Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қ.А.Ясауидің өмірі.
2. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
3.Қ.А.Ясауидің сопылық ілімі
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1].
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:
1. Аллаһты тану.
2. Аллаһты ұлықтау.
3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.
1. Қожа Ахмет Ясауи «Даналық кітабы» ауд. Ж.Абдірешов. Шымкент. 1991
2. Ш.Құдайбердіұлы «Үш анық» Алматы. 1991. 26-бет.
3. Ясауи жолы. 1 қазан. 2004.(журнал)
4. К.Зейбек. «Ясауи жолы» аударған Кенжетай.Д.Т. Анкара. 1998. 33-бет.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қ.А.Ясауидің өмірі.
2. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
3.Қ.А.Ясауидің сопылық ілімі
III. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының
рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған
еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам
қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті.
Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи
қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің
шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған
себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары
жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу
мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1].
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: Диуани
хикмет, Пақырнама және мінәжатнама, Көңілдің айнасы және өмір баяны
ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық
тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, хикмет
түрінде жазылған және айтылған. Бұл Диуани хикмет бастан аяқ ақыл, өсиет,
үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4
мәселені қарастырған:
1. Аллаһты тану.
2. Аллаһты ұлықтау.
3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді
қорғау.
4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.

1.Қ.А.Ясауидің өмірі

Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша
орыны бар ұлы ақын. Ханизидің Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар атты
кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды:
Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176
шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған.
Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген
уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес
келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең
атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді
бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді
қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты – Ахмет, есімінің
алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай
берілген атау, ал соңындағы Иасауи ақынның қай жерден шыққандығын
көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес,
жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен
жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін
Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан
ұстаздар жалдап үйретеді.
Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген. Жастайынан
әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен
оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың ақиқатты тану жолынаүйрету
хұқығына рұқсат – иршад алып Ясы қаласына келеді. Ақынның туған жылы дәл
айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан
Баб өзіне шәкірттікке алады.
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем...
Осы халде мың зікірін қылдым тәмем...
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды...
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, –деп жазады бұл туралы кейін
Ахмет Йасауи.
Арыстан Баб дүниеден өткен соң, ол Бұхара қаласына барып, Жүсіп
Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, біраз жыл сонда
(Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол
сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, хақ дидарына ғашық болған ғаріптерімен
көптеген қалаларды аралайды.
Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір
ғалым Иранға алып келіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары
мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп тіршілігін көзбен көрген жас жігіт
өзінің білімі мен түсінік танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарастарын
қалыптастырады.
Ахмет он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын, әдебиетін,
фәлсафасын жетік меңгереді. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері
Түркістанға оралады. Он жеті жасынан бастап өзі өлең жаза бастайды. Өз
жырларын Шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді
араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Ахмет
ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам.
Қожа Ахмет Иасауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент
қаласында жерленген. Ал екінші ұлын аңыздарға қарағанда, Сүйір деген егін
еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты – Жамал, екіншісі –
Гауһар. Гауһардың күйеуі - Әли қожа. Осылардан тараған Иасауи әулеті екі
жүзге жетсе керек. Академик В.А.Гордиевскийдің жазуына қарағанда, Қожа
Ахмет Иасауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген
қыстақтарында тұрып, өздерін қожамыз деп санайтын әулеттен ғана қыз
алысып, ыз беріскен көрінеді

2. Қ.А.Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Бүгінде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау
тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын
қалпына келтіруге ықпал етеді.
Біріншіден, Ясауи дүниетанымы ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін
ілім. Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз
тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету үшін ең алдымен еркін ойлайтын
адамдарға мұқтаж.
Екіншіден, Ясауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі
халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды. Сондай өтпелі кезеңде
көрсеткен жолы мен әдісі тұрғысынан Ясауи мұрасын зерттеу бүгінгі жаңа
сипаттағы құныдылқатр қоғамын құрып жатқан Қазақстанның (мұрасын зерттеу)
болашаққа нық қадам басуы үшін мәдени тарихи, дүниетанымдық және рухани
әлеуметтік тұғырларын анықтауда да маңызды болып отыр.
Үшіншіден, Ясауи ілімі – қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы
болатын даналықтың кені, яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең
сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың, діни-рухани ұстанымдарын қамтитын
біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.
Төртіншіден, Ясауи ілімі – қоғамдық – практикалық маңызы тұрғысынан бүгінгі
ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, өзінің ішкі әлемінен
хабарсыз қалған, ар мен имандылықты ойлауға қабілетсіз, жаппай
нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз
Көне түркілерде мек тәңірлік дінге сенгендігіне және осы діннің бізге
жетпеген қәсиетті кітабының да болғандығына байланысты айтылып жүрген
шындықтың әлі де зерттеулер мен іздеулер өріс алғанда ашыла түсетіндігі
мәлім.
11 ғасырда түріктердің арасында мұсылмандармен қатар басқа несторияндық
, иудаизм, манихизм т.б.діндер де бар еді.
Ахмет Ясауидің мектебінен тәлім-тәрбие алғандардың бірінші міндеті әлі
ислам дінін қабылдаған түркі халықтармен көрші халықтарға мұсылман дінін
жаю.
Ясауи ілімінің ауқымды бөлігі шәкірттері арқылы тараған.
13 ғасырдың басынан бастап Шыңғыс ханның басқаруымен құрылған
мемлекеттерде Ясауи шәкірттері үлкен істер атқарған. Жошының Берке Алтын
Орданың ханы болып тұрған кезде оны Ясауидің шәкірті Сары Салтұқ мұсылман
қылады. Бүгінгі Өзбек халқына өз атын берген Жошының немересі Өзбек халқына
өз атын берген Жошының немересі Өзбек ханға ислам дінін үиреткен Баба түкті
Иасауидің шәкірті болып табылады. Сондықтан түркі халықтарының
мұсылмандығында сопылық дүниетанымның салмағы басым. Біз бүгін түрік
халықтары арасында ортақ діни түсініктің қалыптасуында Орта Азиядағы түрік
тайпалары арасында Х ғасырдың ІІ жартысынан бастап ислам діні кеңінен
тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен ислам дінінің
таралу жергілікті ерекшелікті қамти жаңа арнаға түсті. Түрік масаввуфы
тарихында түрік сопылығының негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы
буддизм, шаманизм, манихизм мәдениетін білетін түрік тайпаларына ислам
дінін сопылық жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті. Сол арқылы түрік
тайпалары арасында мұсылман түрік мәдениетінің негізін қалады. Ол түрік
халқына ақылды, білімді және логиканы қолдана отырып туралыққа, әділетке
барудың жолын көрсетті.
Ахмет Ясауи мен Ясауи мәдениеті қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан
заман өткен сайын дами түсті. Ясауи діннің даму өрісін кеңейтті, тіпті
діннің фольклорын қалыптастырды.
Сондай-ақ Ахмет Ясауидің отаны әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан
қаласында 1991 ж Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуы,
оның түрік дүниесіндегі қаншалықты орны бар екенін көрсетеді.
Түрік дүниесінде тіпті басқа халықтардағы масаввуф иелерінің көңіліне
ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік комунист жүйесінің езгісіне
қарамастан халықтық санасынан өшпеді. Оның есімі еркіндікке қол жеткізген
қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен және анадолы түріктерімен бүкіл түрік
дүниесінің мұсылмандығында қайта жаңғыруда.
Оның шүкір, сабыр әмірлерді тыңдау сыр сақтау риязет жалғандықтан ұзақ
болу, үлкендерге қызмет көрсету, әділет туралықты қалау, менмендіктен аулақ
болу адамға кешірімді болу, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға
жәрдемдесу сияқты адамдық құндылықтарды ғасырлар бойы түрік ұлты ұстады.
Ясауи ілімі – қарама-қарсы болмыс пен табиғаттыларды ажыратушы емес,
үйлестіріп, біріктірушімен. Оның ілімі әр қоғамның, әр адамнан, әр ұлттың
рухани санасы, мәдениеті, тілімен ділдің деңгейінен астасып жататын ілім].
Біріншіден, Ясауи дүниетаным кешегі батысты ғылыми философияның
категориялық апаратына сыя бермейді. Оның қазақ философиясы тарихындағы
орнын, өзіндік дүниетанымдық – көзқарастар мәнін сопылық категориялар,
ұстанымдар мен ұғымдар арқылы ғана аша аламыз.
Екіншіден, Ясауи дүниетанымын ислам философиясы мен өркениетінің ажырамас
бөлігі ретінде қарастыру арқылы түсінуге болады.
Үшіншіден сопылық дүниетаным ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімі
Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Яссауи мұрасы
Қожа Ахмет Ясауидің өмір жолын өз замандастарының еңбектерімен салыстыру арқылы байланыстырып, ойшылдың дүниетанымының әр түрлi қырларына философия тарихы тұрғысынан талдаулар жасауда оның әлемдік философиядағы орнына мән беру
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, саяси жағдайлар. Ислам діні
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер