Діндер тарихы лекциялар жинағы


Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ДІНДЕР ТАРИХЫ
ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Лекция тақырыбы : Діндер тарихы пәні
2. Лекция жоспары:
1. Пән анықтамасы
2. Теология және дінтану арақатынасы
3. Пән мақсаты мен міндеттері
3. Лекция мақсаты: діндер тарихының пәнін, оның зерттеу әдістері мен түсіндіру принциптерін, теология мен дінтанудың айырмашылығын көрсетіп, пән мақсаты мен міндеттерін түсіндіру
4. Лекция мазмұны:
Діндер тарихы.
Адам баласының дүниені, қоғамды, өзін және қоршаған ортадағы құбылыстар мен процестерді танып білуге талпынысы үздіксіз жалғасуда және жалғаса да бермек. Дүние туралы ғылыми мағлұматтар қоры тез көбеюде, ғылымның жаратылыстану және қоғамдық салаларының саны артуда, ал таным процесі үздіксіз жалғасуда. Адамзаттың жинақтаған білімінің барлығын игеру мүмкін емес, бірақ адам ғылымның белгілі бір саласының негізгі қағидаларын, ұстанымдарын, ұғымдары мен фактілерін игере отырып сол ғылымның негізгін түсініп, өзіне бағыт бағдар табады, сөйтіп қол жеткізген білімін іс-тәжірибеде яғни өмірінде пайдаланады. Адамға кәсіби саласында жемісті қызмет істеуі үшін қажетті білімдермен қатар, оның тұлға ретінде өз рухани мәдениетін қалыптасуына керек ұғымдар, идеялар, теориялар мен фактілер де бар, осындай білімдерді қамтитын салаға діндер тарихы да жатады.
Дінді зерттейтін кешенді ғылым саласы дінтану деп аталады. Дінтану XІX ғасырда философия, тарих, тіл
білімі, этнография, антропология, әлеуметтану, психология және т. б ғылым салаларының түйіскен жерінен қалыптаса бастады. Дінтанудық білімнің мазмұны, құрылымы мен құрылысы осы ғылымдармен байланысты. Діннің пайда болуы, дамуы мен өмір сүруінің заңдылығы, оның сан алуан құбылыстарының қоғам тарихындағы көрінісі, діннің мәдениеттің басқа салаларымен өзарабайланысы мен өзарақатынасы дінтанудың пәні болып табылады. Дінтану дінді қоғам, топ және тұлға деңгейінде қарастырады. Дінтануда философиялық мазмұн маңызды, бұл екі жағдайға байланысты. Біріншіден дінтануда негізгі мәселе обьектінің жалпы әмбебап ұғымдары мен теориясын жасау. Сондықтан да дінтану әдебиеттану, тіл білімі, құқықтану, этнография, өнер, тарих және т. б ғылымдарға әдіснамалық қызмет атқарады.
Екіншіден дінді зерттеуде адам, қоғам және әлем жайлы дүниетанымдық сұрақтар қарастырылады, осы мәселелерді шешуде дінтану жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың жетістіктеріне сүйенеді.
Дінтану бүгінгі күнде кешенді ғылым ретінде бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады: оның негізгілері дін философиясы, дін әлеуметтануы, дін психологиясы, дін феноменологиясы және діндер тарихы. Діндер тарихы дінтанудың негізгі саласы, ол басқалардан бұрын қалыптасты, ал ислам әлемінде діндер зерттеулері сонау орта ғасырларда ақ басталған.
Сонымен діндер тарихы пәнінің қарастыратын саласы дін. Дін -адамзат тарихымен қатар жасап келе жатқан және бүкіләлемге ортақ құндылық. Дінсіз адам ж/е мемлекет болса да, дінсіз халықта қоғамда болмайтындығын тарих дәлелдеп отыр. Адам баласына діннің не екендігін танып білу рухани-мәдени қажеттлік, сонымен қатар тарихшы мамандарға дін туралы білім өз кәсіби саласында қажет.
Діндер тарихы пәні діндердің пайда болуын, даму кезеңдерін, адамзат тарихындағы діни құбылыстардың заңдылықтарын яғни тарихта болған қазірде бар діндердің тарихын қарастырады. Діндер тарихын зерттеу мен оқыту түрлі бағытта жүргізіледі(жалпы діндер тарихы, конфессиялық діндер тарихы, елтанулық діндер тарихы) . Бұл курс жалпы діндер тарихы бағыты бойынша оқытылады.
Пәнді оқытудың мазмұнында дін теориясы негіздері, алғашқы қауымдық діни сенімдер, ұлттық және әлемдік діндердің пайда болуы, даму кезеңдері мен қазіргі жағдайлары, қазіргі әлемдегі жаңа діни қозғалыстар, қоғамдағы дінге қатысты процестер, діни секталардың миссионерлік іс-әрекеттері қамтылған, басты назар әлемдік діндерге, еліміздегі дін мәселелері мен ислам дініне аударылды.
2. Теология
Жоғарыда дінтану жайлы айттық, енді дінді қарастыратын тағы бір ғылым саласы теология туралы мағлұмат бермекпіз. Теология ( көне грек тілінде teos-құдай, logos-ілім) адам мен Жаратушының, адам мен Абсолюттің, адам мен біздің түсінігімізден тыс күштердің қатынасын зерттейтін, дінді оның өзінің қағидаларына сүйеніп негіздейтін конфессионалдық ( konfessіo-мойындау, ғибадат ету; белгілі бір дінді ұстанатын діни бірлестік) ілім. Теология өкілдері дінді ішкі діни сенім тұрғысынан қарастырады. Діни сенім дінге және барлық нәрсеге толық жауап береді деген түсінік. Мұнан шығатын қорытынды діннің бар екендігі -Жаратушының бар екендігіне дәлел. Дінді түсіндірудегі теологиялық тәсіл діннің толық мәнін тек діни сенімдегі адам ғана ашып бере алады деп қабылдайды. Діндер көп сондықтанда әр діннің өз теологиясы бар. Бұл теологиялық жүйелерде қазіргі ғылыми таным әдіс тәсілдері кеңінен қолданылады, бірақ нәтижені қорытқанда әр қайсысы өз сенім тұрғысынан түсіндіреді. Мысалы: ислам теологиясы, христиан теологиясы, иудайзм теологиясы.
Ал дінтану- дін туралы білімдер жиынтығы, ол дінді бейтарап тұрғыда, сырттай қарастырады, бірақ қалай дегенмен де бұл жерде де дін зерттеулерінің нәтижесі зерттеушінің дүниетанымдық ұстанымына байланысты түсіндіріледі. Осы себепті дінге қатысты тұжырымдамаларда, әдебиеттерде дінтанулық және теологиялық болып екіге бөлінеді.
Дінтануда теологияда зайырлы тұрғыда дін туралы білім және діни білім беруге құқылы.
3. Пән мақсаты мен міндеттері
Курсты оқыту мен игеру білім берудің адамшылығына, отандық және әлемдік мәдениет жетістіктерін тануға, жастардың дүниетанымдық мәселелерде еркін таңдау жасауына, руханиятын қалыптастыруына өз үлесін қосады. Діннің не екендігін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Сан алуан діндердің өткені мен бүгінгі жағдайы, олардың өзіндік ерекшеліктері, діннің адамзат тарихы мен мәдениетіндегі маңызы туралы ғылыми білім білімгердің өзіндік дүниетанымын, ой еркіндігі, ар-ождан бостандығы және басқа діни сенімге төзімділікті, отанын сүюді. ұлттық дәстүр мен мәдениетін қастерлеуді қалыптастыру және де алған білімін іс-тәжірибеде өз қажетіне, кәсіби қызмет саласына қолдана алуына үйрету курстың мақсаты болып табылады.
Осы мақсатта курсты оқытудың міндеттері төмендегідей:
діннің шығу тегі ж/е мәнін анықтаудағы негізгі тұжырымдарды түсіндіру; діндердің ерекшеліктерін, адам мен қоғам өміріне әсерін анықтап талдай алуы; дүниетанымдық мәселелерге саналы, жауапкершілікпен қатысуға үйрету; әр түрлі діндер мен дүниетанымдарға сыйластықпен қарауға, діни төзімділікке баулу ж/е ар-ождан бостандығын қалыптастыруға үйрету; алған білімін өз кәсіби саласында қолдануына машықтау.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Діндер тарихының зерттеу саласы
2. Теология мен дінтанудың ерекшелігі
3. Пәнді оқудың маңыздылығы
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: пән әдебиеттеріне шолу
7. Қажетті әдебиеттер:
1. Васильев Л. С. История религии востока. Москва, 1998. б.
2. Радугин А. А. Введение в религиоведение. Курс лекций. М, 2004. 11-31 б.
3. Религия в истори и культуре. под. ред Писманика. Москва, 2000. 7-45 б.
4. Кислюк К. В Кучер О. Н. Религиоведение. Ростов, 2003. б
5. Ғ. Есім, А. Артемьев. Дінтану негіздері А, 2003 5-20 б.
6. Г. Тумер, А. Кучук. Діндер тарихы. Анкара, 1997. б.
7. Основе религиоведение. под ред. И. Н. Яблокова. М, 1994. 5-13 б.
8. А. Мень. История религии. М, 2000.
Web сайттар:
1. http:// www. relіgіovedenіe. ru
2. http:// www. relіgіo. ru.
3. http:// www. //relіgіon. ru/;
4. http:// www. upelsіnka. com
5. http:// www. relіgіon. ng. ru
2. Лекция тақырыбы : Дін негіздері
2. Лекция жоспары:
1. Дін анықтамалары
2. Діннің құрылымы
3. Лекция мақсаты: діннің мәнін анықтаудағы тұжырымдардың айырмашылығын және діннің басты бөліктерін түсіндіру.
4. Лекция мазмұны: 1. Дін анықтамалары. Дін-әлемдік өркениетттегі барлық қоғамдарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Адам рухымен тікелей байланысты дін адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді. Дін сан қырлы, күрделі және нәзік нәрсе. Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады. Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дүниетанымдық жағынан дінтанулық және теологиялық( діни ) деп екіге бөліп қарастыруға болады. Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері философиялық-әлеуметтік, биологиялық, психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.
Дінтанулық тұрғыдан дін-қоғамдық сананың бір түрі, дүниетанымның нысаны, діни мәдениет түрінде көрінуі, әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс, адамның сезім дүниесі, адамның туа біткен қасиеті, этностың қалыптасуы мен ұлттық мәдениеттің факторы,
Дінтанулық тәсілдердің барлығы жеке-жеке алғанда діннің мәні, дін қалай пайда болды, ақиқат дін қайсы деген сұрақтарға толық жауап бере алмайды. Қазіргі кезде дінтануда діннің жүзден астам анықтамасы бар. Жалпы алғанда дінтануда дін әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің, әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы, жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастырылады.
Теологиялық тұрғыдан дін- Құдай мен адам арасындағы байланыс. Дін адамның жаратылысынан келетін сезімі, адам бір нәрсеге сеніп өмір сүруге, өміріне мән -мағына беруге мұқтаж. Исламдық тұрғыдан адамзаттың алғашқы діні кемел дін яғни ислам діні. Адамдар кейіннен басқа қате сенімдерге бойұсынып, Алладан басқаға табынған. Ұлы Алла адамдарды алғашқы дініне қайтару үшін пайғамбарлар жіберген, кітаптарды аян етіп түсірген. Сонда да адамдардың ішінде илахи ( құдайлық) дінге сенбеген өздері шығарған діндерге сыйынғандары болған. Сондықтанда адамзат әлемінде илахи діндермен қатар адамзаттық діндерде жасап келеді. Діни сенім тұрғысынан дін-Алланың пайғамбарлары арқылы адамдарға түсірген екі дүниеде бақытты болу жолын көрсететін қағида ережелерінің жиынтығы.
Дін сөзі араб тілінде заң, қағида, жол, бағыт, сот, жаза және т. б мағыналар береді. Дін адам үшін, ол адамның пайдасын көздейді, адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді. Дін сезімі жаратылыстан келеді. Дін-адам рухының азығы. Рух пен тәнді тең дәрежеде қанағаттандыратын адам өз жаратылысының мақсатын жүзеге асырады. Дін адам мен қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды, тек ғана адамның пайдасын мақсат етеді. Дін адамның мінез-құлықтарын жақсартып қабілеттерін жетілдіреді.
Дін анықтамалары:
Дін-кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі, қозғаушы күші.
Дін- адам өміріне мән-мағына беретін сенім, ілім.
Дін-адамшылық өмірдің негізі.
Дінге қарсы атейзм жайлы айта кету қажет. Атейзм(а-жоқ, тейзм-құдай) -дінге қарсы дүниетанымның бір түрі. Атейзмнің радикалды және жұмсақ екі түрі бар. Радикалды атейзмді кешегі кеңес өкіметі жүргізді. Ал жұмсақ атейзм -дінге қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным, оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма, онда дін бола берсін, келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас. Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады. Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі. Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.
2. Діннің құрылымы.
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдіреттің арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді. Ол құрылымдық жағынан діни сенім, дінілімі, діни ғұрып және діни ұйымнан тұрады. Енді осыларды жеке-жеке қарастырамыз.
а) Діни сенім. Діннің негізін сенім (иман) құрайды. Сенім-адамның ешқандай күдіксіз (күмәнсіз) бір нәрсені қабылдауы немесе сол нәрсеге илануы, басқаша айтқанда адамның психологиялық ахуалы. Сенім адамның табиғи жаратылысынан келетін сезімі. Сенімнің басты ерекшелігі шеткі даралық және сенім обьектісіне тікелей қатынас.
Сенім мен білім арақатынасын айта кеткен жөн. Білім сенімге қарағанда теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген, қисынды және дәлелді. Ал сенім құбылысын ғылым табиғи психологиялық бастаулардан шығарады. Мұндай негіздерге жататындар:
-эмоция және сезім-жақсы және жаман сезімдер
-ерік
ә) Дінілімі. Діни ілім-сенім мазмұнының жүйелі баяндалуы, яғни ешқашан өзгермейтін ақиқаттар. Маңызды жүйелі діндерде дінілімі қасиетті кітаптарда негізделеді. Қасиетті кітап мәні жағынан “ аян” ( орыс тілінде откровение ) деп аталады.
б) Діни ғұрып. Діни ғұрып- жеке және ұжымдыұ рәсімдердің белгілі бір нақты жүйесі, олар арқылы адам Құдаймен мистикалық тұрғыда байланысқа түседі. Діни ғұрып рәміздік іс әрекеттердің жиынтығы. Оған жататындар рәсім, дұға, ғибадат және т. б. Ғұрыпсыз дін болуы мүмкін емес, өйткені діни сана практикада ғұрып арқылы көрініс береді.
в) Діни ұйым. Әрбір діннің өз ұйымы бар. Діни ұйым -дінге сенушілердің әрекетін реттейтін және олардың қажеттіліктерін қаматамасыз ететін бірлестіктер жүйесі мен іс-әрекет түрі. Діни ұйымның негізгі түрлеріне жататындар: діни топ, діни қауым, деноминация, шіркеу және секта.
а) Діни топ-діни рәсімдерді бірге атқаратын кішкентай ұжым.
ә) Діни қауым-орталықтанған басшылығы жоқ діни қызметті бірге атқаратын ұжым, оған тән белгілер ерікті мүшелік және ғұрыптың жоғарылығы. Діни қауым өткен және қазіргі уақыттада діни ұйымның кең таралған түрі болып табылады.
б) Деноминация (латын. denomіnatіo-арнайы ат беру ) -ұйымдасу деңгейіндегі діни бірлестікБұл терминнің синонимі конфессия.
в) Шіркеу-сенім мәселері мен діни ғұрыпты реттеп отыратын діни қызметкер ( клира ) және қарапайым дін өкілдерінің ( мирян) орталықтанған сатылы ( иерархиялық) бірлестігі. Шіркеудің классикалық үлгісі христиандықта.
г) Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым. ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау, дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу, келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.
5. Бақылау сұрақтары:
1. Діннің дінтанулық анықтамалары
2. Теологиялық тұрғыдан дін
3. Атейзмнің мәні
4. Діннің құрамдас бөліктері
5. Сектаның ерекшелігі
6. Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмасы: дін анықтамалары, олардың айырмашылықтары.
7. Қажетті әдебиеттер:
1. Васильев Л. С. История религии востока. Москва, 1998. б.
2. Радугин А. А. Введение в религиоведение. Курс лекций. М, 2004. 11-31 б.
3. Религия в истори и культуре. под. ред Писманика. Москва, 2000. 7-45 б.
4. Кислюк К. В Кучер О. Н. Религиоведение. Ростов, 2003. б
5. Ғ. Есім, А. Артемьев. Дінтану негіздері А, 2003 5-20 б.
6. Г. Тумер, А. Кучук. Діндер тарихы. Анкара, 1997. б.
7. Основе религиоведение. под ред. И. Н. Яблокова. М, 1994. 5-13 б.
8. А. Мень. История религии. М, 2000.
Web сайттар:
1. http:// www. relіgіovedenіe. ru
2. http:// www. relіgіo. ru.
3. http:// www. //relіgіon. ru/;
4. http:// www. upelsіnka. com
5. http:// www. relіgіon. ng. ru
1. Лекция тақырыбы : Діннің қоғамдағы қызметтері, рөлі және жіктемесі
2 . Лекция жоспары:
1. Діннің әлеуметтік қызметтері
2. Діннің қоғамдағы рөлі
3. Діндер классификациясы
3. Лекция мақсаты: діннің қоғамда атқаратын қызметтері мен ролін айқындау және дін классификациясының принциптерін түсіндіру.
4. Лекция мазмұны:
Діннің әлеуметтік қызметтері.
Дін әлеуметтік тұрғыдан қоғамдық сана мен дүниетанымның бір түрі, белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс. Дін адам үшін адам болса дінде бола бермек, адам әлеуметтік ортада өмір сүреді, міне дін адамның сол әлеуметтік өмірін реттейді, басқаша айтқанда дін қоғамда әлеуметтік қызметтер мен белгілі бір рөл атқарады.
Қызмет ( функция) және рөл ұғымы бір біріне байланысты бірақ сәйкес келмейді. Қызмет (функция) - діннің қоғамдағы әрекет ету тәсілі. Дін қоғамда бірнеше қызмет атқарады, оларды жеке-жеке қарастырамыз.
1. Діннің дүниетанымдық қызметі-ең маңыздылардың бірі. Дүниетаным- дүние туралы және ондағы адамның орны жайлы көзқарастардың жүйесі. Дінде адам, қоғам және табиғат туралы көзқарастар бар, сондықтанда ол қоғамда дүниетанымдық қызмет атқарады. Дін өзіне дүниені түсінуді, дүниеге көзқарас, әлемді сезіну мен дүниеге қатынастарды қосады. Діни дүниетанм адамға шеткі өлшемдерді береді. Адам өз сенімі тұрғысынан өзін, қоғамды және дүниені түсініп, өміріне мән-мағына беріп сенімі бойынша өмір сүреді. Осының барлығын дін атқарады.
2. Діннің ретеушілік қызметі. Бұл қызмет идеялар, құндылықтар, ғұрып, институт және салт-дәстүрлер көмегімен адам, топ және қауымның іс-әрекеті мен қатынастарын басқару іске асырылады. Мысалы: діни мораль, діни құқық ережелері, бақылау, жаза мен сый беру және т. б.
3. Діннің қарым-қатынастық қызметі. Діннің бұл қызметі ақпарат алмасу, өзара әрекет, адамды адамның қабылдау процестерін қамтиды. Діни құлшылық жасау арқылы адам ұлы жаратушысымен мистикалық қарым-қатынасқа түседі, адамдар ғибадат ету барысында ақпарат алмасады.
4. Діннің компенсаторлық қызметі. Дін шектеулікті, дәрменсіздікті, сананың қалыптасуын сонымен қатар тіршілік етудің обьективті жағдайын толтырады. Нақты көңілсіздікті рух еркіндігі жеңеді, әлеуметтік теңсіздік күнәлігі азап шегу теңдігіне айналады. Өмірдегі барлық қиыншылықтарды жеңуге мойымауға саптігін тигізеді; және де оның психологиялық жағы да маңызды-ол жұбату, стресті түсіру, рухани ләззат алу, катарсис ( тазару, жаңару), медитация және т. б түрінде жүзеге асады. Яғни адам өз сенімі тұрғысынан ішіне үңіліп психологиялық қиыншылықтарды жеңеді
5. Діннің біріктіруші (интеграция) қызметі. Интеграция-сақтаушы, адам, топ, институттарды бір қарым қатынаста біріктіреді. Біріктіруші қызмет қоғам мүшелерінің сенімі біртекті болған жағдайда жақсы жүзеге асады.
Ал бөлуші (дезинтеграция) қызмет-ажыратушы, жеке тұлғалық беріктілікті, әлеуметтік, топтық және жалпы қоғамның тұрақтылығын әлсіретуші. Егер діни санада және жеке тұлға іс әрекетінде бір бірімен келіспейтін үрдіс байқалса, әлеуметтік топтар мен қоғамда айырмашылық болса, конфессиялар арасы татулық бұзылса онда дінннің бөлуші қызметін атқарғанның белгісі.
6. Діннің заңдастырушы қызметі. бұл қызмет қоғамдағы белгілі бір тәртіптің, ереженің,
қағиданың, дәстүрлердің сақталынып дамуын іске асуын заңдастырады немесе заңсыз деп таниды.
7. Діннің мәдениет жеткізуші қызметі. Дін мәдениеттің негізі, қайнары және оның бір түрі. Ол мәдениеттің белгілі салалары-жазу, кітап басу, өнер, дәстүр және т. б дамуына ықпал етіп, нәтижесінде діни -мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуін, сақталыну мен дамуына жағдай жасады.
2. Діннің қоғамдағы ролі-діннің әлеуметтік қызметтерінің атқарылған нәтижесі немесе салдары. Дін өз қызметін түрліше атқарады сондықтан оның қоғамдағы роліде түрлі.
Діннің қоғамдағы ролін белгілі бір принциптер арқылы талдауға болады.
а) . Дін шеткі, абсолютті өлшемдер арқылы белгілі бір көзқарастар, қатынастар, институттарды
заңдастырады немесе заңсыз деп жариялайды. Дін факторы экономикаға, саясатқа, мемлекетке,
ұлтаралық қатынасқа және отбасына діни сенімдегі адамдар арқылы мәдениет аумағына, топтарға әсер етеді.
ә) . Діннің қоғамдағы ролі оның сол қоғамдағы орнына тікелей байланысты. Ал бұл орын тұрақты емес, ол сакрализация және секуляризация процестері контекстінде өзгеріп тұрады.
Қоғамдағы сакрализация- діннің қоғамның барлық саласына ықпалының артуы, дін басым орында. Қоғамдағы секуляризация-діннің қоғамның барлық саласына ықпалы шамалы, діннің орны әлсіз. Бұл процестер қоғамның түрлі типтерінде бірдей емес қайшылықта.
б) . Діндердің өз жүйелері (сенім, ғибадат, морал және т. б) әртүрлі, діндердің шаруашылық жүргізуі, мақсатқа жету жолдары, өнері, этносаралық қатынастары және т. б неше түрлі, нәтижесінде олардың сол қоғамға әсеріде ондағы орныда әртүрлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz