Бюджеттің түрлері мен деңгейлері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

Бюджеттің түрлері мен деңгейлері

  1. Республикалық бюджет . . . 4
  2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті . . . 5
  3. Төтенше мемлекеттік бюджет . . . 5
  4. Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу . . . 8

Қорытынды . . . 10

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дербес болып табылады.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.

2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

3. Қазақстан Республикасында талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджет, облыстардың бюджеті жасалады.

Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың бюджетін республикалық маңызы бар қала, астана бюджетін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Облыс бюджеті өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджетін біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.

Республикалық бюджет

1. Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.

2. Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.

Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері

1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері болып табылады.
2. Облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері тиісінше облыстық мәслихаттардың, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының шешімдерімен бекітіледі[1] .

Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті

1. Осы Кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті ауданда (облыстық маңызы бар қалада) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

2. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешімімен бекітіледі[2] .

Төтенше мемлекеттік бюджет

1. Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі.

3. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.

4. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі.

Мемлекеттік құрылым түрі оның бюджеттік жүйесін1, қалыптастыруға негізгі әсер етеді. Федеративтік немесе унитарлы мемлекет құрылымдарында бюджет жүйесінде айырмашылықтар болады. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі негізгі үш деңгейден тұрады, ал, Қазақстан сияқты унитарлық мемлекеттерде екі деңгейлі бюджеттік жүйе, яғни республикалық және жергілікті бюджеттерден құралады. Үш деңгейлі бюджет жүйесіне назар аудармай-ақ, осы Бюджеттік жолнұсқада Біз Қазақстандағы бюджет жүйесін қарастырамыз, соған сәйкес біздің назарымыз бюджет жүйесінің екі деңгейлі қатынастарына аударылады. Қазақстан Республикасында бекітілген дербес орындалатын бюджеттің келесі деңгейлері:

республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қалалар бюджеті ; астаналар бюджеті; аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеті. Жеке мәселе болып мемлекеттік төтенше бюджетті енгізу жағдайлары туындағанда басқа бюджеттік жүйелердің қызметі тоқтатылады. Осы бюджет Қазақстанда төтенше немесе әскери жағдай туындағанда, белгілі процедуралар мен заң актілерімен реттеле отырып енгізіледі.

Бюджеттік кодекстің ережесіне сәйкес, республикалық бюджет дегеніміз - келіп түскен түсімдерге сәйкес қалыптастырылған орталықтандырылған ақша қоры. Республикалық бюджет шығындары жалпы республикалық саясат, сонымен бірге орталық мемлекеттік органдардың солардың қарауына жататын мемлекеттік мекемелердің (мысалы, ҚР Президентіне тікелей бағындырылған органдардың ҚР Үкіметі, Министрліктер, Парламент, Жоғарғы сот, органдар және т. б. ) . міндеттері мен қызметін қаржыландыруға жұмсалады. Республикалық бюджетті қабылдау ҚР заңымен бекітіледі.

Өз кезегінде облыстық бюджеттер, Алматы және Астана қалаларының бюджеттері, аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттері келіп түскен түсімдерге сәйкес қалыптастырылған орталықтандырылған ақша қоры, жергілікті мемлекеттік органдардың қызметі мен міндеттерін қаржыландыруға, белгілі әкімшілік-аумақтық бірліктерге сәйкес, мемлекеттің саясатын мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізуге бағытталады. Жергілікті бюджеттер аудан Мәслихатының шешімімен бекітіледі. Орталықтырылған ақша қоры секілді бюджеттің аналитикалық ақпарат есебінде құрастырылған бюджеттің басқа санаттары, мемлекеттік және біріктірілген бюджеттері облыс бюджеті болып табылады. Осы бюджеттер мемлекеттің қаржы ағымын тиімді пайдалану, жоспарлау және негізгі көрсеткіштерді талдау бюджет жүйесінің пропорционалдығы, сонымен қатар бюджеттің орындалуы туралы есептерді құрастыруда қажет болады. Олар өзара қарызды өтеу есеп операцияларынсыз бір деңгейлес бюджет жүйесінің жиынтығы болып табылады. Бұл бюджеттар қандай да бір (өкілетті) заң органдарымен бекітілмейді, аумақтық немесе тұтас елдегі біріктірілген бюджет көрсеткіштерінің қызметін орындаса да, құқықтық құжат болып есептелінбейді. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерден, біріктірілген бюджет республикалық бюджеттен, облыс бюджеттерінен, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілген түсімдерден, ал облыс бюджет6 облыс бюджетінен, аудандар, (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен құралады.

Ұлттық қорға жіберілген түсімдер, біріктірілген бюджеттің бөлшегі болып есептелінеді, сонымен қатар ҚР Ұлттық қоры ҚР Үкіметінің есеп шотындағы жинақталған мемлекеттің активтерін қаржы активтері түрінде, сонымен қатар

басқа да мүліктер түрінде, тек материалдық активтер емес. Қор мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерден басқа, басқа да мүліктерді, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге негізделген. Сонымен, Ұлттық қордың негізгі мақсаты, тұрақты функциясы республикалық бюджеттің әлемдік конъюнктура құнына тәуелділігін төмендету. Ұлттық қор жинақтау атқарымы болашақ ұрпақтар үшін қаржы активтері мен өзге де мүліктің қорлануын қамтамасыз етеді[3] .

Бюджет деңгейлері арасында шығыстарды бөлу

Республикалық бюджеттің шығыстары
1. Республикалық бюджеттің шығыстары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жалпы сипаттағы мемлекеттік функциялар:
Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және күзету;
Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің жұмыс істеуі;
сайлаулар мен референдумдар өткізу; республикалық деңгейде мемлекеттік жоспарлау;
салық қызметі органдарының қызметі; республикалық бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және жергілікті бюджеттердің кассалық қызмет көрсетуі, бюджеттік есепке алуды жүргізу және бюджеттердің атқарылуы бойынша есептілікті жасау; республикалық меншікті басқару;
сырттай байқау рәсімін, оңалту рәсімін, конкурстық іс жүргізуді және конкурстық іс қозғамастан борышкерді тарату рәсімін өткізуді ұйымдастыру;
мемлекеттік сатып алудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;
мемлекеттік қаржы бақылауы және қаржы мониторингі;
кеден қызметі; мемлекеттің сыртқы саяси қызметі;
іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу; мемлекеттік статистикалық есеп;
мемлекеттік қызметтің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру; ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әртүрлі қызмет салалары мен аяларында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау;
Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу;
саяси партиялардың қызметін қаржыландыру;
2) қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:
мемлекеттің қорғанысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
орталық атқарушы органдар жүргізетін жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру;
мемлекеттік материалдық резервтерді қалыптастыру және сақтау;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
терроризмге және экстремизм мен сепаратизм көріністеріне қарсы күрес;
мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана және аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінен қаржыландырылатын іс-шараларды қоспағанда, жалпыға бірдей әскери міндетті орындауға байланысты іс-шараларды ұйымдастыру;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы қызметті ұйымдастыру;
жаhандық, өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
кәсіби авариялық-құтқару қызметінің жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
мемлекеттік өртке қарсы қызметтің жұмысын қамтамасыз ету;
азаматтық қорғаныс жүйесін ұйымдастыру;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастр жүргізу;
экономикалық және қаржы салаларындағы құқық қорғау қызметі;
3) құқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:
әділет саласындағы қызмет;
азаматтардың және мемлекеттің мүдделерін құқықтық қорғау;
заңдылықты және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу;
сот сараптамасы қызметі;
сот жүйесінің жұмыс істеуі;
қылмыстық-атқару жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
4) білім беру:
республикалық білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру;
республикалық маңызы бар мектептен тыс іс-шаралар өткізу;
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімді мамандар даярлау;
республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау[4] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Муниципалды басқаруды жүзеге асыруда бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің рөлі
Бюджетаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі: қазіргі жағдайы, мәселелері және даму перспективалары
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және оның сараптамасы
Шетелдердегі бюджетаралық қатынастар саясаты
Мемлекеттік бюджетті басқару тиімділігін арттыру жолдары
Бюджет деңгейлері арасындағы қаржылық ағындарды ретке келтіру
Салықтық емес түсімдер
Жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz