Ұлы Француз буржуазиялық революциясы


Ұлы Француз буржуазиялық революциясы
Француз революциясының гегомоны, басшысы сол кездегі тарихи процесстерді жылдамдатқан революциялық топ - буржуазия болды. Француз феодалдық абсолютизмін құлату мақсаты біріктірген халықтың революциядағы зор үлесі буржуазиялық революцияға демократиялық сипат берді. Француз революциясының ағылшын революциясынан айырмашылығы, ағылшын революциясында буржуазия жаңа дворяндарға сүйенсе, француз буржуазиясы халықтан қолдау тапты.
Сондықтан да болар француз тарихшысы Гошио революция сипатын анықтай келе жай ғана «революцияң деп атауды жөн көрсе, келесі француз тарихшысы Жорж Лефевр шаруалар революциясы деп атап революция барысындағы шаруалардың зор үлесіне көңіл бөледі. Бельфор мен Везуляда шаруалар баскөтерулері өршіді.
Парижде жеңіске жеткен халық революция жауларын сотсыз жазалап өз күшін көрсетіп жатты. Тұрақты комитетті Бастилия коменданты де Лонемен келісімге көндірмек болған және көтерлісшілерге қару-жарақ жәшігі орнына басқа жәшік бергені үшін көпец старшинасы Флессель өлімге кесілді. Егер мен министр болсам, халыққа сабан жегізер едім, деген король чиновнигі Фулон тағы басқа халықтың қас жаулары көше бойындағы фонарьларға дарға асылды.
14 шілдедегі Бастилияның құлағандығы туралы хабар Франция мен бүкіл Европаға жетті. 16-17 шілдеде корольдің бауыры Д, Артура елден кетті. Оның соңынан сарай жеңілгенін, Құрылтай жиналысын таратудың іске аспағандығын түсінген жоғарғы аристократия кетті. Бұл контрреволюцияның, эмигранттардың күресінің басталуы, ұлттық өзгерістердің басы еді. 17 шілде күні король Неккерді үкіметке қайта алды. Осындай жағдайда Құрылтай жиналысы халық жеңісін жариялады.
1789 жылдың 4-11 тамыз декреттері феодалдардың құқын, шіркеу жері, сословьелік иелікті жою туралы, заң алдындағы теңдікті үндеді. Ал шындығында шіркеу десятинасы, кедей басыбайлылығы, кейбір табыс бермейтін сеньор құқығы ғана жойылды. Мақсатына жетпеген шаруалар күресі тоқтамады. Соған байланысты шаруалардың арыз-өтінішін қабылдайтын Феодальдық комитет құрылды. Бұл комитеттің 1790 жылғы 3-9 мамыр декреттері бойынша тек барлық қауым мүшелері бірге бір жылдық төлемнен 20 есе көп төлеу арқылы басыбайлылықтан босана алатын еді. Төлем ақының өте жоғары болуы, шарулардлың басыбайлылық мәселесін шешілмеген қалпында қалдырды.
Құрылтай жиналысы 1789 жылдың 26 тамызында 17 статьядан тұратын Адам және азамат құқықтарының декларациясын қабылдады. Онда, сөз, баспасөз, ар бостандығы, жекеменшіктің құқығы белгіленді. Жекеиеліктің қасиеттілігі мен мызғымастығы жарияланды.
5-6 қазанда Марат халықты Версальға баруға шақырды. Король 4-11 тамыз декреттерін, 26 тамыз деклорациясын қабылдап қол қояды. 1890 жылдың ірі оқтғасы 19 маусым күні көп ғасырлық тарихы бар сословьеге бөлудің жойылуы болды. Дворяндық титулдар мен гербтер жойылып, француз азаматтары аты-жөні, фамилиясымен атала бастады
1791ж. 14 маусымында елде стачка мен революциялық одақтарды ұйымдастыруға тиым салынды. Қайрымдылық мастерскойлары жойылды. Цехтар мен өнеркәсіпті жіктеп бөлу жойылды. Елдегі болып жатқан өзгерістер кешегі І сословье өкілдерін шетелдерге кетуге мәжбүр етті. Түбірлі өзгерістер әсерінен 20 маусымда король шет елге қашады. 22 күні ол ұсталып, қайтарылды. Бұл оқиға халықтың корольге деген сенімін үзіп «Корольдің тақтан бас тартуын талап ете бастадың. 17 шілдеде Марс алаңына жиналған халыққа ұлттық гвардия капитаны Лафайет ескертуден соң, оқ атуға мәжбүр болды. Осындай шиеленіскен жағдайда 1791 жыл атанған конституция қабылданып, мемлекет 83 департаментке бөлінді.
13 қыркүйек күні таққа қайта отырған Людовик ХҮІ конституция нұсқасына қол қояды. Конституция бойынша сайлаушылар «белсендің және «жайң азаматтар болып екіге бөлінді. Елдің жоғарғы органы Заң шығарушы жиналыс жарияланды. Атқарушы органды король мен министрлер тағайындады. Король кез-келген құжатты қабылдауға құқы болды.
Заң шығарушы жиналыс 745 депутаттан құралды. Онда негізінен ірі және либерал буржуазия өкілдері орын алды. 260 конституциялық-монархистер, 136 жирондистер мен якобиндықтар. Бұл кезеңде жирондистер ірі жекеменшік иелерінің мүддесін көздеді. Король өкіметін жою не қысқартуды талап етті. Эмигранттарды қолдан көбейтіп, әлсіретіп жерлерін тартып алды. Ауылдық жерлерде феодалдардың жерлерін күшпен алу, феодалдарға қарсы шығу етек алды.
Якобиндер клубында Робеспьер монархияны құлатуға, мүлік цензін жоюға және демократиялы республика орнатуға шақырды. Король сатқындығына байланысты 1792 жылдың 9-нан 10-на қараған түні қоңыраулар қағылып, 20 мың көтерлісші Тюльрий сарайын қоршап алады. Монархия құлады.
10 тамыз революцияның жаңа кезеңінде Париж Коммунасы құрылып Шометт, Эбер халық мұқтажының үндеушілеріне айналды. Заң шығарушы жиналыс корольді биліктен босатып, Тампльге қамауға мәжбүр болды.
Буржуазия саяси топтарының арасалмағы өзгерді. Ықпалынан айрылған фельяндар елден кетуге тырысты. Монархияның құлауы буржуазиялық республикандықтардың өкіметін қалыптастырды. 20 қыркүйекте Заң шығарушы жиналысты ауыстырған Ұлттық Құрылтай конвенті өз мәжілісін бастайды. 1792 жылы 22 қыркүйегінде Франция Республика болып жарияланды. Барлық үкімет орындары 21 жастан асқан ерлердің сайлау құқы негізінде қайта сайланды. Конвенттегі 750 депутаттың негізін жирондистер құрады. Жирондистерді ірі сауда-өнеркәсіп буржуазия қолдады. Олар атқару кеңесі мен министрліктен орын алды. Бриссо, Роллан сияқты жирондистердің көсемдері Париждің саяси ықпалын шектеу үшін, департаменттегі саяси құқықты кеңейтті. Бүл жирондистердің федерализмінің негізі еді. Жирондистердің көпшілігі республикаға уақытша басқару формасы, Бурбондар мен Орлеандармен келісім мүмкіндігі жоқ кездегі шарасыз амал ретінде қарады. Мемлекет ішінде революцияны тереңдетуді қаламаған жирондистер бұхара талаптарына көз жұма қарап, феодалдық тәуелділік жойылмады, тұрақты құн белгіленбеді.
Саяси топтар арасындағы тартыс Конвентте жаңа конституция нұсқасын дайындауды созып жіберді. Париж ролі, департаменттер құқығы, үкіметті сайлау жолдары мәселелерінде Тау мен Жирандо арасында бітпес талас басталды. 1793 жылы 21 қаңтарында корольдің өлімге кесілуі Жирондистердің ірі жеңілісі болды.
Людовиктің өлтірілуінен соң Англия үкіметі контрреволюциялық коалицияны басқаруды шешеді. Коалиция құрамы өсіп Австрия, Пруссия, Англия, Испания, Сардиния корольдігі, Неаполь және неміс мемлекеттері кірді. Ресейде коалицияға ресми қосылды. Жер мәселесінің шешілмеуіне байланысты шаруалар әскерді тастап кетіп жатты. Алыпсатарлар байыды. Үздіксіз соғыс өнеркәсіп салаларында өндірісті қысқартты. Елді сауда дағдарысы, қымбатшылық жайлады. Жак Рудың петициясы алыпсатарларға өлім жазасын және күнделікті сұраныс товарларына максимум құн белгілеуді талап етті. Кордельерлер клубында Варле, алыпсатар байығандардың мүлкін тәркілеуге шақырды. Жирондистер бұларды «құтырғандарң деп атады. Соғыстағы сәтсіздіктерге байланысты жирондистердің коалициямен ымыраласуынан күдіктенген Робеспьер коалициямен бітімге келуді ұсынған әрбір адамды өлімге кесуді талап етті.
Жирандистерден Конвентті тазалауды шақырған Марат және т. б. якобиндықтар революциялық трибуналға беріліп ақталды. Жирондистердің Маратты және Коммуна мүшелерін қуғындауы, конвентте монтаньярлар, якобиндықтар клубы, кордольерлер клубы, Коммуна кеңесінің және Варле мен Рудың жирондистер билігіне қарсы бірігуін тездетті. Республика мен революция жеңістеріне қауіп төндірген жирондистерге қарсы Ұлттық гвардия Марат пен Робоспьер шақыруымен 31 мамырда көтерліс басталады. 2 маусымда 100 мың адам Конвент ғимаратын қоршап, жирондистермен сөзге келместен Бриссо, Верньо, Петионды тұтқындайды. Жирондистер басқаруы құлатылды.
Якобиндықтар үкімет басына 83 департаменттің 60-да баскөтерулер жүріп жатқан қиын кезде келді. 1793 жылдың 24 маусымында Конвент шұғыл түрде жаңа якобиндық конституция қабылдады. Революцияны аяқтау, оның жеңістерін интервенттер мен азамат соғыстарынан қорғау мақсатында диктатура қажет болып, якобиндықтар революциялық үкімет жариялайды. Конституция якобиндықтар басқару жылдарында іске қосылмады. Жаңа конституция плебейлік топ арасында қолдау тапқаныменен, олар жекеменшікке шексіз құқық берілуіне қарсы болды. 1793 жылдың 25 шілдесінде Жак Ру конституцияда алыпсатарлыққа, азық-түлікті жасыруға тиым салуын талап етті.
Қүтырғандар жаңа байлардың мүлкінің бір бөлігін тәркілеуді, бөлісуді, армияны тазалауды, ірі меншік жақтастарын Конвенттен қууды насихаттады. Бүл шараларға якобиндықтар түгел дерлік қарсы болды.
Революция жауларына аяусыз соққы беру үшін 10 шілдеде Қоғамдық құтқару комитетіне қайта сайлау өтіп, жаңа үкіметті Робоспьер басқарды. Контрреволюция мен алыпсатарлыққа қарсы күрес басталды. Алыпсатарлар өлім жазасына кесілді.
1793 жылдың 14 шілдесінде Маратқа қастандық жасалды. Революция жауларына қарсы күрес кең қанат жайды. Интервенттерге қарсы күресу үшін 23 тамызда жалпыхалықтық әскери міндеткерлік 18-25 жастағылар арасында /ең алдыменен бойдақтар алынды/ енгізілді. Ішкі саясатта революциялық үкіметке қарсы шықты деп Жак Ру, Варле, Леклерк тұтқындалды. Шометт пен Эбер - ұсақ буржуазия мен қолөнершілердің әлеуметтік-экономикалық талаптарының кейбіреуін қолдайды.
1793ж. 29 қазанында Конвент азық-түлік т. б. күнделікті сұраныс товарларына максимум баға енгізеді. Париж коммунасы, бұхара халық Конвентке ықпал ете алатын бірден-бір күш болды.
1794ж. басына қарай Франция территориясы жаудан азат етілді. Сыртқы қауіптің бәсеңдеуі. мүдделері әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдері кірген якобиндықтар ішінде өзара күресті күшейтті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz