Жер қойнауының құқықтық режимі туралы ақпарат



1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.
2. Жер қойнауы мен басқада пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ететін мемлекеттік.құқықтық механизімі.
3. Жер қойнауын пайдалану мен қорға байланысты дауларды шешу тәртібі.
Жер қойнауының құқықтық режимі – Жалпы жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар заңды түрде пайдалануды, олардың заңмен қорғалуын қамтамасыз ету, жүзеге асырылуын қадағалу, реттеп отыру болып табылады. Жер қойнауын пайдаланудағы заңсыздықтарға жол бермеу, оларды құқықтық реттеп отыру құқықтық режим негізінде жүзеге асырылады. Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар та-биғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі.
Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ор-таға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шек-теу қойылуы мүмкін.
1. Стамқұлұлы Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы:
Жеті жарғы, 1995.
2. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экология құқығы: Оқу
құралы. І-ІІ бөлім. - Тараз: Тараз университеті, 2003.
1. Еренов А.Е., Сахипов М.С., Мухитдинов Н.Б., и др. Правовая охрана природы в Казахской ССР. - Алма-Ата: Наука. 1977.
2. Байдельдинов Д.Л. Экологическое законодательство Республики Казахстан. - Алматы. 1995.
3. Байділдинов Д.Л. Қазақстан Республикасының экология құқығы. - Алматы. 2005.
4. Ерофеев Б.В. Экологическое право России. - М., 1996.

Қосымша әдебиеттер

5. Новикова Е.В. Теоретические проблемы развития экологического законодательства в Республике Казахстан. - М.: Юристъ, 1999.
6. Аленов М.А. Экологический процесс: нормативное регулирование и проблемы правоприменения. - Астана, 2007.
7. Абдаримов Б., Жарылқасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан. - Алматы: Юрист, 2001.
8. Боголюбов С.А. Экологическое право. - М.: Норма-Инфра, 1998.
9. Абдраимов Б.Ж., Боголюбов С.А. Земельное право России и Казахстана. - М.: Юристъ, 2007.
10. Бринчук М.М. Экологическое право. - М., 1998.
11. Робинсон Николас А. Правовое регулирование природопользования и охраны окружающей среды в США. - М, 1990.
12. Мухитдинов Н.Б., Есеналиев А.Е. Қазақстан Республикасы нарық жағдайында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының құқықтық негіздері. - Алматы, 2000.
13. Паламарчук П.Г. Ядерный экспорт: Международно-правовое регулирование - М.: Наука, 1998.
14. Джалилов И.Д. Правовые проблемы использования, управления и охраны природных ресурсов на современном этапе. - Ташкент: Фан, 1984.
15. Мұстафаев Т., Мұстафаев С. Экологиялық білім берудің құқықтық тұрғыдан қажеттілігі. //Заңгер. 2006. N9.

Тақырыбы: Жер қойнауының құқықтық режимі.

Жоспары:

1. Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасы.

2. Жер қойнауы мен басқада пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизімі.

3. Жер қойнауын пайдалану мен қорға байланысты дауларды шешу тәртібі.

Лекция мақсаты: Жер қойнауының, пайдалы қазбалардың құқықтық жағдайының түсінігі және оларды қорғаудың жалпы сипаттамасын, жер қойнауы мен басқада пайдалы қазбаларды ұтымды пайдалануды және қорғауды қамтамассыз ететін мемлекеттік-құқықтық механизімін, жер қойнауын пайдалану мен қорға байланысты дауларды шешу тәртібін оқытып түсіндіру болып табылады.

Лекция мәтіні.

1. Жер қойнауының құқықтық режимі – Жалпы жер және оның қойнауындағы қазба байлықтар заңды түрде пайдалануды, олардың заңмен қорғалуын қамтамасыз ету, жүзеге асырылуын қадағалу, реттеп отыру болып табылады. Жер қойнауын пайдаланудағы заңсыздықтарға жол бермеу, оларды құқықтық реттеп отыру құқықтық режим негізінде жүзеге асырылады. Жалпы табиғат пайдалану халықтың өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін тегін және азаматтар мен үйымдарға табиғи ресурстар берілместен жүзеге асырылады. Табиғатты арнайы пайдаланған жағдайда табиғи ресурстар та-биғат пайдаланушыларға заңмен қатаң белгіленген тәртіппен беріледі.

Жалпы табиғат пайдалану әрбір адамның жайлы қоршаған ор-таға табиғи құқығын жүзеге асырумен байланысты болады. Жалпы табиғат пайдалану жалпы ережелер бойынша мемлекеттік органдар тарапынан арнайы рүқсатты талап етпейді, яғни жүрттың бәрі қол жеткізе алады. Алайда, заң жүзінде жалпы пайдалануға шек-теу қойылуы мүмкін.

Жер Кодексіне сәйкес жалпы пайдаланылатын жерлерге алаң-дар, көшелер, тротуарлар. өтпе жолдар, жолдар , жағалаулар, парк-тер, гұлзарлар, қаладағы ормандар, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың қажеттерін қанғаттандыруға арналған өзге де объектілер ( су қүбырлары, жылыту қүбырлары, тазарту қүрылыстары және жалпы жұрт пайдаланатын басқа да инженерлік жүйелер) орналаскдн және соларды орналастыруға ар-налған ортақ пайдаланудағы жер жатады.

Жеке тұлғалардың жалпы жұрттың кіруіне жабық емес жер учаскелеріне еркін, қандай да бір рұқсатсыз болуға қүқығы бар. Егер біреудің жеке меншігіндегі немесе жер пайдалануындағы жер учаскесі қоршалмаған болса немесе егер жеке меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскеге өзінің рүқсатынсыз кіруге болмайты-нын өзге де әдіспен белгілеп қоймаса, егер бүл жеке меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға зиян келтірмейтін болса, осы учаске арқылы кез келген адам өте алады.

Бүдан басқа, Жер Кодексінің 67-бабында былай делінген: меншік иесі немесе жер пайдаланушы өзіне меншік немесе жер пайдалану қүқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке жөне занды түлға-ларға шектеулі нысаналы пайдалану қүқығымен (сервитут) беруге міндетті. Сервитут жекеше және қауымдық сервитут болып бөлінеді. Егер бүл мемлекеттің және жергілікті халықтың мүдделерін қам-тамасыз ету үшін қажет болған жағдайларда жергілікті атқарушы органдардың нормативтік қүқықтық актілерінің негізінде, жер учаскелерін алып қоймай, қауымдық сервитут белгіленеді.

Қауымдық сервитуттар:

ортақ пайдаланудағы объектілерге, зираттарға, қорымдарға және өзге де ғибадат объектілеріне жер учаскесі арқыльічжаяу немесе көлікпен өту;

жер учаскесін коммуналдық, инженерлік, электр және басқа да желілері мен тораптарын, сондай-ақ көлік инфрақүрьглымының объектілерін жөндеу мақсатында пайдалану;

жер учаскесін межелік және геодезиялық белгілер мен оларға өту жолдарын орналастыру;

су алу және суат;

жер учаскесі арқылы мал айдап өту;

жер учаскесін белгіленген мерзімде және белгіленген тәртіппен аң аулау, жер учаскесінде орналасқан түйық су айдындарында балық аулау, жабайы өсімдіктерді жинау мақсатында пайдалану;

жер учаскесін іздестіру, зерттеу және басқа да жүмыстар жүргізу мақсатында жер учаскесін уақытша пайдалану;

жағалау белдеуіне еркін өту;

жер учаскесін мемлекеттік органдардың шешімімен мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге пайдалану;

қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен байланысты өзге де жағдайлар үшін белгіленуі мүмкін.

Жекеше сервитут азаматтық-қүқықтық мәміле негізінде белгіленеді. Жер учаскесін шектеулі күқықпен пайдаланушы қүқық субъектісі жеке меншік иесіне немесе жер паңцаланушьіға жекеше сервитутпен байланысты келтірілген барлық шығынды (нақгы нұқсанды және айрылып қалған пайданы) өтеуге тиіс. Көршілес немесе өзге де жер учаскесін шекгеулі павдалану құщдғы (жекеше

сервитут):

егер жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өз учаскесіне басқа жолы мүмкін болмаса, өте қиын болса немесе шамадан тыс шығындарды керек етсе, көршілес немесе өзге де жер учаскесі арқьшы жаяу және көлікпен жүріп өтуді;
көршілес немесе өзге де учаскеге сервитут белгіленбейінше камтамасыз етуге болмайтьш, электр тартуды, байланыстың кажеггі желілерін тартуды және пайдалануды, сумен, субұрғышпен, жы-лумен жабдықтауды, мелиорацияны және жеке меншік иесінің немесе жер пайдаланушының басқа да қажеттерін кдмтамасыз ету үшін белгіленуі мүмкін.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Заңы өз мүқгаждары үшін жер қойнауының кейбір ресурстарын жалпы пайдалануға жол береді. Мысалы, жеке меншік иесінің немесе Жер пайдаланушының өндірілген жалпы таралған қазындыларды не жер асты суларын олармен кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өндіруге күкығы бар. Сонымен бірге ҚР-ның Жер Кодексінің 64- бабы жер учаскесі меншік иелері мен жер пайдаланушылар-дың белгіленген тәртілте кейіннен мәміле жасау ниетінсіз өздерінің шаруашылығы мұқтаждары үшін жер учаскесіндегі құмды, саз балшықгы, қиыршықтасты және баска да жалпы тараған пайдалы қазындыларды, шымтезекті, екпелерді, жерүсті және жерасты су-ларын пайдалануға, жердің өзге де қасиеттерін пайдалануға құқығын баянды етті.

Азаматтардың жалпы орман пайдалану құқықтары ҚР-ның Орман Кодексінде баянды етілген. Жеке тұлғалардың мемлекетгік орман қорыньщ аумағында болуының тәртібі мен шарттары мемлекеттік орман қорының санатымен және аймақгы абаттанды-рудыңдеңгейімен, орман пайдалану түрімен, ерекше қорғалатын табиғи аймақгар туралы жеке-дара ережелермен анықгалады. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында демалысын өткізу, мәдени-сауықгыру, рекреациялық, туристік және спорт шараларына қатысу, жеке мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңыраукүлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинау мақса-тында рүқсат құжаттарынсыз тегін болуына күқығы бар. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында өздерінің мұқтаждары үшін жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңы-раукұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға облыстық атқарушы органның ұсы-нысы бойынша облыстық өкілді органның шешімімен бекітілген нормалар шегінде рұқсат етіледі. Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қорының аумағында болуы жөне жабайы өскен жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді және дәрілік шикізаттарды, өзге де орман ресурстарын жинауға Қазақстан Рес-публикасының зандарына сәйкес халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауіпсіздігі мүдделері үшін, жаңғақ кәсіпшілігі, орман - жеміс, орман- тұқым және аң аулау шаруашылығын жүргізуге шектеу-лер қойыпуы мүмкін. Алайда, Казақстан Республикасының Қызьш кітабына енген жабайы өскен өсімдіктер мен саңырауқұлақгардың түрлерін, сондай-ақ құрамында есірткі бар өсімдіктер мен табиғи құрамында есірткі бар шикізатты жинау мен дайындауға, Казақстан Республикасының арнайы заңымен анықгалған жағдайларды қоспағанда, тыйым салынады. Орманға келген жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ағаш пен бұталардың сынуына немесе кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, орманды ластауға, күмырысқа илеуін, құстардың үяларын зақымдауға жол бермеуге, жабайы өскен тағамдық орман ресурстарын, дәрілік шикізатты оларды молайтуга нұқсан келтірмейтін мерзімдерде және әдістермен жинауды жүргізуге міндетті.

Азамат үшін ортақ су пайдалану құқығы оның туған сәтінен пайда болады және қандай жағдайда да ол иеліктен шығарылмауы мүмкін. Су кодексінің 65-бабына сәйкес ортақ су пайдалану ха-лықтың мұқгаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жеке-леген жеке немесе занды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрьшыстар немесе техникалық құрылғы-лар қолданылмай жұзеге асырылады. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді. Экологиялық, техни-калықжәне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық кауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектеулі немесе оған тыйым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жердің құқықтық режимі туралы
Экология құқығы пәнінің дәрістері
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Экология құқығының дәрістері
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Табиғат пайдалану құқығы
Жер-су қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу ұйымдық-құқықтық нысандары. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетігінің құқықтық негіздері
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
Пәндер