Рушылдық


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Рушылдық

Рушылдық пен рулардың арасын ажырата білу қажетҒасырлар бойы қазақты біріктірудің ең басты құралы болған, оның мемлекеттілігін сақтаудың іргесі болған, ұлттың гендік қорының сақшысы болған рулық жүйе қазақ ұлтының алдында өзінің тарихи миссиясын аяқтаған секілді. Шынында да, енді қазіргідей өршіген рушылдықты ары қарай қалдыра берсек, ол қазақты ыдырататын күшке айналуға бет бұра бастады. .

Қазіргі жағдайда рушылдық біздің ұлтымыздың бірлігі мен тұтастығына қарсы жұмыс жасауға көшті. Әрине, соған мүдделі топтың қолдауының арқасында. Дегенмен, оның тарихына көз салсақ, бұл жүйе қазаққа ұшан-теңіз көмек көрсеткенін көреміз. Уақтысында ол мынадай функцияларды атқарып шықты:

1. Руын сұрай отырып, жеті атасын тарату арқылы - қазақтың тарихи жадын сақтады.

2. Руын сұрай отырып, "қарға тамырлы қазақ", "сұрастыра келсең қойныңдағы қатының қарын бөле" дегендей туыстық тұтастығын қамтамасыз етті.

3. Байтақ жерімізді рулық, ал соның негізінде, жүздік бөліктерге бөліп, оны қорғау жауапкершілігін сол руларға жүктеді. Қазақтың атамекенге деген ыстық ықыласы солай қалыптасты.

4. Руларға тиесілі жерді бөліп беру арқылы оңтайлы шаруашылық үрдісін қалыптастырды, әрі, рулар арасындағы тепе-теңдік әріптестік қатынасты орнатты.

5. Өз руынан қыз алмай, оны өзге руларға атастыру, ұзату арқылы халықтың біртұтастығының рухани бастауы - тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін біртекті етті. Сол арқылы барлық қазақтың бір-біріне деген туыстық қатынасын қамтамасыз етті.

6. Жүз ішінде ірі рулар мен шағын рулардың ара салмағын ажырату арқылы "аға-іні", "үлкенді (аға рудың баласын) силау", үлкенге жол беру ("үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без") сияқты асыл қасиеттердің қайнар бастауын ашты.

7. Рулар конфедерациясы болып табылатын Жүздердің арасында ынтымаққа баса назар аударылды. Олардың әрқайсысына арнап лайықты теңеулерін қалыптастырды: "Ұлы жүз - байлық кенішім, Орта жүз - ақыл кенішім, Кіші жүз - жүзі қайтпас қылышым" деген.

Қазақ ұлты аясында біріккен рулардың бәріне ортақ ЕР, БАТЫР, ЖІГІТ, АҚСАҚАЛ, АНА, БАУЫР, ҚАРЫНДАС және сол сияқты көптеген ұғымдарды қалыптастырды. Осының бәрі де Рулық жүйе аясында жүзеге асты. Басқадай жүйе болғанда, қазіргі қазақты өзін "қазақпын" дегізетін қатынастардың, ерекшеліктердің бірі де болмас еді. Мүмкін қарындасын қ. ететін сартқа ұқсар ма едік, келінімен, енесімен ашына болып жүре беретін орекеңдерге ұқсар ма едік . . . кім білген оны! Сондықтан, қазіргі қандастарымды "рушылдық құрысын!" дегенде сонымен қоса "рулар да құрысын" деп айтардан бұрын көп ойланса деймін.

Әрбір қазақ, қазіргі билік пен байлықта өршіп тұрған рушылдыққа, қазақты ыдырату әрекеттеріне қарсы тұрам деп руға қарсы тұрмауы тиіс. Іште, осы айтылған үлгінің әсерінен ыдырау жүріп жатқанда, кімге де болса «найман - шайтан» деп айтудан бұрын тіліңді аямай тістеу шарт! «ҚТ», «ДТ» деп арсыз күлерден бұрын езуіңді тігіп тастау шарт! Тағы басқа да жерлерде өзіңді тый. Өз руларыңды қорлағаның - Өзіңді қорлағаның! Сонда ғана, ел боласың, еңсеңді көтересің.

Бір олигарх, немесе, шіріген бай бұл мәселеде ТӨРЕШІ бола алмайды. Қазақ ұғымында байлықты күзетушіні не деп атайтынын білесіздер ғой? Ендеше ондай Күзетші неге сізге, маған Төреші болуы тиіс? Жатсын күзетіп, қайдан келгені белгілі байлығын! Қалың қазақ оларға бола арандамаса екен деймін Сүйінбай ақынның қырғыз айтыскері Қатағанды қалай жеңгенін ұмытпаңыздар!

Ру туралы қазіргі қазақтар не ойлайды екен? Блог бағытына қатысы жоқ болғанымен, ру мәселесі жайлы пікірімді ортаға салып көрейін .

Екі қазақ кездессе, сәлем бергеннен кейін руын, тегін сұрайды. Жеті атасын білмейтін қазақ кем де кем. Орыстанған қазақтар үшін де маңызды. Құрығанда руын біледі. Бұл-дәстүр. Бір жағынан әр отбасының тарихы, ата- бабаға деген құрмет болса, екінші жағынан жеті атаға дейін қыз алыспау, болашақ туыстардың тегін білу- болашақтың қамы. Қай жағынан алып қарасаңыз да көргенділікті тұтатын дәстүр. Қазақтардың әр дәстүрінен саралық пен даналық, өткенге құрмет, болашақтың қамын көремін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАСТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АРХЕТИПТЕРІ
Қоғамдық психологияның кейбір аспектілері
Абайтану ілімінің қалыптасу тарихы
Андалусия Омайяд мемлекеті
Ұлттық сананың қалыптасуы және оның дамуы
Жалаң тәрбие қауқарсыз
Қазақ халқының тарихи, философиялық мұрасы ретіндегі қазақ мифтерінің мәні мен мазмұны
ХІХ ғасыр ақындары туындыларындағы заман бейнесі
Қазақ халқының әдет-ғұрпы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz