Абай Құнанбаев халықтық педагогикаға қосқан үлесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Абай Құнанбаевтың орыс тілін ана тілінен жоғары қойды деуімізге ешбір негіз жоқ екенін 25-қара сөзінен байқаймыз.

Біріншіден, «жеріміз дәрілхарап болып тұр» дейді. Бұл сөз тіркесінен ұғарымыз қазақ жері Ресей империясының меншігіне айналды дегенді қазақтың төл сөзімен емес, шет тілінен кірген ұғыммен келтіруінде ерекше мән бар. Былайша айтсақ, биліктің бәрі орыста болғандықтан, орыс тілін үйренсең де үйренесің, үйренгің келмесе де үйренесің дей отырып, орыс тілін үйренудің үш тұғырлы мақсатын айтып өтеді:

- орыс тілін еліңе қорған болу үшін үйрен;

- орыс тілін еліңнің намысын қолдан бермеу үшін үйрен;

- орыс тілін олардың дауына араласқан уақытта дәйекті дәлел айту үшін үйрен, орыс тілін сол елдің мәдениетін меңгеру үшін және ой-өрісің әлемдік деңгейге жетілу үшін үйрен.

Көріп отырғанымыздай, қазақ мектептерінде халықтық педагогика құндылықтарымен берілмей, Абай ілімін басқаша ұстанымда алып келген, негізінде, оқулықтарда таптаурын болған тұжырым орыс тілін ана тілінен басымдықта алмағанын осы 25-қара сөзден байқаймыз. Абай Құнанбаев ағартушы-демократтық идеясымен шектелмейді, данышпан, кемел парасаттың кемеңгері екенін бүкіл әлем таныды.

Қорыта келгенде, Абай Құнанбаев халықтық педагогикаға қосқан үлесі әлі де болсын терең зерттеуді қажет етеді. Мұнымен бірге «Кемелді адам» үлгісін құруының өзі тектіліктің белгісі дей отырып, көзімен көрген, жүрегіне түйген халықтық педагогиканың классикалық түрін кейінгі ұрпаққа жеткізуші тұлға. Өкінішке орай, қазақ мектептерінде бұл халықтық педагогика құндылықтары ескерілмей келгені зерттеу барысында байқалды. Оның басты себебі А. Құнанбаев шығармалары данышпандық ой-тұжырымдарға құрылған. Сол себепті 5 сыныпта оқылатын еңбектерінің бәріне дерлік оқушылардың ойлау қабілеті қалыс қалып келгені байқалды. Мәселен, «Ғылым таппай мақтанба» және т. б.

Абай Құнанбаев - ұлттық мүддені ұстанып, әлемге қадам басқан рационалист, ғұлама, шығармаларында онтология, адам тұлғасына қатысты даналық ой-түйіндерінің бүгінгі ғылым мен білім кеңістігінің талап-мүддесіне үндестіре білген кемеңгер.

1879 жылы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» еңбегі оқушылардың білім арқылы тәрбиені дұрыс алуына әртүрлі мәтіндемелер жинақталып беріледі. Бұл кезде Ресейге қосылғаннан кейінгі қазақ балаларының оқуды орысша оқуына бейімдеп, қиындықтарды жеңудегі ата дәстүрінің ең бір тұрақты түрі шыдамдылық пен сабырлыққа шақыруы Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық соны тұжырымы болып есептеледі. Жалпы халықтық педагогикаға қатысты өлеңдеріндегі тұжырымдары төмендегі түзілімдей болып келеді:

1. Істің болар қайыры

Бастасаңыз алдалап, (күнделікті өмірдегі қолданылатын сөз)

2. Оқымаған жүреді

Қараңғыны қармалап (халықтық педагогика)

3. Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық.

4. Мал - дәулеттің байлығы,

Бір жұтасаң жоқ болар.

5. Оқымыстының байлығы,

Күннен-күнге көп болар (салыстыру да халықтық педагогикаға жатады)

Ы. Алтынсарин ісін жалғастырушы С. Көбеев болатын. С. Көбеев туралы таптаурын стереотипті тұжырым өзінің «Орындалған арман» шығармасынан алынып түзілген:

«Жабдығы шағын, шығыны аз» аз көшпелі ауылдың мектептері әуелі Қостанай уезінде, кейіннен Торғай және Орал облыстарының басқа уездерінде де ашылды; төрт жыл оқытатын бір класты болыстық орыс-қазақ училищелері мен алты жыл оқытатын екі класты училищелер әуелі Орынбор оқу округының Торғай жәнне Орал облыстарында ашылды, кейіннен басқа оқу округтарының бәрінде де ашыла бастады.

Халық ағартушы қайраткерлерінің көп еңбек етуіне қарамастан, бұл мектептердің саны өте аз болғаны байқалды. Мысалы, 1887-1891 жылдарда Торғай облысында төрт жыл оқытатын бір класты жеті мектеп (болыстық) қана болды, 1883 жылы Орск қаласында қазақ мұғалімдерін даярлайтын бір мектеп ашылды. Орал облысында 20 жылдың ішінде (1881-1901) не бары алты болыстық мектеп пен бір қолөнер мектебі ашылды. 1901 жылы барлығы 63 көшпелі ауылдық мектеп болды.

Ы. Алтынарсин идеяларын, оның оқу-ағарту саласындағы ой-пікірлерін жалғастырған заңғар тұлғалар М. Жұмабаев - қазақ мектептерінің нұсқалы тұрғыда құрылуына айрықша еңбек сіңірген қайраткер. Бұл еңбекті М. Жұмабаев 1922 жылы Қызылжарда жазған. Ал 1923 жылы Ташкентте маусым айында жарық көрген «Педагогика» оқулығы «Жетекші сөз», «Жалпы педагогика», «Жан тәрбиесі», «Жан көріністерін тап-тапқа бөлу» (Ақыл көрінісі), «Әсерленуді бөлу», «Абай», «Суреттеу», «Ес», «Хиял», «Ойлу», «Тіл», «Ішкі сезім көріністері», «Қайрат» секілді тараулардан түзілген.

М. Жұмабаев сол кездегі педагогика ғылымын оқу-білім беруден гөрі тәрбиелеуді басымдықта алып көрсеткені байқалды. Тәрбиеге мұқтаждықтан педагогика пәні туындады дегенді айта отырып, М. Жұмабаев - педагогиканың бала өміріндегі болашағын өз заманына лайықтап шығару деген тұжырым жасаған. 1) «Балаңды өзімдей бол деп үйретпе, өзімдей болма деп үйрет» деген әзірет сөзін бірінші жол деп есептеген. 2) Әр тәрбиешінің қолданатын жолы - ұлт тәрбиесі деп екінші жолды көрсеткен.

Қазақ мектептерін құру үдерісіне қажетті педагогика екеніне айрықша мән берген М. Жұмабаев ойлау іс-әрекетінен кейін екінші орында тіл нысанын алған. Егер біздер М. Жұмабаевтың педагогикасындағы алгоритмге назар аударсақ, бірінші - ойлау, екінші тіл екендігін байыптаймыз. Сол себепті бір-бірімізге: «Сен қай тілде ойлайсың» дегенде ешбір тілде адамның ойламайтыны белгілі болады. М. Жұмабаев жанның жайын жоққа шығару жолы - тіл деп қарастырған. Тілсіз, жүректен жарып шығар сезімдерді жеткізу мүмкін емес деп қараған. «Тілі кем адам қор болады деп ой түйген. Тіл әрбір адамға осындай қымбат болса, ұлт үшін де қымбат, тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт, дүниеде ұлт болып жүре алмайды, ондай ұлт құрымақ» - деген ойларына бағаммен қарасақ, кеңестік дәуірдің басында қазақ халқының тіліне қауіптің төніп тұрғанын М. Жұмабаев сезгендей болжам жасағаны байқалады. Мұнымен бірге тілмен бірге құритын нысандары - ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі - деп көрсеткені бүгінгі Ел Президентінің «Мәдени мұраны» халқымен табыстыруындағы ұлт мүддесін рухани құндылықтар негізінде шешуі деп қабылдаймыз.

Ол кезде М. Дулатов өзінің шығармалары арқылы қазақ халқының парасат-санасын оятуға қам жасады. «Оян қазақ» айдарымен жазған шығармасымен, мақалаларымен оқу-білімнің адам өмірінде алатын орнын айқындап берді. Соның ішінде А. Байтұрсыновпен бірлесіп шығарған «Қазақ» газеті М. Дулатов үшін де, қазақ халқының болашағы үшін де өмір сүрудің ілімі болды. М. Дулатов Ж. Аймауытовтай бала жанын түсінген психолог және әдіскер зерттеуші деуімізге негіз бар. М. Дулатов: «Жас балаларды оқыған нәрсесі жайында ойлануға, оның мағынасын ұғынуына, қасиеттерін сезіндіруге қалай үйретпек керек? Баланы оқыған нәрсесін бір-біріне ұйқастырып ойлануына, оқып шыққаннан кейін де жадында ретті толық мағынасымен қалдыруға әдеттендіру керек» - деп бала мен мұғалімнің іс-әрекеттестік түрлі әдіс-тәсілдерін зерделегені бүгінгі талап мүддесіне де жат емес.

А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев секілді заманының қайраткерлері - Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ мектептерінің ғылыми-педагогикалық негізін қалаған тұлғалар.

А. Байтұрсынов 1928 жылы «Оқу құралы» (балалар сауатын ашатын әліппе), 1928 жылы «Жаңа әліпби» және ересектерге арналған «Сауат ашқыш» кітаптары мен қазақ тілін пән ретінде оқытатын тұңғыш оқулықтар - «Тіл құралдың» үш бөлімі, әдістемелік жабдықтары және оқу-ағартуға, графика мен терминологияға жалпы тіл мәселелеріне арналған ғылыми еңбектер жазған ағартушы-зерттеуші.

Бұны біздер А. Байтұрсыновтың 1923 жылы «Қазақ арасында оқу жұмысын қалай жүргізу керек?» деген айдарымен жарияланған мақаласында: «Школдар ашуға үкіметтің шамасы келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20 000-нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылнай, не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық етіп, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына жұмсауға міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек.

Репрессия, аштық 30-жылдары елді тұқыртып, олардың білім алуға мұршаларын келтірмеді. Сонда да көз алдау үдерісі толастамай, 1939-1940 оқу жылында 163-ке, келесі оқу жылында 701-ге өскені зерттеушілердің еңбектерінде байқалды. Ал бұрынғы 4419-дан бұл жылдары 3715-ке төмендеген, сөйтіп бастауыш мектеп санатынан мектептерді «ірілендіру» үдерісі аңғарылды. Бірақ білім мазмұнында салиқалы өзгерістер боды деуге негіз жоқ. Мұның үстіне жығылғанға жұдырық демекші Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы Отан соғысы басталды. Сондықтан қазақ мектептерінің тіпті сырттай санының өсуі бәсеңдеп қалады.

Р. Г. Лемберг мұғалімнің сабақ өткізу үдерісіндегі жетекшілік жұмысының түріне айрықша мән бергені де талап ретінде қабылданды. Әрбір әдістің бірнеше тәсілдері бар екеніне тоқталады. Ол кездегі (40 жылдары) қазақ мектептеріне ұсынылған әдістер: 1) ауызша баяндау; 2) әңгімелесу; 3) байқау; 4) оқулықпен жұмыс; 5) жаттығулар; 6) лабораториялық сабақтар; 7) есеп шығару; 8) практикалық жұмыстар, өнер құралдарын пайдалану. Әрбір әдісті өзінің құрамындағы тәсіл түрлерімен қарастырғаны ескеріледі. Сабақ меңгерудегі оқушылардың психологиялық танып-білу әрекеттеріне бағынышты екені зерделенеді. Құбылыстарды үдеріс сыңайында топтастыру секілді әдістер қолданылды. Заттардың қасиетін айқындау қарастырылады. Оқу орыс тілді мектептерде бұл мәселелер шешімін бірден тауып, ұстаздар оқу-тәрбие үдерісін Н. Хмельден бұрын Р. Г. Лембергтің ғылыми еңбегінен біртұтастық қағидаға жүгіндіріп, өз сабақтарына сараптамашы сапасында қарап, кәсіби құзыретін сол өз заманына лайықты өткізіп жатты.

1937-1938 жылдары (С. Қожахметов, Киров атындағы мемлекеттік университетінің педагогика мен психология кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды) . 1938 жылдың аяғында Абай атындағы КазПИ-ге ауысты. Тұңғыш қазақша жазылған еңбектің бірі болып «Совет мектебінің негізгі дидактикалық принциптері» айдарымен 1939 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Р. Г. Лемберг секілді С. Қожахметов те мектеп тәжірибесіне сүйенгені байқалады. Әрине, Р. Г. Лембергтен салихалы ерекшелігі қазақ мектебінің теориялық-педагогикалық негізінің дидактика бағытына айрықша мән бергенін аңғардық.

Сол секілді 1940 жылы Т. Тәжібаевтің «К. Д. Ушинскийдің саяси-әлеуметтік көзқарасы» мақаласы жарық көреді. Т. Тәжібаев Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірдің даму мәселелерімен айналыса отырып, «Абай Құнанбаевтың философиялық, психологиялық, педагогикалық көзқарастары» жайлы ғылыми мақалаларды жариялаған.

Қорыта келгенде, Қазан төңкерісіне дейін арап әріпбиімен хат танып, негізінен медреселерде білім алған қазақ халқы Кеңес өкіметі орныққаннан кейінгі кезеңде империялық бағыттағы мектептер есігін аша бастады. Айналасы он бес, жиырма жылдың ішінде әліпбиді үш мәрте өзгертудің өзі елді үш рет сауатсыздандыру екенін енді ғана түсіндік. Соның салдарынан елуінші жылдарға дейінгі кезеңде, негізінен, бастауыш немесе толық емес орта білім беру ісі біртіндеп жолға қойылуға бет бұрғанымен, Ұлы Отан соғысы білім беру ісінің дамуын көп кейінге шегерді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мектептерінің халықтық педагогика құндылықтары негізінде құрылуы мен дамуы
Абай Құнанбаевтың педагогикаға қосқан үлесі
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Ұлттық педагогика
Педагогика – ғылым. Абайдың педагогикалық көзқарастары
Педагогика туралы жалпы ұғым, үлес қосқан ғалымдар
ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАҒА ҚОСҚАН ҮЙЛЕСІ
Педагогикалық технологиялардың қазіргі білім беру саласындағы маңызы
Қазақстандағы ұлы педогок ағартушылардың үлес қосқан ой – пікірлері
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz