойнби, Зигмунд Фрейд, А. Браун және т. б. ) «мәдениет», «мәдениеттану» ұғымдарына берген пікір-көзқарастарын жүйеге келтіріп, жан-жақты талдау береміз. Солардың ішінде Ф. Шеллинг мәдениетті эстетикалық тұрғыда ұғынып-меңгеруді ұсынып, мәдениеттің басты мазмұны - адамдардың көркемдік қызметі деп түсінсе, Э. Тайлор «мәдениет жөніндегі ғылым - реформалар жөніндегі ғылым» деген пікірді ұстанады, мәдениетті жеке адам мен бүкіл қоғамдағы адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жан-жақты жетілдіру деп қарастырады, мәдениетті материалдық және рухани құндылықтар тұрғысында қабылдайды. А. Тойнби болса, «өркениет» ұғымын «мәдениет» ұғымының синонимі ретінде қабылдайды. Ол мәдениеттің мәнін көптеген фактілік материалдар негізінде түсіндіріп, географиялық шарттармен анықтап, өркениеттің қайталанбас бейнесін құрайтындығы туралы қорытынды жасайды. Кейіннен, ол өзінің көзқарасын сын көзбен қайта қарап, дүниежүзілік діндерден нәр алған мәдениеттердің барлығы «тарихтың мәуелі ағашы, адамзат бұтағының мән-мағынасы» деген қорытындыға келеді.

Мұндай анықтама-пікірлер кеңестік жүйедегі ғалымдардың еңбектерінде де (В. Келле, М. Ковальзон, В. С. Семенов және т. б. ) көптеп кездеседі. Мәселен, В. С. Семенов мәдениет анықтамасын философиялық тұрғыдан анықтауда адамның сыртқы әлемді (табиғат және қоғам), сондай-ақ оны қалыптастыру және дамытуда ішкі әлемін қоса алғанда, әлемді меңгерудегі маңызды іс-әрекет тәсілдері ретінде қарастырса, М. Ковальзон мәдениет адам дамуының өлшемі деп түсінеді.

Қазақтың этникалық мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына ден қоя зерттеген А. Сейдімбек жоғарыда айтылған шетелдік ғалымдар мен кеңестік және бүгінгі дәуірдің мәдениет мәселелерін зерттеп жүрген авторлардың пікірлерін сараптай келе: «Сөз жоқ, мәдениетті қоғамдық құндылық деуге болады. Яғни, адамсыз, адам қоғамынсыз мәдениетті елестету мүмкін емес . . . Демек, мәдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің міндетті қызметі екенін

аңғарамыз. Мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста. Былайша айтқанда, мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға түсудің тәсілі болып шығады. Бұл тұрғыдан келгенде, мәдениет - қоғам дамуының көрсеткіші, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістерге тәуелді де» деп ой тұжырымдайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық мәдениеттің мәні мен қалыптасу ерекшеліктері
Қазақ халқының дәстүрлі педагогикалық мәдениеті (Тарих. Теория. Практика)
Зерттеудің жетекші идеясы
Салауатты өмір салты туралы
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Қазақ этнопедагогикасы құралдары арқылы жоғары оқу орындары студенттерінің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың педагогикалық шарттары
Қазақстан Республикасының Университеттік білім беру жүйесінде тұлғаға этномәдениеттік білім беру мен тәрбие берудің ұлттық моделін құру
Саттар Ерубаевтың шығармашылық мұрасындағы адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық негіздері (тарихи бағыт)
Болашақ мұғалімнің ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz