Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау



1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі.
2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс.шараларды қаржыландыру.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі. «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады делінген. Сонымен қатар, ҚР-да еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды ҚР үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзгеде уәкілетті мемелекеттік органдар өз құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау

Жоспар:

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі.

2. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру.

Лекция мақсаты: Студенттерге еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегi іс-шараларды қаржыландыру көздері туралы оқытып, үйрету.

Лекция мәтіні.

1. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік басқару мен бақылауды жүргізу тәртібі. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, еңбек қауiпсіздігі және еңбектi қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды Қазақстан Республикасының Үкіметі, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері, сондай-ақ өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мен өзге де уәкілетті органдар жүзеге асырады делінген. Сонымен қатар, ҚР-да еңбек қаіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік басқаруды, бақылау мен қадағалауды ҚР үкіметі, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган және өзгеде уәкілетті мемелекеттік органдар өз құзіретіне сәйкес жүзеге асырады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы 2004 жылғы 28 ақпандағы N528-II Қазақстан Республикасының Заңы мен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына мемлекеттiк бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен ережелерге сәйкес уәкiлеттi органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851 Қаулысы бойынша осы Ереже Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 15-бабының ІІІ тармақшасына сәйкес әзірленді және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүргізудің тәртібін белгілейді. Мемлекеттік бақылау жүргізудің мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Мемлекеттік бақылау мемлекеттік еңбек инспекторының жұмыс берушінің немесе қызметкердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындауына тексеру (бұдан әрі - тексерулер) жүргізуі жолымен жүзеге асырылады.

Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді:

1. жоспарлы - еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган немесе оның аумақтық бөлімшесі жоспарлаған, алдыңғы тексерулерге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақыт аралықтары ескеріліп жүргізілетін тексеру. Жоспарлы тексеру еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау мәселелері жөніндегі басқа да бақылаушы органдармен және қызметкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, кешенді түрде де жүргізілуі мүмкін.

Егер Қазақстан Республикасының зандарында өзгеше көзделмесе, бір жеке немесе заңды тұлғаға қатысты жоспарлы тексеру жылына бір реттен асырылмай, ал шағын кәсіпкерпік субъектілеріне қатысты - үш жылда бір реттен жиі емес өткізілуі тиіс. Жекелеген ұйымдарда немесе экономиканың тиісті салалары ұйымдарында кешенді тексеру жүргізу қажеттілігін еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтаудың қалыптасқан жай-күйін немесе өндірістік жарақаттанушылық деңгейін ескере отырып айқындайды және еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне тиісті тапсырмалар жібереді. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері тапсырмалардың негізінде, сондай-ақ ұйымдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуы жөніндегі талдау нәтижелеріне сәйқес тиісті айға, тоқсанға, жарты жылдыққа және бір жылға арналған тексеру жүргізу жоспарын жасайды.

2. жоспардан тыс тексерулер - жеке немесе заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуы туралы өтініш білдірген, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторы қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтарды дереу жоюды талап ететін фактілерді анықтаған немесе осындай құқық бұзушылықтар белгілерінің болуын куәландыратын немесе өндірістегі жазатайым оқиғаларды тексеруді жүргізу кезінде анықталған құжаттармен және өзге де дәлелдемелермен расталатын өзге ақпарат алған жағдайларда жүргізіледі.

Мемлекеттік еңбек инспекторы жоспардан тыс тексеру немесе өндірістегі жазатайым оқиғаға тексеру жүргізген жағдайда, жоспарлы тексерулер тексеру жүргізу жоспарын бекіткен лауазымды адаммен келісім бойынша басқа мерзімге ауыстырылады. Анонимдік өтініштер жоспардан тыс тексеру жүргізуге негіз болып табылмайды.

Тексерудің ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауға тиіс. Ерекше айларда, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ тексеру көлемі ауқымды болған кезде мемлекеттік еңбек инспекциясының немесе оның аумақтық бөлімшесінің басшысы (немесе оның орнындағы адам) тексеру жүргізу мерзімін оқшауланған құрылымдық бөлімшесі жоқ занды тұлға үшін жиырма күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге, ал оқшауланған құрылымдық бөлімшесі бар тұлға үшін отыз күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзартуы мүмкін.



Тексеруді жүргізу мерзімін есептеу жұмыс берушіге құжаттарды ұсыну туралы талаптың берілу және олардың мемлекеттік еңбек инспекторына ұсынылу сәттері аралығындағы уақыт кезеңіне тоқтатыла тұрады.

Мемлекеттік еңбек инспекторы тексеруді бастар алдында жұмыс берушіге мынадай құжаттарды табыс етеді:

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс жоспарлы тексеруді тағайындау туралы актіні;
қызметтік куәлігін;
қажет болған кезде құзыретті органның режимдік объектілерге баруға рұқсатын табыс етеді.
Мемлекеттік еңбек инспекторына қызметтік міндеттерін атқаруға кедергі жасайтын тұлғалар Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес жауаптылықта болады. Мемлекеттік еңбек инслекторлары жүргізген жоспардан тыс тексерулер белгіленген тәртіппен ай сайын (айына бір рет) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі органдарда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек қорғау жөніндегі заңдар
Еңбекті қорғаудың түсінігі және пәннің мазмұны
Еңбек қорғауды басқару жүйесі
ҰЙЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар
Еңбекті қорғау жөніндегі нормалар мен ережелер және стандарттар
Еңбекті қорғау пәнінен лекция тезистері
Еңбекті қорғау пәнінен семинар сабағына арналған әдістемелік нұсқау
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ұйымдастыру
Еңбекті қорғауды басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Пәндер