Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың тұжырымдамасы және табиғатты қорғаудың объектілері мен субъектілері


Қоршаған ортаны халықаралық - құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.

2. Табиғатты халықаралық -құқықтық қорғаудың обьектілері мен субьектілері.


Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі.

1. Стамқұлұлы. Ә “ҚР Экология құқығы” Алматы Жеті жарғы 1995ж.

2. ҚР Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.

3. Чусев Р. К - “Экологические право” Москва. 2000ж.

4. ҚР мемлекетімен құқығының негіздері. Баянов. Е Алматы 2003ж.

5. «Международные эколого-правовое сотрудничество» Алматы. Дәнекер 2001ж.

6. Сапарғалиев. Ғ. “Мемлекет және құқық негіздері” Алматы 2000ж.

7. ҚР Заңы. “Қоршаған ортаны қорғау” Алматы. 1998ж.


Лекцияның мәтіні:

1. ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жалпыға бірдей экологиялық қауіпіздіктің басымдылығын сақтау прнциптерін басшылыққа ала отырып жузеге асырады. Егер ҚР - ның заңдарына қайшы келмесе және ҚР бекіткен халықаралық шарттарымен реттеслмесе ҚР -ның аумағында

Мемлекеттер арасындағы қарым - қатынастық алғышарты халықаралық құқытың және мемлекеттердің егеменді құқық нормаларын құрметтеу болып табылады. Халықаралық құқық нормалары халықаралы қатынастарымен бірге пайда болды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттейді және сонымен бірге оның нормаларына ықпал етеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірі үшін орасан маңызы бар жармдана дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқытық нормалардың мазмұның белгілейді.

Мемлекет және қоғам түрлі биологиялық, химиялық, физикалық, санитарлық - гигиеналық және басқа да әдістерді қолдана отырып қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етеді. Қоршаған табиғи ортаны құқықтық қорғау - бұл мемлекеттің экологиялық функциясы көрінетін табиғатты қорғау қызметінің бір әдісі. Ол қоршаған табиғи ортаны қорғауға бағытталған заңдарды, қаулыларды, басқа да нормативтік - құқықтық актілерді шығарудан және қолданудан тұрады.

Біздің мемлекетімізде «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы», «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама» заңдары және басқа да көптеген нормативтік актілер қабылданды.

ҚР заңдарына сәйкес жойып жіберуден, бүлінуден, зақымданудан, азыптозудан, ластанудан, ұтымды пайдаланудан және өзге де зиянды ықпал етуден: жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі, табиғи экологиялық жүйелер, климат және мәденижағынан ерекше құнды қоршаған ортаның обьектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар да ерекше қорғалуға жатады.

Қоршаған табиғи ортаның құқықтық нормаларын үш топқа бөлуге болады.

Халықаралық құқық генетикалық жағынан және өзінің мәні бойынша мемлекетпен байланысты екенің қарамастан, ол жеке мемлекеттің құқығы бола алмайтына сияқты, мемлекеттен жоғары тұратын құқық та бола алмайды. Бұл қатынас, әдетте өзінің таптық табиғаты, саяси сипаты, ішкі құрылысы, аумақтық құрамы, халқының саны жағынан әртүрлі мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық және басқа да қатынастарды қорғайды. Бұл арада халықаралық құқық білу қажет. Халықаралық - құқықтық қатынастар обьектісі дегеніміз - ол құқық субьектілері өзара жалпы танылған халықаралық қатынас принциптері мен нормалары негізінде не үшін құқықтық қатынасқатүсетін болса, соның бәрі.

Халықаралық өзара ынтымақтастықтың аясы кеңейген сайын обьектілер шеңбері де кеңейе түседі. Мәселен, жер серігі байланысының құқығы, атом қуатын бейбіт мақсатқа пайдалану, ішкі континенталдық мемлекеттер мәртебесі секілді осы заманғы бағыттар обьектілердің жаңа жүйесін жасайды.

Халықаралық құқық үшін халықаралық ынтымақтастыққа қатысушылар мінез - құлқының неғұрлым маңызды және ортақ ережесі ретіндегі негізгі принциптердің ережесі ерекше жүйесі тән.

Бұл нормалар тобы қоршаған ортаның құқықтық механизмінің бір жағын ашады, оның басқа жағы кепілдік жүйесі болып табылады. Оған жататындар: экологиялық кепілдіктер (жоспарлау, ынталандыру), ұйымдық (басқару, бақылау), заңдылық (жауапкершілік), идеологиялық (тәрбиелеу) .

Қоршаған табиғи ортаны қорғаудың құқықтық әдісі ретінде мыналарды жатқызуға болады:

  1. Қорғауға жататын, табиғи обьектілерді белгілеу;
  2. Табиғат обьектілерін қорғауды бекітетін, шектейтін, рұқсат беретін міңдетті ережелері мен талаптарды анықтау;
  3. Олардың саталуы мен орындалуын бақылау;
  4. Қоршаған табиғи орта заңдардың бұзғаны үшін жауапкершілік және шығындарды өтеу шараларын жузеге асыру.

Табиғатты падалану дегеніміз адам мен қоғамның экономикалық, экологиялық, мәдени - сауықтырушылық, рухани - әдептілік қажеттіліктерін табиғи ортның қасиеттерін болумен түсіндіріледі.

Табиғатты пайдалану құқығының обьективтік мағынасы - бұл табиғатты пайдаланушылардың құқықтары мен міңдеттерін, табиғи шарттары мен тәртіптерін реттейтін құқытық нормалар жиынтығын көрсетеді.

Табиғатты пайдалану халықаралық құқықтық қызметі деген сөз - ол халықаралық құқық жүйесімен өмір сүрген ортаның, яғни халықаралық жүйе үнемі болатын қарым - қатынас. Мұндай көзқарас халықаралық құқық рөлін одан әрі тани түсуге, оның дамуына олжам жасауға, оның бейбітшілікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі пәрменділігін арттыруға ықпал етеді. Сонымен бірге, қызмет атқару халықаралық құқық функцияларын жузеге асыру процесі.

ҚР - ның Конституциясы және басқа да экологиялық заңдар азаматтарға қоршаған табиғи ортаға байланысты белгілі құқықтар мен міңдеттер жүктейді. ҚР - ның Конституциясының 38 - бабына сәйкес, азаматтар табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына қарауға міңдетті.

Табиғатты қорғауға байланысты заңдарды орындау әрбір азаматтың өмірлік нормасы болып табылуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмдері
Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері: субъектілердің құқықтары, міндеттері және экономикалық тетіктер
Халықаралық экологиялық құқық және мемлекетаралық ынтымақтастық: Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері мен экологиялық қауіпсіздік
Халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шаралары мен экономикалық құралдары
Қазақстанда қоршаған ортаны радиациялық ластанудан құқықтық қорғаудың құқықтық негіздері мен жауапкершілік мәселелері
Қазақстан Республикасындағы табиғатты пайдалану құқығы, қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық механизмі және жауапкершілік түрлері
Табиғатты тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың әлеуметтік-экономикалық маңызы және жүзеге асыру бағыттары
Қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздері: халықаралық институттер, Қазақстанның басқару жүйесі және экологиялық мониторинг
Биосферадан ноосфераға: Қазақстанда табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz