Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Тақырып: Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
Жоспар:
1. Атмосфералық ауаны пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаты.
2. Атмосфералық ауны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік басқару.
3. Атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі.
Лекция мақсаты: 1. Атмосфералық ауаны пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі және жалпы сипаты.
2. Атмосфералық ауны қорғау саласындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру, мемлекеттік басқару.
3. Атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу тәртібі.
Лекция мәтіні
1. Семей жерінде 470 ядролық жарылыс жасалып, соның салдарынан Семей облысының тұрғындары ғана емес, Шығыс Қазақстан, Қарағанды Павлодар облыстарының көптеген аудандарының халқы да зардап шеккені бәрімізге белгілі. Одан басқа тағы 8 облыс жерінде 42 ядролық жарылыс жасалып 19 млн гектар алқапты бүлдірген 11 әскери сынақ полигоны қияметінің салдарынан, Қызылорда облысы түгел, Ақтөбе, Жезқазған, Оңтүстік Қазақстан облыстарына өте көп мөлшерде зиян келді. Оның зардаптары әлі де бар. Біршама халық тұратын Арал өңірінің қасіретін айтар болсақ, мұның өзі экологиялық ахуалдың республикада жақсы емес екенін көрсетеді. Мұның үстіне республикамыздағы өнеркәсіп өндірісінен шыққан улы қалдықтарының көбейе түсуі айналадағы ортаға да, халықтың денсаулығына да үлкен қауіп төндіріп келеді. Оның жинақталған көлемі 17 млрд, тонна және жыл сайын оған 1 млрд. тонна қосылып отырады. Осының қайталама шикізат ретінде тек 0, 7% ғана пайдаланылады. Улы қалдықтардың өзі 2, 3 млрд тоннадан асады. Жыл сайын жиналатын 72, 5 млн тонна осындай қалдықтың небары 9% өңделеді және залалсыздандырылады. Облыстар мен қалаларда 13 млн, текше метрге жуық тұрмыстық қалдық пайда болса, соның тек 3% ғана өңделеді.
Уран өндіретін өнеркәсіптің радиоактивтік қалдығы 220 млн, тоннаға жетіп, қауіптілігі арта түсуде. Осы қалдықтар да, ашық әдіспен өндірілетін уран кеніштерінің өзі де радиоактивті ластаудың зор көзіне айналып отыр. Олар ядролық сынақтардың және радиоактивті қалдықтың зардаптарымен қосылып, көптеген жерлерде радиацияны көбейтіп, халықтың денсаулығы мен айналадағы табиғи ортаның нашарлауына әсер етуде. Өнеркәсіптің радиоактивті қалдықтарын жинаудың, тасымалцаудың, өңдеудің және көмудің орталықтандырылған жүйесінің жоқтығы да жағдайды қосымша қиынадатуда. Ауаның тұтастай ластануы - техникалық артта қалушылықтың, табиғи ортаны қорғайтын тиімді жабдықтар болмауының, технологиялық нашарлықтың салдары.
Осының бәрі, шын мәнінде, Кеңестер Одағының экологиялық мұрасы және бұған өндірістік құлдырауы, қоғам мен табиғатгың тепе-теңдігінің бұзылуы, табиғатты қорғау заңына құқықтық, тұрғыдағы немқұрайлылық көзқарастың белең алуы қосымша болды. Сайып келгеңде, бұл факторлар экономикалық даму мен реформаны тұрақсыздандырып, ұлттық валютаның құнын түсіруге әсерін тигізеді. Мысалы, Арал мен Семей өнірінің халқын әлеуметгік қорғаудың өзі ғана жыл сайын 50 млн. теңге жұмсауды қажет етеді, ал бұған табиғи ортаны сауықтыру жөніндегі шығындарды қосса, шығын одан да көп болады.
Қалалардың ауа бассейнін ластауда автокөліктің үлес аймағы 70%-ға дейін жетеді және олардың улы газдарының көлемі де арта түсуде.
Осындай экологиялық қиын жағдайларды ескере отырып, республикада айналадағы табиғи ортаны сауықтыру шаралары да іске асырылып жатыр. Семей мен Арал жерлерінде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде, халықты әлеуметтік қорғау мәселесі күн тәртібінен түспейді. Қолданып жаткан экологиялық шаралардың нәтижесінде оны республика қалаларында атмосфералық ауаның шамадан тыс ластануы байқалып, соның нәтижесінде 13 мың автомобиль газ отынға көшірілді, содан ұлттық экономикалық бағдарлама жасалып, оның көлік атаулының барлығын тазартқышпен жабдықтау, мұнай және газ орындарын кешенді, экологиялық талаптарға сай игеру қарастырылды.
Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайды. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы.
Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі - оттегі. Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді. Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады.
Ормандарды орынсыз кесу, өртке ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі ауаның тазалығына зиянын тигізбей қоймайды.
Өндірістер мен қатынас жолдар техникасы көп мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын 20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға жететін оттегін жағады.
Жоғарыда аталған факторларды қорыта келіп, биологиялық, техникалық, экономикалық, санитарлык, гигиеналық және әлеуметгік шаралармен қатар атмосфералық ауаның тазалығын сақтау үшін:
- өнеркәсіп орындарьының, жол қатынастары көліктерінің және басқа атмосфералық ауаға әсер ететін машиналар мен механизмдердің, сондай-ақ басқалардың қолданылуын нормалау;
- ормандар мен жасыл алаңдарды, ағаштарды, бұталарды сақтау, қорғау және олардың саны мен көлемін ұлғайта өсіру;
- жерді топырақ пен су эрозиясынан сақтауға және басқа да атмосфералық ауаны қорғауға байланысты мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажет болады.
Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу қажеттігі туады.
Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады.
Құқықтық шаралардың ішінде "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы ерекше орын алады .
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Бұл заңның қысқаша мазмұны мыналардан тұрады: Бірінші бөлім.
Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында "Айналадағы табиғи ортаны корғау туралы" заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.
Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді.
Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері белгіленеді.
Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.
Атмосфераға ластағыш заттар шығарудың және оған зиянды физикалық ықпалдың жол берілу мөлшері шегінің нормативтері белгіленеді. Қызметі ластағыш заттарды атмосфераға шығарумен байланысты кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар лас заттарды шығаруға берілген рұқсаттарда кезделген шарттар мен талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру - шаруашылық, техникалық және өзге шараларды жүргізуге, лас заттар шығаруды азайту жөнінде шаралар қолдануға, лас заттарды тазалауға және оларды бақылауға арналған құрылыстардың, жабдық пен аппаратураның үздіксіз тиімді жұмыс істеуін және оларды ақаусыз жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ атмосфераға шығарылатын лас заттардың мөлшері мен құрамын үнемі есепке алып отыруды жүзеге асыруға міндетті.
Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.
Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет.
Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс.
Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді.
2. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында жергілікті өкілді органдар автомобиль көлігін немесе өзге қозғалыс құралдарын белгілі аймақтарда, тұрғын үй алаңдарына, демалыс және туризм орындарына баруына заңдарда белгіленген тәртіп бойынша уақытша немесе біржолата тыйым салуы мүмкін. Өндірістік және өзге шуға қарсы күрес жүргізу мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылады:
- шуы аз технологиялық үрдістерді енгізу; транспорт құралдарының конструкцияларын және оларды пайдалануды, сондай-ақ темір жолдар мен трамвай жолдарының, автомобиль жолдарының, көше бойының күтімін жақсарту; шу көздері болып табылатын аэродромдар мен әуежайларды елді мекендерден және тұрғын үй салынған аймақтардан қажетті қашықтықта орналастыру; қалалардың және басқа елді мекендердің жоспарлары мен салынуын жақсарту, шу және тербеліс көздері болып табылатын сауда, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын, жөндеу шеберханаларын, ойын-сауық және басқа объектілерді тұрғын үйлерден тыс орналастыру; тұрмыстық шудың алдын алу әрі оны азайту жөніндегі ұйымдастыру жұмыстары.
Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін.
Азаматтар пәтерлерде, сондай-ақ тұрғын үйдің аулаларында, көшелерде, демалыс орындарында және басқа қоғамдық орындарда тұрмыстық шуға қарсы күрес жүргізу мақсатында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. Жаңадан салынатын және қайта құрылатын кәсіпорындарда, құрылыстар мен басқа объектілерді орналастыру, жобалау, салу және пайдалануға беру кезінде, қазіргі технологиялық үрдістер мен жабдықтарды жетілдіру, жаңаларын енгізу кезінде атмосфералық ауаға ықпал етпейтін, шуға жол бермейтін басқа шаралар жүзеге асырылуы тиіс. Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар атмосфераға шығарылатын заттарды лас заттардан тазарту және оған зиянды физикалық ықпалды азайту үшін жасалатын құрылыстардың, жабдықтар мен аппаратураның жобалануына, салынуына және пайдалануына, сондай-ақ оларды тазалау тиімділігін, шығарылатын затпен атмосфералық ауаға зиянды ықпалдың мөлшерін тұрақты қадағалап отыру үшін қажетті аспаптармен жарақтаңдырылуын бақылауды жүзеге асырып отыруға міндетті.
Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның қорғалуын бақылайтын органдармен келісілуге тиіс.
Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс.
Елді мекендерде үйінділерді жайғастыруға, өнеркәсіп қалдықтарын, өндірістік, тұрмыстық қоқыстарды және атмосфералық ауаны тозаңмен, газ тектес зиянды және сасық иісті заттармен ластаудың көзі болып табылатын басқа да қалдықтарды үйіп қоюға, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптар сақталып, өртеуге арнайы қондырғылар пайдаланылған кезден басқа реттерде, аталған қалдықтарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ елді мекендердің территориясында өртеуге тыйым салынады.
Кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар атмосфералық ауаны ластайтын қалдықтарды шикізат ретінде пайдаланатын кәсіпорындар төгінділердің дер кезінде тасылып шығарылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы негізгі жұмыстарға қоғамдық ұйымдар мен азаматтардың атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды, соның ішінде қоғамдық бақылауды жүзеге асыруы да жатады. Сонымен бірге азаматтарды, кәсіпорындарды, мекемелер мен ұйымдарды атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға ынталаңдыратын материалдык және моральдық көтермелеу шаралары белгіленуі мүмкін.
Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаны қорғауды басқару, байқау және бақылау ісін тиісінше ҚР Үкіметі, жергілікті өкілді және атқарушы органдар, республикада осы салада өкілдік алған басқа да органдар жүзеге асырады.
ҚР Үкіметі атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік саясатты белгілеу зандарын әзірлеу мен жетілдіру, атмосфералық ауаны қорғау туралы қатынастарды реттеу мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарды бекіту мен олардың күшінің жойылуын мәлімдеумен қатар осы саладағы заңдардың орындалуын бақылайды. Бұл салада жергілікті өкілді және атқарушы органдардың да атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда және "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы" заңдарда қаралған қызметтері бар.
Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқару ісін Қазақстан Үкіметі мен жергілікті органдары жүргізеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz