Қорқыт жырлары



1 КӨСЕМ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ
2 ӘР ЖОЛЫ ТҰНҒАН ИМАНДЫЛЫҚ
3 ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН НҰСҚА
4 ҚАЗАҚ ДАЛАСЫН ТЕРБЕГЕН ЖЫРЛАР
Қазақ халқының көнеден қалған рухани мұраларының бірі – «Қорқыт ата» кітабы. Даналық дастаны деп аталатын бұл шығарма ежелден күллі түркі әлеміне ортақ мұра.
Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата – өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт – аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. «Қорқыт ата былай деген екен…» деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады.
Сөзіміз дәлелді болуы үшін «Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата кітабы» атты жинақтағы «Қорқыттың нақыл сөздері» деген кіріспесіне назар бұрсақ.
«Жазушы» баспасынан 1986 жылы жарық көрген «Қорқыт ата» кітабының мұқабасы.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қорқыт жырлары

Қазақ халқының көнеден қалған рухани мұраларының бірі – Қорқыт ата кітабы. Даналық дастаны деп аталатын бұл шығарма ежелден күллі түркі әлеміне ортақ мұра.

КӨСЕМ СӨЗДІҢ ШЕБЕРІ

Бала кезден білетініміз, Қорқыт ата – өмірде болған адам. Дей тұрғанмен, жырдағы Қорқыт – аңыз-әңгімеге толы мифтік бейне. Қорқыт ата былай деген екен... деп басталатын нақыл сөздер көбіне-көп халық арасындағы мақал-мәтел мен қанатты сөздерге тым ұқсас келеді. Осының өзі-ақ дана бабаның атынан қарапайым халықтың өз арман-мұңдарын, ой-тілектерін қағазға түсіріп отырғанын аңғартады.

Сөзіміз дәлелді болуы үшін Жазушы баспасынан 1986 жылы жарық көрген Қорқыт ата кітабы атты жинақтағы Қорқыттың нақыл сөздері деген кіріспесіне назар бұрсақ.

Жазушы баспасынан 1986 жылы жарық көрген Қорқыт ата кітабының мұқабасы.
Қорқыт атадан қалған бір сөз мынадай... деп басталатын базбір нақыл сөздерді мысалға келтіріп көрелікші:

Тәңірісі құрамаса, ешкімнің бірі екеу болмайды,

Тәңірі бәндесінің пешенесіне не жазса, сол болады,

Оның жазуынсыз адам жамандық көрмейді, ажал келіп, өлмейді,

Жігіт тірісінде Қаратаудай қылып, бір күн тыным көрмей дүние жияды, байды. Бірақ соның ішінен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді,

немесе:

Менмен, тәкаппар адамды Тәңірі сүймейді,

Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға Тәңірі бақ бермейді,

Күлді қаншама үйгенмен төбе болмас,

Қара есектің басына жүген таққанмен-тұлпар болмас...

Міне осылайша, бүгінгі қолданысымыздағы мақал-мәтелдерге төркіндес нақыл сөздерді Китаби дедем Қорқуттан көптеп табуға болады.

Қорқыт ата кітабын орыс ғалымы, академик В.Бартольд ондаған жылдар бойы зерттеп, аянбай, тер төгіп, орыс тіліне аударған.

Ғалым Бартольдтың аудармасы негізінде Қорқыт ата кітабын қазақ тіліне аударған ғалымдар: филология ғылымдарының докторы, профессор Әуелбек Қоңыратбаев пен ғалым Мардан Байділдаев болатын.

Ол еңбек жоғарыда айтқанымыздай, 1986 жылы жарық көрген еді. Аудармашылар сондай-ақ қазақша мағынасын саралау барысында 1950 жылы жарық көрген жыр аудармасының Баку нұсқасын да басшылыққа алғандарын өз еңбектерінде жазған екен.

ӘР ЖОЛЫ ТҰНҒАН ИМАНДЫЛЫҚ

Қорқыттың нақыл сөздері атты кіріспедегі Бисмиллаһи Рахмани Рахим деп басталатын қасиетті сөздер Баку нұсқасында алынып тасталғандықтан, қазақша аудармасына да енгізбеуді жөн санағандарын қос ғалым ғылыми түсініктемелерінде ескерте кеткен. Бәлкім советтік қызыл идеологиядан қаймығулары оларды осы әрекетке итермелеген болар?!

Демек жырдың түпнұсқасы мен В.Бартольд аудармасы – Құранның қасиетті сөздерімен басталған деген сөз.

Енді аталған кітаптағы Қорқыттың нақыл сөздері атты кіріспесінен тағы біраз мысал келтіріп көрелік:

...Қорқыт ата тағы не айтқан екен: Аузымды ашсам, тіліме кәлима келеді.

Аллаға – шексіз құрмет! Алланың досы, дініміздің егесі Мұхаммедке – құрмет!

Сол Мұхаммедтің оңында тұрып дұға оқыған Әбубәкірдің аты өлмесін!...

Құранның бетін ашып, Ясин сүресін оқығандарға құрмет!... Сөзі көктен түскен, ретімен тізіліп, тілімізді кәлимаға келтірген Құранға – құрмет!...

Аласа жерге салынған Алланың үйі – Меккеге-құрмет!... Күндердің жақсысы – жұма өлмесін!... Бүкіл ғаламды жаратқан, теңдесі жоқ Аллаға – құрмет! Хан ием, көкте тұрған сол Алла бізге рахым етіп, жар болсын! деген екен Қорқыт ата.

ҒАСЫРЛАРДАН ЖЕТКЕН НҰСҚА

Ғалымдардың айтуынша, Қорқыт ата кітабының қос қолжазба нұсқасы бүгінгі күнге дейін сақталған екен. Оның біріншісі – Дрезден (Германия) қалалық кітапханасының сирек қолжазбалар қорында көрінеді. Біз тілге тиек етіп отырған аударма осы Дрезден нұсқасы.

Ал мұқият сақталған екінші нұсқа – Италиядағы Ватиканның Аростолика кітапханасында.

Алғашқы нұсқа 12 жыр, яғни 12 оғыз-намеден тұрады. Екінші қолжазба – бар болғаны 6 жырдан құралған.

Филология ғылымдарының докторы, профессор Немат Келімбетовтың дәлелдеуінше, аталған шығарма ...VII-VIII ғасырларда Сырдария бойын мекен еткен оғыз-қыпшақ тайпалары арасында дүниеге келіп, сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа тараған-рухани қазына...

Сондай-ақ, осы ғалымның айтуынша, Қорқыттың анасы қыпшақ тайпасынан, әкесі Қарақожа оғыздарынан екен.

Міне сондықтан да Қорқыт ата қыпшақтар мен сол кезде Сырдария бойын мекендеген оғыздар арасында, екі жаққа бірдей ел ағасы атанған. Данышпан қарттың ұзақ жылдар бойы ел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҰРМЫС - САЛТ ЖЫРЛАРЫ
Қорқыт философиясындағы Өмір жӘне Өлім туралы мӘселе
Корқыт ата кітабы
«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра
Қорқыт ата туралы
Қазақ хандығы кезіндегі жыраулар
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Қорқыт (VIII-IX ғғ.)
Қорқыт атаның өмір философиясы
Қорқыт жырлары және оның қазақ эпостарымен байланысы
Пәндер