Қазақстан қор биржасы


Қазақстан қор биржасы
Қазақстан қор биржасының президенті-Дамитов Қадыржан Қабдошұлы
Қазақстан қор биржасының (KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік облигациялар, Қазақстан республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының облигациялары мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады.
Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты-әлемдік инвесторларға қауіп-қатері төмен әр түрлі қаржы инструменттерін жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.
Биылғы халыққа жодауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Отандық қор нарығын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Орталық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы енуі тиіс» деген еді. Осы тұрғыдан Қазақстан ушін отандық қор нарығын дамыту бойынша пәрменді қадамдар жасайтын уақыт жетті. Қазір «Самұрык - Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры еліміздегі ең ірі мемлекеттік активтерді басқарып отыр.
Оның құрамына кіретін «көгілдір фишка» атанып кеткен ірі компаниялардың акцияларын ел ішінде орналастыру - еліміз экономикасын дағдарыстан кейін дамытуды жеделдетуге және мемлекеттің бәсекелестік артықшылықтарын нығайтуға күшті ықпал ететін сөзсіз. Оған кәсіпорындардың қорландыру базасын елдің ішінде жинақталған қорларды тарту арқылы, сондай-ақ шетелдік инвестициялар ағынының есебінен қол жеткізуге болады.
Бүгінгі куні ұлттық компаниялардың акцияларын КАSЕ-ге шығару арқылы Қазақстандық Қор нарығын дамыту кажеттігін түсінушілік барлық деңгейде байқалуда. Десек те сарапшылардың пікірінше, әзірге көптеген компаниялардың ақшаға деген зәрулікті кәсіпқой қаржылық кеңесшілердің көмегіне жүгіну арқылы шешу деректері көбірек кездеседі. Бұл көмекшілер әдетте Қазақстаннан инвестор іздемейді. Тапсырманы кәсіби түрде орындау ушін олар инвесторды әлемдік қаржы орталықтарынан іздейді. Кәсіпкерлік тұрғысынан бұл түсінікті, бірақ қаржыны жергілікті нарықтан тарту мүмкіндіктерін пайдаланбау - дурыс емес. Қазір ішкі нарықта қаржысын қайда жіберерін білмей отырған компаниялар жеткілікті. Ал зейнетақы қорлары жаңа құралдардың жоқтығынан қиындық көруде. Тіпті ақшаға зәру болмай-ақ, акция шығаруға болады. Халыққа осы компанияларға қатысуға жол ашып, өздерін аз да болса меншік иесі ретінде сезіну мүмкіндігін берудің маңызы орасан. Ұйымдастырушылардың ойынша, аталмыш форум осы тұрғыдан отандық нарық қатысушыларын бір сәт ойландырып, ұлттық экономикамыздың, компанияларымыздың нарық және инвесторларымыздың ен алдымен өзімізге қызмет етуі тиіс екенін тусіндіруі қажет.
Қазір қор нарығына тек акшасы көп миллионерлер ғана шыға алады деген түсінік бар. Мұнымен түбегейлі келіспеймін. Қор нарығына шығу дегеніміз, ол - Қазақстан қор биржасындағы қазақстандық компаниялардың акциясын, облигациясын сатып алу немесе сату. Қазақстан қор биржасының арнайы www. kase. kz сайтынан Қазақстанның өтімі жоғары компанияларының акциясын бақылауға болады. Мәселен, олар Халық банкі, Центр Кредит Банк, ENRG, Қазақтелеком, Қазақмыс, ҚазМұнайГаз компаниялары. Қарапайым жұрт құнды кағаздар ала алмайды деп жатырмыз ғой. Ендеше, мен бағасынан мысал келтіре кетейін. Мәселен, қазіргі кезде Центр Кредит Банктің бір акциясы 555 теңге, Халык банкінікі 305 теңге, Казкоммерцбанктікі 420 теңге шамасында. Бұл қымбат па, әрине, қымбат емес. Қазір мемлекеттік қызметкерлерге де қор биржасында ойнауға рұқсат берілді. Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы 70 000 теңге, яғни, 500 доллардай. Енді сол 70 000 теңгеден айына 10 000, 20 000, 50 000, тіпті бір айлығын қор нарығына салуғга мүмкіндіктер бар, әрине. Тойға, баскаға ақша шашып жатамыз. Сол ақшаны шашумен қатар оны сактап, көбейте де білуіміз қажет, яғни, қаржылық мәдениетте болу керек. Сол ушін мемлекеттік бағдарлама жасалды. Ал, Қазақстанның қор биржасындағы акциясы қымбат деген компаниялардың өзі, мәселен, ENRG-дің бір акциясы 2200 теңге, Қазақмыстікі - 2500, Қазақ-телекомдікі -14600 теңге, ҚазМұнайГаздікі -17300 теңге мөлшерінде. Бұлар, әрине, Халық банкінен, Центр Кредит Банктен қымбат. Қазақстан қор биржасы құжаттарының да кияметі көп дегенмен келіспеймін. Брокерлік компанияға барсаңыз, жеке куәлігіңіз бен салық төлеуші жөніндегі қағазыңыздың көшірмесі болса, жарты сагаттың ішінде келісімшартқа қол қоя аласыз. Қалған жұмысты брокерлік компания атқарады. Олар орталық депозитариден сіздің атыңызға есеп-шот ашады. Сол есеп-шотқа сіз өзіңіздің ақшаңызды аударасыз.
Брокерлік компаниялар-жекеменшік. Оларға мынаны істе, мынаны істеме дей алмаймыз. Жекеменшік компания болғасын өздерінің талаптарын қоя алады. Бірақ құжат жағынан бәрі бірдей. Жанағы екі құжат ғана керек. Әрине, қызметі кымбат брокерлік компаниялар да бар. Олар ұсақ клиенттермен жұмыс жасамаймыз деп айтуы мүмкін. Бұл өз стратегиясы шығар. Бірақ ондай клиенттермен де жұмыс жасайтын брокерлік компаниялар бар. Мемлекеттік кызметкерлер сондай аз мөлшердегі ақшамен биржага шығып жатканын білемін. Былтыр уш айлык акция өткіздік. Соған қатысқан брокерлік компанияларға жеке тұлға қанша мөлшердегі ақшамен келсе де мүмкіндік берейік деп келістік. Бізде жетпіс шақты брокерлік компания бар. Олардың тізімін біздің сайттан алып хабарласып, талаптарын біле аласыз.
Белгілі болғандай, 2010 жылғы 1 каңтардан бастап, жаңадан шығарылатын барлық борыштық бағалы қағаздар КАSЕ ресми тізіміне енгізту ушін рейтингілік бағаға ие болуы тиіс. Несиелік рейтингілер борыштық баңғалы қағаздардың және олардың эмитенттерінің листингілік талаптарға сәйкестілігінің өлшемдерінің бірі ретіде болу тиіс.
Жаңа оқылымдағы КАSЕ листингілік ережелерімен сондай-ақ рейтинг агенттіктерше бірқатар талаптар айқындалған, олардың бағалары листингілік рәсімдер кезінде ескерілетін болады. Атап айтқанда, аталған ережелерге сәйкес, КАSЕ АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі Уәкілетті органның нормативтік кесімімен айқындалған рейтинг агенттіктерінің рейтингілік бағаларын мойындайды.
Бұрын рейтингілік бағаларын АӨҚО қызметін реттеу жөніндегі агенттік мойындайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесіне үш халықаралық агенттік: Moody`s Investors, Standart & Poor`s және Fitch енгізілген болатын. Сондықтан, АӨҚО АРД төрағасының орынбасары Шыңғыс Қанапияновтың пікірі бойынша, аталған оқиға Қазақстандық рейтингілер беру жуйесін дамытудың жаңа сатысын ашады.
Сонымен қатар, баспасөз мәжілісіне қатысушылар үстіміздегі жылы АӨҚО РА акционерлерінің қатарына National Business брендімен белгілі Zertteu DC Group компаниясы кіргенін хабарлады. Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлер құрамына кіруі аталған компанияның салалык талдампаздық Қазақстан нарығын зерттеу және рейтингілер беру саласындағы айтарлықтай тәжірибесінен туындап отыр. «АӨҚО РА» АҚ Директорлар кеңесінің төрайымы Айгүл Тасболат атап еткендей, Zertteu DC Group компаниясының АӨҚО РА акционерлерінің құрамына кіруі агенттіктің объективтілігінің және тәуелсіздігінің жоғарылауына жәрдемдесетін болады.
Өз кезегінде, Zertteu DC Group басқарушы серіктесі Арман Идрисов АӨҚО РА жаңа акционері ретінде, компания агенттікті тек ілгерілету және Қазақстандық инвесторлардың алдындағы беделін күшейту тұрғысынан дамытуды жоспарлап қана қоймай, сонымен қатар АӨҚО РА рейтингілері Қазақстанның инвестициялық ортасындағы бағдарға және шетелдің инвесторлардың due diligence жүргізуінің маңызды бөлігіне айналдыруға ниетті екенін атап өтті.
Халык банкін алайық. Ол қор биржасына 1999 жылы шықты. Ол кезде бі р акциясының бағасы 130 теңге болған. 2007 жылы дағдарыстың алдында 800 теңгеге өсті. Дағдарыс басталғасын, яғни, былтыр сәуірде 70 теңгеге дейін түсіп. 2010 жылдың сәуірінде қайтадан 400 теңгеге көтерілді. Бір жылдың ішінде 70-тен 400-ге барды. Енд ойлап караңыз, Банк депозиті қазір 7, 8 пайызды беруде, ары кетсе 10 пайыз. Басында 11, 12 дейтін. Мысалы, былтыр сәуір айында депозитке 1000 доллар салдыңыз делік. Бір жылдан соң одан 100-ақ доллар пайда көресіз. Ал, енді аз сол кезде 1000 долларыңызға 70 теңгеден Халық банкінің акциясын сатып алған болсаңыз, бір жылдан соң ол 400-ге барды. Сонда, алты есеге көтерілген жок па? Осыдан-ақ, қор биржасы мен банк депозитінің аражігін ажырата беріңіз. Әрине, депозитте ақшацызды сақтайсыз, оны белгілі бір мерзімге саласыз да пайызы бойынша қанша қылып қайтарып алатыныңызды біліп отырасыз. Ал, қор нарығыньщ өз тәуекелдері бар. Сондай-ак, біз айтып та журміз, қор нарығына бір, екі айға шығуға болмайды. Акшаны ұзақ мерзімге салу керек. Депозитке де кемі бір жылға салады гой.
Қазақстан қор биржасында 130-дай эмитент бар. Әрине, олардың барлығы бірдей емес. Қор нарығында белгілі бір компанияның бағалы қағазын мынау унап тұр немесе мынау арзан екен деп сатып алуға болмайды. Компания жайлы мәлімет жинау керек. Баска да шарттарын қарау керек. Біздің ұсынатынымыз, Қазақстан қор биржасында ұзак жылдың тарихы бар ірі компаниялардың қағазын сатып алу керек. Өйткені, жүз немесе елу жылдан бері тұрақты жұмыс істеп келе жаткан компания аяқ астынан жоғалып кетпейтінін немесе банкротқа ұшырамайтыны белгілі.
Ал, акшасын салып отырган инвестордың саны өте аз. Бугінгі Қазақстан қор биржасындағы инвесторлардың немесе жеке тұлғаның саны 10 000-нын маңайында. Он алты миллионнан астам халқы бар Қазақстан ушін он мың деген өте аз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz