Халықаралық сауда теориясы туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Халықаралық сауда теориясы ... ... ..4.8
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары ... ... ..10.17
2. Халықаралық сауда субьектілері ... ... ... ... .18.20
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ... ... ... ... ... ... 21.24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ...26
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті мамандар даярлау мәселесі тұрды.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит «Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері » деген еңбегінде сауда теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған анағұрылым тиімді болар еді » , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.
А.Смит бұл көзқарасы экономикалық мұрада « Абсолюттік артықшылық теориясы » деп аталып кетті.
Бұл теорияда негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізгі, яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс екендігі.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Халықаралық сауда
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4-8
1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары ... ... ..10-17
2. Халықаралық сауда
субьектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18-
20
2.1Қазақстан Республикасының сыртқы сауда
айналымы ... ... ... ... ... ... 21- 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 25
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26

КІРІСПЕ

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін республика үкіметі алдында
әлемдік экономика мен халықаралық экономикалық қатынастар саласында білікті
мамандар даярлау мәселесі тұрды.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың
негізін не құрайды? Деген сұраққа ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз
жауаптарын беруге тырысқан.
Сол ғалымдардың бірі-ағылшын саяси экономикасының классигі А.Смит
Табиғатты зерттеу және халықтың баю себептері деген еңбегінде сауда
теориясының негізін қалады. Егер кез-келген басқа бір ел, бізді қандай да
бір арзан тауармен қамтамасыз ететін болса, онда тауарын сатып алған
анағұрылым тиімді болар еді , - деп атап көрсетті А.Смит өз еңбегінде.
А.Смит бұл көзқарасы экономикалық мұрада Абсолюттік артықшылық
теориясы деп аталып кетті.
Бұл теорияда негізгі идея - еңбек бөлінісі ұлттық байлықтың негізгі,
яғни мемлекеттер халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысуы тиіс
екендігі.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫ.

Халықаралық еңбек бөлінісі өндірістік өнімге мамандануы нәтижесінде
халықаралық сауда шығады десек, мамандануы көптеген варианттарының ішінен
қандайын таңдап алу тиімді ? деген сұрақтар туындайды.
А.Смит Франция, Португалия, Шотландия елдеріндегі шарап өндірісін
мысылға келтіреді. Бұл мысалда салыстыру құралы ретінде өндірістің
абсолюттік шығыны (бір дана тауарды шығаруға қажетті адам саны) алынады.
Франция мен Португалияда шарап өндіру шығындары аз болғандықтан,
Шотландия шарап өндіру тиімсіз болатындығы анық.
А.Смиттің теориясын талдау нәтижесінде оның бірқатар артықшылықтары
мен кемшіліктері анықталады. Солардың ішіндігі артықшылықтарды атап
көрсетейік:
Біріншіден, өндірістің мүмкіндіктері,сол өндірістің жүзеге
асырылуының қолайлы жағдайлары табиғи факторлар мен анықталады;
Екіншіден, егер табиғи артықшылықтарға жаңа технологиялардың
жетістіктерін қоссақ, онда теорияның маңызы одан да арта түсер еді.
Сонымен қатар бұл теорияның кемшіліктері де бар:
Біріншіден, әдістемелік жолдардың шартты түрде болуы.
Мысалы, А.Смит өз зерттеулерінде екі елді ғана салыстырады,бірақ та
шын мәнәнде тәжірибеде былай болуы мүмкін емес;
Екіншіден, ағылшын саяси экономикасының классигі ақша айырбасының
моделі емес,тауар айырбасының моделін қарастырады;
Үшіншіден, абсолюттік артықшылық халықаралық саудаға маңызды турде
әсер ете алмайды,өйткені тауар өндірісінің альтернативті (балама) құны
халықаралық сауданың құрылымына әсер етеді.
А.Смиттің Абсолюттік артықшылық теориясында аталып өтілген
кемшіліктерді ағылшын саяси экономикасының тағы бір классигі Д.Рикардо
Компартивті (салыстырмалы) артықшылық теориясында жоюға тырысты.
Елдер арасында айырмашылықтың болуы - Рикардо теориясының негізі
болып табылады. Осыған сәйкес төмендегідей тұжырым жасалған: кез келген
елде оның табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан кез келген тауар
өндірісін іске асыруға болады.
Мысалы, Қазақстанда да лимон өсіруге юолады, бірақ Жерорта теңізі
маңызында орналасқан елдермен салыстырғанда Қазақстанда өсіру өте көп
шығынды қажет етеді.
Сондықтан, біз үшін лимонды Қазақстанда өсіруден көрі, сол елдерден
сатып алу өте тиімді болмақ.
Рикардо халықаралық сауда теорияларын дамытудағы сіңірген еңбегі өте
зор.
Мысалы,екі елден (Англия мен Португалия)тұратын қарапайым экономиканы
қарастырайық.Олар пайда әкелетін екі өнімді (мата мен шарапты) шығарады деп
есептейік.
Бірақ, олар бір ғана еңбек факторын қолданады.
Матаны өндіруге қажетті еңбек мөлшерін А әрпімен, шарап өндіруге
қажетті еңбек мөлшерін Б әрпімен, ал жалпы еңбек ұсынысын В әрпімен
белгілеік.
Егер де әрбір елдің ресурстары шекдеулі болса,сонымен бірге шығарып
жатқан екі тауардың біреуінің қосымша данасын шығаратын болса,онда ол
екінші тауарды шығарудан бас тартуға мәжбүр болады.Оны төменгі мына
теңсіздікпен көрсетсек:

aLV*QV+aLt*Qt Англия үшін (1)
(2)
a*LV*Q*V+a*Lt*Q*t* Португалия үшін

Осы келтірілген теңсіздіктер негізінде өндірістік мүмкіндіктердің
шегін көрсетуге болады,яғни көлбеу сызық матаның құнына тең,ал матаның құны
шараптың мөлшерімен өрнектеледі.
Әрбір елде пайда әкелетін өнімнің қандай мөлшері шығарылатындығын
анықтау үшін баға көрсеткішін пайдалану қажет.Әрбір сектор өндірістік
фактордың біреуін ғана пайдаландықтан, еркін бәсеке өндіріс факторларының
құнына бағалардың тікелей тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Сонда әрбір ел үшін тепе-теңдік қамтамасыз етіледі.

Pt=aLT*Wt (3)
(4)
PV=aLV*WV

QV

Автаркия (елдің басқа елдермен байланасының болмауы) кезінде ел екі
игілікті де шығаруға мәжбүр болады.
Шараппен салыстырғанда матанның бағасы әрбір пайда келтіретін дананы
шығаруға қажетті еңбек құндары арасындағы арақатынаспен анықталады.

(5)
Басқаша айтқанда,екі игіліктің салыстырмалы бағаларды оларды өндіруге
қажетті еңбек мөлшерлері арасындағы қатынасқа тең болады.
Мата мен шарап өндірісіне қолданылатын технологиялар арасында белгілі
бір айырмашылық болса, онда екі игіліктің салыстырмалы бағалары
әр елде әр түрлі болып келеді.Автаркияның болмауы- сыртқы сауданың
жүргендігінің дәлелі.
Ал мата құнын шарап құнымен салыстарғанда,Англияда мата арзанырақ
екені анықталған, сондықтан матаны Англиядан сатып алу (импорттау) тиімді.

1 кесте – Салыстырмалы бағалар

Англия Португалия
Мата Ait=80 a*Lt=120
Шарап ALV=90 a*LV=100

Енді екі игіліктің салыстырмалы бағаларын талдаған кезде, матаның бір
бірлігін өндіру үшін шараптың қанша данасынан бас тарту керектігі
анықталады.
Ол үшін төмендегі кестені қарастыру керек.

2 кесте - Салыстырмалы бағаларды талдау

Англия Португалия
Матаның бір данасының
шараппен өрнектелген
құны

Бұл 2 кестеден мынаны байқаймыз, яғни мата өндірісінде Англия
салыстырмалы артықшылыққа ие екендігі анықталған.
А.Смит, Д.Рикардо және Милль халықаралық сауданың шығу себептерін тек
қана келген экономикада еңбек факторымен бірге басқа да өндірістік
факторлар (жер,капитал) қолданылады.
Өндірістік факторлар жөніндегі ілімдерін зерттеп,1930 жылғы швед
ғалымдары Бертиль Олин және Эли Хекшер Давид Рикардоның теориясын әрі қарай
толықтыды.Хекшер мен Олин өндірістің екі факторын- капитал мен еңбекті
қолдана отырып, сыртқы сауданың жаңа үлгісін құрастырды.
Бұл үлгіде негізгі тұжырым төмендегідей жағдайларға әкеледі:
1) жұмысшы күшінің артық шамасы бар, бірақ капитал мөлшері аз болған
елдер еңбекті көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады;
2) капитал мөлшері артық, бірақ жұмысшы күшінің шамасы аз болған
елдер капиталды көп қажет ететін тауар өндірісіне маманданады.
Егер басқа елдермен салыстырғанда жұмысшы күшінің шамасы артық
болса,онда ол мемлекет жұмысшы күшімен мол қамтамсыз етілген деп
есептелінеді.
Егер басқа тауарлармен салыстырғанда жұмысшы күшінің шығындарының
үлесі тауар құнының құрылымында көп болса, онда ол еңбекті көп қажет ететін
тауар деп есептелінеді.
Хекшер- Олин теориясы бойынша мынадай қорытынды жасалған: егер тауар
өндірісінде онша тапшы емес өндірістік фактор қолданылса, онда әр мемлекет
сол тауарларды экспортқа шығаруға тырысады.
Хекшер – Олин теориясы бойынша факторларға салыстырмалы баға беру
төмендегі үш жағдайға байланысты болады.
Біріншіден, халықаралық айырбасқа қатысушы елдер тауар өндірісінде
мол тауарлар мен қызметтерді шетке шығаруға тырысады, ал керісінше кейбір
тауарлар бойынша тапшылық көрініс тапса, онда олар өнімдерді шеттен алуға
тырысады.
Екіншіден, халықаралық сауданыың дамуы факторлық бағалардың, яғни
осы фактор иесінің алатын табысының теңестірілуіне әкеліп соғады;
Үшіншіден, кей жағдайларда өндіріс факторлары халықаралық қозғалыс
сипатында болуы мүмкін, яғни елдер арасында тауар экспортының орнына сол
факторлардың өздерін шығаруға мүмкіндік туады.
1954 жылы американдық экономист Леонтьев Хекшер- Олин теориясын іс
жүзінде дәлелдеп көрсетті.Ол АҚШ-тың экспорты мен импортын
зерттейді.Зерттеу құралы ретінде еңбек және капитал шығындарын
қарастырады.Сол кезде дүние жүзі бойынша төмендегідей тұжырымдар
қалыптасты:
АҚШ капиталдың мөлшерін көп қажет ететін тауатларды экспортқа шығарып, ал
көбінесе еңбекті көп қажет ететін тауарларды импорттан алады.
Бұл жағдайда зерттеу нәтижесі керісінше болып шықты.
Осыған байланысты Леонтьев еңбегі экономикада Леотьевтің парадоксы деп
аталды. Капиталдың салыстырмалы артықшылығы АҚШ-тың сыртқы саудасына әсер
етпейтіндігі анықталған.
Зерттеу нәтижесі келесі жағдайды көрсетті: көп жағдайда АҚШ еңбекті
көп қажет ететін тауарларды шетке шығарып, капиталды аз қажет ететін
тауарларды шеттен тасымалдайды.Осыған сәйкес Леонтьев өз көзқарасын
ұсынады. АҚШ-та пайдаланылатын факторлардың ішіндегі өте тиімдісі – еңбек
факторлары болып табылады.
Оған себеп болған нәрсе – АҚШ жұмысшыларының біліктілігінің өте
жоғары деңгейде болуы. Бұл жаңа модель түсінігі – жұмысшы күшінің
біліктілігі теориясы деп аталады.Бұл теорияның негізгі түйіні мынада: яғни
өндіріске 2 фактор емес, 3 фактор қатысады, атап айтқанда капитал, еңбектің
екі түрі – білікті және біліксіз еңбек.
1960 жылғы тағы да бір топ экономистер экономикалық әлемге шығады.
Олар Леонтьев парадоксын басқа себептермен, яғни ғылыми-
техникалықжетістіктері бойынша түсіндіруге тырысады.Осыған сәйкес капитал
терминінің мағынасы өзгеріп: Физикалық капитал (негізгі қорлар), білім
капиталы, адамдар капиталы (білікті мамандар) деген ұғымдар пайда болды.
Осы ұғымдар негізінде жаңа теориялар туындайды. Ол экономиканың жалпы
моделін түсіндіреді.

РР

1 сурет – Жалпы экономикалық модель

Ғ- ғылымды көп қажет ететін салалар;
К- капиталды көп қажет ететін салалар;
Ж- жұмыс күшін көп қажет ететін салалар;
Р- ресурстарды көп қажет ететін салалар;
Егер жалпы шығындардың ішінде ғылыми шығындардың үлесі 6- 10
процентке тең болса, онда ол өндіріс ғылымды көп қажет ететін сала деп
аталады.
Осы орайда бір топ жаңа теориялар пайда болды. Олар неотехникалық
теория деген ортақ терминмен белгіленеді:
1) технологиялық алшақтық;
2) тауарлардың өмірлік циклы;
3) өндіріс масштабының кеңеюінен болған экономия.

1.1 Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары

Дүниежүзілік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық
сауда ерекше орын алды.
Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық
қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде
шетелдік иевестициялау (атап айтқанда трансферті) халықаралық экономикалық
қатынастардың жетекші формасы болып санслады.
Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары
бойынща халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды
орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық
жалпы көлемінің 80 процент үлесін алып отыр.
Халықаралық сауда- әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы
байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі
негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.
Ғылыми- техникалық революцияның, өнеркәсіптік өндіріс специализациясы
мен корпорациясы әсәрінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық
өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді.
Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы – дүниежүзілік
нарықты құрайды.
Дүниежүзілік нарық әлемдегі тауар- ақша қатынастарының даму процесі
кезінде қалыптаса бастады, яғни XVI дүниежүзілік нарық деген түсінік пайда
бола бастады.
Жалпы алғанда, дүниежүзілік нарық күрделі түсінік болып табылады.
Бұл түсінікті терең зерттеу үшін оны екі аспектіде қарастыру керек:
- біріншіден, дүниежүзілік нарық абстрактылық түсінік болып табылады,
яғни ол кеңістік аспектіде қарастырылады;
- екіншіден, дүниежүзілік нарық заттық аспектіде қарастырылады.
Осыған сәйкес дүниежүзілік нарықтың қарастырылу аспектілеріне жеке-
жеке тоқталып өтейік.
Дүние жүзінде халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қатыспаған
елдер жоқтың қасы деген тұжырым жасауға болады.
Дүниежүзілік нарықтың мәнін, құрылымын және әрбір элементінің
автономиялылығын түсіну үшін графикалық әдістерді пайдалану өте тиімді
болып табылады.
Мысалы, А, В, С деген үш мемлекетті жеке-дара қарастырайық (а-сурет),
сонымен бірге олардың өзара экономикалық қарым-қатынасын, яғни өзара
байланысын да көрсетейік (ә-сурет):

а-сурет
ә-сурет

Осы қарастырылып отырған үш ұлттық нарық дүниежүзілік нарықты
құрайды.
Міне, осыдан дүниежүзілік нарықтың абстрактылы түсінік екенін
байқаймыз.
Бірақ, суреттен көріп отырғанымыздай, ұлттық нарық дүниежүзілік
нарықтың қажетті элементі болып табылады.
Жеке алғанда, әрбір ұлттық нарық та күрделі құбылыс болып табылады.
Ұлттық нарық – бұл халықаралық еңбек бөлінісі негізінде елдің ішкі
және сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыратын сфера.
Сонымен, А ұлттық нарығы екі элементтен тұрады (б-сурет).
ұлттық нарық ішкі сауда
сыртқы сауда

=

2 сурет – Ұлттық нарық

А елінің сыртқы сауда операциясы, дәлірек айтқанда экспорты басқа В
және С елдері үшін импорт болып қабылданады.
Сыртқы сауда дегеніміз – белгілі бір елдің басқа елдермен сауда
жасауы.
Сонда барлық елдердің сыртқы сауда операциясын жүзеге асратын сфера
– халықаралық нарық деп аталады.

3 сурет – Халықаралық нарық

Сыртқы сауда операцияларының 4 негізгі түрі бар:
- экспорттық операция – шетке шығу арқылы шет елдік контрагенттік тауарды
сату;
- импорттық операция – шеттен әкелу арқылы шет елдік контрагенттен тауарды
сатып алу;
- реэкспорттық операция – бұрын импортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды шетке шығару арқылы сату;
- реимпорттық операция – бұрын экспортталған және қайта өңдеуден өтпеген
тауарларды шеттен әкелу арқылы сатып алу.
Ұлттық нарық пен халықаралық нарық бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ
олардың өзара айырмашылықтары да бар.
И.П.Фаминский өз кітабында ұлттық нарықтар мен халықаралық нарықтар
арасындағы айырмашылықтарды жазбаша түрде атап өткен. Енді біз сол
айырмашылықтарды бір жүйеге келтіріп, кесте түрінде көрсетелік:

3 кесте. Ұлттық және халықаралық нарық арасындағы айырмашылықтар

Ұлттық нарық Халықаралық нарық
1. Тауарлар қозғалысына 1. Тауарлар қозғалысына мемлекеттер
экономикалық факторлар (елдің арасындағы шекаралық және жекелеген
кәсіпорындары мен аудандары мемлекеттердің сыртқы экономикалық
арасындағы өндірістік байланыстар)саясаты әсер етеді.
ғана әсер етеді.
2. Ұлттық шаруашылықтар арасындағы2. Жекелеген елдерде өндірілген кейбір
тауар қозғалысы шектеулі болады. тауарлар дүниежүзілік тауар айналымына
мүлдем түспей қалады, яғни бұл
нарықтардағы тауар қозғалысы өте
шектеулі болады.
3. Ұлттық нарықтарда ұлттық 3. Бұл нарықта дүниежүзілік бағалар
бағалар белгіленеді. деген ерекше баға жүйесі белгіленеді.
4. Ұлттық нарықтардың 4. Халықаралық нарықта
монополизациялану мүмкіндіктері монополизациялану мүмкіндігі төмен
бар. дәрежеде болады.

4 сурет - Дүниежүзілік нарықтың түрлері

Халықаралық сауданың формалары

Халықаралық сауда – бұл халықаралық тауар-ақша қатынастарының
сферасы, дүние жүзіндегі барлық елдердің саудасының жиынтығы.
Халықаралық сауданың мәнін ашу үшін оның формаларын 1-схемадан көруге
болады.
Халықаралық сауданың формалары төмендегідей жіктеледі:
1. аукциондар және аукциондық сауда;
2. биржалық сауда;
3. халықаралық көрмелер мен жәрменкелер;
4. машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы;
5. қарама-қарсы сауда;
6. шекаралық сауда.
Енді осы формалардың әрқайсысына сипаттама берейік:
Аукцион дегеніміз алдын ала көруге қойылған таурларды белгілі бір
уақытта, белгіленген орында сату формасы.

5 сурет - Тауарлық нарықтың тауарлық-салалық классификациясы

Аукцион белгілі бір тауар түрлері бойынша өтеді, мысалы, бағалы аң
терісі, жүн, өнер туындылары, антикварлық және кейбір бірегей тауарлар.
Аукционның ерекшелігі сатушының тауар сапсына жауапкершілігінің
шектеулілігі.
Акциондық сауда – нарықтық сауданың түрі, мұнда сатушы барынша пайда
табу мақсатында акционға қатысқан бірнеше немесе көптеген сатып алушылардың
тікелей бәсекесін пайдаланады.
Аукциондық сауда кезінде сатушы тауардың бастапқы бағасын белгілейді,
бұл баға аукцион барысында сатып алушылардың төлем қабілетінің негізінде
өзінің ең жоғары денгейіне дейін көтеріледі.
Мысалы,Санкт-Петербургте бағалы аң терісінің аукционы бар. Осы аукцион
басқа елдердің сатышуларынан да комиссияға тауар қабалдайды. Бағалы аң
терілерін сатіп алушылар – ірі капиталистік және өтпелі социалистік
елдердің өте ірі көтерме сауда фирмалары.
Сонымен бірге Мәскеуде, Дондағы Ростов, Пятигорск сияқты қалаларда
асыл тұқымды жылқылардың аукционы жүргізіледі.
Акциондық сауда айналым шығындарын қысқарта отырып, әлемдік бағаларға
жақын бағалармен сатуды қамтамасыз ете алады. Сонымен бірге тауарлардың өте
көп мөлшерін сату және көптеген бәсекелес сатып алушыларды қатыстыру арқылы
сатушы мен сатып алушыға өте қолайлы жағдай жасайды.
Тауар өндірісінің дамуы халықаралық айырбасқа көптеген тауар
массаларын қатыстырды, осының нәтижесінде шикізаттың жекелеген түрлері
бойынша тұрақты нарықтар стихиялы түрде пайда бола бастады.
Сауда процесінің жетілдірілуі бұл нарықтарды халықаралық биржаларға
айналдырды, олардың ең алғашқылары XVII ғасырда Еуропада пайда болды.
Өндіріс пен нарықтың монополизациялануына байланысты еркін бәсеке
кезінде шырқау шегіне жеткен биржалар өз мәнін жоғалта бастады. Биржалардың
гүлденуі кезінде оларда тауарлардың 200 түрі айналыста жүрді, ал қазіргі
кезде 60 түрі ғана айналыста жүр. Биржаларда астық, қант, кофе, какао
сияқты ауыл шаруашылық тауарларының саудасы жүргізіледі, сонымен бірге
оларда шикізат саудасының 20%-ке жуығы іске асырылды. Биржалық емес
саудадағы бағалар биржалық бағаларға сәйкес түрде бейнеленеді.
Сонымен, биржалық сауда – биржалардың қатысуымен тауарлар мен бағалы
қағаздардың сатылуы.
Негізінен биржалар коммерциялық делдалдар болып табылады, олар
келісімдерге қатыспайды, бірақ олардың бекітілуіне ықпал етеді.
Биржалардың бірнеше түрі бар:
1) тауар биржасы;
2) қор биржасы ;
3) еңбек биржасы;
4) валюта биржасы;
Тауар биржасы – сапасы жағынан стандартқа толықтай сай келетін
белгілі бір тауарларды сатып алу мен сату үшін ұйымдасқан нарықты
қамтамасыз ететін сауда.
Мұнда сатуға келісілген тауарлар биржаға әкелінбейді. Бұл тауарлардың
бар екенін олардың саны мен сапасын көрсеттін құжаттар куәландырады.
Қор биржасы – таза іскерлік принципінде жұмыс істейді (Лондон, Нью-
Йорк биржалары). АҚШ-та 10-нан астам қор биржасы бар, олардың ең ірісі -
Нью-Йорк биржасы. Амстердам, Мадрид, Брюссель, Копенгаген, Лиссабон қор
биржасы Халықаралық қор биржасы болып табылады.
Валюта биржасы – бұл валюта нарығы. Мысалы,Токиода валюта
опрециясының 72%-і доллар-марка мәмілесінің үлесіне тиеді.
Еңбек биржасы – жұмыс күшін жалдау кезінде кәсіпкер мен қызметкерлер
арасындағы делдалдықты жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме.
Халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер – тауар үлгілерін көрсету
нарығы, бұл жерде іскерлік келіссөздер жүргізіліп, контактыларға қол
қойылады.
Жәрмеңке – бір орында, белгілі бір мерзімде оқтын-оқтын өтіп тұратын
нарықтың түрі.
Машиналар мен құрал-жабдықтардың арендасы .Аренда бұл жалгерлік
шаруашылықты жүргізудің формасы .Мұнда жалға беруші мен жалгер арасында
шарт негізінде жалгерге жерді ,табиғат қорларын ,кәсіпорындарды,олардың
бөлімшгелерін уақытша пайдалануға,сондай-ақ дербес шаруашылықты жүргізуге
қажетті басқа да мүліктерді белгілі мерзімге тиісті ақысын
төлетіп,иеленуге және пайдалануға береді.
Жалгерлікке халық шаруашылығының барлық саласында рұқсат беріледі
және мүлік жөнінде меншіктің барлық формалары мен түрлерінде қолданылады.

Жалға берушілер – меншік иелері атынан мүлікті жалға беруге
өкілетті орындар мен ұйымдар болуы мүмкін.
Жалгерлер – заңды құқықтық мекемелер және
кәсіпорындар,шетелдік мемлекеттер , халықаралық ұйымдардың қатысуымен
құрылған ұйымдар мен бірлестіктер және т.б.
Халықаралық саудада аренданың үш түрі қолданылады:
1) Лизинг – ұзақ мерзімдік аренда (1 жылдан көп мерзімге
дейін);
2) Хайринг - орта мерзімдік аренда (бірнеше айдан бір жылға дейінгі

мерзімге );
3) Рейтинг – қысқа мерзімдік аренда (бірнеше күннен бірнеше айға
дейінгі мерзімге)
Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімдік аренда, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Халықаралық сауда тұжырымдамалары
Халықаралық сауда теориялары
Халықаралық сауда классикалық теориясы
Д. Рикардоның өмірінен мағлұмат
Халықаралық сауданының альтернативті теориялары
Меркантелизм туралы
Халықаралық экономикалық қатынастардағы халықаралық сауда
Халықаралық сауданың теориялары
Халықаралық сауданың классикалық теориялары
Пәндер