Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”)
1 Жапония қалалары
1.1 Жапонияның ең үлкен қалалары:
2 Табиғаты
3 Географиясы
4 Жапондардың салттары
5 Тарихы
6 Әдебиеті
7 Өнері
8 Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық
9 Пайдаланылған әдебиеттер

Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. өлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
1. Қазақ Энциклопедиясы»
Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. өлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі – Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.
Мазмұны
1 Жапония қалалары
1.1 Жапонияның ең үлкен қалалары:
2 Табиғаты
3 Географиясы
4 Жапондардың салттары
5 Тарихы
6 Әдебиеті
7 Өнері
8 Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық
9 Пайдаланылған әдебиеттер
Жапония қалалары
Токио
Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.
Жапонияның ең үлкен қалалары:
Токио
Ёкохама
Осака
Нагоя
Саппоро
Кобе
Киото
Фукуока
Кавасаки
Сайтама
Табиғаты
Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо, Аканси (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
Географиясы
Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын.Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.
Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.
Жапония халқы негізінен теңіз жағалауын бойлай созылып жатқан құнарлы жазық алаптарда тұрады. Күріш алқаптарын, жеміс бақтары мен шай плантацияларын жыл сайын ұлғайып өсіп бара жатқан ірі қалалар ығыстырып, егістік жер тарыла түсуде.
Жапондардың салттары
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш – татами – төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император – тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.
Тарихы
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзәмон және Яеи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапонмемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған Тайк төңкерісінен кейін құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сегундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияғасәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай жәнеКореямен арада ғы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды.Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймә) үлкен жасақ ұстады. Оларғасамурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.
1867 — 1868 жылғы революциядан кейін сегундердің билігі аяқталып, жоғары билік императордың қолына өтті. Басқару жүйесі еуропалық үлгіге көшіріле бастады. 1871 жылы князьдіктер жойылып, орнына префектуралар құрылды. 1872 — 1873 жылы үкіметке төлейтін бірыңғай салық енгізілді. Нәтижесінде, 1868 — 1885 жылы 1300 жаңа өндіріс орындары ашылды. Кейбір кәсіпорындар арзан бағаға жеке меншікке, ең алдымен, аса ірі “Мицул”, “Мицубиси”, т.б. компанияларға сатылды. Сөйтіп, ірі кәсіпкерлер мен монархия арасында одақ қалыптасты. Бірте-бірте жапон билеушілері қорғаныстан сыртқы елдерге агрессиялық саясат жүргізуге көше бастады. 1876 жылыКореямен екі арада тең емес Каихвас келісімі жасалынды. 1894 — 1895 жылы жапон-қытай соғысы болып, нәтижесінде, Жапония алғашқы отары Тайвань, Пэнхуледао аралдарын басып алды және Қытай мен Кореяға өз үстемдіктерін орната бастады. 20 ғасырдың бас кезінде Маньчжурия мен Корея үшін Ресеймен қарым-қатынас шиеленісіп, 1904 — 1905 жылы орыс-жапон соғысы болып өтті. АҚШ пен Ұлыбританияның қолдауына сүйенген Жапония жеңіске жетіп, Ресей Кореядағы жапон үстемдігін мойындады және Қиыр Шығыстағы Порт-Артур, Дальний порттарынан, Оңтүстік Сахалин аралдарынан бас тартуға мәжбүр болды. 1910 жылы ЖапонияКореяны толық жаулап алды. 1-дүниежүзілік соғыс жылдарында (1914 — 1918) еуропа мемлекеттердің өзара соғысып жатқанын пайдаланып, Германияның Қытайдағы иеліктерін (Шаньдун провинциясын, Маршалл, Мариан, Каролин аралдарын) басып алды да, Қытайға 21 талаптан тұратын Декларация тапсырды (1915, 18 қаңтар). Қытай бұл талаптарды, негізінен, орындауға мәжбүр болды. 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылыАҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz