Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
2. Қазақстандағы көппартиялықтың тарихы
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының (цензінің) төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы.
Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Жеке адамның қоғамдық күштерді, саяси басшыларды, билік түрін қалауынша таңдау жасауына мүмкіндік береді. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды (егер олар өздерінің міндеттерін орындай алмай жатса) алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялыққоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.
1. Жамбылов Д. Саясаттану. Оқулық. Алматы. «Жеті жарғы». 2005.
2. История политических и правовых учений. Под ред. О.Э.Лейста. М.,
1997.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы. 2007.
4. Макиавелли Н. Правитель. Книга об искусстве управления людьми и
государством. Алматы. 1996.
5. Бөкейханов Ә. Шығармалар. Алматы. 1994.
6. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы. «Өнер». 1996.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Қазақстандағы көппартиялықтың тарихы
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Көппартиялық жүйе ХХ ғасырда қалыптаса бастады. Ол әсіресе демократиялық мәдениет деңгейі жоғары қоғамдардың саяси өмірінде кеңінен орын алады. Көппартиялық жүйенің қалыптасуына әртүрлі демократиялық саяси процестер ықпал етеді. Оның негізгілері: жалпыға бірдей сайлау құқығының қалыптасуы, сайлауға қатысу жасының, мүлік шартының (цензінің) төмендеуі, либерализм идеологиясының орын алуы, яғни, мемлекет пен азаматтар арасындағы қарым-қатынастарының өзгеруі, мемлекеттің қоғам мен жеке адамдардың өміріне араласуының шектелуі, яғни антиэтатизм принципінің орнығуы.
Қазір бүкіл адамзат өркениетке жаппай ұмтылыс жасап отырған кезде көппартиялықтың артықшылығына әлем халықтары толық көз жеткізіп отыр. Бұның өзі партиялардың саясаттары халық мүддесіне қаншалықты сай келетінін жеке азаматтардың бағалауына жол ашады. Жеке адамның қоғамдық күштерді, саяси басшыларды, билік түрін қалауынша таңдау жасауына мүмкіндік береді. Көппартиялық жүйе билікке ие болып отырған саяси топтарды, басқарушы партияларды (егер олар өздерінің міндеттерін орындай алмай жатса) алмастыруға жағдай жасайды. Ал мұның өзі қоғамда саяси қызметтерді тиімді жүргізудің алғышарты. Сондықтан да демократиялыққоғамда көппартиялыққа айрықша мән беріліп, бірнеше саяси партиялардың қатар өмір сүруіне мемлекеттік, қоғамдық тұрғыдан қолдау көрсетуге жағдай туады.
Бүгінгі күні, әсіресе, дамушы елдерде әртүрлі бағыттағы, сипаттағы бағдарламасы бар партиялар қалыптасты. Олардың саны көбейген сайын қоғамдағы орны, қызметі, саяси идеология бағытына қарай топтастыру жүйесі де белгіленді. Мысалы, саяси партиялар мақсаттарына қарай төрт топқа бөлінеді: сайланушылар партиялары, қауымдастық партиялар, авангардтық партиялар, парламенттік партиялар. Осы партия топтарының кейбіреулерінесипаттама беретін болсақ, сайланушылар партияларының мақсаты өз үміткерлерінің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру, қаржы жинау, үгіт жүргізу. Оларда тұрақты мүшелік, идеологиялық негіз жоқ. Мысалы, АҚШ- тағы республикалық және демократиялық партиялар, Ресейдегі либерал-демократиялық партия және т. б. [1]

Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Саяси идеология бағыты бойынша партиялар 4 түрге бөлінеді:
1) Социал-демократиялық партиялар (социалистік, демократиялық,  либералдық, христиан-демократиялық т. с. с. ). Олар еңбекші халықтың мүддесіне сай реформалар жүргізіп, жалпы кедейшілікке қарсы күрес жүргізу бағдарламасын ұстанады. (Мысалы, Германия, Австрия, Швеция, Ұлыбритания елдеріндегі социалистік, демократиялық, лейбористік т. с. с. партиялар);
2) Консервативтік партиялар. Негізгі саясаты (идеологиясы) бұрыннан қалыптасып келе жатқан мемлекет, қоғам, экономика және рухани негіздерді, жүйелерді сақтау. Мысалы, Ұлыбританияның консервативтік партиясы, Германияның христиандық-әлеуметтік одағы мен христиандық-демократиялық бірлестігі, АҚШ-тың республикалық партиясы.
3) Коммунистік партиялар мен солшыл радикалдық бағыттағы партиялар. Мысалы, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, бұрынғы Кеңес Одағының коммунистік партиясы, Ресей Федерациясының коммунистік партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы және т. б.
4) Фашистік партиялар. Олар жеке мүддеден мемлекеттік мүдденің басым болғанын, басқарудағы қатаң орталықтандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектеуді қалайды. Фашистік партиялар кезінде Германия мен Италияда болған. Ал қазіргі кезде кейбір елдердегі жаңарған неофашистік ұйымдардың пайда болуы жалпы адамзатты қатты алаңдатады.[2]
Осы партиялық топтардың ішінен бағдарламасының мазмұны, идеологиясы, мақсаты, қоғамдық пайдасы туралы қысқаша сипаттама беретін болсақ, бүкіл дүние жүзіне танылған, халыққа беделді партияларға социал-демократиялық топ жатады. Ең бірінші социал-демократиялық партия 1869 жылы Германияда пайда болды. Бұл партия Германия социал-демократиялық жұмысшыларпарт иясы деп аталды (ГСДЖП). Бұл партияның мақсаты – жұмысшыларды, шаруаларды, кедейлерді буржуазиялық қанаудан құтқару, олардың еңбек ақысын әділетті түрде төлету, 8-сағаттық жұмыс күнін орнату, шаруаларға жер беру, қоғамның барлық саласында кедейлерге теңдік беру.
Қазіргі кезеңде дүниежүзінде 60-тан астам социал-демократиялық партиялар бар. Олардың мүшелерінің жалпы саны 17 млн. адам. Бүгінгі күні социал-демократиялық партиялардың 30-ға жуығы мемлекеттік билікке келіп отыр. Осы партиялар билікке келген мемлекеттерде елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейі жоғары дәрежеге көтеріліп, кедейшілік жыл сайын азая түсуде, ал кейбір Еуропа елдерінде жоқшылық мәселесі күн тәртібінен алынып тасталған.
Дүниежүзіндегі социал-демократиялық партиялардың 1951жылы құрылған Социалистік Интернационал деп аталатын халықаралық одағы бар. Оған кез-келген партия мүше бола алмайды.
Мысалы, ТМД елдерінен жаңадан пайда болған кейбір социал-демократиялық партиялар Социалистік Интернационалға мүшелікке сұранғанда, оларға берілген жауап мынадай болыпты: “Сіздер қоғамдарыңыз үшін қызмет етіңдер, ең алдымен еңбекші халықтың, жұмысшы табының, кедейлердің тұрмыс жағдайын жақсартыңдар, жоқшылықты жойыңдар, бізге мүшелік жөні содан кейін шешілер”.
Партиялардың құрылуы, өмір сүруі партиялық жүйемен тығыз байланысты. Бұл жүйе елдегі саяси күштердің орналасуы мен өзара қатынастарына сәйкес келеді. Партиялық жүйе партияның мемлекетпен қарым- қатынасын, елдегі саяси тәртіптің мәнін анықтайды. Демек, партиялық жүйе шамасы келгенше мемлекеттік істерге, елдегі басқарушы орындарды құруға, саяси бағыт-бағдар белгілеуге белсене қатысатын саяси күштер тобы.
Партиялық жүйенің үш түрі болады: бірпартиялық, екі партиялық және көппартиялық. Бір партиялық жүйе бұрынғы барлық социалистік елдерде болды. Қазіргі кезде бірпартиялық жүйе саяси қызмет ететін елдер – Солтүстік Корея, Қытай, Куба, Ливия, Алжир, Заир, Мысыр және т. б. Елдегі партиялық жүйе партиялардың санымен анықталмайды. Мысалы, Қытайда бір партиялық жүйе, бірақ саяси партия біреу ғана емес, онда бірнеше партия бар. Сол сияқты, АҚШ-та, Англияда екі партиялық жүйе, бірақ бұл елдерде партиялардың саны тек екі-екіден ғана емес, екеуінде де көптеген партия саяси өмірге қатысады.
Дәл осындай жағдайға 1991 жылы Кеңестер Одағы Коммунистік партиясы (КОКП) ұшырады. Тарихтан жақсы белгілі, 1918 жылы бұрынғы КСРО жерінде бірпартиялық жүйе орнықты. Ол 73 жыл бойы әміршіл-әкімшіл тәсілмен басқарылатын мемлекеттік билік жүйесіне айналды. Сайып келгенде, бірпартиялық жүйе көп жағдайда өзін теріс жағынан көрсетудің мысалы болып жүр.
Екіпартиялық жүйе көбінесе өзара келісімді, тілектес саяси топтарға айналады. Билікке шын мәнінде заңды қарсылық тобы (оппозиция) болмай қалады. Бұл жағдайда ағылшын ғалымы Джон Стюард Миллдің “демократия минус оппозиция = диктатура” деп атап көрсеткеніндей демократияға зияндық келеді. Мысалы, АҚШ-тағы екіпартиялық жүйе туралы батыстың белгілі саясатшысы К. Росситер былай деп жазады: “Республикашылар мен демократтардың арасындағы айырмашылықтар жоқтың қасы. Өйткені, американ саясатының жазылмаған заңдары партиялардың негізгі принциптері, саясаты, сипаты, мақсаты бір-біріне ұқсас болуын талап етеді”.[3]

Қазақстандағы көппартиялықтың тарихы
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі.
 Қазақстан: Алаштан көппартиялыққа дейін Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасу тарихы Ресейдің саяси өмірімен тікелей байланысты болды, себебі Қазақстан 1731жылдан бастап 1991жылға дейін алдымен Ресейдің, кейін Кеңес Одағының құрамында болды.
Ал Ресейде көппартиялық жүйе басқа елдермен салыстырғанда өте кеш қалыптасты, оның себебі демократиялық процестерге кедергі болған Монархиялық билік. Бұл елде ең бірінші болып қалыптасқан Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП)болса, оның өзі де қызметін астыртын түрде жүргізді.
1905 жылы Ресей патшасының арнаулы манифесінен кейін ашық түрдегі партиялар қалыптаса бастады. Оның бірі -Конституциялық демократия (кадеттер) партиясы болды.
Кадеттер партиясының идеялары: мемлекеттік құрылысты демократияландыру, Ресейде тұратын ұлттардың еркін өздігімен дамуы, яғни ұлттық мәселені шешу, олардан тартып алынған жерлерді қайтып беру, құқықтық, әділетті тәртіпті, заңдылықты іске асыру болатын.
Осының бәрі Ә. Бөкейхановты кадет партиясынан шығып, “Алаш” партиясын құруға мәжбүр етті.
“Алаш” 1917 жылы 21-25 шілдеде (3-8 тамыз) Орынборда болған бүкілқазақтық съезде дербес саяси партия ретінде қалыптасты. Осыдан кейін
А. Бөкейхановтың басқаруымен партияның Екінші бүкілқазақтық съезі өтті.
1917 жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі Қазақстан тарихы үшін маңызды оқиға саналады. Дәл осы съезде ұлттық Алаш мемлекетін орнату мақсатымен “Алашорда” уақытша халық кеңесі –жаңа үкімет құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл тарихта Қазақ хандығынан кейін құрылған екінші мемлекет болды.
“Алаш” партиясының бағдарламасында төмендегідей демократиялық құндылықтар бар болатын, олар:
- “... діни нанымына, шығу тегіне және жынысына қатыссыз адамдар тең құқылы”;
- “мемлекеттік шенеуніктер заңсыз жолмен ешкімді ұстай алмайды”;
- “мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз ешкімнің тұрғын үйіне кіре алмайды”;
- “соттың қарауынсыз және шешімінсіз бас бостандығынан айырмау”;
- “жиналыстың, бірлестік құрудың, сөздің, газет, кітап шығарудың еркіндігі”. Өкінішке орай “Алаш” партиясының өмірі ұзаққа созылған жоқ. Кеңестік үкімет билікке келісімен-ақ оларға ұлтшыл партия деген айып тағылып, кейін күшпен, зорлықпен жабылып қалды. Ал “Алаш” партиясы қайраткерлерінің тағдыры қайғылы аяқталды, олар сталиндік жазалаудың құрбаны болды.
Қазақстан тарихында “Алаш” партиясының алатын орны айрықша. Егер жоғарыда аталған осы партияның бағдарламасына қайтадан жүгінетін болсақ, бұл партия Қазақстандағы алғашқы либерал-демократиялық партия болды.[4]
Тарихи тұрғыдан алатын болсақ аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – “Алаш” атын алған партия – қазақ даласындағы алғашқы дербес партия болды. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана саяси партия — коммунистік партия болды. Бірақ ол, біріншіден, Кеңестер Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) бөлімі (филиалы) ретінде ғана өмір сүрді. Екіншіден, КОКП-ны партия емес, мемлекетті жеке-дара, шексіз билеген әзірейіл (монстр) деп атаған да дұрыс болатын.
Мемлекеттік билікті толығымен өз қолына алған КОКП алғашқы күннен бастап –ақ бүкіл елді орасан зор еңбек артеліне айналдырды. 1919 жылы енгізілген әскери коммунизм саясатының озбырлық сипаты елдегі жергілікті бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып біртұтас қазына құрудан, ұсақ және жеке өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрінді.
Жаңа Кеңестік республиканың адам және материалдық байлықтарды игеруге бұйрықтар, реквизициялау,яғни экономиялық басқаруға жатпайтын мемлекеттік күштеу әдістері арқылы қол жеткізілді. Экономика саласындағы осындай төтенше шаралар, қоршаудағы қамал идеологиясы және жанталаса қарулану, бәрі жоғарғы жақтан саясаттары елімізде өктемдік, зорлық- зомбылық психологиясын туғызды. Азық –түлікке мемлекет монополиясын бекіту үшін жүргізілген адамгершілікке жат саяси шаралар халықты аштыққа ұшыратты. 1921 жылы В. Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайынкүйзеліс, жоқшылық, қайыршылану деп сипаттады.
Осы жылғы наурыз айында Ресей Коммунистік (большевиктер) партиясының Х съезінде қабылданған Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кейін Сталиннің мемлекет билігі басшылығына келуіне байланысты таптық, идеологиялық себептермен тоқтатылды.
1917 жылғы Қазан революциясының халыққа берген уәдесі орындалмай, саяси билік халыққа емес,жеке диктатурамен, әміршілдік-төрешілік басшылығымен алмастырылды. Қазақстандағы социализм идеяларының осылайша бұрмалануы 1925-1933 жылдары Қазақ өлкелік  Коммунистік партиясының (КОКП-ның филиалы) бірінші хатшысы болған Ф. Голощёкин есімімен тікелей байланысты. Ол Сталиннің қатаң саясатын жақтап, Қазақстанда көсемшіл, әміршіл тәртіп енгізді. Голощёкин қазақ жерінде Қазанлебі (1917 жылғы революцияның) сезілмеген деп Кіші Қазан төңкерісін өткізу идеясын ұсынды.
КСРО-дағы Коммунистік партияның келесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда көппартиялы жүйенің қалыптасуы және олардың тәуелсіздікке қосқан үлесі
Көппартиялық жүйе – демократиялық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Саяси партиялар. Дәрістер
Саяси партиялар
2004 жылғы парламенттік сайлаудағы саяси партиялардың белсенділігі
Қазақ қайраткерлерінің көзқарасына әсер еткен қоғамдағы саяси процестер мен саяси қақтығыстарды заман тұрғысынан сараптамадан өткізу
Қазақстандағы саяси партиялар азаматтық қоғамды қалыптастырушы субъекті ретінде
Қазақстанда демократиялық қоғам құру жолында
Саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеу
Пәндер