Қосмекенділер класы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Қосмекенділер класы. Жалпы Сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.

Мақсаты: қосмекенділердің практикалық маңызын және жалпы сипаттамасын оқу.

Дәріс жоспары:

1. Қосмекенділердің жалпы сипаттамасы.

2. Қосмекенділердің сыртқы құрылысы.

3. Қосмекенділердің ішкі құрылысы.

4. Қосмекенділердің практикалық маңызы.

Дәріс тезистері

АМФИБИЛЕР НЕМЕСЕ ҚОС МЕКЕНДІЛЕР.

Амфибилер - суда тіршілік ететін балықтар мен құрлықта тіршілік ететін организмдердің аралық формасы болып саналады. Оларды суда да, құрлықта да тіршілік етуіне байланысты қос мекенділер деп атаған.

Даму кезеңдеріне сәйкес олар суда да, құрлықта да тіршілік ете алады. Тіршілік барысында метаморфозға ұшырайды, яғни таза су личинкасынан көбінесе су орталығынан тыс тіршілік ететін ересек формаға айналады. Осыған сәйкес желбезекпен тыныс алу өкпемен алмасып, қан айналу системасының түрі өзгеріп, бес саусақты аяқ пайда болып, сезім органдарында көптеген өзгерістер болады. Әйткенмен ересек формаларының құрлықта тіршілік етуге бейімделуі айтарлықтай емес. Өкпесі нашар дамыған, сондықтан терісі қосымша тыныс алу органының қызметін атқарады. Үш камералы жүрегі қанның артерия және вена қанына ажырауын орындай алмайды, сол себепті денесінің көпшілік бөлігінде артериямен аралас қан жүреді. Аяқтары бес саусақты болғанымен де әлсіз, денесін тік көтеріп тұра алмайды. Қос мекенділердің көпшілігінің ұрықтануы балықтар сияқты су орталығында уылдырық ьшашу арқылы орындалады. Ұрықтануы аналықтың денесінен тыс, сыртта болады.

Осы кезде тіршілік ететін қос мекенділердің 2600 - 2800 жуық түрі бар; олар үш отрядқа топтасады:

  1. Құйрықтылар.
  2. Аяқсыздар.
  3. Құйрықсыздар

Басқа омыртқалыларға қарағанда, қос мекенділер аз тараған. Көптеген түрлері температурасы тұрақты, өте дымқыл тропикте тіршілік етеді. Климаты қоңыржай жерлерде амфибилер аз, ал Арктика мен Антарктикада олар мүлдем болмайды. Бұлардан басқа шөлді облыстар мен биік таулы елдерде қос мекенділер аз кездеседі, немесе мүлдем кеөздеспейді. Мұның өзі амфибилердің құрғақшылыққа, төменгі температураға төзімсіздігін көрсетеді.

Амфибилерді дене пішіндеріне және мекендейтін ортасына байланысты үш топқа бөлуге болады:

  1. Тритон тәрізділер. Бұлардың денелері сопақ, ұзынша келеді, жақсы дамыған құйрығы болады. Алдыңғы және артқы аяқтары біркелкі дамыған, жүргенде жер бауырлап жүреді. Басқа қос мекенділерге қарағанда көбінесе тіршілігі суда өтеді. Бұларға жататындар: тритондар, саламандыралар.
  2. Бақа тәрізділер. Бұлардың дене тұрқы қысқа болғанымен массивті толық келеді, құйрығы болмайды. Олардың алдыңғы аяқтарынан гөрі артқы аяқтары ұзын және жақсы дамыған. Құрлықта сол артқы аяқтарының көмегімен секіріп қозғалады. Көбею кезеңінде ғана су орталығынд болады да, ересек формаларының тіршілігінің сумен байланысы шамалы. Бұл типке барлық бақаның түрлері жатады.
  3. Құрт тәрізділер. Денесі ұзын, аяғы мен құйрығы болмайтын амфибилер. Құрлықта денесін жылан сияқты ирендетіп, қозғалады. Топырақтың үстіңгі қабатында және түрлі ағаш қалдықтарының арасында тіршілік етеді

Амфибилердің құрылыс еркешеліктері

Тері жабындысы. Барлық қос мекенділердің терісін және оның сыртынан жауып тұратын сүйекті немесе мүйізді қабыршақтары жоқ - жалаңаш болады. Эпидермисінде бездер өте көп. Тері бездерінің секреттері теріні құрғап кетуден және сыртқы факторлардың зиянды әсерінен сақтап тұрады. Бұдан басқа көптеген түрлерінің терісінде улы бездер болады. Оның қызметі - қос мекенділерді жыртқыштардан қорғайды. Эпидермис қабаты толығынан бездерден тұрады, тек қана кейбір құрбақаның эпидермисінің сыртқы бетінде аздап та болса мүйіздену байқалады.

Омыртқа жотасы. Қос мекенділер жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты балықтармен салыстырғанда едәуір жақсы жіктелген. Омыртқа жотасы - мойын, дене, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады.

Мойын бөлімі сақина пішінді бір ғана омыртқадан тұрады, ол өзінің буындық екі оязы арқылы бас сүйекпен жалғасады. Дене омыртқаларының саны түрліше, яғни 7 - 100 дейін де және одан да артығырақ болады. Мысалы, ең азы - құйрықсыздарда - жетеу, ал аяқсыздарда жүзден асады. Сегізкөз бөлімінің омыртқасы біреу ғана, ал аяқсыздарда тіпті болмайды. Сегізкөз омыртқасының ұзын болып, көлденең орналасқан екі өсінді болады. Бұған жамбас сүйегінің екі мықын сүйегі бекиді. Құйрық бөлімі құйрықты қос мекенділерде айқын бөлінген, аяқсыздарда аз, ал құйрықсыздарда уростил деген бір ғана сүйекшеден тұрады. Уростил эмбриональдық дәуірде бірнеше жеке омыртқалардан қалыптасатындығы анықталған.

Төменгі сатыдағы қос мекенділердің омыртқасы амфицельді, бұл жағдайда хорда өмір бойы сақталады. Құйрықсыздардың омыртқасы - процельді, яғни алдыңғы жағынан ойық, арт жағынан дөңес келеді. Жоғары сатыдағы құйрықтылардың омыртқасы - опистоцельді, анығырақ айтқанда, алдыңғы жағынан дөңес, арт жағынан ойық келеді. Нағыз қабырға тек қана аяқсыздарда болады, бірақ та олардың қабырғалары өте қысқа болады. Құйрықтыларда жоғарға қабырғалары дамыған. Құйрықсыздардың қабырғалары мүлдем болмайды.

Бас сүйек. Ми сауыты көпшілігінде өмір бойы шеміршекті күйінде қалады. Алғашқы ми сауытында мына төмендегі хондральды сүйектер дамыған:

  1. Бас сүйегінің тек қана шүйде бөлімінде екі бүйір қарақұс сүйектері, балықтардағы негізгі және жоғарғы шүйде сүйектерінің орнына жүретін жері шеміршек түрінде қалады.
  2. Есту капсуласының маңайында бір кішкене құлақ сүйегі қалыптасады да, капсуланың көпшілік бөлімі шеміршек күйінде қалады.
  3. Құйрық сыздардың көз ұясының алдыңғы бөлімінде иіс сына сүйек дамиды. Құйрықтыларда бұл сүйек екеу. Иіс капсуласы шеміршекті сипаиын сақтайды.

Баста жамылғы сүйектер аз кездеседі. Басты үстіңгі жағынан төбе және маңдай сүйектері қоршап жатады. Бұл сүйектер құйрықсыздарда жымдасып төбе маңдай сүйектерін құрайды. Бұлардың алдыңғы жағында мұрын сүйектері орналасады, олар аяқсыздарда жақ алды сүйектерімен бірігіп кетеді. Бас сүйегінің артқы екі бүйір жағына орналасқан бұдыр бетті қақ сүйектері болады. Бұлар әсіресе аяқсыздарда жақсы дамыған. Бас сүйегінің түп жағы екі сүйектен тұрады. Ол үлкен парасфеноид деп аталатын сүйек және оның алдаңғы жағында жататын өре сүйектен құралады.

Бас сүйегінің түп жағын құрауға висцеральдық сүйектер де қатысады. Бұл сүйектерге таңдай сүйегі мен қанат тәрізді сүйектер жатады. Таңдай сүйегі өре сүйекке, ал қанат тәрізді сүйектер бұдыр бетті қақ сүйектеріне келіп жалғасады.

Амфибилердің бас сүйегі - аутостикалық, анығырақ айтқанда, таңдай шаршы шеміршегі ми сауытымен жымдасып қосылып кеткен. Таңдай және қанат тәрізді сүйектер таңдай шаршы шеміршектегінің астыңғы бетінде дамиды.

Сүйекті балықтардікі сияқты, жоғарғы жақ сүйектерінің қызметін жақ алды, немесе жақ аралық сүйектері мен жоғарғы жақ сүйектерінен құралған, сүйек доғасы атқарады. Төменгі жақ сүйектерінің қызметін меккел шеміршегі атқарады. Оның сыртын тіс және бұрыш сүйектері қаптап тұрады.

Ми сауытының аутостикалық болуына байланысты тіл асты доғасы жақ аппаратының ми сауытына бекінуіне қатыспайды. Тіл асты доғасының үстіңгі элементі - гиомандибуляре кішкене үзеңгі сүйекке айналған, ол балықтардікі сияқты өзінің жоғарғы ұшымен есту капсуласына тіреледі. Ортаңғы құлақтың қуысы пайда болуына байланысты, үзеңгі сүйек сол қуыстың ішінде қалып, есту сүйекшесінің қызметін атқарады.

Тіл асты доғасының элементтері мен желбезек доғасының төменгі бөлімдері тіл асты пластинкасына және оның мүйізшелеріне айналады. Бұл пластинка төменгі жақтың тарамдарының аралығына орналасқан.

Сөйтіп, амфибилердің бас сүйектерін, сүйекті балықтардың көпшілігінің бас сүйектерімен салыстырғанда айырмашылықтары бар:

  1. Хондральдық және тері бетіндік сүйектердің нашар дамуы;
  2. Оның аутостикалық түрде құрылуы;
  3. Тіл асты және желбезек доғаларының өзгере келіп, оның бір бөлімі есту сүйегіне және екінші бөлімі тіл асты аппаратына айналуы;
  4. Желбезек қақпақшасының редукцияға ұшырауының нәтижесінде бас сүйегі, әсіресе оның висцеральдық бөлімі өзгерген. Мұндай өзгерістердің негізгі себебі, амфибилердің жартылай құрлықта тіршілік етуіне байланысты болған.

Амфибилердің құрылыс еркешеліктері

Иық белдеуі. Иық белдеуі доға тәрізді, оның жоғарғы ұшы жануардың құрсақ бөліміне қарай иілген. Доғаның әрбір жартысы негізінен мына сүйектерден құралады. Жоғарғы бөлімі жауырыннан және оның етек жағы жалпақ жауырын үсті шеміршектен тұрады. Төменгі бөлімі коракоидтан және оның алдыңғы жағында жатқан прокарокоидтан құралады. Прокарокоидтың үстіне шеміршекті бұғана орналасады. Осы айтылған иық белдеуінің үш сүйектерінің ұштары тоқпан жіліктің ұршық басының бекитін жеріне келіп ұштасуының нәтижесінде буын оязы пайда болады. Оң және сол коракоидтардың қосылған жерінің алдыңғы жағында төс сүріншегі, ал арт жағында - төс жатады. Бұл екі сүйектің екеуінің де ұштары шеміршекті болып бітеді. Құйрықсыздарда төс сүріншегі мен жауырынның арасын қосып тұратын жіңішке таяқша тәрізді бұғана орналасады. Амфибилерде дамыған қабырғалардың болмауына байланысты, көкірекк қуысы болмайды. Иық белдеуі бұлшық еттердің арасында бос жатады.

Жамбас белдеуі. Жамбас белдеуі үш пар сүйектен қалыптасқан. Сол сүйектердің ұштары түйісіп, жамбас шұңқырын құрайды. Ұзын мықын сүйегі өзінің проксимальдық ұшымен сегізкөз омыртқасының көлденең өсіндісіне бекінеді. Артқа және алдыға созылған шап сүйек белдеуі бақаларда шеміршек күйінде қалады. Оның арт жағында шонданай сүйегі орналасқан. Жамбас белдеуінің элементтерінің мұндай болып орналасуы құрлықтағы барлық жануарларға тән қасиет.

Аяқ скелеттері. Қос мекенділердің аяқ скелеттері құрлықта тіршілік ететін омыртқалы жануарлардың аяқ скелетіне ұқсайды. Сонымен қатар балықтардың қанат сүйектерінің құрылысынан айтарлықтай өзгешіліктері бар. Егерде балықтардың қанаттары жай бір мүшелі рычагтар системасы болса, құрлықта тіршілік ететін омыртқалылардың аяқтарының құрылысы көп рычагты болады.

Бес саусақты аяқтары негізінен 3 бөлімге бөлінеді: І - бөлім, алдыңғы аяқтарында - тоқпан жілік, артқы аяқтарында - ортан жілік деген бір сүйектен тұрады. Бұларды прокимальды ұшы белдеулерге, тоқпан жілік - иыққа, ортан жілік - жамбас белдеуіне жалғасады; ІІ - бөлім, алдыңғы аяқтары - кәрі жілік, артқы аяқтары - асықты жіліктердің сүйектерінен тұрады. Бұл бөлім параллель орналасқан екі сүйектен тұрады: кәрі жілік - шыбық сүйегі мен шынтақ сүйектерінен құралады, ал асықты жіліктен және асық жілік шыбығынан тұрады. ІІІ - бөлім, алдыңғы аяқтарында - қол басы сүйектерінен, артқы аяқтарында - табан сүйектерінен тұрады. Бұлардың әрқайсысы үш бөлімшеге бөлінеді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Элементарлы сенсорлы психика сатысы
Ежелгі қосмекенділер, Құйрықты және Аяқсыз амфибиялар: систематикасы, ерекшеліктері мен маңызын талдау
Омыртқалылар тип тармағы
Рептилиялар немесе бауырымен жорғалаушылар класы
Балықтардың қаңқасы
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Биология кабинетінде тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz