Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ..3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I.ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Заңды тұлғаның қалыптасу тарихы ... ... ... ...4
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар)7
1.3 Заңды тұлға туралы ұғым ... ... ... 11 II.ТАРАУ.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртіптері..14
2.2 Заңды тұлғаларды қайта құру ... ... ... ... ... ... .23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ..28

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу - мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, заңды тұлғаларды бірыңғай Мемлекеттік Реестрге және Реестр заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу, бекітілген үлгідегі тіркеу нөмірін және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, және әділет органдарына өткізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы - тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап занды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сактауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

1 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыздағы (1998 ж. 7 қазанда еңгізілген өзгертулермен және қосымшалармен) -1998.-28 с.
2 Новицкий И.Б. Римское право. Ассоциация “Гуманитарное издание” “ТЕИС”, М., 1997.
3 С.Н.Братусь. Субъекты гражданского права, Госюридат, М., 1950.
4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім). Алматы. Жеті Жарғы 1994, 27 желтоқсан N 269-XIII. // «Заңгер». Электрондық базасы.
5 Төлеуғалиев Ғ. «Азаматтық құқық» (Жалпы бөлім) Алматы «Жеті жарғы» 1 том, 2002 ж., 102 бет.
6 Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству РК. Понятие и общая характеристика. Алматы, 1996. 21 бет.
7 Гражданский кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий в двух книгах. Книга 1. Алматы. Жеті Жарғы.1998, 105 бет.
8 Толстой Ю.К. Содержание и гражданско-правовая защита право собственности. Автореф.докт.дисс.-Харьков, 1964. 32 бет
9 Гражданское право т.1. Под.ред Суханова Е.А. М.Бек,1999,76 бет.
10 Жайлин Ғ.А. «ҚР Азаматтық құқығы» (Ерекше бөлім) «Жеті жарғы» 1-2 томдар, Алматы 2003ж. 105 бет.
11 Тарасов И.Т. Учение об акционерных обществах. -М., «Статут», 2000.
83 бет.
12 Мороз С.П. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық: оқулық Алматы: Бастау, 2009. 55 бет.
13 Қазақстан Республикасының «Өндірістік кооператив туралы» 5 қазан 1995 жылғы № 2486 Заңы. // «Заңгер». Электрондық базасы.
14 Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №214-ІІІ «Лицензиялау туралы» Заңы. // «Заңгер». Электрондық базасы.
15 Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жыл 13 мамыр № 415 Заңы. // «Заңгер». Электрондық базасы.
16 Қазақстан Республиксының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-I Заңы. // «Заңгер». Электрондық базасы.
17 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер қызметінің заңдық тұрғыдан реттелеуі. Республикалық құқықтық, ғылыми-практикалық журнал. №11, 2003. 21 бет.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
I-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮСІНІГІ
1.1 Заңды тұлғаның қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Заңды тұлға туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 II-ТАРАУ.ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚҰРУ ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртіптері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .14
2.2 Заңды тұлғаларды қайта құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...28
КІРІСПЕ
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу - мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттарының Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру, заңды тұлғаларды бірыңғай Мемлекеттік Реестрге және Реестр заңды тұлғалар туралы мәліметтерді енгізу, бекітілген үлгідегі тіркеу нөмірін және мемлекеттік тіркеу куәлігін беру, және әділет органдарына өткізілген мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама жіберуді қамтиды.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы - тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап занды тұлға болып саналады. Заңды тұлғаны тіркеу фактісі заңды тұлғаға заң талабын сактауды және өзінің құрылтай құжаттарын заңға сәйкестендіруді міндеттейді. Тіркеуден бас тарту тек сот тәртібімен шешіледі. Заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу етіп тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.
Сонымен, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуі мынаны атқарады:
- құрылтайшылық және басқа да құжаттарды тексеру;
- тіркеу нөмірімен қоса мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру;
- заңды тұлғалар туралы мемлекеттік тіркеуге мәлімет жинау.
- филиалдар мен өкілеттерді есептік тіркеу мынаны атқарады:
- құжаттар сәйкестігін тексеру;
- есептік тіркеуге алғаны туралы куәлік, нөмірімен беру;
- филиалдар мен өкілеттік туралы мәліметті филиал мен өкілеттік реестріне енгізу.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
1.Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың реттеуде мәні мен ерекшеліктерін анықтау.
2.Азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның яғни құкықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілімдерін зерттеу.
3.Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу аясында біршама түсінік беру
4.Заңды тұлғаның құру және тарату негіздерін қарау.
4.Заңды тулғаның дамытуды күшейтуге бағытталған ұсыныстарды беру.
Бұл курстық жұмыстың методологиялық және теориялық негізі ретінде авторлардың заңды тұлғалар ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасыныңың азаматтық құқық қатынастарының реттейтін нормативтік актілері, оқулықтар, оқу құралдары, шығармашылық басылымдар, мерзімдік басылымдар және әділет органдарының мәліметтері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады

1.1 Заңды тұлғаның қалыптасу тарихы
Кез келген қоғамдық қатынас сияқты азаматтық құқықтық қанынас та өз санасы мен еркі бар адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан да азаматтық құқықтық қанынастың субъектілері ретінде жеке тұлғалар (индивид) немесе белгілі бір жеке тұлғалардан құралған ұжым. Жеке индивидтер азаматтық заңдылықта азаматтар деп қарастырылады. Аталған құқықтық институтта аса елеулі мәселелер тумайды. Ежелгі римдіктердің жеке адамға қатысты жеке тұлға туралы жүйені қалыптастырғаны белгілі. Ұжымдық құрылымдарды құқықтық қатынастарды қатысушы ретінде қарастыра отырып, олардың азаматтық айналымға қатысу мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар қажеттігін де ескертуіміз керек. Заң әдебиеттерінде аталған құқықтық институттың теориялық зерттеу пәні бойынша көптеген пікірталастар туады және де олардың болудың себептері жұмыста негізді дәлелдермен көрсетіледі.
Заң әдебиеттерінде заңды тұлғаның шығу тегі туралы біркелкі ой жоқ. Кейбір заңгерлер заңды тұлға түсінігінің қалыптасуын рим жеке құқықпен байланыстырады. Бірақ та сол кездегі Рим мемлекетінің азаматтық айналымдағы мұндай субъектілердің саны шамалы және “заңды тұлға” терминінің болмағанын айту керек. Дегенмен, бұл заңгерлер жеке тұлғалардың мүлкінен оқшауланған мүліктік массаны айналымға енгізудің заңдық техникасының тәсілі ретіндегі заңды тұлға туралы ойлар рим құқығында анық айқындалған. Авторлардың көрсетуі бойынша, ежелден бастап жеке тұлғалармен қатар мүліктік қатынастарға оқшау мүлкі бар және белгілі бір әдіс-тәсілдермен құрылған бірлестіктер қатысқан. Сол уақытта Ежелгі Рим мемлекетінде жеке корпорациялар әрекет еткен: діни мақсатта құрылған одақтар (sodalitates, collegia sodalicia), қолөнершілердің кәсіптік одақтары (fabrorum, pistorum). Әсіресе Римнің республика кезеңінде көптеген жаңа корпорациялар пайда болады, олардың ішіндегі collegia publicanorum ерекшелеуге болады – бұл өзінің оқшау мүлкі бар, мемлекеттік имениелерінің шарттарының негізінде басқарылатын, мемлекетпен қаржыландыратын кәсіпкерлердің бірлестігі. Сонымен бірге бұл мүлік ежелгі құқықпен қарастырылған, яғни бұл мүлік әрбір қатысушылардың өзінің жеке үлестеріне бөлінген немесе қатысушылардың біріне, барлық қатысушылардың алдыда жауапты корпорацияның ісін жүргізуші – қазынашыға тиесілі болған. Сондықтан да анықталған мақсаты – мүлікті біріктіру үшін жүзеге асырылатын, аталған ұйымдарға қатысты ұйымдастырылу деңгейінің нақты мөлшері туралы айтуға болады, бірақ субъектіні саралайтын басты белгісі - өзінің атынан әрекет ету бұл жерде анықталмаған, сол себепті құқықтық қатынас жүйесіне жаңа субъектіні енгізу мүмкіндігі туралы айтуға негіз болған жоқ. Дегенмен, мұндай құрылымдардың әрекет етуі жеке құқықтық қатынастың субъективтік құрамының шектеулі екендігін куәландырады [2].
Заңды тұлғаның қазіргі кездегі құрылымның дамуы XV ғасырда, ірі жұмыстарды жүргізудің ұжымдық тәсілдерімен реттелетін ірі сауда кәсіпорындар, манафактуралар пайда болған кезде басталады. Бұл уақытта аталған құрылымардың және олардың құқықтық мәртебесінің бөлшектеп жобалаудың қажеттелігі туралы өмір жағдайлары көрсетеді.
Заңды тұлға деген не және азаматтық, экономикалық айналымдағы субъекті ретіндегі оның мақсаты қандай? Бірінші сұраққа Г.Ф.Шершеневич қызықты жауап табады: “заңды тұлға деп жеке тұлғадан басқа, заңмен танылған, белгілі бір мақсатта әрекет ететін құқық субъектісі түсініледі”. Осыдан автор заңды тұлғаның белгілері болып табылатын екі қорытынды шығарады. Біріншіден, заңды тұлға дербес субъекті болып, оны құрған және оның қатысушылары болып табылған субъектілерден тәуелсіз әрекет етеді. Сол себепті заңды тұлға олармен тең тарап ретінде мәмілеге түседі. Екінщіден, заңды тұлға – адамның физикалық табиғатымен байланысты құқықтарды иеленбейтін субъект. Осыған байланысты заңды тұлға неке қатынастарына түсе алмайды, заңды тұлғаның абыройы да болмайды, сонымен қатар заң бойынша мұрагерлер қатарына да жатқызылмайды.
“Заңды тұлға” термині алғаш рет азаматтық құқықта қолданылған. Заңды тұлға институтының дамуы капиталды қажет ететін капитатистік экономиканың өсуімен тығыз байланысты. Заңды тұлға институтының қалыптасуында Германия заңгерлердің еңбектерінің үлесі зор. Ежелгі феодалдық герман құқығы жеке тұлға түсінігінен артық жылжымаған, (қалыптастырушылардың) құрылтайшылардың шығарған формуласы бойынша ұйымдастырылған әлеуметтік одақтың мүлкі жаңа идеалды субъектінің жеке меншігі болып танылады, және соның негізінде әлеуметтік, қоғамдың мүлікті азаматтық құқық шеңберіне енгізетін және қатысушылардың мүлкінген оқшаулайтын заңды тұлға формуласы рим құқығынан алынған және соның негізінде қалыптастырылған. Герман құқығындағы заңды тұлға институтының сәтті қалыптастырудың негізі де рим құқығының цивилистерінің үлесіне жатады. Мемлекеттің үлкен жылдамдықпен өткен индустриализациясы, әр түрлі әлеуметтік топтардағы шаруашылық және шаруашылық емес ұйымдардың белсендірілуі құқық субъектісі ретінде максималды айқын заңды тіркелуі тиіс еді.
Сөйтіп, заңды тұлға институтының қалыптасуы мен дамуы дербес қоғамдық өндірісінің ерекше феномені ретіндегі қатысушының пайда болуын алдын ала анықтаған дамып отырған экономикалық айналымның қажеттіліктерімен сипатталады. Экономикалық қоғамдық қатынастардың негізінде пайда болған бұл феномен міндетті түрде заңды түрде танылуы тиіс болды [3].
1.2 Заңды тұлғалар туралы негізгі ілімдер (теориялар)
Заңды тұлға дегеніміз — бұл мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: "заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар" [4].
Азаматтык кұқық іліміңде (теориясында) заңды тұлғаның, онын ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы (мәні), яғни құкықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары занды тұлға институты қандай коғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері каралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған кезеңде азаматтық құқық теориясында заңды тұлгалардың мәні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралғанды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.
Профессор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші - директоры болып табылады [5].
Е. А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдарыда айтарлықтай кең тараған. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, осы заманғы коммерциялық практикада азаматтың немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті" [6] .
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады.
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған — жасырын (жалған) теория және шыңдық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық құрылымдардың құқық субъектілігін дәлелдеу.
Жасырын теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.
Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршалдың корпорацияға берген мынадай кең таралған анықтамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: "Корпорация дегеніміз - бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым".
Бұл мәселе туралы батыс еуропа әдебиетінде де әртүрлі теориялық көзкарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф. Савиньи "фикция теориясының" негізін қалады. К.Ф. Савиньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде кұқык субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса, занды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субъектісін алға тартады. Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір әлеуметгік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде, Гиркеде "нақты" одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұстанған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады [7].
Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретіңде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мүлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін "заңды тұлға" деген терминнің өзі болған емес, Италияның Азаматтык кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.
Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы, Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: "Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады". Колумбияның, Сальвадордың Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалпы заңды тұлғаның шығу тегін, дамуын рим құқығынан аламыз. Мысалы, акционерлік компанияларға ауысудың ежелгі нысаны ретінде Ежелгі Римдегі мемлекеттік табыстарды жалға беру мақсатында және 3, 5 не 100 жылға бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын locationes немесе venditiones деп аталатын шарт негізіндегі societates vectigalium publicorum ды айтуға болады. Societates vectigalium publicorum тұлғалары мемлекет алдында шектелмеген мүліктік жауапкершілікте болып, алдын ала кепіл енгізуге міндетті болды. Мемлекетпен осындай шартқа отырушы тұлға не тұлғалар қызметтерін жүргізу үшін қажетті қаражаттарды қалыптастыру түріндегі серіктестікті құрып, публикандар болып аталды. Серіктестіктің құрамына толық жауапкершілікті артатын толық серіктестер (socii, socii argentarii) және салым шеңберінде жауапты болатын салымшылар (affines) кірді. Серіктестіктің басында бағынушы лауазымды тұлғалары және провинцияларында вице-директорлары (promagistri) бар директор (magister) тұрды.
Бірқатар қайнар көздерде публикандардың римдік серіктестігінде қатысу үлесі дербес сатылуға, айырбасталуға, сыйға тартылуға және мұраға қалдыруға жатты, яғни құқықтың дербес объектісі ретінде қарастырылғандығы айтылады. Сонымен қоса, сол уақыттарда серіктестік үлестерін сату жүргізілетін. Яки, қазіргі заманғы биржалық операцияларына тектес қатынастар сол заманда да орын алып, бұл қатынастың туындауы серіктестіктерді акционерлік қоғамдардың алғашқы үлгісі ретінде қарастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, И.Т.Тарасов societates vectigalium publicorum қазіргі уақыттағы коммандиттік серіктестікке ұқсас және акционерлік қоғамға ешбір тақау еместігі жөнінде сөз етеді. Себебі, АҚ-лардың өзге ұйымдардан айырмашылығы ретінде акцияны шығару танылады, әлбетте, сол уақыттарда акцияның болмағандығы туралы білеміз [8].
Осы жерде И.Т.Тарасовтың ежелгі римдік societates vectigalium publicorum'ды қазіргі таңдағы сенім серіктестіктестігінің негізі ретінде қарастыруға болатындығы туралы ой-пікіріне қосылуға болады. Серіктестік қызметіне толық серіктестердің міндетті қатысу қағидасын, бұл ұйымның толық серіктестер мен салымшылардан қалыптасатындығын ескере отырып, публикандар серіктестігін тарихтағы алғашқы акционерлік компаниялар деп мүлдем айта алмаймыз.
Сөйтіп, заңды тұлғаға "адамдардың қатысы" жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
1.3 Заңды тұлға туралы ұғым
Азаматтық кұқық іліміңде заңды тұлғаның қазіргі нарықтық қатынастарында құкықтық жағдайы қарастырылған.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ак кұрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Занды тұлға органдарының түрлері, тағайыңдалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлға құқық субьектілерінің бірі. ҚР Азаматтық кодекстің 33-ші бабында меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға болып танылады деп көрсетілген [9]. Бұл жерде оперативное управление деген термин жедел басқару, ал Кодекстің 10-тарауында оралымды басқару деп аталған. Осындай әр түрлі аудармалар біздің Азаматтық кодексте жиі кездесеіп тұратының ескертеміз [10].
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады. Заңды тұлғалар заң құжаттарына және құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады .
Заңды тұлғалар ҚР Азаматтық кодексінің 4-бабында көрcетілгендей үлкен екі топқа бөлінген. Мемлекеттік меншіктің негізінде құралмаған барлық заңды тұлғалардың меншігі жеке меншік болып есептеленуі тиіс. Коммерциялық ұйымдарға келетін болсақ, жеке меншік негізінде құралатындардың қатарына шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғам және өндірістік кооперативтер жатқызылса, коммерциялық емес ұйымдардың қатары да заңда нақты анықтала отырып, олардың да ұйымдастыру-құқықтық нысандары жеке меншікке негізделеді.
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік окшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы
(1-қосымша).
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп карайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не кұрылтай шарты аркылы, не тек кұрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
ҚР Азаматтық кодексі заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Индивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіңдегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым - заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек [11].
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарында да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардың нәтижесінде корпорацияның, компанияның қалған бір мүшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық-құқықтык белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құкығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құкығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару күқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета занды түлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын қүжаттар. Оқшауланған (жеке) мүліктің болуы заңды тұлғаның негізгі белгілерінің бірі. Бұл оның тиісті мүлікке мүліктік құқығын анықтайды.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріе тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Мүліктік жауапкершілік яғни тиісті заңды тұлға өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүліктерімен жауап береді. Жеке мүліктік жауапкершілік жалпы ереже бойынша жеке қатысушыларға заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша туындамайды. Яғни жеке қатысушылар заңды тұлғаның, заңды тұлға жеке қатысушылардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Бірақ заң актілерімен заңды тұлғаның қатысушыларының заңды тұлға міндеттемелері бойынша жауаптылығы көзделуі мүмкін. Меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағына сәйкес мекеме мiндеттемелер бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Олар жеткiлiксiз болған жағдайда мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Мемлекеттiк мекеме өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi, ал олар ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы орган жауапты болады.
Қазыналық кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өз билiгiндегi ақшамен жауап бередi, ақша жеткiлiксiз болған жағдайда оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi немесе тиiстi әкiмшiлiк аумақтық бiрлiк субсидиарлық жауаптылықта болады. Шарттық мiндеттемелер бойынша жауапкершiлiк мемлекеттiк кәсiпорын туралы заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен туындайды.
ҚР Азаматтық кодексте шарауашылық серіктестіктер құрылтайшыларының
жауаптылықтары былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міңдеттемелері бойынша жауапкершілігі; 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі; 3) егер занды тұлғаның банкрот болуын кұрылтайшының әрекеті туғызған болса, занды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның, сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылык серіктестігі банкротка ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі; 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толыктай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Сонымен, құқықтар мен міндеттерге ие болып, заңды тұлғалар азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатыса алады.
II-ТАРАУ. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТӘРТІПТЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРУ ТӘРТІПТЕРІ
2.1 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртіптері

- филиалдар мен өкілеттік туралы мәліметті филиал мен өкілеттік реестріне еңгізу.
ҚР Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы Заңының 1-бабына сәйкес заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, заңды тұлғалар туралы мәлiметтердi бiрыңғай Мемлекеттiк тiркелiмге енгiзудi қамтиды [29].
Филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу есептiк тiркеуге ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкестiгiн тексерудi, оларға тiркеу нөмiрiн бере отырып есептiк тiркеу туралы куәлiк берiлуiн, филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi филиалдар мен өкiлдiктер тiзiлiмiне енгiзудi қамтиды.
Өздерiнiң құрылу мақсатында, өз қызметiнiң түрi мен сипатына, қатысушылар (мүшелер) құрамына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын барлық заңды тұлғалар мемлекеттiк тiркеуге жатады.
Заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан филиалдары мен өкiлдiктерi, оларға заңды тұлға құқығы берiлмей-ақ есептiк тiркеуге жатады.
Мемлекеттік тіркеу жүргізіледі:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті (Астана қаласы) республикалық және аймақтық мәртебесi заңды тұлғаларды (мысалы, қоғамдық бiрлестiктердi (сонымен бiрге, саяси партияларды); шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн);
ҚР Әдiлет министрлiгінiң аумақтық органдары тиiстi облыстың аумағында құрылған, қайта құрылған және таратылған заңды тұлғалардың, филиалдар мен өкiлдiктердi тiркеудi (қайта тiркеудi және таратылуын тiркеудi);
Облыстық және Астана, Алматы қалаларының Әділет департаменттері жергілікті мәртебесі бар қоғамдық бірлестіктерді және жергілікті діни бірлестіктерді тіркейді (қайта тіркеуді және таратылуын тіркейді).
1995 жылдан бастап барлық ұйымдасқан құқықтық үлгілердегі кәсіпорындарды тіркеуден Әділет министрлігінің аймақтық органдары жүргізеді. Осы шешім құрылған ұйымдардың тіркеуін реттейтін барлық заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер арқылы қадағаланады. Оған жататындар мыналар: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім); 1995 жылғы 17- сәуірдегі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы Заңы; Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің тіркеу қызметтері жөніндегі комитеттің 1999 жылғы 23-сәуірдегі № 66 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ережелерін бекіту туралы бұйрығы; Қазақстан Республикасы әділет Министрлігінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы №3 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жөніндегі мәселелері бұйрығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 желтоқсандағы №1660 Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу үшін жинақ құнынын бекіту туралы қаулысы.
Құжаттардың сапасына бақылау орнату міндетті түрде қажет нәрсе, әділет органдары енді оны жүзеге асырады. Бірақ бақылау мен тіркеуді қатаңдастыруға болмайды. Тіркеу – бұл тек қана куәлік беру ғана емес, бәрінен бұрын бұл Бірыңғай Мемлекеттік тіркеуге мәліметтер енгізу, заңды тұлға мәртебесін алу мүмкіндігін беру болып табылады.
Еліміздің асыл мақсаттарының бірі - әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену болып табылады. Осыған орай, елбасымыздың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты халыққа жолдауынан туындаған міндеттерді орындау мақсатында қазіргі кезде еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына айрықша назар аударылуда. Бұл ретте, кәсіпкерлік экономиканы дамытудың негізгі қозғаушы күші екені ескеріліп, кәсіпкерлікті қолдау бағытына да ерекше көңіл бөлініп отыр .
Осының айғағындай, 2010 жылғы 20 қаңтардағы №239-IV Заңдарымен жеке кәсіпкерлікті реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жалған кәсіпкерліктің жолын кесу және заңды тұлғаларды (филиалдар мен өкілдіктерді) тіркеу тәртібін оңайлату бағытында бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді [30].
Атап айтқанда, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz