Қатерлі ісік – қоғам жарасы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе 3

  1. Ісік4
  2. Қатерлі ісік - қоғам жарасы4
  3. Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?9
  4. Сүт безінің қатерлі ісігі қандай ауру?9
  5. Сүт безінің қатерлі ісігі және оның алдын алу11
  6. Сүт безi iсiктерiнiң емдеу жолдары16

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 17

Кіріспе

Жалпы рак ауруына шалдыққандарға медицинада үш түрлі тәсілмен ем жасалады. Олар: хирур-гиялық (ота жасау арқылы ісікті алу), сәулемен емдеу (радиоактивті аппараттар арқылы) және химиятерапиялық (нәтижесі жоғары химиялық дәрілермен емдеу) . Аты жаман аурудың емін алуды кез келгеннің қалтасы көтере алмайды. Сондықтан да Еуропа елдерінде қолданылып жүрген сәуле мен хирур-гиялық операция жасайтын аппараттар және химиялық дәрілердің шығынын мемлекет өз мойнына алып отыр. Емдеудің алдыңғы екі тәсілінен гөрі химиятерапиялық тәсіліне мемлекет тарапынан көп шығын жұмсалады. Сыр-қатқа жұмсалатын бір курс емнің құны орта есеппен бір миллион теңгенің шамасында.

Рактың табиғатын, оның пайда болу көзін жіктеп айту қиын. Бірақ бір нәрсе айқын - рак сау жерден шықпайды. Мәселен, ұзаққа созылған, толығымен айықпаған, асқынған науқаспен ауырғанда ағзадағы иммунитетті сақтау мүмкіндіктері нашарлағанда, сондай-ақ, ішкі-сыртқы әсерлердің дендеп, бәрінің қосылып бірігуінен қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Қатерлі ісік клеткалары - қан тамыры, лимфа жолдары арқылы бүкіл денеге тарайды. Ал қатерсіз ісік - қатерлі ісіктің баспалдағы болуы мүмкін. Әрине, бәрі емес. Мысалы, сүйектің саркомасы кейбір жарақаттан, ал әйелдердің сүт безі, жатыр рагы олардың көбінесе түйін тастап, гармондардың өзара тепе-теңдік байланыстарының бұзылуынан, ұзақ созылмалы қабынуы әсерлерінен болады.

Ісік

Ісік , тін өсіндісі, бластома (tumoz) - өзінің қа-лыпты пішіні мен қызметін жойған, организмнің түрі өзгерген клеткаларынан құралған тіндердің патологиялық жайылып өсуі. І. клеткалары І-ке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза клетка ісік клеткасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, І-ке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, І. ауруына әкелуі мүмкін; қ. Қатерлі ісік, Қатерсіз ісік.

Қатерлі ісік - қоғам жарасы

Елімізде 2007 жыл дан бастап 4 ақпан - қатерлі ісікке қарсы күн болып жарияланды. Қарсылық жарияламас-қа болмай барады. Жұрт «жаман ауру» деп атап кеткен қатерлі ісік кеселі кейінгі кезде ел арасында дендеп кеткені жиі дабыл қағуға мәжбүр етуде. Сол 2007 жылы ДДСҰ осы дертке шалдыққан әлемдегі әйелдердің саны бір жарым миллионға жетті деген мәлімет бергенін білеміз. Бұл тізімнен біздің елдегі нәзік жандар да шет қалып қойған жоқ. Жыл сайын сүт бездерінде қатерлі ісігі бар қыз-келіншектердің тіркелуінен денең түршігетіндей халге жеттік. Талайдың тағдырын талқан еткен осынау тажал оғына медицина қаншалықты қарсы тұра алуда?

Шаш пен тырнақтан өзге ағзаның бәрін зақымдау мүмкіндігі бар қатерлі ісік аурулары жас талғамайтын болған. Бұрындары бұл аурумен жасы егде тартқандардың ілуде біреуі ауыратын болса, қазір жас та, жасамыс та осы сырқаттың құрығына ілініп жатыр. Әйтсе де сырқатты анықтаудың сатыларына байланысты неғұрлым ертерек ем-дом жасалса, соғұрлым 90 па-йызға дейін айықтырып жіберуге бүгінгі медицина қауқарлы. Ол үшін үкімет арнайы бағдарламалар қабылдап, қатерлі ісікке қарсы тұрар әр түрлі шараларды қолға алуда. Республикалық бюджеттен қыруар қаражат бөлініп, шетелдерден сәулемен емдейтін аппараттар, арнайы құрал-жабдықтар алынып жатыр. 2008 жылдан бері Еуропалық стандарт-қа сай су жаңа 4-5 медициналық қондырғыға қолы жеткен қала сыртындағы онкологиялық диспансердің тыныс-тіршілігі бұрынғыдан едәуір жақсарып қалған. Мұндағы Чехословакия елінен шыққан «TERASIX» аппараты рак клеткаларының қай жерде екенін дәл анықтауға мүмкіндік берсе, «TERAGAM» қондырғысында компьютерлік бағдарлама арқылы сәулелі терапия жасалады. Ем қабылдаушылардың 70 пайызы осы жерде емделеді. Ал, Германияда жа-салған «MULTISOURCE» аппараты арқылы әелдердің жатыр мойнындағы қатерлі ісіктерін емдейді. Ағылшындар жасаған келесі бір аппаратта тері рагі аурулары 100 пайызға дейін емделеді дейді дәрігер мамандар.

Жалпы рак ауруына шалдыққандарға медицинада үш түрлі тәсілмен ем жасалады. Олар: хирур-гиялық (ота жасау арқылы ісікті алу), сәулемен емдеу (радиоактивті аппараттар арқылы) және химиятерапиялық (нәтижесі жоғары химиялық дәрілермен емдеу) . Аты жаман аурудың емін алуды кез келгеннің қалтасы көтере алмайды. Сондықтан да Еуропа елдерінде қолданылып жүрген сәуле мен хирур-гиялық операция жасайтын аппараттар және химиялық дәрілердің шығынын мемлекет өз мойнына алып отыр. Емдеудің алдыңғы екі тәсілінен гөрі химиятерапиялық тәсіліне мемлекет тарапынан көп шығын жұмсалады. Сыр-қатқа жұмсалатын бір курс емнің құны орта есеппен бір миллион теңгенің шамасында.

Рактың табиғатын, оның пайда болу көзін жіктеп айту қиын. Бірақ бір нәрсе айқын - рак сау жерден шықпайды. Мәселен, ұзаққа созылған, толығымен айықпаған, асқынған науқаспен ауырғанда ағзадағы иммунитетті сақтау мүмкіндіктері нашарлағанда, сондай-ақ, ішкі-сыртқы әсерлердің дендеп, бәрінің қосылып бірігуінен қатерлі ісік пайда болуы мүмкін. Қатерлі ісік клеткалары - қан тамыры, лимфа жолдары арқылы бүкіл денеге тарайды. Ал қатерсіз ісік - қатерлі ісіктің баспалдағы болуы мүмкін. Әрине, бәрі емес. Мысалы, сүйектің саркомасы кейбір жарақаттан, ал әйелдердің сүт безі, жатыр рагы олардың көбінесе түйін тастап, гармондардың өзара тепе-теңдік байланыстарының бұзылуынан, ұзақ созылмалы қабынуы әсерлерінен болады.

Әлсіз ағзаға ауру үйірсек

Әріп Қойшыбаев, БҚМУ онкология кафедрасының жетекшісі:

- Бүгінде елімізде осы қатерлі ісік ауруымен ауыратын науқастар саны көп. Бұл мәселе шынымен әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. Дүние жүзін былай қойғанда, Қазақстанның өзінде қазір қатерлі ісікке шалдығу көбейіп барады. Әйтсе де дер кезінде дұрыс диагностика жүр-гізіп, аурудың алғашқы сатыларынан бастап ем-деудің нәтижесінде соңғы үш жылда науқастардың азайғаны байқалады. Облыс бойынша 2009 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттанғандар саны 13 адамға кеміген, өткен жылы бұл көрсеткіш 96-ға түскен. Жалпы қатерлі ісіктің төрт сатысы болады. Бірінші, екінші сатылары алғашқы кезең. Яғни қатерлі ісікпен ауыратын науқасты осы алғашқы екі сатысында анықтау мәселесі бүгінде бірінші орында тұр. Ал екінші мәселе - сол анықталған ауруларды бүгінгі таңдағы ең жаңа, озық технологиялармен, емдермен емдеу. Қазір біз сүт бездері қатерлі ісігін ертерек анықтау мақсатында маммографиялық скрининг өткізу жолымен тексеру жүргізіп жатырмыз. 2009 жылы осы ауруға шалдыққан 134 әйел анықталды. Өткен жылы олардың саны 154-ке артты. Қауіптісі сол, сүт бездерінде болатын қатерлі ісіктің белгілері бірден байқала қоймайды. Сондықтан да қатерсіз ісіктің 70 пайызы уақыт өте келе қатерлі ісікке айналып кетіп жатады. Сол үшін біз 50-60 жас арасындағы әйелдерге екі жылда бір рет осы аппарат арқылы тексеруден өтіп тұруға кеңес береміз.

Қатерлі ісіктің әйелдерге тән тағы бір түрі - жатыр мойыншасы ісігі. «Адамның папиломы» деп аталатын мұндай вирус жасы 35-тен кеткен қыз-келіншектерде көп кездеседі. Бұл әсіресе, уақытында бала тумаған, дер кезінде жыныстық қатынаста болмаған әйелдердің гормондарының бұзылуы әсерінен болатын кесел. Ісіктің өзі қатерлі және қатерсіз болып екіге бөлінеді. Бұл дерттің 90 пайызы қатерсіз ісіктер. Оның асқынған, асқынбағанын тек функция жасап, оны цитологиядан өткізу арқылы анықтап білеміз. Егер цитология қатерлі ісік деп тапса, онда ол адамды дереу есепке алып, мәлімдеме жасаймыз. Ол ауру мемлекеттік бақылауға алынғаннан кейін, оны диспансерге емделуге жібереміз. 2009 жылы осындай диагнозбен - 57 әйел есепке алынды. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 62-ге жетті.

Ауырып ем іздегенше . . .

Бұрын өкпе рагі республика бойынша бірінші орында болған. Қазір сүт бездерінің қатерлі ісігі оның ізін өкшелеп қуып келеді. Қатерлі ісіктің екі түрі де қазір бой бермей тұр. Бір өкініштісі, қайтыс болатын әйелдердің үштен бір бөлігі - еңбекке қабілетті, бала туатын жастағы қыз-келіншектер. Еуропа елдерінде сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққандарды емдегеннен кейін 5 жыл көлемінде пациенттердің 80 пайызы өмір сүрсе, Қазақстандағы көрсеткіш 50 пайыздың айналасында ғана. Қанша жерден бұл аурулар емдеуге жатады дегенімізбен, статистиканың көңіл көншітпейтіні көрініп тұр. Өйткені елдің экологиясы мен ауыз су сапасының нашарлығынан бастап, қатерлі ісікке әкеп соғатын себептер өте көп. Маман-дәрігерлер дұрыс тамақтанбаудың, артық салмақ қосудың, сондай-ақ, шылым шегіп, спиртті ішімдіктерді пайдаланудың да ракқа жол ашуы әбден мүмкін дейді. Қатерлі ісік ауруы ал-ғашқы сатыларында-ақ анықталғанда 100 пайыз дерттен толығымен айығуға болады. Ол үшін әрбір адам денсаулығын уақтылы тексертіп тұруы қажет. Әйтсе де, аурудың алдын алу біздің халқымыз үшін мүлдем жат әдет болып отыр. Дауасы бар дерт екенін біле тұра алдын алуға ұмтылмау өте өкінішті.

Керек дерек

Облыс бойынша 2010 жылы 1274 сырқатта осы дерттің белгілері бары анықталды. Оның 52 па-йызы - алғашқы сатыдағы сырқаттар. Ал 12 пайызы ауруын өткізіп алып, дәрігерге кеш келгендер. Осы аурудан дүние сал-ғандар санын алсақ, 2009 жылы - 813, ал 2010 жылы -746 адам. Ал республика бойынша 2009 жылы 100 мың адамға шаққанда сыр-қатқа шалдыққандар 158, 5 пайыз болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 165, 5 пайызға дейін көтерілген.

Қатерлі ісік қалай пайда болады?

Онколог мамандар рак тудырғыш заттардан абай болуды ескертеді:

• Сәби кезінде баланың тісіне көңіл бөлу керек. Дұрыс шықпаған немесе ауру тістер ағзада ісіктің пайда болуына бейім келеді;

• Артық салмақ қосу;

• Бір орында қозғалыссыз ұзақ отыру;

• Ішімдікті үнемі және шектен тыс пайдалану;

• Ұзақ уақыт шылым шегу;

• Дұрыс тамақтанбау, соның ішінде құнарлылығы аз, консервант тағамдарды пайдалану, күйген тамақты жеу (қазанның қаспағы) ;

• Қыстың қамын ойлап, жаз маусымында тұздап сақтаған қияр-қызанақтардың, қайнатылған тосаптардың ұзақ тұрып қалуы;

• Сонымен қатар күннен бөлінетін ультракүлгін сәулелер нәтижесінде терінің қатерлі ісігі пайда болады. Сондықтан 17 жасқа дейінгі балаларды күн сәулесіне күйдірмеген абзал. Әсіресе күндізгі сағат 11 мен кешкі сағат 5-6 аралығында ультракүлгін сәулелер көп бөлінеді. Бұл уақыт аралығы тіптен қауіпті. Бүгінде «солярий», яғни ультракүлгін сәулелерінің жасанды түрі шығып жатыр. Оны жас балаларға пайдалануға мүлдем болмайды. Жас ұлғая келе оның зардабынан теріде қатерлі ісік пайда болуы әбден ықтимал.

Қатерлі ісіктің алдын қалай аламыз?

• Үнемі бір түрдегі азықтарды пайдаланбау;

• Тамақтану кезінде тамақтың дәмділігі мен қоректілігіне мән беру;

• Аса тоя тамақ жемеу;

• Ас қорыту жүйесінде жарақаты бар адамдарға сыра ішпеу. Өйткені сыраның құрамында көп мөлшердегі көмірқышқыл газы болатындықтан, ас-қазандағы көмірқышқылының мөлшерін одан ары арттырып, жарақаттың тесілу қаупін туғызады.

• Темекіні шектен тыс, тіпті мүлдем тартпау;

• Тұзды тағамдарды аз тұтынып, қуырылған тамақтарды жемеу;

• Шектен тыс шаршамау;

• Көңіл күйді көтеріңкі ұстау;

• Балғын жемістер мен көкөністерді көп жеңіз;

• Еңбек ету мен демалу тәртібін сақтаңыз;

• Дене шынықтыру белсенділігін арттырыңыз.
Ісікке қарсы тұра алатын А, С және Е дәрумендерін, селена, фолий қышқылын, ет мөлшерін қыс-қартып, балық және құстың етін, балластық заттарға бай азық-түліктерді көбірек пайдалану әрбір адамның саулығының кепілі.

Сүт безінің қатерлі ісігі қандай ауру?

Қазақстанда жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Ал дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлiм соңғы 20 жылда 22% көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осы­ған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүние­жүзi әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi» деп жариялануы да тегін емес. Барлық жерде сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық көрсеткішінің өсу тенденциясы байқалады. Қазіргі уақытта АҚШ-та аурушаңдық көрсеткіші 100 000 халық санына шаққанда 91 науқасты құрайды. Қазақстанда бұл көрсеткіш 19, 1 құрайды. Қазақстан Республикасында 15 жыл бұрын жыл сайын 2 мыңға жуық науқас жаңадан есепке алынса, қазіргі уақытта бұл көрсеткіш жылына 3 мыңнан аса науқас жаңадан есепке алынып отыр. Осыған орай, аурушаңдық көрсеткішінің интенсивті өсуіне байланысты үшінші мың жылдықта сүт безінің қатерлі ісігі онкологияның өзекті мәселеі болып отыр.

Бұл проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын (2009 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республи­када 2008 жылы қатерлi iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2009 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлi iсiгi әрi қарай өсуi әбден мүмкін көрінеді Сондай-ақ сүт безi қатерлi iсiгiмен ауыра­тындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеу жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазiргi таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен аурыратындар да жиі ұшыра­сады.

Сүт бездерінің қатері ісігі 15-30 жас пен 50-59 жас аралығындағы әйелдерде өте жиі кездеседі. Алайда, бүгінгі таңда 15 жасқа дейінде қыздарда да сүт бездерінің қатері ісігі кездесуде.

Сүт безi қатерлi iсiгi төрт сатыдан тұрады:

I және II сатыларда сүт безi қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ық­тимал және аурулардың 80-92%-ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV са­ты­лар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауiптi жағдайға жатады. Өкінішке орай, iсiктiң ерте сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қара­латын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60 % бiрiншi қаралған сәтте сүт безi қатерлi iсiгiнiң III және IV сатысында бо­лады екен. Сондықтан дер кезiнде қаралып, асқындырып алмай емделген дұрыс.

Аурудың белгiлерi: емшектiң әр тұсында түйiн немесе томпайған жердiң пайда болуынан, емшек ұшынан сұйықтың көрінуінен басталады. Есте сақтайтын бір жайт - ол дерттің алғашқы өсу кезеңдерін­де, яғни бірінші өсу сатысында ауру адам ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда өзін-өзі сипағанда емшекте 1-2 сантиметр көлемдей түйінді табады. Дерт­тің екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошы­нып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады, дерттің алғашқы кездерінде олар мүлдем кез­деспейді. Қа­терлi iсiкпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, әлсiрейдi. Әлсiздiк, жүдеу бiрнеше күнге, аптаға, айға созылады. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерiлуi қиындап, кiшкене қашықтыққа жүруi, күнделiктi төсек жинау, жуыну, ас дайындау секiлдi қимылдардың өзi өте ауыр тиiп, ауру адам­ды мүлдем қалжыратады. Кiтап оқу, теле­дидар көру кезiнде ойлары шатысып, ше­шiм қабылдау, ойлау қабiлетi де төмен­дейдi. Осы айтылғандардың барлығы сыр­қат бү­кіл денеге таралғанда ғана байқалады. Бұл аурудан сақтануға бола ма деген сұрақ туын­дауы мүмкін. Ол үшін мына талапты әркім біліп жүргені абзал.

Сүт безінің қатерлі ісігі және оның алдын алу

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейітті. Әсіресе, ХХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан - табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе, ғылыми техникалық өрлеумен тікелей байланысты.

Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті.

Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртүрлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т. б. заттармен ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, «Байқоңыр» ғарыш кешенін, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рак - эпителий тканінен өсетін қатерлі ісік
Сүт бездерінің кистасы
Адам ағзасына радиацияның кері әсері
Қазақстанда қатерлі ісіктер
Ойық жара ауруларының патогенезі
Жұқпалы аурулар кезінде мал өнімдерін ветеринариялық - санитарлық сараптау
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Қойдың сібір жарасы ауруының мәнін, даму механизмін білу,оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайларда өлекседегі өзгерістер
Тұрғындардың аллергияға ұшырауы. Қатерлі ісік аурулары. Жұқпалы аурулар және оның алдын алу
Рак ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz