Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру



1 Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар
2 Қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат
3 Еліміздегі қоршаған ортаны қорғау
4 Экологиялық қауіпсіздік . мемлекеттің стратегиялық компоненті
Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: «Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды».1 Негізгі заңымыздың бұл нормасы, мүлдем сақталмайды деп айтуға болады. Европада өткен БҰҰ-ң сессиясында, Қазақстанның демократиялық елдер қатарына жатпайтындығы туралы қорытынды берілген болатын, оның басты себебі. адам кұқықтарының сақталмайтындығымен байланыстырады.
Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы. және т.б.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы.2000 ж.
2. Садыкова А. Конституционное право гражданина на благоприятную окружаюшую среду. ҚазМҰУ - ң хабаршысы - 2002 - №3 -112- бет.
3. Декларация по окружающей среде и развитию. Рио-де-Жанейро, 14-маусым 1992жыл.
4. Галямова З. «Право человека на благоприятную окружаюшую среду (право на возмещение ущерба причиненного здоровью неблагоприятной окружающей средой» // Сборник статей слушателей юридического университета-1998 жыл -27-28 бет.
5. «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 4-желтоқсан 2002 жыл.
6. Куратов С. Права человека и радиоактивные отходы //Правовая реформа в Казахстане - 2002 №1 -54-бет.
7. Қоршағаң ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы, 15-шілде 1997 жыл.

Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтірілетін зиянның орнын толтыру

Конституциямыздың 1-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды, оның ең қьмбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Адамның ең қымбат құқықтарының бірі - қолайлы қоршаған ортаға құқық, оны Конституцияның 2-бабынан көруге болады: Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды.1 Негізгі заңымыздың бұл нормасы, мүлдем сақталмайды деп айтуға болады. Европада өткен БҰҰ-ң сессиясында, Қазақстанның демократиялық елдер қатарына жатпайтындығы туралы қорытынды берілген болатын, оның басты себебі. адам кұқықтарының сақталмайтындығымен байланыстырады.
Елімізде, қазіргі таңда терең және тұрақты теріс өзгерістерімен сипатталатын қолайсыз экологиялық жағдай туып отыр. Ресурстарды өндіру және пайдалану барысында қоршаған ортаға жүктелген ауыртпашылықтар ұлғая түсті. Оның себебін көптеген факторлардан іздеуге болады, табиғи ресурстарды ретсіз, тиімсіз пайдалану, экология саласында құқықбұзушылық үшін жауапкершіліктің болмауы. және т.б.
Қазақстан территориясының өте үлкен бөлігі әртүрлі факторлардың әсерінен кешенді ластанған, мысалы, ауаның, судың, жердің әртурлі өндірістік зиянды қалдықтармен, улы газдармен және т.б. ластануы. Оған полигондарды, сынақ алаңдарын, Байқоңыр ғарыш кешенің, ірі тау-кен өндірістерін, Балхаш, Арал, Каспий суларындағы экологиялык апаттарды, мыңдаған өндірістік кәсіпорын, заводтар мен фабрикаларды қосатын болсақ, Қазақстан территориясының нағыз апат алаңы екенін байқауға болады. Еліміздің территориясы дүние жүзінде 9-орынға ие болса да, шегі шектеулі. Жайылып жатқан территориямыздың жартысынан көбі өмір сүруге қолайсыз және ондай жерлердің көлемі күннен күнге өсуде. 2 Мысалы: Атырау облысын алатын болсақ, мұнай болу салдарынан адам өмірінің денсаулығына өте қауіпті. 
Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде қоршаған орта мен адамдарға қауіпті жаңа фактор қалыптасты, ол электромагниттік толқындар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоршаған ортаның электромагниттік ластануын адамзатқа төніп тұрған апат ретінде қарастырып отыр. Элекетроманшеттік өрістер барлық тіршілік көздеріне теріс әсер ететіні белгілі, соның ішінде адам организміне өте үлкен зардаптар тигізеді. Биологиялық және медициналық зерттеу нәтижелері көрсеткендей электромагниттік өрістердің адамның нерв жүйесіне, ішкі мүшелеріне, физиологиялық дамуына тигізетін теріс зардаптары анықталған. Сонымен қатар, кейінгі кезде шетел мамандарымен бірігіп өткізілген зерттеулерге сүйенетін болсақ, электромагниттік өрістердің әсерінен жүздеген аурулар түрлерінің жаппай таралуы анықталған және қалаларда өзін-өзі өлтіру фактілері көптеп тіркеле бастаған. Себебі, электромагниттік өрістер адамның ми құрылысша өте қатты әсер ете отырып дұрыс ойлау, есте сақтау қасиеттерін бірден бұзады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында телекоммуникацияның дамуына байланысты, элекетромагниттік өрістер де өсе түсуде. 1990 жылмен салыстырғанда елімізде, оның ішінде қалаларда, электромагниттік өрістердің таралуы ондаған есе өсе түскен, ірі қалаларда оның мөлшері қалыпты нормадан 1000 есе артқан. Су объектілеріне антропогендік салмақ пен оларды қалпына келу қабілетінің арасындағы теңгерімсіздік экологиялық қолайсыздықты іс-жүзінде барлық ірі өзен бассейндеріне тән етті, ал су шаруашылығының мұқтаждарын жеткілікті қаржыландырмау су объектілерінің барынша ластануына әкелді. Қазақстан халқының 70% санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмейтін суды пайдаланып отыр, ол судың көп бөлігі тіпті шаруашылық мақсаттар ішін пайдалануға келмейді. Суға тасталатын өндірістік қалдықтардың мөлшері аса үлкен масштабтарға жетті. Оған Ертіс өзені мысал бола алады, ондағы кейбір улы заттардың мөлшері нормадан 100-150 есе артық. Қазіргі кезде Қазақстан халқының біраз бөлгі тіпті жануарлар ішпейтін суды ауыз-су ретінде пайдаланып отыр. Қанша десек те сол суларды ластап отырған өндіріс орыңдарының саны азаюдың орнына, керісінше, одан әрі өсіп келе жатыр. Оның себебін жауапкершіліктің жоқ болуымен сипаттауға болады, олардың көбісі аз мөлшердегі айыпты төлеу арқылы және басқа да жолдармен кұтылып жатады. Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден корғалуының жай-күйі. Қолайлы қоршаған орта дегеніміз - объектілерінің жай-күйі экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын сақтауды, ластануға жол бермеуді, экологиялық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін орта. Қоршаған орта саласында адам құқықтарын қамтамасыз ететін халықаралық құқықтық актілер ретінде шарттар, конвенциялар, халықаралық ұйымдардың келісімдері, декларациялар және т.б. болып табылады. Жалпы алғанда, Қазақстан олардың жиырма шақтысына қол қойды, бірақ олардың әрекет етіп жатқанын көре алмай отырмыз. Қоршаган ортаға байланысты Рио-де-Жанейро декларациясында экологиялық сұрақтарды барлық мүдделі адамдардың қатысуымен қарау керектігі айтылған сондай-ақ адамдарға келтірілген зиянның орны міндетті түрде толтырылуы керектігіне ерекше көңіл аударылған. Осы декларацияның 13-қағидасында: Мемлекет экологиялық зиян қызмет нәтижесінде және басқа да ластаудың салдарынан келтірілген зардаптардың алдан алу үшін компенсация көзделетін заңдар дайындау керек, - делінген.3 Алайда, қазіргі таңда елімізде аталған қатынастарды нақты реттейтін заңның жоқтың қасы, тек жекелеген қысқа нормалар ғана бар, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінін 9-бабында:
Азаматтардың келтірілген зиянның толығымен өтілуіне құқықтары бар. – деген норма бекітілген, бірақ бұл нормаға тек ақшалай түрде бағалауға жататын бөліктер ғана кіреді. Ал сонымен қатар ақшамен бағалау мүмкін емес зиянның бар екені белгілі, мысалы, гендік сипаттағы зардаптар, мүгедектік, денсаулығынан айырылу моральдық зардаптар, адам психикасында көрініс табатын факторлар және т.б Сондықтан. материалдық орнын толтыруға жатпайтын зияндарды да құқықтық реттейтін нақты механизм қажет.
Қоршаған ортаның жағдайы туралы ақпараттың дұрыс көлемде берілмеуі құпияда ұсталынуы, адамдарға келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға кедергі келтіріп отыр.
Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы Орхус конвенциясының 4-бабында: қазіргі және болашақ ұрпақтардың әрбір адамның, оның денсаулығы мен әл-ауқаты үшін қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қорғауға жәрдемдесу үшін қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қорғауға, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу, жұртшылықтың шешімдерін қабылдау процесіне қатысуы, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу құқығына кепілдік береді, - деген норма бекітілген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына көрсетілгендей. адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылық үшін 2003 жылы қылмыстық іс қозғалған жоқ деп айтса да болады. Бұл нені көрсетеді? Әрине құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі мен парақорлығы. Қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыс істейтін мамандардың айтуынша, Қазақстанда бұл салада парақорлық ерекше дамыған. Бұл жерде зардап шегетін кім? Тағы да қарапайым халық. Пайда табатын кім? Қазақстанның бетке ұстар мемлекеттік қызметкерлері.
Еліміздегі қоршаған ортаны қорғау - өткір мәселелердің бірі және ол дереу шешімді талап етеді. Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы тіпті күннен күнге нашарлауда және ол ең алдымен халықтың денсаулығы мен өміріне өте үлкен залалдар әкелуде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жыл сайын беретін қорытындысына сүйенсек, дүниежүзінде тек ауаның ластануынан қайтыс болатын адамдардың саны, автомобиль апатынан қаза болатын адамдардың санынан асып отыр. Атмосфералық ауаға тасталатын зиянды газдардың үштен бір бөлігін тасымалдау көліктерінен шығатын газдар құрайды. Әрбір жеңіл көлік жылына ауаға 12-13 тонна улы заттар тастайды. Сонымен қатар, шетелдік және ұлттық өндірістік компаниялар, елдегі атмосфералық ауа мәселесін одан әрі өршіте түсті. Мысалы, Қазақмыс, Испат-Кармет ірі компаниялары Қазақстан бойынша ластаушы ошақтарды құрайды.4 Ауаға тасталатын улы заттардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам денсаулығы және қоршаған орта
Қолайсыз қоршаған ортамен адам денсаулығына келтіретін зиян
Экология және халық денсаулығы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Нарық қатынастары жағдайындағы мемлекетіміздегі табиғат пайдалану құқығының пайда болу негізі болып табылатын қоршаған ортаға экологиялық бақылауды құқықтық қамтамасыз ету мǝселелерін ашып көрсету жǝне кешенді зерттеу
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Экологиялық қылмыстардың өзекті мәселелері
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Қоршаған ортаны қорғауды құқықтық механизмі
Мүліктік экологиялық зиян
Пәндер