Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері


Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері
Қзақ тілінің қай сөз табы болмасан, соның ішінде етістік те, грамматикалық ешбір тұлғалануға түспегеннің өзінде әр сөз табына тән грамматикалық мәнге ие болады. Мәселен, тұлғаларында сөйлемнің бастауышы (оқушы елді), анықтауыш (оқушы жастар жиналды), толықтауышы (көйлек киді ), баяндауышы (кіші баласы-оқушы) болып қызмет атқарады, басқа сөздермен синтаксистік қарым-қатынасқа түседі. Етістіктер де осы тәрізді. Олар мейлі негізгі түбір (біт, өкін), туынды түбір (сауық, кездес), кіріккен (әкел, апар, өйт, өйтіп, өйтпегенде), дара я күрделі категориялардың арнайы формалары қосылмағанның өзінде жекешенің анайы түріне қаратылып айтылып (сен оны біліп ал), бұйрық рай, келер шақ мәнін береді. Былайша айтқанда, бұл грамматикалық мағыналар етістік түбіріне тән қасиеттерден саналады. Тап, қи, ор, өр, ақ, ау т. б. жүздеген омонимдерді есім сөздер немесе етістік деп, саралап тануда да лексикалық дара сөздерге тән семантикалық мәні мен грамматикалық өзгешеліктері негізгі меже болып табылмақ. Тілімізде тұлғалық өзгеріске әлі түсе қоймаған етістіктердің бұл грамматикалық қасиетін тұтасымен сақтайтын белгілі жүйелі категорияда бар. Анықтап айтқанда ол - ең алдымен етістіктің сөз тудыру модельдері. Басқа сөз таптарынан, сондай-ақ етістіктің өз ішінде де жаңа сөз жасаудың аса өнімді де кең тараған түрі аффикстер қосу арқылы, былайша айтқанда, синтетикалық амал ерекше орын алады. Тілде одан басқа екі немесе одан да көп сөздердің өзара біріге я кіріге немесе күрделеніп барып тіркесіп, аналитикалық тәсілмен де жаңа етістіктер жасайтын заңдылығы орын тепкен. Сөйтіп бұл амалдардың лексикалық жаңа единица жасаудағы рөлі мен сөздің бастапқы тұлғасын (формасын) өзгерту ерекшелігін, оның аік) одан әрі формалық өзгеріске ұшырамай-ақ (бұйрық) рай, (келер) шақ, (екінші) жақ т. б. етістікке тән грамматикалық мағыналарды көрсету мүмкіндігін негізге алып, лексика мен грамматика тұтастығының айқын дәлелі тұрғысынан арнайы баяндау қажеттігі туады.
Туынды түбір етістік дегенде әдетте аффикс қосылып барып пайда болған: құт-ай, зер-ік, бас-та, бас-қар, сар-(ғ) -ай, мен-сін т. б. осы тәрізді жаңа лексикалық единицалар тілге оралады. Шын мәнінде сөз тудырудың барлық басқа тәсілдерімен де жасалып, тілімізде қолданылып жүрген:әкел, әпер, өйт, бүйт дегендерден бастап, отыра кет, ала қой, айтып жібер, күліп жібере жаздап барып қалды тәрізді күрделі компоненттер де туынды түбір етістік деген термин сөздің шеңберінде қаралады. Өз алдына етістіктерге қосылу заңдылығы, мағыналық ерекшелігі, тұлғалық көрсеткіші және синтаксистік қатынасы бар етіс категориясы сөз тудыру моделдеріне синтетикалық амалына жатады. Вид категориясы бірді-екілі аффикстер болмаса, негізінен, анлитикалық тәсілдер тобын құрайды. Етістік аясында қолданылатын бұл екі категорияны сөз тудыру жүйесіне қосып қарауда олардың лексика-грамматикалық қана емес, семантикалық тұтастығы да еске алынады. Бұл салада етістіктердің салт немесе сабақты болып, сондай-ақ болымды жіне болымсыз етістіктер тобына бөлінуі де олардың негізгі қасиеттерінен саналады. Негізгі түбір етістіктердің сабақты жіне салт болып екіге бөлінуінде ешбір тұлғалық өзгешелік болмайды. Әрбір субъекті іс-әрекетінің объектілік қатынаста келу- келмеумен белгіленеді. Бұл семантикалық қасиет туынды түбір етістіктер саласында, әсіресе, соның ішінде, етіс категориясы аясында басқаша көрініс береді. Былайша айтқанда туынды түбір етістіктердің де морфологиялық сипатына айналады. Мұны -ла\\-ле мен -ай\\ей, -ар\\ер т. б аффиксті түбірлес етістіктердің сабақты немесе салт келуі айқын танытады. Мысалы сабақты:ақ- та, қара-ла, кіші-ле. Салт:ағ-ар, қара-й, кіші-р, кіші-р-ей т. б. Сөйтіп, бұл мысалдарда түбірлес туынды етістіктер тұлғалық айырмашылығына сәйкес бірде сабақты екінші бір жерде салт етістік болып тұр. Етістіктің лексика-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан омоним және синоним мәселелеріне де қысқаша тоқтала кету керек болады. Омоним және синоним мәселелері қазақ тілінде күні бүгінге дейін тек лексика саласында қаралып келді. Бұл тілдік категориялар грамматикада да, әсіресе соның ішінде аса күрделі сөз табынан саналатын етістік саласында да ерекше орын алады. Омоним мен синонимнің тілдік сипатын грамматика тұрғысынан алып қарағанда бұған түрлі морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік тіркестер негіз болады. Осы тұрғыдан қарағанда грамматика саласының өзінде омонимдер шеңбері синонимдерден әлдеқайда кең де, күрделі де болып келеді. Етістікке тән грамматикалық омонимді сөз ету үстінде есім сөздерге соқпай өтуге болмайды. Ал, синонимдер бұл арада етістік тұрғысынан ғана соның өзінде әрбір категориясы аясында баяндалады. Тілде аса жиі кездесетін -у мен -с, -ыс\\-іс, -ма\\-ме, -мақ\\-мек т. б толып жатқан аффикстер есімдер мен етістіктер тобында қатар қолданылады. Бұған сабау, түзету, жасау; айтыс, үзіліс, көрініс; жарма, терме, көрме; құймақ, жұмбақ т. б сөздер мысал болады. Бұлардан басқа да мыңдаған туынды түбір сөздер морфологиялық тұлғалануы, синтаксистік қызметіне сәйкес өзінің реальды мәнінде көрініп есім сөздер немесе етістік сөз табына жатады. Ол сөздер:сабау-мен, сабау-ды, түзету-лер, жасау-ын, айтысы-на т. б тәрізденіп көптеліп, тәуелденіп, септеліп барып қолданылуы арқылы есім сөздер, оның ішінде зат есім деп танылады. Мақта саба-ды, қатені түзет-іңіз, ағашты жарма-сын, сізден көрмей-ді т. б тұлғаларда тұрып, белгілі шақ, белгілі жаққа қаратыла айтылып, етістік болып қолданылады. Бұл тәрізді омоним аффикстер, былайша айтқанда омоформалар, есімдер мен етістікке ортақ болып келеді де, оларды бір-бірінен айырып қарауда, әрқайсысын өзіндік қасиетімен дұрыс тануда көптеген қиындықтар тудырады.
Грамматикалық омоним
Басы ашылмай, көп жағдайды тұтас қаралып жүрген омоформалар етістіктің өз ішінде де жиі кездеседі. Есімше, көсемше формаларының шақ категориясында біртұтас қаралуын, сондай-ақ шақ пен рай категориясының да қайнасып жатуын осы тұрғыдан баяндауға болады. Осыған сәйкес көптеген аффикстер екі ұдай аталады. -ған, -ген, (оқы-ған, көр-ген) формасының өткен шақ есімше аффиксі, -ар, -ер, -с(айт-ар, біл-ер, кет-пе-с) - келер шақ есімше аффиксі делініп, әрі есімаше, әрі шақ тұрғысынан бірдей танылуының өзі ол форманттардың омонимдік қасиетінен келіп туған. Көсемше аффикстері де осы тәрізді:-п, -ып, -іп - көсемшенің жедел өткен шақ аффиксі, -а, -е, -й, - көсемшенің ауыспалы осы шақ аффиксі т. б. осы тәрізденіп аталады.
Ашық райда қамтылатын үш шақ та осылайша біртұтас алынады. Сондай-ақ бұйрық раймен келер шақ, есімшенің де -мақ, -мек (бармақ-пын, кет-пек-сіз т. б. ) формасы мен мақсатты келер шақ, қалау райы осы бір аффикстің төңірегінде баяндалады. Шақ пен жақ формалары да осы тәрізді. Жақ пен жекеше және көптік мағыналарды беретін морфологиялық белгілерде де осындай бір тұтастық орын алған. Кел-ді дегенде ол (олар) кел-ді болып, үшінші жақтың жекесімен де, көпшесімен де бірдей қиысып тұрған етістік одан әрі кел-ді-м болып, бірінші жақтың (мен) жекешесін, кел-ді-ңдер болып, әрі екінші жақ, әрі оның көпшесін, сонымен бірге анайы түрін білдіріп, тілдегі 2-3 категорияға ортақ көрсеткіш болып қолданылады. Осындағы -ды, -ді(кел-ді, бар-ды) жедел өткен шақ аффиксінің, ауыспалы осы шақтың үшінші жақ көрсеткіші -ды, -ді (ол кел-е-ді, бар-а-ды) қосымшасымен де омоним
Грамматикалық синоним
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz