Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Кіріспе ... ... ... ... 1.2
1. Эстетикалық тәрбие туралы ғұламалардың
ой . пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.7
2. Бастауыш сыныптарда оқушыларына
еңбекке баулу пәні арқылы эстетикалық тәрбие
берудің әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . . . . . . 28

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарды Қазақстан Республикасының конститутциялық негіздерде осы заңның Қ.Р. өзгеде нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Бастауышта оқу-білім мен дағдыны іскерлік пен қабілетті қалыптастырудың басты сатысы сондықтан еліміз бұл мәселені жан-жақты қолға алып білім беру сатысында түбегейлі өзгерістер еңгізуде.
Бастауыш сыныптарда балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша дамыту бағдарламаларында еңбекке баулу сабақтарында балалардың жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауға шығармашылық еңбегіне олардың қабілеттерін іске асырылуына, қоғам өміріне бейімделуіне, азаматтық сана сезімнің, жалпы мәдениеттің салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасады.
Бастауыш білім, мемлекет, стандартында орта білім үздіксіз білім беру, мен технологиясында түсіндіру білім жүйесінде негізгі денгейі кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды. Бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде жеке оқудан тыс уақытта еңбекке баулу арқылы оларды қоғамдық белсенділікке, бейімділікке эстетикалық тәрбие арқылы жеке тұлға етіп тәрбиелейді.

1. О. Аяшев. Мұғалімді мектептегі сауықтыру
жұмыстарына даярлау. Алматы “ Рауан ” – 1991.
2. Ф. А. Бобков. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез – құлық мәдениетіне тәрбиелеу. Алматы “ Мектеп ” 1987.
3.С. Қалиев, Ғ. Мыңбаева. Оқушыларды оқу еңбегінде дағдыландыру. Алматы - 1988.
4.Ж. Қоянбаев. Педагогика. Алматы - 2002.
5.Бастауыш мектеп. Еңбекке баулу пәнінің жоспары. 2001 № 3.
6.Л. И. Рувинскин, С. И. Хохлов. Ерік пен мінезді қалай тәрбиелеу керек. Алматы “Мектеп” 1989
7. И.С.Макаренко. Оқушыларды саналы тәртіпке және мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеу. Алматы “Мектеп” – 1987.
8. Б.Сманов. Сабақ беру тиімділігін артыру жолдары. Алматы “Мектеп” 1919.
9. Р.С.Төлеубекова. Бала тәрбиесіндегі Халықтық педагогика. Алматы – 1994.
10. Н.Д.Хмель. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. Алматы “Ғылым” 2002.
11. Көкшеева. 3. Бастауыш мектеп (28-29 бет) 10 – 2004.
12. А.Т.Құлсариева «Эстетика» оқу құралы. Алматы 2003.
13. С.Әбенбаев. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі» Алматы. 2004.
14.А.Көбесов. Әл Фарабидің ашылмаған әлемі. Алматы 1996ж
15. Н.Нұрғалиев. Философиялық сөздік. Алматы 2000ж
16.Ж.Күнпейіс. Еңбекке баулу пәнінің әдістемесі. Алматы. 2005 ж.

Кіріспе
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңдарды Қазақстан
Республикасының конститутциялық негіздерде осы заңның Қ.Р. өзгеде
нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Бастауышта оқу-білім мен дағдыны іскерлік пен қабілетті
қалыптастырудың басты сатысы сондықтан еліміз бұл мәселені жан-
жақты қолға алып білім беру сатысында түбегейлі өзгерістер
еңгізуде.
Бастауыш сыныптарда балалар мен жасөспірімдерге арналған
қосымша дамыту бағдарламаларында еңбекке баулу сабақтарында
балалардың жеке басының дамуына, кәсіптік бағдарын айқындауға
шығармашылық еңбегіне олардың қабілеттерін іске асырылуына, қоғам
өміріне бейімделуіне, азаматтық сана сезімнің, жалпы мәдениеттің
салауатты өмір салтының қалыптасуына жағдай жасады.
Бастауыш білім, мемлекет, стандартында орта білім үздіксіз
білім беру, мен технологиясында түсіндіру білім жүйесінде негізгі
денгейі кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді қамтиды.
Бастауыш сынып оқушыларына сабақ үстінде жеке оқудан тыс уақытта
еңбекке баулу арқылы оларды қоғамдық белсенділікке, бейімділікке
эстетикалық тәрбие арқылы жеке тұлға етіп тәрбиелейді.
Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспарының, сабақ өтудегі негізгі
қаруы, сабақ жоспарын
жасау жолдары жөнінде әрбір пән мұғалімнің түрлі үлгіде жоспар
құрай білуі керек.
Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық жұмыс істеуде эстетикалық
тәрбие беруде. Сабақтың тақырыбы
“Жабыстыру (коллаж)” жасау.
Сабақтың мақсаты:
1.Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету..
2. Оқушыларды еңбекке баулу. Оқушыларды сабақ үстінде еңбекке
тәрбиелей отырып эстетикалық тәрбие беру.
Біздің қоғамда адамның тек қана өнердің емес еңбек қоғамдық
қатынастар қоршаған орта тәртіп, тұрмыс табиғатында әсемдік
жақтарын ықпал ете отырып оқушыларға еңбек сабағында еңбек
қорлыққа әсемдікке тәрбиелейміз. Менің курсытық жұмысымның тақырыбы:
Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу пәні арқылы эстетикалық тәрбие
беру.
Міндетім:
Жалпы білім беруді үйрете отырып еңбекке деген білімін,
оқушылардың еңбек сабағында эстетиканы қабылдауға тәрбиелеймін.
Өмірдегі, өнердегі әдептілікті сезу және көру.
Зерттеудің обектісі:
Жалпы білім беретін бастауыш мектеп оқушыларының
сабақтарындағы танымы.
Зерттеу пәні бастауыш мектептегі еңбек пәні.
Жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сатысында
өтілетін еңбекке баулу сабағы болып табылады.
§1. Эстетикалық тәрбие туралы ғұламалардың ой –пікірлері.
Эстетика (гр. Aisthetikos – сезіну, сезімдік) –адамның дүниені эстетикалық
тұрғыдан ұғынып түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен
шығармашылықтарын мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика осыдан 5 –
мың жыл бұрын, құл иеленушілік қоғам дәуірінде – Мысырда,
Вавилонда,Үндістанда және Қытайда дүниеге келді.
Эстетикалық тәрбие деп- жеке адамның эстетикалық талғамы мен мұратын
қалыптасуы, әсемдікті дұрыс түсіну қабілетін дамуын түсінеміз. Эстетика
ұғымын ғылыми қолданысқа ХҮІІІ ғысыр орта шенінде неміс философы Александр
Бауигартен енгізді.
Эстетикалық тәрбие деп- болмыс (табиғатта еңбекте қоғамдық қатынаста,
адамдардың қылығында) пен өнердегі әсемдікті дұрыс түсініп қабылдау
қабілігіне тәрбиелеу, эстетикалық көз қарасын, талғамын, сезімін өнер мен
өмірде әсемдікті қалыптастыру талабы мен қабілеттілігін дамыту деп
түсінеді.
Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірді терең де жан
жақты білу негізінде қалыптасады, білім эстетикалық көз қарасты талғамды
қалыптастырудың ең маңызды алғы шарты болып табылады.
Эстетикалық мұраттарға, талғамға, бағалай білушілікке тәрбиелеу, білімді
меңгеріп алу мен бірге дүниеге көз қарасыт қалыптастырудың қуатты факторы
болып табылады, жеке адамды идеялогиялық күреске белсенді қатысу үшін
шыңдайды.
Эстетикалық және этикалық – адамның шындық өмірі мен өзара қарым қатынасы
мен өзгеше жақтары. Эстетика мейрбандық пен өшпенділікті, әділеттілік пен
әділетсіздікті парызды жауап- кершілікті және тағыда басқа моральдық
қатынастарды ұғымдар формасында көрсетеді, адамның адамдар топтарының
әрекетін олардың іс-қимылын бағалайды. Эстетика обьективті қоғамдық
қатынастардан адамның үйлесімді дамуына сұлулықты жасауға асқақ және ерлік
істер атқаруға сұрықсыздықпен және анайылық пен күреске бағытталған оның
еркін шығармашылық қызыметіне жәрдемдесетін және жәрдемдеспейтін жақтарын
табиғи сезіну болып табылады. Эстетика сондай – ақ субьективті жағынан
адамның жасампаздық қабілеті мен күшінің емін еркін көрінуінен, қоғамдық
жәнежеке өмірдің барлық саласында адамның шығармашылық қызыметі
нәтижелерінің сұлулығынан ләззат алуын қамтиды. Эстетика және этика
жекеленген шығармаларында бір бірімен қол үзіп қалуы мүмкін болғанымен,
өмірде байқалатын обьективті заңдылық. Адамның сұлулығын көрсететін
жағымды көркем образдар, адамның бойында құрмет, сүйіспеншілік және шын
жүректен сүйіну сезімін туғызады.
Эстетикалық сезімдер – шындық өмір құбылыстарын немесе өнер шығармалар
эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл күй сезімі.
Эстетикалық сезім – осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс
болып табылады. Және әсемдік немесе асқақ трагедиалық немесе коликалық
сезім ретінде көрінеді. Адамның шындық мірінде эстетикалық көз қарастың
эстетика сезімімен шектеліп қалмайды, бірақ идеялық көңіл күйі тәрбиесін
берудің пәрменді құралы болып табылады. Олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт
көзі болуға тиіс.
Эстетикалық талғам- әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл күй сезімін
бағалау, ең алдымен сұлулықты әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу
жөнінде қоғавмдық практика қалыптастыратын адам қабілеті. өнер шығармалары
бағаланаиын жағдайда эстетика талғамы деп- көркемдік талғамды айтады.
Эстетикалық талғам шын мәніндегі сұлулықтан лаззат қабілетін, еңбекте
тұрмыста, мінез құлықта, өнерде, әсемдікті қабылдау, жасау қажетін
білдіреді. Керсінше нашар эстетикалық талғам адамның шындаққа эстетикалық
көз қарасын бұрмалайды. Оны нағыз сұлулыққа нем құрайлы етуі, ал кейде
адамның сұрықсыз нәрселерден лаззат алуына апарып соғады. Эстетикалық
талғамның дамуы оның өмірі мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты
терең және жан -жақты танып білуімен сипатталады. Дамыған эстетика талғам
қалыптастыру эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі.
Платонның идеялистік іліміне қарамастан сұлулықтың обьективті негізі –
шындық өмірдің заттық қасиеттеріне, байланыстарында, қатынастарында,
заңдылықтарында деп біледі.
Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз – абсалютті, мәңгілік және
өзгермейтін сезіммен тыс идея, ал өнер туғызатын сезім иірімдері. Осы
иденың көрінісі ғана болып табылады.
Кант-эстеттикалық пікірдің мүлдем мүддесіздігі туралы қағида ұсынылды.
Сұлулықты пайдаға көркемдік формаға толымдылығын- идеялық мазмұнға қарсы
қойып, ол формалист эстетиканың дамуына ықпал етті.
Эстетикалық қызыметті түсіндіруге негіз етіп Гегель тарихнама
принцптерімен қарама қайшылықтарды алады, мұның өзі оған эстетикалық
қызыметті капиталистік өндірістің қарама қайшы сипатымен салыстыруға,
эстетикалық ұғымның жай жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға
мүмкіндік берді.
Фейербах сұлулықты тікелей заттар мен құбылыстардың физикалық
қасиеттерінен, ал эстетикалық сезімдері мен талғамдарды биологиялық
заңдылықтардың, адам табиғатының алып көрсетуге тырысады.
Қоғамның даму жағдайында эстетикалық тәрбеи жеке тұлғаның үйлесімді дамуын
қалыптастыруда адамгершілік тәрбиесінен кейін маңызды орын алады.
В.Г.Белинский: Сезімнің әсемдігі адамгершілігінің құнды жағы онысыз, бұл
сезімсіз, данышпанда, талант та ойда жоқ.
М.Горкий эстетика дегеніміз- болашақтың этикасы деген тұжырым жасайды.
А.В.Лунагарский. Эстетикалық тәрбиенің мәнін аша келе, эстетика саласына
қайсы бір өнердің қарапайым түрде оқыту деп түсіуге болмайтындығын,
керсінше оның сезім мүшелері мен шығармашылық қабілетін жүйелі түрде әсер
ететін оқуды, одан оқушының ләззат алып, оны өздері жасай білуге
мүмкіншіліктерін дамыту деп түсіну керектігін айтқан. Еңбекпен ғылым
саласынан берілген білімге эстетика қамтылса, онда сол білімнің жансыздығы
деп есептеген.
В.Н. Щацкая. Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты мен мәні атты
мақаласында эстетикалық тәрбе дегеніміз –қоғамдық өмірде, еңбекте, көркем
өнер құбылыстарындағы әсемдікті сезініп, мақсатты қабылдау қабілетін
тәрбиелеу – деп сипаттама береді.
А.И.Буров. Эстеттикалық тәрбиеге әсемдік заңдылығы бойынша адамының
әрекетке және көркем өнерге эстетикалық көз қарасын, эстетикалық қажетті
мен шығармашылық әрекетін қалыптастыру деп тұжырым жасайды.
Әл – Фараби өзінің дүниеге көз қарасын этика және эстетика мәселелерін
қамти отырып жүйелендіре нақтылай түседі. Ізгі қала тұрғындарының
көзқарастары, Бақытқа жету туралы трактаттарында ол адам қоғамының
шығуы, өмір сүру формалары, адамның мінез құлқы, әділетті әкімнің бейнесі
туралы ой толғайды. Ол ең әуелі өзі өмір сүріп отырған қоғамның құрылымын
талдайды. Адамдар қауымы өмір сүру ортасы ретінде қала халқын алады.
Қалаларды жік жікке бөліп ол кемел де үлгілі құрылымы ретінде Ізгі
қаланы таңдайды, оған жақын келетін және тұрмыстық байланыста құрылымын
еңбекшілер тұратын қажеттілік қаласы деп қарайды.
Ы.Алтынсариның этикалық және эстетикалық көзқарасы құндылығы және маңызы
жағынан ерекше орын алады. Мысалы: Жаз, Өзен деген өлеңдерінде
табиғаттың сұлулығын, көк орай шылғынды көркі, күмістей сылдыраған суы,
көкжиектің мұнарлаған сағымы шебер тілмен суреттеледі. Бұл шығармалар
жастарды сұлулықты, ғажайып табиғатты сүйе білуге құрметтей білуге
тәрбиелейді. Ағартушылық жөніндегі көптеген хаттары мен жазбаларына қазақ
балаларының ән күй суреттен сабақ беру керек екендігін мәселе етіп қояды.
Бұдан Ы.Алтынсарин жастарға эстетиикалық тәрбие берудің маңызы жоғары
бағалағандығын көреміз.
А.Құнанбаев эстетикалық және этикалық мәселелер жөніндегі ой -пікірлері
сол кездегі қоғамдық ойдың үлкен белесі болып табылады. Оның Құлақтан
кіріп бойды алар деген өлеңдерінде әннің күйдің адам сезіміне әсер етер
қуаты, құдіреті шипалы шапағаты көркем суреттеледі. Әсірессе, жақсы ән мен
тәтті күйдің ой туғызып адамның өткен өміріндегі ең тамаша кездерін еске
түсіретіндіктерін шебер көрсетеді.
Жазғытұрым, Жаз деген өлеңінде табиғаттың көркем бейнесін ардақтап,
оны адам ойы мен сезіміне шипалы әсер ететіндігі баяндалады. Абай көркем
сөздің эстетикалық маңызына ерекше көңіл бөлді.
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп –тегіс жұмыр келсін айналасы, - деп өлеңінің Іші алтын сырты күміс
болуын, бөтен сөбен сөз арасы былғанбауын, әркімді, мақтап қайыр тілеуге
арналмай, адамгершулікті инабаттлықты дәріптеу керектігі баса айтылады.
А.Байтұрсынов жан сақтау керектігінен шыққан нәрселер тіршілік үшін
жұмсалатын тірнек өнері оның сұлуынан жылуы болуы көзделеді.
Жан қаштау керегінен шыққан нәрселер көркемшілік үшін жұмсалатын көркем
өнері. Оның жылуы болуы керек. Сөз өнері адам санасының ұш негізінде
тіркеледі.
1. Ақылға.
2. Қиялға.
3. Көңілге.
1. Ақыл іс аңдау яғни нәрсенің ісін ұғу тану, ақылға салып ойлау.
2. Қиял іс меңзеу, яғни ойдағы нәрді белгілі тұрпатына бейнелене ұқсату,
бейнелеу, суреттеу, ойлау.
3. Көңіл ісі-түю толғау.
§2.Бастауыш сынып оқушыларына еңбекке баулу пәні арқылы эстетикалық
тәрбие берудің әдіс тәсілдері.
Білімді меңгерту үшін оқушының ынта ықыласын туғызу, оқу
еңбегін оның әдеттегі дағдысына, рухани қажеттілігіне айналдыру
керек.
Мұғалімдердің көпшілігі, егер оқушы өтілген тақырыпты ынта мен
таңдаса, сабақ жақсы өтті деп есептейді. Ал оқушы сабақ үстінде
ой еңбегімен қалай шұғылданады мұғалім оларды белсенді ой еңбегіне
жұмылдыру үшін қандай әдіс қолданады оқушыларды өз бетінше
ізденуге, ынталана жұмыс істеуге қалай үйретті деген мәселелерге
онаша көңіл бөле бермейді.
Эстетикалық тәрбие оқытудың өзекті мәселесі болып табылады.
Мектеп реформасының оқу – тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі
негізгі талаптарында оқушыларға эстетикалық тәрбиені айтарлықтай
жақсарту олардың бойында әсемдік сезімді дарыту, көркемдік талғамды
ұштаса жүргізу туған табиғаттың байлығы мен сұлулығын түсініп
бағалай білу қасиеттерін қалыптастырудың қажеттілігі эстентиалық әдіс
-тәсілдерде байқалады.
Белгілі дәрежеде теориялық білім берумен қатар сарамандық
дағдыны да төмендегі сынып оқушыларына меңгерту тиіс. Оқушы әр бір
сабақта білім негізімен қаруланбаса, ол білімді ары қарай дамыта
алмайды, оқуға қызықпайды. Оқушы ынтасы бірте – бірте азая береді,
келе – келе еңбек пәніне деген қызығушылығы болмайды.
Оқушының туа пайда болатын және туа жетілетін қабілеттері мен
икемділігі болады. Қазіргі кездегі оқулықтағы материалдарды оқушыға
ескі әдіспен баяндап беру қажетсіз. Дамыған шет елдерде сабақтың
25 – 30 минуты өз бетінше берілген тапсырмаларды талдау, ойлану,
жаңа ұғым, жаңа түсінік қалыптастыруға оған жетудің жолдарын
іздестіруге назар аударылады.
Ауызша сөзбен түсіндіру әдістері
Оларға: 1. Түсіндіру; 2. Әңгімелеу (сұрақ-жауап) әдісі; 3. Баяндау
әдісі; 4. Нұсқау беру өдістері енеді.
Тусіндіру әдісі дегеніміз — өтілетін материалды және істелінетін
жүмысты (тапсырманы) баяндап түрлі ой-пікірлерді дәлелдеу. Бұл әдіс еңбек
сабағының барлық прак-тикалық жүмыстарында кеңінен пайдаланылады.
Әңгімелеу әдісі дегеніміз ~ мүғалімнің оқушымен сөйлесуі арқьлы
сұраққа жауап берумен негізгі мақсат іске асырылады. Бұл әдіс кейде сұрақ-
жауап әдісі деп аталады.
Баяндау әдісі дегеніміз — өтілетін материалды анық, түсінікті сөзбен,
рет-ретімен толық мазмұнын айтып беруді айтамыз. Әңгімелеу, баяндау, сұрақ-
жауап әдістерін қолдану арқасында оқушылардың ой-өрістерін сөз байлықтарын,
түсінігін кеңейтуге, арттыруға және оқушылардың шығарма-шылық қабілеттерін
дамытуға көптеген көмегін тигізеді.
Нұсқау беру әдісі - өтілетін материалды түсіндіру үшін әңгімелеу әдісі
арқылы іске асырылады. Нұсқау беру әдісінің негізгі мақсаты:
а) еңбек процесінің орындалу жолдарымен құрал-саймандармен жұмыс істеу
әдісін меңгерту.
Нұсқау беру әдісі 3 түрге бөлінеді.
1. Кіріспе нұсқау беру;
2. Күнделікті нұсқау беру;
3. Жекелей және жаппай түрде нұсқау беру болып бөлінеді.
Практикалык әдіс түрлері
Пракгикалық жүмысты ұйымдастыру әдісі;
1. Зертханалық жұмысты ұйымдастыру әдісі;
2. Тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру әдісі;
3. Бақылау жұмысын ұйымдастыру әдісі;
4. Жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру әдісі.
1. Оқу процесінің 75-80 пайызы практикалық әдіспен өтіледі. Оқушылардың
сабақта алған теориялық түсініктері іс жүзінде практикалық жұмыс
кезінде іске асырылып бетінше жұмыс жасайтындығымен құнды
• Практикалық жүшстың негізгі бағыты-деген сенімі техннкаға дамыту
жұмыстарын оқушылардың жас ерекшелігіне қажет етеді. Қарапайым құрас
біртіндеп күрделі құрастыру жұмыстары көбінесе еркін ұйымдастырылады.
Мысалы: 1) Еңбек сабағын өткізудің мақсаты:
Біріншіден сарамандық ( Практикалық ) жұмыстары оқушылардың
біліміне негіздеп құрылады. Яғни, сабақ қорытындысы берілген затты
жасай, орындай білуге әсем етіп даярлауға және талғамды таңдай
білуге үйрету.
Екіншіден: практикалық жұмыс барысында оқушыға тапсырылған
өнделетін материалдарың қасиетін, құрылысын аспаптардың, машиналардың
т.б. қолдану мақсатын меңгереді. Сондықтан оқушы жұмысын
бағалағанда, олардың бағдарламалық, бұйымды жасауда қаншалықты көркем
етіп жасауын менгергендігін ескерген дұрыс.
Бастауыш сынып оқушылары еңбек сабағында негізінен пайдалы
бұйым жасағанда өз талғамдарымен бұйым қаншалықты әсем болуын, қай
кезенде оны пайдалана алу керектігін үйрену керек. Бұл бүгінгі
нарық заманының басты талабы. Алайда, күні бүгінге дейін оқушылар
жасайтын бұймдарға ғылыми тұрғыда талап жоқ. Сондай – ақ бұйым
сапасына да әсемдігіне де қойылатын талап деңгейі белгіленбеген.
Сол себепті мұғалім оқушылардың бұйым жасаудағы олардың әсем
безендіруіне оларды безендіру жобаларына баулу керек. Сонымен бірге
эстетикалық тәрбиені қалыптастырып арттыруды қолға алу қажет. Ең
алдымен жасалынатын бұйым пайдалы зат болуы керек. Мысалыға: Ағаш
– көркемдік еңбекке арналған зат . Олай болса белгілі бір пайдалы
зат екенін алдымен оқушыларға ағаш түрлерін көрсету, сүргілеу,
белгілеу, әрілеу, безендіру әдістерін үйрету жағдайында эстетикалық
тәрбиенің жақтарына толық тоқталған жоқ.
Еңбекке баулу сабақтарында эстетикалық тәрбие берудің негіздері
сабақтың негізгі бөлімі оның ғылыми және практикалық білім
берілуі. Еңбекке баулу сабағындағы эстетикалық тәрбие берудің бір
ерекшелігі – барлық жұмыс сарамандық негізде немесе анығын айтқанда
оқушы жұмысты көзбен көріп, қолмен ұстайды. Соған сәйкес практикалық
жұмысты орындауға нұсқау беріледі.
Бастауыш сынып оқушыларының еңбек сабағындағы жасаған
сандықшасы тек оның жасалу бұйымын емес ол ежелден келе жатқан
үй жиһаздарының ішіндегі ең тиімді де, қажетті бұйым екендігін де
ұғынады. Оның сыртының қызыл, жасыл немесе қара бояу мен
боялатынын, және қайтып безендіруін үйрену керек.
Еңбек сабағында жұмыстардың көркем болуында төменгі сынып
оқушылары үшін өте қызықты да әрі жауапты болады. Еңбек
сабағындағы жұмыстың бір түрі құрақ – құрау сабақтары жүргізіледі.
Осы кезде ең басты назарды мұғалім геометриялық формалардан оларды
түсіне, көлеміне қарай алмастыра отырып қарапайым өрнек жасайтын
дайын бөліктерді орналастыруға және желімдеуге бөледі. Оқушылар
қолда бар сюжет негізінде құрақтың өрнектерін қалай қоса әсем
болатындығына назар аударып құрақтарды желімдейді.
Құрақ – құрау сабағында ойын тәсілдері пайдаланылады. Түрлі –
түсті қағаздардан ойыншықтар жасауда оқушылардың ойлары ең әдемі
оның талғамдық әсемді болуына басты назар аударады. Бейнеленуі анық
көрінуі үшін, түстерді пайдаланады.
Практикалық жұмыстарда эстетикалық тәрбие шығармашылық
қабілеттерді дамыту үшін құрамына қабылдау елестету сапасы енетін
арнайы тәсілдерді де қарастырады.
Түстің, форманың, көлемнің, үйлесімдігін реттеуін қадағалау.
Эстетикалық тәрбие беруде барлық сарамандық жұмыстарда
педагогикалық процес мазмұнын құрайтынның бәріне шығармашылық
қараудың ерекше мәні бар. Бұдан эстетикалық тәрбиелеу өнері, әр
баланың қызығушылығын қабілетін жарыққа шығара білуі мейлінше толық
байқалады.
Еңбекке баулу сабақтарындағы жұмыста бастауыш сынып оқушыларына
эстетикалық тәрбие беруде олардың жасалынатын бұйымның әсем де
көркем болуы үшін мұғалім ескертуі қажет. Көркемдік образ ашық
нақтылығымен барлық уақытта да толғандырады, қуаныш немесе сезімін
туғызады. Еңбек сабағындағы тақтайшаға салынатын өрнектің немесе
суреттің, бейнеленетін заттың немесе адамдардың түр тұлғасын
көркемдеуде төменгі сынып оқушылары көбіне олардың фигурасын қалай
етіп болса да әсем болатындығына басты назар аударады. Сол
себептен де олар түрлі – түсті бояуларды шимайлап жағады. Мұғалім
тарапынан оқушыларға бояудың түстері бір – біріне сәйкес
келетіндерін таңдап беруі тиіс. Сонда ғана оқушылар өздерінің
еңбектеріндегі қателіктерді жоюға тырысып, қателіктерін түзеуге
дағдыланады.
Еңбекке баулу да түріне мүсінді жасау еңбегінде жатқызуға
болады. Мүсінді еңбек сабағында жасау балаларға көркем бейнені
қабылдауға, оның кескінін, сипаттық ерекшеліктерін анық білуге
көмектеседі. Оқушылар өздеріне көруге ұсынған мүсінді дәл жасай
алмауы мүкін, бұлай жасаудың қажеті де жоқ. Әрбір бастауыш
сыныптағы оқушылар өздерінің іскерлігі мен шығармашылық
мүкіндіктеріне қарай жапсырады. Алайда, олардың назарын фигуралардың
қалай қойылғанында әдемі болатындығына, сипаты белгілеріне және
күрделі емес қимылды бере білуіне байланысты.
Бастауыш сыныптарда жапсыру тақырыбына сәндік – қолданбалы өнер
едәуір эстетикалық тәрбие беруге көмектеседі. Халық шығармашылығының
саздан, қыштан қандай бұымдар жапсыруға, мәнерлі нәзік шешімдерге
қалай жетуге болатынын көрсетеді.
Халықтың саздан жасалған ойыншықтарының көлемді формаларын
білуге негізделе отырып, балалар қуыршақ, құс, ат т.б бейнелерді
әсемдеуге бейімделеді.
Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруде мектеп орасан зор рөл
атқарады. Себебі мектепте жеке тұлғаның эстетикалық мәдениетінің
негізі қаланады.
Бастауыш сынып оқушыларының эстетикалық мәдениетін
қалыптастыруда және олардың жан – жақты, үйлесімді дамуында еңбек
маңызды орын алды. Хлық еңбекті асыл мұрат деңгейінде қарастырып,
адамның тән сұлулығы мен жан сұлулығын сол еңбекте
көрсете
алатындығына назар аударған. Сондықтан да жас ұрпақтың еңбекке
қатынасы халық ауыз әдебиетінің өзекті мәселесі ретінде жырланған
және жырланып келеді.
Бастауыш сынып оқушыларының еңбек тәрбиесінің жүйесі бірнеше
әрекеттерден: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме, өзіне - өзі
қызмет ету және қоғамдық пайдалы еңбектен тұрады. Енді аталған
оқушылар еңбегінің түрлеріне жеке – жеке тоқталайық.
1.Оқу барысындағы еңбек. Еңбек сабағында оқушылар саналы тәртіп
пен мінез – құлық мәдениетін меңгереді, өз еңбектерінің нәтижесін
көре білуге, оған қуануға, еңбек адамдарын құрметтеуге үйренеді,
әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігі тәрбиеленеді.
2.Сыныптан тыс үйірме жұмыстарының еңбек тәрбиесінің міндеттерін
жүзеге асыруда және оқушылар бойында эстетикалық мәденитті
қалыптастыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас тәжірибешілер” ,
“Жас іскерлер”, “Жас өсімдік өсірушілер”, “Жас шаштараз”, “Жас аспаз”
т.б және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды,
қоршаған ортадағы әсемдікті көріп, байқап, сұлу заттарды көріксіз
заттардан ажырата білуге үйренеді.
3.Өзіне - өзі қызмет ету. Оқушылар өзіне - өзі қызмет ете оырып,
әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді,
ұқыптылық, тазалық дағдылары қалыптасады. Мектеп жағдайында өзіне -
өзі қызмет ету оқу құралдарын, мектеп жиһаздарын, сынып бөлмелерін,
шеберханаларды, мектеп ауласы мен спорт алаңдарын жинау, безендіру,
тазалау және т.б . жатады. Отбасында өзіне -өзі қызмет етудің
түрлеріне қол орамалдарын қолданудан бастап, төсек орнын жинау, ата
– анасына көмектесу, бөлме, киім, аяқ киімдерді тазалау, жуу, үтіктеу
т.б. жатады.
4.Қоғамдық пайдалы еңбек. Оқушылар еңбегінің бұл түрі бастауыш
сыныптан басталып, олардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделене
түседі. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың дүниетанымы,
қоршаған орта туралы білімі, жақсы мен жаманды, көрікті мен
көріксізді ажырату дағдылары жетіледі. Әртүрлі заттар туралы
эстетикалық көзқарасы, талғамы қалыптасады, эстетикалық сезімдерінің
дамуына мүмкіндік туады. Эстетикалық тәрбие күрделі үрдіс
болғандықтан, оның құралы ретінде қазақ фольклор жанрларын
пайдаланудың маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие берудің жолына негізінен оқушы мен педагогтың
баладағы көркем құндылықты қабылдауға, өнімді іс - әрекетке деген
шығармашылық қабілеттерді, әлеуметтік, табиғи, затты ортаға деген
саналы қарым – қатынастарды дамыту жөніндегі бірлескен іс - әрекеті
жатады.
Бұл жұмыстың табысты болуына көбіне тәрбиеленушінің дара
ерекшеліктерінің, қажетсінуі мен мүддесінің, оның жалпы даму
деңгейінің қаншалық мөлшерде ескерілетіндігімен анықталады.
Өмір құбылыстарын эстетикалық қабылдау әрқашан да дара әрі
тандамалы. Оның негізінде әсемдікке эмоция білдіру жатады. Оқушы әр
қашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі, өнердегі әсемдікке, адамдардың
мейірбан сезіміне үн қосады.
Бастауыш сынып оқушыларына еңбек сабағында эстетикалық тәрбие
берудің жолдары алуан түрлі. Олар көп жағдайда: көркем шығармашылық
іс - әрекеттердің көлемі мен сапасына, ұйымдастыру формалары мен іс
- әрекет түрлеріне байланысты.
Эстетикалық тәрбие беруде оқушыларды
эстетикалық сезімдердің, қарым – қатынастардың, ой –қорытыдылаудың,
бағалаудың практикалық іс - әрекеттердің қалыптасуына көмектесетін
неғұрлым тиімді әдістерін анықтайды.
- Эстетикалық қабылдауын, талғамның бастапқы көріністерін
дамытуға бағытталған сендіру әдісі:
- Қоршаған ортаны жасампаздандыруға және эстетикалық
мәдениеттің дағдыларын қалыптастыруға арналған практикалық
іс - әрекеттерге үйрету, жаттықтыру әдісі:
- Әсемдікке бірге толғанып, эмоциялық жағымды ықылас
тудыруға және қоршаған дүниедегі ұсқынсыздыққа жек көре
қарауға ояату әдісі.
Міне, осы әдістер арқылы бастауыш сынып оқушыларының еңбек
сабақтарындағы эстетикалық тәрбие беру жолын оңтайландыруға болады.
Эстетикалық тәрбиеде қолданылатын сендіру әдісінің ерекшелігі
оны қабылдайтын құбылыс әсем болған жағдай да ғана пайдалану
керек. Өйткені балалардың бақылауларының кез – келгені баланың сезімі
мен ойын айтарлық мұғалімінің сол сәттегі немесе кейініректегі
түсініктемесімен қосарланып отырады. Неғұрлым жарқын да әсерлі көркем
шығармаларды, бұйымдарды таңдап тиісті ситуация мен жан толқынысын
тудыра білу маңызы.
Үйрету, жаттықтыру әдісінің мәні баланы тыңдай, көре бағалай
білуге және соған сәйкес белсенді іс - әрекет етуге үйрету. Жүйелі
түрде бұйымдарды шамасы келгенінше таяу маңын өзгертуге араласу
балалардың белсенділігін тереңдетеді.
Оқушылардың еңбек сабағындағы қоршаған ортаны жасампаздандыруға
үйрету, жаттықтыру әдісін көп қайталауды талап етеді. Ол түрлі
жағдайларда қолданады. Ситуацияны өзгерту оқушыға менгерген дағдыны
пайдалануға, одан әрі жетіле түсуге көмектеседі. Өзгермелі
жағдайларда көп жаттығу тиісті нәтижеге ойдағыдай жетуге мүмкіндік
береді.
Төмендегі сынып оқушыларының санасына, оны практикалық іс -
әрекетке тарта отырып, еңбек етуде жасап отырған жұмыстарының
әсемді көркем болуын сөзбен ұғындыру керек. “Әсемдік жақсы
қасиеттерді оятады ”, - дейді Д.Б. Кабалевский. Бұйымдарды даярлауда
көркем іс - әрекеттің әр түрлі тәсілдерін игеруге көмектеседі, оның
барысында баланың эстетикалық даму процесі пайда болады.
Еңбек сабағында эстетикалық тәрбиелік және дамыту сипатын
күшейту үшін тәрбие әдістерін сендіру, үйрету, сондай – ақ
дербестікті, белсенділікті, шығармашылықты дамытатын оқыту әдістерін
қолданған жөн.
Үйрету дамытарлық сипатта болу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz