Ясауи ілімінің тарихи рөлі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі
2. Ясауи ілімінің тарихи рөлі
3. Жалпы, дәс¬түр¬лі исламның қазақ даласындағы та¬рихи негіздері
4. Дәстүрлі исламды дамы¬ту¬дың жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі – егемендік жолындағы ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі – ұлттың идеоло-гия¬лық бағдарын орнықтыру жолында жа¬сал¬ған рухани тарих. Біздің аза-мат¬тық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті түрде назар ау¬дарылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз дер едік.
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне көте¬рілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқ¬ты тұлғалар болды. Ұлтымыздың бол¬мысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Ясауи ілімін бірыңғай діни-мисти¬ка¬лық ілім ретінде бағалау орынды емес. Ясауи ілімі – ең алдымен рухани-мо¬ральдық ілім. Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бас¬тауын түркі халықтарының ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықта¬рынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани құндылықтарды жинақтап, қо¬ры-тып, оны ислам дінінің қағидалары¬мен үйлестіріп, біртұтас ілімге айнал-дыр¬ды. Ол өз ілімінің барлық қағидал¬а¬рын ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты.
Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген өлкенің иесі – қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.
1. Зейбек Н.К. Қ.А.Ясауи жолы және таңдамалы хикметтер. Анкара, 2003
2. Зейбек Н.К. Иасауи жолы. Анкара, 2003
3. Кенжетаев Д. Қ.А.Ясауи дүниетанымы. Түркiстан, 2004
4. Атик М.К., Дәуренқұлов Қ., Мырзабеков М. Ясауитану оқу құралы. Түркiстан, 2002
5. Ахметбек А. Қожа Ахмет Ясауи. Алматы, 1998

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі
2. Ясауи ілімінің тарихи рөлі
3. Жалпы, дәстүрлі исламның қазақ даласындағы тарихи негіздері
4. Дәстүрлі исламды дамытудың жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

 Ұлт тарихы ажырамас екі негізден құралады. Бірі – егемендік жолындағы
ерлік күрестерден тұратын азаматтық тарих, ал екіншісі – ұлттың
идеологиялық бағдарын орнықтыру жолында жасалған рухани тарих. Біздің
азаматтық тарихымыз көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды. Жеткілікті
түрде назар аударылмай келе жатқан үлкен бір бағыт біздің рухани тарихымыз
дер едік.
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология дәрежесіне
көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғалар болды. Ұлтымыздың
болмысын қалыптастырған, құндылықтық бағдарын белгілеген осындай ілімдердің
бірегейі – Қожа Ахмет Ясауи ілімі.
Ясауи ілімін бірыңғай діни-мистикалық ілім ретінде бағалау орынды
емес. Ясауи ілімі – ең алдымен рухани-моральдық ілім. Түркі халықтарына
ортақ ұлы ойшыл Ясауи жасаған ілім өз бастауын түркі халықтарының ғасырлар
бойы қалыптасқан рухани құндылықтарынан алады. Қожа Ахмет Ясауи осы рухани
құндылықтарды жинақтап, қорытып, оны ислам дінінің қағидаларымен
үйлестіріп, біртұтас ілімге айналдырды. Ол өз ілімінің барлық қағидаларын
ханафи мазхабы ұстанымдарының аясында дамытты.
Ясауи ілімі барша түркі халықтарының, соның ішінде ол дүниеге келген
өлкенің иесі – қазақ халқының да ислами дүниетанымына негіз болып қаланды.

1. Ясауи іліміндегі адам мәселесі
Қазақ халқының діни-ислами түсініктері Ясауи ілімінің аясында
қалыптасты. Ұлттың ар-ождан кодексі рөлін атқарған Ясауи ілімінің негізгі
ұстанымдары қазақ халқының рухани-моральдық қағидаларында көрініс тапты.
Мұның нақты мысалын біз халқымыздың ізгілікке, имандылыққа негізделген әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерінен, жыр-аңыздары мен мақал-мәтелдерінен, кешегі
жыраулар поэзиясы мен би-шешендердің нақыл сөздерінен, Абай, Шәкәрім,
Мәшһүр Жүсіп секілді көрнекті тұлғаларымыздың туындыларынан айқын
аңғарамыз.
Сондықтан халқымыздың ұлт болып қалыптасуы мен дамуына, ұлттық
ерекшеліктерінің берік сақталуына Ясауи ілімі тікелей әсер етті деп біз
сеніммен айта аламыз. Соңғы кездері айтылып жүрген: Қытай халқы үшін
Конфуций ілімінің мәні қандай болса, Қазақстан қоғамы үшін Ясауи ілімінің
маңызы да сондай ерекше, деген пікір осындай келелі ойлардан түйінделген
тұжырым.
Рухани тазалық пен кемелдікті мақсат еткен Ясауи жан тазалығы, ар
тазалығы, жүрек тазалығы қағидаларын бірінші орынға қойды. Ол өз ілімін
қоғамды тәрбиелеуші, түзетуші ар ілімі ретінде түсіндірді. Жаным – арымның
садағасы, Жарлы болсаң да арлы бол деген қазақ халқы да осы ілімді жан-
жүрегімен қабылдаған.
Ясауи ілімінің негізгі ұстанымдарының бірі – толеранттылық. Бөгде дін
өкіліне де азар бермеу – Пайғамбар сүннеті (Сүннет ерміш кафир олса берма
азар) деп жазған Ясауи кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды насихат
еткен. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп деген Абай сөздері де осы
ақиқатқа тіреледі. Ясауи іліміндегі Адам адамға құл емес, Аллаға ғана құл
деген ұстаным да адам баласының бәріне бірдей қарауға, ешкімді кемсітпеуге,
өзін де өзгелер алдында төмен санамауға міндеттейді.
Бұл қағида бүкіл қоғамдағы рухани тепе-теңдік пен келісімді сақтауға
бағытталған. Халқымыз бұл қағиданы: Еңкейгенге еңкей – атаңнан қалған құл
емес, шалқайғанға шалқай – пайғамбардың ұлы емес деген ұстаныммен
түйіндеген.
Ясауи ілімі ағартушылыққа, ғылым-білімге шақырады. Ясауи: Адамды
ақиқатқа жеткізетін бірден-бір жол – ғылым жолы деп жазған. Ясауи
еңбектерінде ғылымға ұмтылу, надандықтан қашу мәселелері жиі көтеріледі,
шынайы ғалымдар ерекше құрметтеледі. Білекті бірді жығар, білімді мыңды
жығар, Ақыл – азбайтын тон, білім – таусылмайтын кен, Жақсының аты
өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді деп мақалдаған ұлтымыздың ұстанымдары да
осы қағидалардан қиыс кетпейді.
Ясауи ілімінде Халыққа қызмет ету – Хаққа қызмет ету деген ұстаным
бар. Бұл қағида қоғамға адал қызмет етуді насихаттайды, отаншылдыққа, елді
сүюге, бауырмалдық пен жанашырлыққа, өзара құрмет пен сыйластыққа
тәрбиелейді. Осы бір қағида өзгеге қолұшын беруге қашанда құлшынып тұратын
біздің халқымыздың болмысына сіңген деуге болады. Өз үйінде ою оймағанның
кісі үйінде сырмақ сыратыны да осыдан болса керек.
Қожа Ахмет Ясауи көшпелі түркі халықтарының ағайындық, бауырмалдық
сезімдерді басты орынға қоятын ізгі дүниетанымымен, туыстық қатынастарға
негізделген рулық-тайпалық құрылымымен етене таныс болған. Ясауи ілімінің
осындай ерекшеліктері жеті атаға дейін қыз алыспайтын қазақ қауымындағы
әйелдер мен қыздарды хиджаб пен пәренжі киюден қорғауға бір себеп болды.
Ясауи ілімінде қонақжайлық дәстүрі адамды рухани кемелдікке бастайтын
ерекше дәстүр саналады. Ясауи ілімін таратушылар барған жерлерінде суфра
тұту, яғни дастарқан жаю дәстүрін ұстанған. Көпшілікке, келімді-кетімді
жолаушыларға арнап жайылған дастарқан басындағы сұхбатқа рухани ілім иесі –
Қызыр келіп қатысады деп саналған. Қазақ халқының Қонақ келсе, Қыдыр
келеді, Қырықтың бірі – Қыдыр деген мақалдары осы дәстүрден туындаған.
Осындай қағидалар арқылы Ясауи ілімі халықтың болмысына сіңіп, қазақ
дүниетанымының, ұлт менталитетінің негізіне айналды. Дұрысы, Ясауи өз ілімі
арқылы тарих тереңінен бастау алатын ұлт құндылықтарын ислами сүзгіден
өткізіп берді.
Біз Ясауи ілімін ұлтымыздың рухани тарихының тағылымды тәжірибесі
ретінде қабылдауға тиіспіз. Қазақ халқы ислам діні аясында ұлт болып
қалыптасса, қазақы исламның бітім-болмысы, қазақ мұсылмандығы Ясауи ілімі
арқылы қалыптасты.

Ясауи ілімінің тарихи рөлі

Ясауи ілімі тек тарихи рөл атқарып қана қойған жоқ. Бұл ілімде қазіргі
қоғамға қажетті идеологиялық ұстанымдардың барлығының негізі қаланған.
Қазіргі зайырлы, өркениетті Қазақстан қоғамына зәру парасатты идеология мен
қастерлі қағидалар Ясауи ілімінде көрініс тапқан. Рухани тәжірибесі аса бай
қазақ халқы өзінің ұлттық бастауларындағы осындай табиғи, тұнық ілімдерді
жаңғырту арқылы жаһандану жағдайында да өзінің бірегей болмысын сақтап қала
алады. Тарихтың тар жол, тайғақ кешулерінде ұлтты ұйыстыра білген Ясауи
ілімі қазіргі қазақ қоғамына да рухани бағдар болмақ.
Тамырын туған топырағымыздан алатын, ұлттық болмысымыз бен ділімізге
етене жақын Ясауи ілімін бүгінгі Қазақстан мемлекетінің идеологиялық
тұғырнамасы ретінде орнықтыруға барлық негіздер бар.
Ясауи ілімін ел игілігіне жаратып, ақыл-ойының өзегіне айналдыратын
тетіктерді жүйелі, мақсатты түрде жүзеге асырсақ, ұтарымыз көп болмақ.
Ең алдымен Ясауи ілімі өзінің кең мазмұндылығымен қазіргі өскелең
буынның рухани сұраныстарын жан-жақты қанағаттандыра алатынын ескеруіміз
керек. Аталмыш ілімнің негізгі қағидаларын заманауи өмірге бейімдеп қайта
жаңғырту арқылы қазіргі қазақ қоғамындағы көптеген рухани проблемалардың
алдын алуға болады. Бұл, әсіресе, идеологиялық бос кеңістікті жаппай
толтырып жатқан экстремистік жат ағымдар мен деструктивті діни қозғалыстар
идеологиясының ықпалын сөзсіз төмендетеді.
Осы орайда алғашқы кезекте Ясауи еңбектерін аудару, жариялау, қайта
жариялау жұмыстарын жүзеге асыру қажет. Оның шығармашылығы поэзиялық
туындылардан, яғни хикметтерден ғана тұрмайды. Ясауи ілімінің негіздерін
танытатын Жүректің айнасы, Пақырнама секілді трактаттар да шәкірттері
арқылы хатқа түскен ақынның өз шығармалары болып табылады. Соңғы кездері
ғалымдар Оның Рисала-и дәр әдәби тариқат атты еңбегін ғылыми айналымға
қосты. Ясауидің ататегіне қатысты шежірелер мен оның шәкірттерінің
еңбектерінде де осы ілімнің негіздерін танытатын тағылымды дүниелер мол.
Аталған еңбектердің барлығын аудару, қайта жариялау, Ясауи ілімі мен
шығармашылығына қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың таңдамалы
зерттеулерінің жинағын жарыққа шығару, жаңа танымдық басылымдардың жарық
көруіне, таралуына жағдай туғызу қажет.
Түркістан қаласында жиі өткізіліп, дәстүрге айналып үлгерген
Ясауитану байқауына, Қожа Ахмет Ясауи ілімі мен шығармашылығын
зерттеудің өзекті мәселелері атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қолдау
көрсету, Ясауи әлемі деген атпен жарық көріп отырған ғылыми-көпшілік,
тарихи-танымдық журналдың таралымын көбейту керек. Ясауи ілімін халыққа
кеңінен таратып, түсіндіру үшін бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы
айдарлар, бағдарламалар ашуға болады. Жоғары оқу орындарында Ясауи атындағы
арнайы шәкіртақы, руханият саласына еңбек сіңіргендерге оның атындағы
сыйлық тағайындаған жөн.
Халқымыздың рухани мәдениетінің барлық саласында терең із қалдырған
Ясауи ілімін зерттеу ұлтымыздың түп негізін тану болып табылады. Ясауитану
ілімі – қазақтану, түркітану ілімі. Ясауи ілімі тарихи дәуірлерде түбі бір
түркі халықтарын ортақ дүниетанымға ұйыстыра білді. Қазіргі татар,
түркімен, қарақалпақ, қырғыз, түрік халықтарының қазақ жұртымен рухани
тұтастығы – аталған халықтарға да Ясауи ілімінің кеңінен тарағандығының
нәтижесі. Сондықтан Ясауи ілімінің бүгінгі әлемдік қоғамдастықта түркі
халықтарын ынтымақтастырушы басты факторға айнала алатынын да ұмытпауға
тиіспіз. Осы бағыттарда арнаулы ғылыми-зерттеу орталықтарын ашып, кең
көлемде жұмыс жүргізу қажет.

Жалпы, дәстүрлі исламның қазақ даласындағы тарихи негіздері

Дәстүрлі ислам, дәстүрлі қазақ мұсылмандығы деген ұғымдардың
негізсіз еместігіне дәлел бола алатын екі қайнар көз бар: біріншісі – ислам
ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген, қазақы
мұсылмандыққа негіз болған бірегей ілімдер қалыптастырған ұлтымыздың
көрнекті тұлғаларының еңбектері; екіншісі – халқымыздың діни танымын,
рухани құндылықтары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық мұралары
(ауызша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің негіздері
Діннің мәдениет қалыптастырудағы орны
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Сопылық ілімнің қалыптасуы
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Ясауи туралы ілімі
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің салынуы
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДІҢ «РИСАЛА ДАР АДАБИ ТАРИҚАТ» ЕҢБЕГІНІҢ МАЗМҰНДЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қ.А ЯССАУИ ТАСАУУФТЫҚ ІЛІМІНІҢ ТҮРКІ ДҮНИЕТАНЫМЫНА ӘСЕРІ
Пәндер