Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасының Заңы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы

1991 жылғы 20 желтоқсан

Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқылық байланысын айқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбiр адамның азаматтық алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.

Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайдаазаматтығынан, өзiнiңазаматтығын өзгерту құқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.

Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N 2477 жарлығымен.

1-тарау

Жалпы ережелер

1-бап. Азамат және мемлекет

Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның территориясында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдіретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.

Ескерту. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002. 05. 17.

N 322 Заңымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңдар Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі.

3-бап. Қазақстан Республикасының азаматы болу

Мына адамдар:

осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;

Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;

осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.

Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.

Қазақстан Республикасы жаппай құғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.

Ескерту. 3-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N 2477 жарлығымен.

Ескерту. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002. 05. 17. N 322 Заңымен.

4-бап. Азаматтық туралы құжат Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан

Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады. 16 жасқа дейінгі баланыңазаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.

Ескерту. 4-бап өзгерді - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N 2477 жарлығымен.

Ескерту. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2002. 05. 17. N 322 Заңымен.

5-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.

Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N 2477 жарлығымен.

6-бап. Шетелдіктердің жәнеазаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы

Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдіктер меназаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасында азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді мойнына алады.

Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002. 05. 17. N 322 Заңымен.

7-бап. Қазақстан сақталуы Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.

Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.

8-бап. Қазақстан Республикасының азаматын басқа мемлекетке беруге болмайтындығы Республиканың халықаралық шарттарында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының азаматын шет мемлекетке беруге болмайды.

Ескерту. 8-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N2477 жарлығымен.

9-бап. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегi азаматтарды қорғау Қазақстан Республикасы өзiнiң одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР Президентінің 1995. 10. 03. N2477 жарлығымен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары және азаматтылығы жоқ тұлғаларғалардың құқықтық жағдайы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Некені бұзу мәселелері
Азаматтық
Халықаралық және ішкі мемлекет құқық нормаларының шетел азаматтарының құқықтық мәртебесін реттеудегі мәселелері
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Ата - ана мен бала арасындағы құқықтық қатынас
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Шетелдік түсінігін бірнеше мемлекеттің халықаралық - құқықтық басқаруы үлгісінде талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz