Күнтізбе



1 Күн Күнтізбесі
2 Ай Күнтізбесі
3 Зодиактар
Күнтізбе, календарь (латынша: calendarium — қарыз кітабы) — ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерек-шелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.
Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні к а л е н д ы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар несиеқорларға өсім төлеп отырған. Осыған байланысты календылары көрсетілген қарыз кітаптары болған. К-нің негізгі ұғымдары -тәулік, ай және жыл. К. жасау үшін күннің, айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың арақатынастарын анықтау керек. Тағылық дәуірден өтіп, азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де К. болған, өйткені К-сіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. Мекеніне, шаруашылығына және даму дәрежесіне қарай халықтардың К-лері әр түрлі болған. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің - тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи К-лерді пайдаланған.
1 Қадан Қабисатұлы, Моңғолия, Бай-Өлгей аймағы
2. http://anatili.kz/?p=877
3. http://www.frmtr.com/tarih-ve-inkilap-tarihi/1368072-12-hayvan-takvimi.html

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Күнтізбе

Күнтізбе, календарь (латынша: calendarium — қарыз кітабы) — ұзақ уақыт мезгілін есептеудің аспан денелерінің көрінерлік қозғалысының ауық-ауық қайталану ерек-шелігіне негізделген жүйесі, анықтамалық басылым.

Ежелгі Римде әрбір айдың 1-күні к а л е н д ы деп аталған. Сол күні қарыз алғандар несиеқорларға өсім төлеп отырған. Осыған байланысты календылары көрсетілген қарыз кітаптары болған. К-нің негізгі ұғымдары -тәулік, ай және жыл. К. жасау үшін күннің, айдың, жылдың ұзақтықтарын есептеп, олардың арақатынастарын анықтау керек. Тағылық дәуірден өтіп, азды-көпті мәдениетке қол жеткен халықтардың бәрінде де К. болған, өйткені К-сіз шаруашылықты ұйымдастыруға болмайды. Мекеніне, шаруашылығына және даму дәрежесіне қарай халықтардың К-лері әр түрлі болған. Ерте замандағы халықтар қардың кетуі, өзендердің - тасуы, т.б. құбылыстарға негізделген табиғи К-лерді пайдаланған. Қазақстан жерінің ежелгі халықтары жыл есебін құстардың көктемде келіп, күзде қайтуы бойынша жүргізіп отырған. Жыл құстары атауы сол ертедегі К. негізінде қалыптасқан. Ежелгі славяндар жылды жаз бойынша есептеген. Шаруашылық күрделеніп, еңбек бөлісу аясы кеңейген кезде дәлдігі құбылмалы ауа райына тәуелді табиғи К-лер халық қажетін қанағаттандыра алмады. Ақыры, адамзат уақыт есебін дүркін-дүркін дәйекті түрде қайталанып тұратын аспан құбылыстарына негізделген К-лер бойынша жүргізетін дәрежеге жетті. Мұндай К-лер алғаш рет Ежелгі Шығыс елдерінде шықты. Жуық түрде тропиктік жылдың ұзақтығы 365 күн тәулігі 5 сағ 48 мин 46 с, синодтық айдың ұзақтығы 29 күн тәулігі 12 сағ 44 мин 3 с. Орташа күндік тәулік 24 сағ. Демек, жылдың ұзақт. өз құрамындағы айлар мен күндердің сандарына бүтін сан ретінде бөлінбейді. Бұл үшеуі бірдей қалдықсыз бөлінетін сан да жоқ. Бөлшектерін тастап, жылды 365, айды 29 күн деп немесе жыл ұзақт. 366, айды 30 күн деп алғанда, уақыт есебі бірнеше жылда табиғи тұғырынан тайып, шатасып кетеді. Сондықтан кейбір жылдардың ұзақт. 365, екінші біреулерін 366 күн деп, айларды 28, 29, 30, 31 күнге тең деп алып, орташа мәндері бойынша жоғарыда келтірілген сандарға жақындатып отырады. Орташа мәндерге келтіру де оңай емес. Бұл мәселені ертедегі халықтар әр түрлі жолмен шешуге талаптанған, соның арқасында әр түрлі К-лер шыққан. Аспан денелерінің қозғалыстарына негізделген К-лерді 3 топқа бөлуге болады, олар: күн К-лері, ай К-лері және аралас К-лер.

Күн Күнтізбесі

Күн К-сі Ежелгі Мысырда шыққан. Мысырлықтар жыл ұзақт. дәл 365 тәулікке тең деп ойлап, оны әрқайсысы 30 күндік 12 айға бөлген, артық қалатын 5 күнді ешбір айға қоспай, құдайға құлшылық ететін күндср деп есептеген. 5 сағ 48 мин 46 с, жуықтап алғанда 6 сағ, яғни 0,25 күн есепке алынбай калатындықтан, мысыр жылының ұзақт. тропиктік жылдан кем. Ол нақты жылдан 4 жылда 1 кҮН, 100 жылда 25 күн дерлік озып кетеді. Мұны түзету үшін Мысыр патшасы Птолемей III Эвергеттің б.з.б. 238 ж. 7 наурызда шығарған жарлығы бойынша алғашқы 3 жыл 365 күнге тең болып, одан кейінгі 4-жыл 366 күн болып есептеледі. Сонда жылдың ұзақт. орташа есеппен 365,25 күн болып, әрдайым тот айының 1- інде (бізше 29 тамыз) басталады. Бірақ Эвергет қайтыс болғаннан кейін Мысырда бұл К. қолданылмай қалды. Эвергет К-сі осы күні Эфи-опияда қолданылады. Мысыр К-сі еур. К-лерге арқау бол-ды. Б.з.б. 45 жыл бұрын Рим императоры Юлий Цезарь, астроном Созигеннің жобасы бойынша ескі рим К-сін өзгертіп, жаңа К. жариялады. Бұл К. Юлий күнтізбесі Деп аталады. Юлий К-сі

Эвергет К-сіне ұқсас, бірақ Эвергет К-сінде жыл басы 1 тот, Юлий К-сінде — 1 януарист (қазіргі қаңтар, ақпан, т.с.с. ай аттары — рим айларының орыс тілінде қалыптасқан аттары). Юлий К-сі ескі санат (стиль) деп те аталады. Юлий К-сіндегі жылдың тропиктік жылдан 11 мин 14 с артықтығы бар. Бұдан 128 жылда 1 күн, 384 жылда 3 күн жиналады. Сондықтан 325 ж. 21 наурызда күн мен түннің жазғытұрымғы теңелуі 16 ғ-да 11 наурызға сәйкес келген. Теңелу күнін әрдайым 21 наурызға келетін етіп тұрақтандыру үшін Рим папасы Григорий XIII 1582 ж. уақыт есебін 10 күнге ілгері жылжытып, 5-қазанды 15-қазан деп есеп-теу және әрбір 400 жылда 3 кібісе жылды жай жыл есебінде алу туралы жарлық шығарды. Уақыт есебінің бұл жүйесі Григорий күнтізбесі немесе жаңа санат деп аталады. Осы күні көптеген елдерде Григорий К-сі қолданылады. Григорий К-сіндегі жыл тропиктік жылдан 26 с ұзақ. Бұдан 3280 жылда 1 күн жиналады. Григорий К-сі Ресейде Қазан төңкерісінен кейін ғана қолданыла бастады. 1918 ж. 24 қаңтарда (6 ақпанда) РКФСР Халком-кеңесі "Ресей республикасында батысеуропалық күнтізбені қолдану туралы" декрет қабылдады. Декрет бойынша К. 13 күнге жылжытылып. 31 қаңтардан кейінгі күн 14 ақпан болып есептелді.

Ай Күнтізбесі

Алғашқы ай К-сі ежелгі Вавилонда шықты. Онда әр-бір 8 жылдың 5-інің ұзақт. 354 күннен, ал қалған 3-інікі 384 күннен есептелді. Сонда жылдың орташа ұзақт. (354*5+384*3):8- -365,25 күн-ге тең болады. Ұзақт. 354 күн-дік жылдар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 6 айдан — барлығы 12 айдан, 384 күндік жылдар 29 күндік 6 ай мен 30 күндік 7 айдан — барлығы 13 айдан тұрады. 29 және 30 күндік ай-лар кезек алмасып отырады. Апта есебі де бұдан 4000-5000 ж. бұрын осы ежелгі Вавилонда шыққан, содан біртіндеп басқа елдерге тараған. Араб күнтізбесі Ай қозғалысына негізделген. Ерте кезде әрбір 24 жылдын 15-і 12 айдан, 9-ы 13 айдан есептелген. 13-ай "нәси" деп аталған. 631 ж. мұсылман дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (571 — 632) нәсиді есептен мүлдем шығартып тастаған. Содан бері араб жылы 12 айдан құралады. Әрбір 30 жылда 11 жыл 355 күннен, 19 жыл 354 күннен саналады. Сонда араб жылының орташа ұзақт. (354*19+355*11):30=354,37 күнге тең болады. Нақты жылдан 11 күні кем болғандықтан, араб жылының басы жылжып отырады. Мыс., 1 мұхаррам 1971 ж. 27 ақпанға, 1972 ж. 16 ақпанға дәл келді. Сондықтан бізше 33 жыл арабша 34 жылға жуық. Бізге 622 ж. арабша 1-жыл, Мұхаммедтің Меккеден Мединеге көшіп барған жылы. Жылдардың бұл жүйесі а й һ и ж р а с ы деп аталады. Араб К-сі араб елдерінде. Азия мен Африканың мұсылман дінін тұтатын көптеген елдерінде ресми қолданылады. Еврейлер ертеде В а в и л о н К-сін қолданған, кейін б.з.б. 4 ғ-да жылдарды Күн қозғалысы, айларды Ай қозғалысы бойынша есептейтін аралас К-ге көшкен. Еврей жылында 353, 354, 355 күн (жай жылдар, 12 ай) немесе 383, 384, 385 күн (кібісе жылдар, 13 ай) болады. Бұлар жөнінде арнайы ережелер бар. Израиль еврейлерінде минут, секунд ұғымдары жоқ, олардың орнына хелек пен рэг қолданылады. Сағат — 1080 хелек, хелек — 76 рэг. Еврейше жылдар есебі б.з.б. 3761 жылдан басталады. Діншілдердің долбарынша сол жылы "дүние жаралған Бұл К. Израиль мемлекетін-де қолданылады. Аралас К-нің бір түрі Ежелгі Қытайда қолданылған. Онда әрбір 19 жылдың 12-сі 12 айдан. 7-і 13 айдан есептелген. Қытайда 60 жылдық мүшел мен цзеци (жарты ай) есебі де болған. Жылдар есебінің жү-йесі заман деп, заманның басталған уақыты оның дә-уірі деп аталады. Әр К-нің дәуірі әр түрлі. Ежелгі славяндар табиғи К. қолданған. Русь 998 ж. Юлий К-сіне көшкен, бірақ жылдар "дүние жаралғаннан" са-налған. Онда бұрынғы сухий, березозол, травень, т.с.с. айлардың орнына наурыз, сәуір, мамыр, т.с.с. рим айлары алынған. Жыл қыркүйектен басталған. Петр I патшаның жарлығымен Ресейде "дүние жаралғаннан" делінген 7209 ж. "Ғайса туғаннан" делінетін 1700 болып қабылданды, жыл қаңтардан басталатын болды, Бұл К. 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін қолданылып келді. Ежелгі түркілер негізінен күн К-сін пайла-ланған. Кейін ол қазақ, өзбек, түрікмен, татар, әзербайжан, т.б. халықтардың К-леріне негіз болған. Жылдың ұзақт. 30 күндік 12 айға бөлінген, айлардың ұзақтығы-нан тыс калған 5 — 6 күн қосылып, жылдың ұзақт. 365,25 күн тәулігіне тең болып алынған, жыл басы — 1 наурыз (яғни 1 амал — 22 наурыз) болған. Қазақтар мүшел есебі мен тоғыс есебін де қолданған. Қазақстанда 1918 жылдан бері Григорий К-сі қолданылып келеді. К. кітапшаларының бізге жеткен ең көнесі — 354 ж. Римде қолмен жазылған қарыз кітабы. 1448 ж. неміс өнертапқышы И.Гутенберг тұңғыш рет күнтізбе кестесін басып шығарды. Неміс аст-рономы И.Мюллер (латын-ша аты Региомонтан) К. кі-табын журнал түрінде бас-тырып шығарды (1474). 1491 ж. Краковта (Полыпа) көне славян әріптерімен шіркеулік К. — "Часослов" басы-лып шықты. Ресейде К. кі-тапшалары 1708 жылдан шыға бастады. К. шығаруда И.Д. Сытин (1851 - 1934) көп еңбек сіңірді, 1877 - 1922 ж. ол орыс тілінде сан алуан К. кітаптарын бастырып шығарды.

Қазақ халқы орта ғасырларда тақтайшаға, жез қаңылтырға жазылған, тоқыма бұйымдарға кестеленген, т.б. К қарапайым К-лерді, Омар һайям (қ. Дарихи Жәлели күн-тізбесі) мен М.Т. Ұлықбек К-лерінің көшірмелерін қол- с данған, ал 18 — 19 ғ-ларда ғ-ларда түрік ғалымы М.Дәурендәуидің "Рузнамасын" пайда-ланған. 1870 - 75 ж. татар тілінде "Гәреліктер", 1877 жылдан бастап Қайым Насыридың "К." Кітапшалары (Қазанда басылған) таралған. 1889 жылдан бастаи Санкт-Петербургте шағатай тілінде Ш. Тадивидің "Мұсылман күнтізбесі шығып тұрған. 1897 ж. Орынборда жекелеген әріптері қазақ дыбыста-рына ыңғайланып реформа-ланған орыс әліпбиімен, қазақ тілінде, қазақтарға арналған "Календарь для кирги-зов на 1897 год. 1897 жылға қазақ үшін шығарған кален-дарь" атты 91 беттік кітап ба-сылды. Қазақ тіліндегі тұң-ғыш К. кітабы сол болатын, одан кейін алғаш рет араб әрпімен (төте жазумен) жа-рық көрген қазақша К. — 1922 ж. Орынборда басылып шыққан "1923 жылдың қазақ календары". 1929 — 31 ж Б.Майлин мен І.Жансүгіров 'Шаруа календарын" шығаРЫП тұрды. Қазақ тілінде жыртпа К. тұңғаш рет 1960 ж. шықты.

Жер шарын мекендеген халықтар ішінен түркі тектес халықтардың жыл санауы мен күнтізбесі, мүшел есебі мен тоғыс ай есебі – асыл мұраларымыздың бірі. Ел арасында ай аттарын көнеше, жаңаша, арабша, орысша аралас әртүрлі атап келеді. Әсіресе, ай аттары ұмытылып, жұлдыз аттары, кейде амалдардың аттары ауысып қолданылған. 
Аталмыш тақырып төңірегінде Шәкәрім Құдайбердіұлынан Әлкей Марғұланға дейін көптеген адамдар қалам тартыпты. 1923 жылы Орынбор қаласында жарық көрген Қазақ календары қазақ мәдениетіне елеулі үлес қосқандығы белгілі. Әйтсе де, күні бүгінге дейін нағыз өмірде қолданылып жүрген ортақ күнтізбе жоқ.
Қазақ жұртының уақыт есебіндегі Үркер шоқжұлдызына негіздеп жүргізілетін Тоғыс есебі ерекше маңызды. Тоғыс есебі – шаруа жайымен, мал шаруашылығымен шұғылданып өмір кешкен байырғы қазақ халқының үркер қозғалысына негізделген күнтізбесі. Тоғыс есебін жүйрік білетін есепшілер мен көкірегі дана қариялар азайып кетсе де, ескі сүрлеумен із шолуға ниет еттік. Айдың үркерді басып өтуі – тоғыс деп аталады. Дәл тоғыс кезінде үркер айдың арғы жағында тасада қалады да, жердегі адамдарға көрінбейді. Ай жылжып өткен соң тоғыс аяқталып, үркер көрінеді. Ай толған кезде ауа райы бұзылып, өзгеріс болады. Тоғыс үш күнге жалғасады. Алғашқы күні тоғаяды. Келесі күні ауыл үй қонады. Үшінші күні өтіп шығады. Бір тоғыстан екінші тоғысқа дейінгі мерзімді тоғыс айы деп атайды. Үркіп үйірінен бөлінген малға ұқсатып үркер деп атаған. Үркер күн мен айдың орбитасына жақын болғандықтан, оған қатысты күн мен айдың орналасуына қарап жыл мезгілін, айдың қай тоғыс екендігін анықтап отырған. Күнтізбесін үркердің қозғалысына негізделген көшпелі халық шаруашылығын, науқанды жұмыстарын да тоғыс есебіне сәйкестендірген. Үркерге қарап қыс пен жаздың басын анықтаған. Халық Үркер шаңырақтан көрінсе, үш ай тоқсан қысың бар, ел жатқанша үркер жамбасқа келсе, жаз шықпағанда несі бар деп тәмсілдеген. Күз басында үркер іңірде күншығыстан, қыс басында іңірде төбеден, көктем басында іңірде күн батыстан көрінеді. Ал жазда үркер түнде көрінбейді. Тоғыс айының ұзақтығын ғылымда 27 күн, 7 сағат, 43 минут деп есептейді. Мұны жуық шамамен 28 күнмен есептейміз. Бір жылда 13 тоғыс айы бар немесе ай мен үркер бір жылда 13 рет тоғысады.
Жаз басында үркер аспан сферасының екінші жартысында көкжиектен төмен кетеді де, жер шарының солтүстік жартысындағы елдерге 40 күн көрінбейді. Қазақ мұны үркер 40 күн жерде жатады деп айтады. Сол 40 күнде екі рет тоғысуға тиіс. Бірақ біз көре алмаймыз, тек он бір тоғысты ғана көре аламыз. 13 тоғысты 28 күнмен көбейткенде 364 күн болады. Бұл – мизамша санаудан бір-екі күн кем деген сөз. Бұл күндер жыл аяғында тоғыстан тыс қосылып отырады. Тоғыс есебі бойынша, жыл басы – бір тоғыс ай. Ол әрдайым мамыр айына сәйкес келеді. Бұрын жыл басын мамыр айынан есептеген. Бұл айда құстар келіп болады. Жыл құсы деген атау осыған байланысты.
Сонан соң 25,23,21,19,17,15,13,11,9,7,5,3 тоғыс айлары келеді. Ең ақырғы тоғыс – 3 тоғыс айы. Тоғыс үнемі тақ санға келе бермейді. 4,6,8 тоғыс та болуы мүмкін. Қалыптасқан дәстүр бойынша оны тақ санға сәйкестендіріп айта береді. Тоғыс есебі ежелгі түркі және үнді халықтарына белгілі болған. Мәселен, қазақтар, қырғыздар, хакастар, алтайлықтар, тувалар қолданған. Тоғыс айларының әдеттегі айлармен сәйкестігі төмендегідей болып келеді.

23 тоғыс – Шілде
21 тоғыс – Тамыз
19 тоғыс – Мизам
17 тоғыс – Қазан
15 тоғыс – Қараша
13 тоғыс – Желді
11 тоғыс – Қаңтар
9 тоғыс – Үштің айы
7 тоғыс – Бірдің айы
5 тоғыс – Көкек
3 тоғыс – Мамыр
1 тоғыс – Маусым

Көшпелі қазақ халқы күйек алу, бие байлау, мал төлдету, көшіп-қону сияқты шаруа науқандарын тоғысқа үйлестіріп ұйымдастырып отырған. Моңғолиядағы қазақтар тоғыс есебін бүгінге дейін қолданып келеді. Алайда тоғыс есебін дұрыс болжайтын көнекөз қариялар азайғандықтан, ағаттық орын теуіп, әр жерде әртүрлі есептеу кездесіп жүр. Бұл – ортақ нақтылы күнтізбенің болмауына байланысты. Сондықтан осы ғылыми мақаланы бірер кітаптар қарап, күнтізбеге байланысты жинақтаған мағлұматтар мен материалдарды қорытындылап, тұжырымдап жазып отырмын. Сондай-ақ марқұм әкем Қабисат Можанұлының және Бүркітбай Әбиұлының, Жапан Бұлықбайұлының шерткен әңгімесі, қалдырған мағлұматтарына негізделдім. Тоғыс есебімен тығыз байланысты есептің бірі – амалдар. Амал – кейбір айларда 5-10 күнге, кейде бірнеше аптаға созылатын ауа райының қолайсыз кезі немесе айдың қолайсыз бөлігі. Амал байырғы қазақ күнтізбесінде наурызға сәйкес келетін ай атына байланысты шыққан.

Зодиактар

Зодиактың тоқты деп аталатын шоқжұлдызын арабтар Әл-Хамал деп атаған. Амал атауы осыған байланысты шыққан тәрізді. Амалда ауа райы бұзылып, адамға да, малға да жайсыз болып, қара суық, ызғырық жел не жауын-шашын, қар жауады. Амалда тиянақты астрономиялық не метрологиялық заңдылық болғанымен, жыл сайын дәл сол мерзімде ауа райында өзгеріс болатындығы – өмір шындығы. Моңғолия қазақтары амалды былайша есептеп, шаруашылығын осыған үйлестіріп келген.
Тоқырауын амалы – қаңтардың жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Бұл – күн тоқтаған кезге байланысты келетін амал.
Ақпан амалы – Үттің айының онында жүріп, он бесінде шығады. Халық аңызында Ақпан-Тоқпан есімді ағайынды екі жігіт кезекпен қой бағады екен. Ақпан қой жайған күні ауа райы кенеттен бұзылып, қоймен бірге далада үсіп өлген. Сол қыс жұтқа айналып, содан ақпан амалы қалған дейді.
Үт амалы – үт айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Арпа- бидай сатқан сарт елден жиған-терген малын айдап бара жатып, жолда қырылған, жазғытұрым құрттағанда табылған. Соған байланысты Үт кірді, сарттың көтіне құрт кірді дейді. Сарттар күзгі берген егінінің борышын жинап, жаңа егін қамына кірісетін кез болса керек.
Наурыз амалы – бірдің айының онында кіріп, он бесінде шығады.
Әз амалы – бірдің айының жиырмасында кіріп, жиырма бесінде шығады. Әзді ақ сақалды үлкен қария адамның бейнесімен бейнелеп түсінеді. Әз болмай, жаз болмас, жаз болмай, мәз болмас деген сөз қалған.
Отамалы – көкектің онында кіріп, он бесінде шығады. Сіріңке жоқ заманда көрші ауылдан от алуға барған әйел қайтып үйіне жеткенше бұрқақта адасып, үсіп өледі. Осыдан отамалы атанған. Отамалы – оңына бақса от алғанша, терісіне бақса оталғанша деген тәмсіл сөз бар.
Сәуір амалы – мамыр айының онында кіреді. Кейбір жылы сәуірде ауа райы бұзылып, 40 күнге жалғасады. Қариялар сәуір амалы кіргенде бұлтты бақылайды. Бұлт төніп, ыдырамаса, сәуірдің бұлты қалып қойды дейді. Ол жылы сәуір амалы ұзаққа созылып, бұлт төніп, мұз жауады. Сондықтан сәуір болмай, тәуір болмас деген тәмсіл айтады.
Саратан-Зауза амалы – маусымның онында кіріп, он бесінде шығады. Сары атан түйеге мінген Зауза атты қыз Құрбан айтта қыдырып, жолда үсіп өлген дейді. Содан Саратан-Зауза атанған. Амалдар жөнінде басқа қазақ жерлерінде әр түрлі варианттар айтылуы мүмкін. Бұлардың сыртында көкірекшал, құралайдың салқыны, аласапыран, бұлбұл торғай сияқты амалдар айтылады. Март айының (көкектің) жиырмасы кезінде аласапыран деген амал кіреді. Құралайдың салқыны – шамамен мамырдың жиырмасында болады. Бұл – аң төлдейтін мезгіл. Сол кезде тау басына бұлт төніп, аспан бұзылады. Аң солай өрлеп бұлтпен тасаланып төлдейді. Амал бірнеше күнге жалғасады. Киіктердің құралайы аяқтанады.
Амал аты осыған байланысты қойылған.
Бұлбұл торғай амалы жаз басында болады. Жаз торғайының келуіне байланысты болуы мүмкін. Тоғыс пен амалдарды есептеу Моңғолиядағы қазақтар ортасында да әлі толық, нақтылы емес.
Ал қазақша ай аттары Қазақстанда амал аттарымен ауыстырып қолданылып келеді. Біздің елдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күнтізбе. Уақытты есептеу жүйелері. Байырғы қазақ күнтізбесі
Математика және күнтізбе
Григориан күнтізбесі
Ежелгі өркениет күнтізбелері
Христос атының күнтізбеге қатысы шартты ғана
Күнтізбенің түрлері және түзу принциптері
Қазақ халқының күнтізбесі
Хронология пәні және оның міндеттері
«Жұлдызнамалық күнтізбе» бағдарламасын құру
Қазақ күнтізбесі
Пәндер