Таурат кітабы


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Таурат кітабы

Ұлы Жаратушының пенделеріне түсірілген қасиетті кітаптардың ең алғашқысы - Таурат. «Таурат» сөзі ибритше «заң», «шариғат», «әмір», «дәріс» деген ұғымдарды білдіреді

«Аллаһты лайықты түрде бағаламағандар сол уақытта: Аллаһ адам баласына ешбір нәрсе түсірмеді, деді. Мұсаның адам баласына бір нұр және туралық түрінде әкелген кітабын кім түсірді? Сендер оны бөлшек-бөлшек қағаздар етіп, кейбірін көрсетіп, көбін жасырасыңдар. Негізінде аталарыңның әрі сендердің білмегендерің үйретілген болатын. Оны Аллаһ түсірді де» ( 6. Әнғам - 91) . Құран аяттарына зер салсақ «Таурат» сөзі 18 рет кездесетініне көз жеткіземіз.

Алайда, бұл қасиетті кітап Хазіреті Мұса (а. с. ) дүниеден өткен соң көп уақыт өтпестен-ақ әуелгі түпнұсқасынан ауытқи бастады. Уақыт өте келе Израйыл ұлдары көптеген қуғын сүргінге ұшырап, Таурат кітабы сақталған сандықтарын жоғалтады. Осы секілді жайттар Таурат мазмұнының өзгеріске ұшырауына әкеліп соқтырады. Әлемде «Ескі өсиет» атымен танылған Таурат кітабының бізге белгілі үш нұсқасы бар: 1. Яһудилер мен Протестанттар сеніміндегі ‑ ибрит тіліндегі нұсқасы; 2. Рим және шығыс христиан шіркеулері қабыл еткен ‑ грек тіліндегі нұсқасы. 3. Самирилердің қабыл еткен -«Самирише» нұсқасы.

Яһудилердің ұстанатын Таураттың әлгі үш нұсқасын салыстырып қарастыратын болсаңыз, олардың арасында бірқатар айырмашылықтардың бар екендігін байқауға болады. Яһудилердің тарихында қырғынға ұшырау, қуғындалу, жер аударылу секілді оқиғалар жеткілікті болды. Мұның өзі Таурат түпнұсқасының жоғалуына бірден‑бір себеп болатын. Нәтижесінде Таураттың ілкі нұсқасының орнына дін адамдары жағынан қолмен жазылған Таурат пайда болды. Өйткені, Хазіреті Мұса (а. с. ) пайғамбар шамамен б. э. д. ХІІІ ғасырда өмір сүргені белгілі. Ал қазіргі кездегі ибрит тілінде жазылған Таурат кітабының ең көне нұсқасы б. э. д. VII немесе X ғасырда жазылғандығы анықталып отыр

Қазіргі кездегі Таурат кітабының қамтитын мәселелері мынадай бөлімдерден тұрады:

1. Беремин - Жаратылыстың басталуы: бұл бөлімде әлемнің қалай жаратылғандығы, Адам атаның жаратылуы мен үрім бұтағы, Хазіреті Нұх пайғамбардың өмірі мен топан су, Хазіреті Ибраһим, Хазіреті Лұт, Хазіреті Исхақ, Хазіреті Яқуб, Хазіреті Юсуф пайғамбардың өмір тарихы және Мысыр еліне көшулері баян етіледі. Бұл тарихи оқиғалар жүйесі 50 тараудан тұрады.

2. Шемот - Мысырдан көшіп шығу : Исрайыл ұлдарының Мысыр еліндегі тұрмыс тіршілігі, Ферғауыннан көрген қорлықтары, Мұса (а. с. ) пайғамбардың Аллаһтың елшісі ретінде Ферғауынмен күресі, Мысыр халқына Аллаһтың жіберген апаты, 10 әмірдің берілуі, Мысыр елінен Кенан (Палестина) еліне көшуі секілді жағдаяттар баян етіледі. Бұл бөлім 40 тараудан тұрады.

3. Вайсра - Діни үкімдер : Бұл бөлімде күнәлар, халал мен харам тағамдар, тыйым салынған некелер, діни мерекелер, тазалану жолдары секілді діни үкімдер баян етілген. Үкімдердің жалпы жиынтығы 27 тарауды құрайды.

4. Бамидбар - Сандар: Бұл бөлімде Исрайылұлдарының Хазіреті Мұсадан (а. с. ) кейінгі жағдайлары, Тур тауынан көшіп Кенан (Палестина) өлкесіне баруы, кейбір сандар, діни үкімдер, ажал мәселесін баян етеді. Бұл бөлім 36 тараудан тұрады.

5. Дварим - Екілік: Хазіреті Мұсаның (а. с. ) айтқан өсиеттері, қайтыс болуы, жерленуі, Хазіреті Мұса пайғамбар кезінде болмаған кейбір дәстүрлер және діни үкімдер баяндалады. Бұл бөлім 34 тараудан тұрады

Забур кітабы

Забур Хазіреті Дәуіт (а. с. ) пайғамбарға Аллаһ тарапынан түсірілген қасиетті 4 кітаптың біреуі, әрі ең шағыны. Аятта бұл жайында былай дейді: «Сондай-ақ Дауытқа Забуырды бердік» ( 17. Исра-55; 4. Ниса-163) . Забур сөзі - араб тілінде «кітап», ибрит тілінде «хат» деген ұғымды білдіреді

Құранда 3 жерде кездесетін Забур кітабы жаңа бір шариғат әкелмеген. Ол Таураттан соң түскен және көбіне сол Таураттың заңдылықтарын жалғастырады. Забурда ахлақи насихаттар, жырлар, адамдарды туралыққа, жақсылыққа, Жаратушыға шынайы құл бола білуге шақырады. Қасиетті кітап Забурдың Таураттан кейін түскендігін мына аяттан білеміз: «Расында Таураттан кейінгі Забурда: «Жерге игі құлдарым мұрагер болады» деп жаздық» ( 21. Әнбия - 105) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұса пайғамбарға түскен кітап
Шығыстың ұлттық діндері: Индуизм, Конфуциандық, Даосизм, Синтоизм. Иудаизм
Әлемдік діни мәтіндердің салыстырмалы талдауы
Еврей халкынын ұлттык діні
Інжіл әлемдік мәдени ескерткіші
Қазақстан және келімсек діндер
Пайғамбарымыздың өзге дін өкіл патшаларын дінге шақыру хаттары
Әлемдік діндер
Діндер жайында
Діни мейрамдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz