Әзірбайжан Республикасы туралы


ЖОСПАР
- Әзірбайжан Республикасы
- Тарихы
- Ауыл-шаруашылығы
- Саяси мәдениет
- Халқы
- Шаруашылығы
- Машина жасау
- Cыртқы экономикаcы
- Пайдаланылған әдебиеттер
Әзірбайжан Республикасы
Әзірбайжан Республикасы (әз. Azərbaycan Respublikası) - Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстіктеРесеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстіктеИранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі. Әзірбайжан, Әзірбайжан Республикасы - Кавказдыңоңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.
Негізгі заңы - 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғарғы органы - тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады) . Атқарушы үкіметтің жоғары органы - Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзірбайжан солтүстігіндеРесеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігіндеИранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86, 6 мың км2, халқы 8, 6 млн. адам. Астанасы - Баку (Бақы) қаласы. Халқының 83%-ы әзірбайжандар. Мемлекеттік тілі -әзірбайжан тілі. Халқы негізінен ислам дінін ұстанады.
Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері -Базардүзі (4466 м) . Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 00С-тан 30С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 - 270С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Құра және Аракс. Ең үлкен көлдері - Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.
Әзірбайжан жеріне адамдар палеолит заманында қоныстана бастаған. Тұңғыш мемлекеттік бірлестік Оңтүстік Әзірбайжанда өмір сүрген маналықтардың, кейіннен осында ішінара қоныстанған лидиялықтардың тайпалық одақтары негізінде құрылды. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта Әзірбайжан жерінде кадусилер, каспилер, албандар т. б. қоныстанады. Біздің заманымыздан бұрынғы 9 ғасырда Маннада ертедегі құл иеленуші мемлекет, біздің заманымыздан бұрынғы 7 ғасырдың 70-жылдары Мидия мемлекеті құрылып, оның құрамына Оңтүстік (Ирандық) Әзірбайжанның, кейінірек Антропатена аталған Кіші Мидия облыстары да кірді. Бұл мемлекет 150 жылға дейін өмір сүрді. Кейін Антропатена сөзінен қазіргі «Әзірбайжан» (грекше, сөзбе-сөз аударғанда «от сақтаушылар елі») деген атау шықты.
Тарихы
Біздің заманымыздан бұрынғы 3 - 2 ғасырларда Әзірбайжанның солтүстік бөлігі мен Дағыстан жағында Албаниямемлекеті пайда болды. Біздің заманымыздың 4 ғасырында Рим империясы мен Иран арасындағы соғыстың салдарынан Албания Иранның қол астына өтеді. 8 ғасырдың басында арабтар Әзербайжанды түгел бағындырып, ислам дінін таратты. 9 ғасырдың басында Әзірбайжан мен Иранда арабтар мен жергілікті билеушілерге қарсыБабек бастаған соғыс 20 жылға созылды. 11 ғасырдың ортасында Әзірбайжанды салжұқтар басып алды. Әзірбайжан халқы негізінен 11 - 13 ғасырларда түрік тайпаларының негізінде қалыптасты. 13 ғасырдың 30-жылдарында Әзірбайжанды және оған көрші елдерді моңғолдар жаулап алып, Хулагу әулеті билеген мемлекет құрылды. 16 ғасырдың басында Әзірбайжан жерінде Сефеви әулетінің мемлекеті орнады. 16 ғасырдың соңына қарай Әзірбайжанның солтүстігі мен оңтүстігіндегі едәуір жерді түріктер жаулап алды. 17 ғасырдың 30-жылдарының аяғында Әзірбайжан Иранның қол астына қарады. 1723 - 35 жылдары Әзірбайжанның Каспий жағалауындағы аймақтарын Ресей жаулап алды. 1805 - 13 жылдары және 1826 - 28 жылдары орыс-иран соғыстары барысында Солтүстік Әзірбайжан Ресейге қосылды. 1917 жылы қарашада Әзірбайжанда Кеңес өкіметі орнады. 1922 жылы 30 желтоқсанда Әзірбайжан Кавказ Федеративтік Кеңес Республикасы (КФКР), 1936 жылыКСРО құрамына кірді. Кеңес Одағы құрамында болған кезеңде кейбір әлеуметтік қайшылықтарға қарамастан Әзірбайжанның экономикалық және мәдени дамуы жүзеге асты. 1991 жылы 30 тамызда Әзірбайжанның Жоғарғы Кеңесі 1918 жылғы Шарт негізінде мемлекеттік тәуелсіздікті қалпына келтіру жөнінде Декларация, 1991 жылы 18 қазанда «Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде» Конституциялық шарт қабылданды. Дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасымен 1992 жылы 27 тамызда дипломатиялыққарым-қатынас орнатты.
Ауыл-шаруашылығы
Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзірбайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.
Саяси мәдениет
Негізгі заңы - 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы - президент. Заң шығарушы жоғарғы органы - тұрақты парламент (Міллі мәжліс, 125 депутаттан тұрады) . Атқарушы үкіметтің жоғары органы - Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзрбайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86, 6 мың км2, халқы 8, 6 миллион адам. Астанасы - Баку (Бақы) қаласы.
Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичеван автономиялық республикасы енеді. Нахичеван автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Карабақ автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабақтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9, 0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.
Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкоран ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Құра жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі - әзірбайжан тілі.
Халқы
Әзірбайжан - көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлтөкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабақ мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.
Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері - Базардүзі (4466 м) . Климаты қоңыржай белдеумен (Құра-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасыойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 - 27°С. Жауын-шашынныңорташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері - Қажықабұл және Бөйүкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.
Шаруашылығы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz