Әкімшілік құқықтың пәні


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Әкімшілік құқықтық қайнар көздер түсінігі
2. Әкімшілік құқықтық қайнар көздердің түрлері
3. Әкімшілік құқықтық нормалар, әкімшілік-құқықтық қатынастар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Құқықтың қай саласы болмасын оның пәні туралы мәселе оқулық пән ретінде, ғылым саласы ретінде қызықты да, күрделі. Көптеген ғалымдардың ой-пікірлері бойынша әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды жүргізу процессінде жинақталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік құқықтың реттеу пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар, мемлекеттік әрекеттердің түрінен оның ішінде мемлекеттік басқару әрекетінде шектелген. «Админстрация» термині латынның
«administratio» әкімшілік әрекет, басқару дегенді білдіреді. «Әкімшілік» сөзі бірнеше мағанада қолданылады. Мысалы, мекеме және кәсіпорын сяиқты. Әкімшілік құқық пәні басқару сипатындағы қоғамдық қатынастарды түсіндіреді. Демек «админстрация» яғни, әкімшілік басқару жөніндегі әрекет болса, онда «Әкімшілік құқық» осы әкімшілік әрекетті жүргізу процессінде жинақталатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Демек, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала болып табылады.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қалыптастыру шеңберіндегі қоғамдық қатынастардың осы саласын зерттейді.
Басқару дегеніміз - адамдар ұжымының біріккен қызметіне жекетекшілік ету, оны бағыттап, ұйымдастыру. Сондықтан да әкімшілік құқықтың басқаша атауы басқару немесе басқару құқығы.
Әкімшілік құқық мемлекеттің әлеуметтік-мәдени және әкімшілік құрылысын басқару бойынша атқару - орындаушылық қызметі аясындағы қоғамдық қатынастардың кең шеңберін реттейді. Осы қоғамдық қатынастарға, ең алдымен ұйымдастырудың маңызы зор. Осы қоғамдық қатынастардың маңызды ерекшелігі мынада: оның қатысушыларының біреуі билік функцияларына ие болса, ал екіншілері оларға бағынып, олардың заңды талаптарын орындауға міндетті. Сондықтан бұл қатынастардың қатысушысы заңдылық тұрғыдан тең емес жағдайда, әкімшілік құқығының нормаларын реттелетін қоғамдық қатынастар билік пен бағыныштылардың қарым қатынасы болып табылады.
Әкімшілік құқықтың пәні - әкімшілік құқық нормаларымен реттелінетін мемлекеттік басқару аясындағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Басқару қатынастарын былай жіктейміз: субъектівтілік белгісі бойынша, аумақтық-мемлекеттік құрылысты ескере отырып, ықпал ету мақсаттарына қарай.
- Әкімшілік құқықтық қайнар көздер түсінігі.
Әкімшілік құқықтың заңдық қайнар көздері - бұл әкімшілік-құқықтың нормалар көрінісінің сыртқы нақты нысандары.
Әкімшілік құқықтың заңдық қайнар көздерінің түрлері :
- Әкімшілік шарт - нормативтік мазмұны бар әкімшілік құқықтың нормалары қаралған құқық шығарушы субъектілердің арасындағы екі немесе көп жақты келісімі.
- Әкімшілік прецедент - нақты заңдық іс бойынша шешім, ол келешекте пайда болатын барлық ұқсас істер үшін міндетті болады.
- Құқықтық әдет-ғұрып - тарихи қалыптасқан және дағдыға айналған мемлекеттің санкция берген мінез-құлық ережесі.
- Әкімшілік-құқықтық доктрина - әкімшілік-құқықтық мәселелер жөніндегі ғылыми еңбектер, солардың негізінде әкімшілік-құқықтық нормалар жасалады және нақты шешімдер қабылданады.
Нормативтік-құқықтық акт - құқық шығарушы құзыретті субъектілер қабылдаған және әкімшілік құқықтың нормалары қаралған заңдық акт. Нормативті актілерді негізгі және туынды түрлерге бөлу. Нормативті актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1. ҚР Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2. ҚР Президенттің заң күші бар жарлықтары;
3. Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4. ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5. Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6. ҚР миистрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың басқа басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7. Мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, басқа да орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8. Маслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық актілері.
Номативтік актілердің туынды түрлеріне:
1) Регламент, 2) Ереже, 3) Қағида, 4) Нұсқаулық.
1. Нормативтік құқықтық актілер - референдумда қабылданған өкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адам қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе уақытша тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат. Нормативтік акт - қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі құралы. Құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтік кұқықтық актіде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған жэне нормативтік реттелген ахуал шеңберінде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға міндетті мінез-құлық ережесі.
2. Құқықтық салт-дәстүр деп қоғамдағы мемлекеттік билікке тәуелсіз пайда болған тәртіптер жиынтығын айтуға болады, сонымен қатар оның мемлекет пен құқықтың даму тарихында алатын орны ерекше. Бүгінгі күні ол қайтадан кеңінен тарауда. 1994 жылғы 21 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 3- бабында азаматтық құкықтың қайнар көзі ретінде салт-дәстүр танылады деп көрсетілген.
3. Сот- прецеденті деп - белгілі бір іс бойынша сот қабыдаған шешімнің тура сондай істерге қолданылуын айткымызға болады. Сот прецеденті әкімшілік құқықтың қайнар көзі ретінде англо-саксон құқық жүйесінде кеңінен қоданылады. Бірақ, құқықтың аталған қайнар көзі Қазақстанның құқық жүйесіне тән емес.
4. Шарт - екі немесе одан да көп субъектілердің . арасындағы келісім, құрамы мінез-құллық ережелерінен тұрады және тек қана осы субьектілер үшін ғана міндетті. Шарт құқықтың қайнар көздерінің барлық талаптарына сай келеді.
5. Сот тәжірибесін жалпылау немесе талдап қорыту - бұл бірдей және көптеген нормалардың қатынасының нәтижесінде шығатын нақты істі шешу барысында пайда болған құқықтық жағдай. Соттық тәжірибені жалпылау егер Республиканың Жоғарғы Сотының Нормативтік Қаулысымен қаралса құқықтың қайнар қайпар көзі болып табылады, сонымен қатар, құқық қабылдау және құқықтық шығармашлық кызметінде зор рөл атқарады.
6. Ғылыми құқықтық доктрина - құқық және құқық ғылымы саласындағы пайда болған қағидалар мен көзқарастар жүйесі. Құқықтық доктринаның негізгі жағдайларымен байланысты мыналар іске асады:
- құқықтық әрекет;
- құқықтық нормаларды қолдану процесінде заң нормаларын талқылау;
- құқықтағы кемшіліктерді толықтыру.
Іс жүзінде ғылыми құқықтық доктрина құқықтың қайнар көзі
функциясын атқарады, алайда оны бірқатар жағдайларға байланысты әкімшілік құқықтьң қайнар көзі қатарына жатқызуға да болмайды. Біріншіден, ғылыми доктринада нақты іс-әрекет тәртібіне сілтеме табу қиын, бұл оны күнделікті әрекетте қолдануды қиындатады. Екіншіден, ғылыми доктрина мемлекеттік билікпен арнайы қайнар көз ретіндс қабылданбайды, сондықтан оның, шығарған шешімдерінің негізгі арнайы құқықтың қайнар көзіне сілтемесіз заңды күші болмайды.
- Әкіміпілік құқықтың қайнар көздерінің түрлері.
Әкімшілік құқық қайнар көздері негізінен 2 топқа белінеді:
1) нормативтік актілер;
2) әкімшілік келісімдер.
Нормативтік актілер негізінен Конституциядан, Мәжілістің жэне Сенаттың заңдарынан, актілерінен; Президент актілерінен; Үкімет қаулысынан; Жоғарғы Кеңес жэне Жоғарғы Сот қаулыларынан, атқарушы органдар қаулыларынан тұрады.
Ал әкімшілік келісім - Мемлекетаралық; Үкіметаралық; ведомствааралық; аумақаралық келісімдерден тұрады.
Қазақстан Ресітубликасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы қабылданған болатын. Конституция әкімшілік құқықтың қайнар көздерінің ішінде үлкен орын алады. Конституция құқық негізін құрайды, сонымен қатар барлық әкімшілік құқық элемеиттерінің бағынуын қадағалайды. Президент, парламент актілері негізінен Конституцияға сүйеніп қабылданады. Олардан басқа әкімшілік құқық қайнар көздеріне тағы да ведомствалардың, министрліктердің қаулылары да жатады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 69-бабына сәйкес бүкіл Республика территориясында орындалуға тиісті Үкіметтің қаулылары да әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып саналады.
3. Әкімшілік құқықтық нормалар, әкімшілік-құқықтық қатынастар.
Әкімшілік құқықтық нормалардың ұғымы мен ерекшеліктері.
Әкімшілік құқық құқықтың басқа салалары сияқты заң нормаларынан тұрады. «Әкімшілік норма» ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
- заңдастырылған ережелер негізінде басқару;
- ережелерде белгіленген жария мүдделер үшін басқару.
Әкімшілік құқық нормалары атқарушылық билікті жүзеге асырудың күрделі процесстерімен байланыста болады. Биліктің шоғырланған сипаты билік пен бағыныштылық арасындағы қатынастан көрініс табады. ҚР Конституциясын сәйкес биліктің бірден бір көзі халық болып табылады, ол билікті тікелей өз өкілдері немесе арнайы құрылған органдар арқылы жүзеге асырады.
Әкімшілік құқықтық нормасы - мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметті жүзеге асыру процесінде пайда болатын басқару сипаты бар қатынастарды реттейтін Қазақстан құқығының нормасы. Әкімшілік құқық нормасының белгілері:
- Заңдық нормалардың бір түрі;
- Мемлекеттік - билік сипаты бар;
- өкілетті субъектілер қабылдайды;
- формалды белгіленгендігі;
- құрылымдық құрылуы;
- жалпы міндетті болуы;
- мемлекеттік басқару аясындағы (атқарушы билік механизмінің қызмет атқару аясындағы) қатынастарды және өзге де аялардағы басқару сипаты бар қатынастарды реттейді;
- мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымы мыналар:
- Диспозиция - тиісті мінез- құлықтың ережесі бар норманың бөлігі, әкімшілік құқық субъектілері соны қолдануы керек.
- Гипотеза - нақты шарттарды көрсететін норманың бөлігі, солар болғанда норма әрекет етеді.
- Санкция - диспозицияны бұзғанның нәтижесінде пайда болатын жағымсыз салдарларды көрсететін нормалардың бөлігі.
Әкімшілік құқық нормаларының түрлері:
- Реттейтін пәні бойынша-материялдық, процессуалдық болып бөлінеді;
- Құқықтық функциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді;
- Нұсқаманың мазмұны бойынша - міндеттейтін, тиым салатын, уәкілдік ететін болып бөлінеді.
- Кеңістікте қолданылуы бойынша - республикалық, аймақтық, әкімшілік аумақтық бөліністік болып бөлінеді.
- Тұлғалар тобы бойынша - жалпы күші бар, арнайы болып бөлінеді.
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың ұғымы және негізгі белгілері. Әкімшілік-құқықтық - бұл әкімшілік құқық нормаларының негізінде пайда болатын басқару қатынастыры, олардың қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңдық міндеттері болады. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың элементтері субъект, объект, заңды айғақ болып бөлінеді Әкімшілік құқықтық қатынастың субъектісіне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік аумақтық бөліністер жатады. Әкімшілік құқықтық қатынастың объектісіне материалдық игіліктер жатады. Әкімшілік құқықтық қатынастың заңды айғақтары оқиға және әрекеттерден тұрады. Оқиға адам еркінен тыс құбыластар. Оларға жер сілкінісі, дауыл, табиғи аппаттары жатады. Әрекет адамның өз әрекетімен жасаған іс-қимылдары. Әкімшілік құқықтық қатынастардың түрлері. Мазмұны бойынша - материялдық, процессуалдық болып бөлінеді; Құқықтық фунциялары бойынша - реттейтін, қорғайтын болып бөлінеді; Қорғау тәсілі бойынша - әкімшілік тәртіппен және сот тәртібімен қорғалатын болып бөлінеді.
Субъектілік белгісі бойынша-атқарушы биліктің бірінің біріне бағынысты субъектілерінің арасындағы (тік қатынастар), біріне бірі бағынысты емес атқарушы билік субъектілерінің арасындағы (көлбеу қатынастар), атқарушы билік субъектілері мен жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органдарының арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен қоғамдық бірлестіктер арасындағы, атқарушы билік субъектілері мен азаматтар арасындағы қатынастарды реттейді.
Аумақтық- мемлекеттік құрылысты ескере отырып республикалық атқарушы биліктің орталық органдары мен жергілікті атқарушы билік органдарының арасындағы, жергілікті атқарушы билік органдарының (екі облыс әкімияттарының) арасындағы, әр түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы билік органдарының (ауылдық, аудандық, облыстық әкімдер мен әкімияттар арасындағы қатынастарды реттейді.
Ықпал ету мақсаттарына қарай ішкі, ішкі ұйымдастыру, ішкі жүйелік, сыртқы (ықпал жүйеден тысқары жүзеге асырылады) қатынастарды реттейді.
Әкімшілік құқықтың әдісі - жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді. Әкімшілік құқықтық әдістердің түрлері:
Диспозитивтік - ықпал ету субъектілеріне өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал ету тәсілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz