Папуа - Жаңа Гвинея: география, табиғат, тарих және экономика


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Папуа - Жаңа Гвинея

Папуа - Жаңа Гвинея , Папуа - Жаңа Гвинея тәуелсіз мемлекеті, Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ел аумағы құрамына Жаңа Гвинея аралының шығыс бөлігі, Бугенвиль және Бука аралдары (Соломон аралдары), Луизиада және Бисмарк архипелагтарының аралдары кіреді.

  • Жер аумағы462840 км2.
  • Халқы5 млн. (2001) .
  • Астанасы -Порт-Морсби қаласы
  • Ресми тілі -ағылшын тілі, пиджин, моту тілдері де қолданылады.
  • Тұрғындарының50%-ы протестанттар, 22%-ы католиктер, қалғандары жергілікті дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады.
  • Мемлекет басшысы -Ұлыбритания монархы тағайындайтын жергілікті генерал-губернатор.
  • Үкімет басшысы -премьер-министр.
  • Жоғарғы заң шығарушы органы -Ұлттық парламент.
  • Әкімшілік жағынан19 провинцияғажәне1 астаналық округкебөлінеді.
  • Ұлттық мейрамы -Ұлт күн - 16 қыркүйек (1975) .
  • 1975жылданБҰҰ-ға мүше.
  • Ақша бірлігі - кина.

Оуэн - Стэнли

Ел аумағы негізінен таулы, қыратты. Жағалау бойындағы ойпаттар мен жайпақ тау бөктерлері тау сілемдерін құрайды. Кейбір тау жоталарының биіктігі 3000 - 4000 м. Елдің ең биік нүктесі - Вильгельм тауы ( 4509 м ) .

Климаты

  • .
  • Жылдық орташа температура25 - 28ӘС.
  • Жауын-шашынның орташа мөлшемі жазық жерлерде1000 - 4000мм, таулы жерлерде одан да көп. Тайфун дауылы жиі болып тұрады.
Гидрографиясы

Негізгі ірі өзендері - Раму, Сепик және Флай.

Өсімдік және Жануарлар дүниесі
  • Елдің үштен екі бөлігін орман алқабы алып жатыр.
  • Өсімдік әлемі бай, әр түрлі. 1000 - 2000 мбиіктікте қылқан жапырақты орман басым. Аралдың оңтүстігінде эвкалипт және акация ағаштары, жағалауларда саго пальмасы мен қант қамысы өседі.
  • Жан-жануарлар дүниесін негізінен бауырымен жорғалаушылар, құстар (500-ге жуық түрі) және жәндіктер құрайды. Крокодил, улы жыландар, геккондар көп кездеседі. Казуарлар, тотықұстар, тәжтұмсықты көгершіндер, күрке және бейіш құстары кең тараған. Ехидна, проехидна, кенгуру, валлаби, жабайы ит - динго, кускустар, қалталы борсық, жүнқұйрықтар, т. б. мекен етеді.

Негізгі табиғи қорлары:

  • алтын, күміс, мыс, кобальт, никель, кварц, хромит кені, мұнай, табиғи газ, ағаш.
Тарихы

Австронезийліктердің (меланезийліктердің) алғашқы қоныстары б. з. б. 3-мыңжылдықта пайда болған. Жаңа Гвинея аралын 16 ғасырдың 1-жартысында португалдар ашты. Жергілікті тұрғындардың африкалықтармен ұқсастығына байланысты арал осылай аталды.

  • 1828 ж. Голландия аралдың батыс бөлігін өз меншігі деп жариялады.
  • 1862 ж. аралдың бұл бөлігі Индонезия қарамағына өтті.
  • 1884 ж. Жаңа Гвинеяаралының оңтүстік-шығыс бөлігі Ұлыбританияның протекторатына айналды, ал солтүстік-шығыс бөлігін Германия басып алды.
  • 1906 ж. Австралия неміс протекторатының жерін басып алды.
  • Аралдың Жаңа Гвинея деп аталатын бұл бөлігі 1920 ж. Ұлттар лигасының мандатты аумағы ретінде Австралия Одағына берілді.
  • 1946 ж. мемлекет БҰҰ қамқорлығындағы аумаққа айналды.
  • 1973 ж. желтоқсанда Папуа - Жаңа Гвинея ел ішінде өзін-өзі басқару құқығын алды.
  • 1975 ж. тәуелсіздік жариялап, Ұлыбритания Достастығына мүше болып кірді.
Экономикасы

Экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығы мен тау-кен өнеркәсібі .

  • Басты ауыл шаруашылық дақылдары: кофе, какао, банан, кокос пальмасы, каучук өсімдігі. Жүгері, маниок, ямс, батат, таро, қант құрағы өсіріледі.
  • Ет өндірісі үшін мал ш. жолға қойылған. Балық кәсіпшілігі жақсы дамыған.
  • Тау-кен өнеркәсібінде алтын, күміс, мырыш, мыс өндіріледі.

Экспортқа кофе, какао бұршағы, пальма майы, шай, какос жаңғағы, каучук, алтын, мыс кентасы, шикі мұнай, ағаш шығарады. Сырттан машина және көлік жабдықтары, азық-түлік сусын, темекі, өнеркәсіп тауарлары, химия өнеркәсібі өнімі, минералдық отын әкелінеді.

  • Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшемі2390 АҚШ долл. (1997) .
  • Негізгі сауда серіктестері:Австралия, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Германия, Сингапур, Оңтүстік Корея.

125px-Flag_of_Papua_New_Guinea.svg.jpeg

85px-Coat_of_arms_of_Papua_New_Guinea.svg.jpeg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Папуа-Жаңа Гвинея: география, табиғи ресурстар және экономикалық-әлеуметтік сипаттамасы
Мексика: география, тарих, экономика және демография
Италия Республикасы: география, тарих, экономика және мәдениет
Папуасия (Жаңа Гвинея) халықтарының этнологиясы және шаруашылығы
Эстония Республикасы: табиғат, тарих және экономика
Швеция: география, тарих, саяси құрылым, экономика және мәдениет
География мен тарих пәндеріндегі карталардың әдістемелік маңызы
Қарқаралы: табиғат, тарих және мәдени мұра
Экваторлық Гвинея Республикасы: географиясы, тарихы және экономикасы
Әбу Насыр әл-Фараби: тарих пен география ғылымына қосқан үлесі және құндылықтар аксиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz