Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар:
1. Су пайдалану құқығы және он түрлері.
2. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама.
- Су пайдалану құқығы және он түрлері.
Су объектiлерiнде суды ортақ пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалар облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары белгiлеген суды ортақ пайдалану ережелерiн сақтауға мiндеттi.
Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру қоршаған ортаны қорғаудың, жер қойнауын қорғаудың, санитарлық-эпидемиологиялық, өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi, су ресурстарын молайту мен ұтымды пайдаланудың талаптары мен ережелерiн сақтай отырып, сондай-ақ аталған объектiлер қызметiнiң экологиялық салдарлар ескерiле отырып жүргiзiледi.
Су объектiлерiнiң жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды салу, реконструкциялау, пайдалану, консервациялау, жою, қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органының оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады.
2.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi:
- шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау;
- су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.
Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi органның мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру кезiндегi басты мiндеттерi:
1) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын барлық министрлiктермен, агенттiктермен, ведомстволармен өзара iс-қимыл жасауды және қызметiн үйлестiрудi;
2) шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен судың жай-күйiн және өзгеруiн қадағалауды, сондай-ақ су қорғау iс-шараларының орындалуын тексерудi;
3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгiленген тәртiбiн;
4) суларды қорғау жөнiндегi мiндеттердiң орындалуын;
5) су объектiлерiне зиянды әсер етудiң алдын алуды және жоюды;
6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану ережелерiнiң, олардың жұмысының белгiленген режимiнiң сақталуын бақылау;
2) су пайдаланушылар мен кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының су заңнамасын, трансшекаралық суларды пайдалану мен қорғауды регламенттейтiн Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарды сақтауын инспекторлық тексеру.
Тексерудiң түрлерi:
- жоспарлы тексеру - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген кезеңдiлiкке сәйкес жүргiзiлетiн, бақылаушы орган алдын ала жоспарлаған тексеру;
- жоспардан тыс тексеру - жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы өтiнiштерде және өзге де ақпаратта жазылған фактiлер бойынша жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық тәртiпке, ұлттық қауiпсiздiкке төнген қауiп-қатердi дереу жоюды талап ететiн қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылық белгiлерiнiң тiкелей анықталуына байланысты, сондай-ақ жоспарлы тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтарды жою туралы талаптардың орындалуын бақылау мақсатында тағайындалатын тексеру;
- кешендi тексеру - уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзетiн тексеру;
- қарсы тексеру - тексеру жүргiзу кезiнде бақылаушы органдарда үшiншi тұлғаларға байланысты қосымша ақпарат алу қажеттiгi туындаған жағдайда осы тұлғаларға қатысты жүргiзiлетiн тексеру.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар
.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды өз құзыретi шегiнде мыналар жүзеге асырады:
1) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган;
2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органы;
3) жер қойнауын зерделеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган;
4) өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
5) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi орган;
6) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган;
7) фитосанитарлық қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары.
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiредi.
Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган және оның бассейндiк су шаруашылығы басқармасы:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын, олардағы және ерекше қорғалатын су объектiлерiндегi шаруашылық қызметiнiң белгiленген режимiнiң сақталуын;
2) трансшекаралық сулар туралы халықаралық келiсiмдердiң шарттары мен талаптарының орындалуын;
3) су объектiлерi бойынша су пайдаланудың және су бөлудiң белгiленген нормалары мен ережелерiнiң, лимиттерiнiң, сондай-ақ су пайдалану режимiнiң сақталуын;
4) су тарту құрылыстарын, су шаруашылық жүйелерiн және су қоймаларын пайдалану ережелерiнiң сақталуын;
5) су объектiлерiнен алынатын су мен оларға ағызылатын су мөлшерiне бастапқы есеп жүргiзудiң, су сапасын айқындаудың дұрыстығын, суды пайдалану мен ағызуды есепке алуға арналған жабдықтар мен аппаратуралардың болуын, жарамды жай-күйiн және мемлекеттiк аттестаттау мерзiмдерiнiң сақталуын, су пайдаланушылардың белгiленген есептiлiк мерзiмдерiн сақтауын;
6) жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалануға берiлген рұқсаттарда белгiленген шарттар мен талаптарды, сондай-ақ судың зиянды әсерiне (топан су, су басу, су алу, жағалауларды бұзу және басқа да зиянды құбылыстар) қарсы күрес жөнiндегi iс-шараларды орындауын;
7) су объектiлерiн оқшау және бiрлесiп пайдалануға берудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
8) су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзудiң және су объектiлерiн пайдалану мен қорғау бөлiгiнде жер бетi және жер асты суларын мемлекеттiк есепке алуды жүзеге асырудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiнiң сақталуын;
9) белгiленген тәртiппен бекiтiлген құжаттаманың болуын және оның экономика салаларының объектiлерiн салуға, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға су объектiлерiн, су қорғау аймақтары мен белдеулерiн пайдалану мен қорғауға байланысты өзге де қызметiне сай келуiн;
10) су объектiлерiн өз бетiмен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектiлерi белдеулерiнiң аумақтарында өз бетiмен құрылыс салуға жол берiлмеуiн;
11) суды ұтымды пайдалану мен қорғау саласындағы ғылым мен техника жетiстiктерiнiң және озық тәжiрибенiң, су тұтынудың үлесiн азайту жөнiндегi iс-шаралардың кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады.
Қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсiп қауiпсiздiгi, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, ветеринария саласындағы уәкiлеттi органдар, карантиндiк бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi орган және жергiлiктi атқарушы органдар:
1) өз құзыретiне сәйкес су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) су қорының сапалық және сандық жай-күйiнiң өзгеруiн тексерудi және сараптама жүргiзудi ұйымдастырады;
3) су заңнамасының бұзылуын жою шараларын қабылдайды;
4) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мәселелерге қатысты нормативтiк құқықтық құжаттар дайындауға қатысады;
5) су объектiлерiне белгiленген талаптарды бұза отырып жүргiзiлген ағынды су ағызуды тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы, сондай-ақ су объектiлерiнiң жай-күйiне терiс әсер ететiн жекелеген өндiрiс объектiлерiнiң, цехтар мен кәсiпорындардың қызметiне тыйым салу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзедi.
Су қорын пайдалану және қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырудың және жүргiзудiң тәртiбi
.
Су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың қызметiн ұйымдастыру, жоспарлау, өзара iс-қимыл жасау және үйлестiру мақсатында осы Кодекстiң 49-бабында аталған мемлекеттiк органдардың аумақтық органдары тиiстi бассейннiң су шаруашылық басқармаларымен бiрлесiп, жыл сайын, жоспарланатын жыл алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының су заңнамасын сақтауы бойынша тексерулер жүргiзудiң жылдық жоспарларын әзiрлейдi. Қажет болған кезде тексеру жүргiзудiң жоспарлары түзетiледi.
Бiр жылға арналған тексерулердiң келiсiлген жоспарлары жоғары тұрған мемлекеттiк органдарға жоспарланған жылдың 15 қаңтарына дейiн бекiтуге берiледi.
Бiр жылға арнап бекiтiлген тексерулердiң келiсiлген жоспары жоспарлы тексерулердi жүргiзуге негіз болып табылады.
Су қорғау iс-шараларын әзiрлеу және сақтау мәселелерi бойынша жеке және заңды тұлғалармен өзара iс-қимыл жасасуды ұйымдастыру мақсатында уәкiлеттi орган:
1) оларды бассейндiк кеңестердiң жұмысына қатысуға тартады;
2) бассейндiк кеңестердiң мәжiлiстерiнде су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы өзектi мәселелердi қарайды.
Мемлекеттiк бақылау су объектiлерiн пайдалануға, су қорының мемлекеттiк кадастры мен мониторингiн жүргiзуге байланысты схемалар мен жобаларды дайындау кезiнде де жүзеге асырылады.
Бақылауды
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz