Экологиялық білім– оқыту үрдісінде


ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ- ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ
Әбушахманова Марэтай Амановна
химия-биология пәнінің мұғалімі
№ 35 жалпы орта білім беру мектебі
1. Әрбір саналы адамның экологиялық көзқарасын қалыптасыру - адамның мінез - құлқы мен іс - әрекетін осы бағытта қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Қазіргі таңда жеке ғылым болып жүйелі зерттеліп келе жатқан экология саласының өзіндік ерекшеліктерін ескеруіміз қажет. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл болінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен болатын. Ендеше осы аса құнды екі құжатты басшылыққа ала отырып кез келген мұғалім өзінің барлық жұмыс бағдарламасын жоғарғы талап дәрежесіне сай жүргізуі тиіс.
Экологиялық білім дегеніміз - табиғатты қорғау саясаты. Ал адамзат баласы қол жеткізген жетістіктер түрі саналуан десек, солардың барлығын біріктіріп, біртұтас жаңа жүйеге жинақтап отырған сала - экология екендігінде дау жоқ. Экологиялық мәселелердің туу көзінің өзі әлеуметтік - экономикалық факторлар болып отыр.
Қалай болғанда да жоғары экологиялық сауаттылық әрбір адам баласынан талап етілмек. Экологиялық тазалыққа қамқорлық жасау үлкеннің де, кішінің де азаматтық борышы екендігін ескеруіміз қажет.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесі кішкентай бүлдіршіндер баратын балабақшадан басталып білікті маман даярлайтын оқу орындары деңгейімен айқындалса, құба - құп. Бұл тұста экологиялық міндеттерді нақты бақылауға алу, ұйымдастыру, орындау кез келген өндірістік немесе қоғамдық ұйымды басқарушыларға қойылатын талаптар арқылы негізделуі қажет - ақ.
Қазіргі кезеңде ізгілендіру мен демократияландыруға бағытталған білім стандартын, оқытудың озық технологияларын, экологиялық білім негіздерін оқыту үрдісіне енгізу білім беру жүйесін дамытудың негізі болып табылады. Сол себепті экономикалық сана мен экологиялық мәдениеттілікті мектеп жасынан қалыптастыру үшін кәсіпкерлік және нарықтық шаруашылықтың заңдылықтарымен оқушыларды міндетті түрде таныстыра отырып, экологиялық білім негіздерін оқыту кезінде жеке тұлғаның шығармашылық ойлау қабілетінің дамуын қарастыру - кезек күттірмес міндеттердің бірі.
Экология пәнін оқыту экологиялық және әлеуметтік мәселелердің мәнін түсіндіруге, қоршаған орта мен адам арасындағы өзара байланыстың дамуына талдау жасауға үйретеді.
Жалпы білім беретін мектептерде және жоғары оқу орындарында экологиялық білім мен тәрбие беру жайын ғылыми - әдістемелік тұрғыда талдап, үздіксіз экологиялық білім беру мақсаты мен міндеттерін, мазмұнын, дидактикалық негіздерін жолға қою керек. Оқушылардың үздіксіз, бағдарлы, сапалы білім жүйелерінің бір - бірімен сабақтастығы сақталуы тиіс.
Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін арттыру үшін оқытушының білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал жасайды.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты мынадай міндеттерді шешу талап етіледі:
- Оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерімен санасу.
- Экологиялық тәрбиені пәнаралық байланыстар негізінде іске асыру.
- Оқу курстарының жүйесі мен өзіндік құрылымы, оны оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін басшылыққа алу.
- Оқулықтағы экологиялық сипаты бар материалды іріктей білу.
2. Экология сабақтарының негізгі мақсаттарынң бірі: оқушылардың экологиялық санасын көтеру, интеллектуалдық қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету. Ендеше қазіргі заманғы біліктілік талаптарымен сәйкес келетін білім стандарттарын әзірлеуді және оқушылардың оқу - өндірістік тәжірибесін ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жетілдіру қажет - ақ. Бұл орайда бағдарлы білім беру жүйесі, арнайы оқулықтар, арнайы бағдарламалар, әдістемелік құралдар даярлау экологиялық білім саласындағы басты міндеттер болып табылады.
Оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне көңіл бөлініп, әрқайсысына арнайы тақырып беріп, олардың ізденімпаздығын шыңдау басымдылыққа ие болады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру «табиғат - адам - қоғам» жүйесіндегі қарым - қатынасты оқушылардың ғылыми негізінде игеруі кезеңінде қалыптасады. Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын қалыптастырып, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік қарым - қатынасын тудыру. Экологиялық мәдениеттілік адамның сезімін тәрбиелеуден, экологиялық сананы қалыптастырудан пайда болады.
Экологиялық тәрбие мен білім беру - көп сатылы үрдіс. Біріншіден , адамның, қоғамның табиғатқа әсер ету ортасындағы білімнің ғылыми жүйесін негіздейді. Екіншіден, жеке тұлғаның адамгершілік дүниетанымын тәрбиелейді. Үшіншіден, сарамандық іс - әрекетте білім мен тәрбиенің жүзеге асуына ықпал ететін ерекшелік факторын қалыптастырады.
Экологиялық білім мен тәрбие табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғауда белсенді әрекет жасай алатын жеке тұлғаның экологиялық сенімін қалыптастырып, белсенділігін көтереді. Сондықтан экологиялық білім беру оқушылардың табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырудың негізі болса, әр түрлі формаларда жүргізілетін экологиялық тәрбие жеке тұлғаның сезімдік әлеміне бағытталады, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін өсіреді.
3. Қоршаған ортаны қорғау (ауа, су, топырақ және т. б. ) қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттес үрдістерін де кешенді тұрғыдан қарауды талап етеді. Өйткені, экологиялық мәселелерді адам мен қоғам үшін пайдалы, тиімді шешуге тырысатын маманның жеке тұлғасының адамгершілік дүниетанымын қалыптастырады. Қоршаған ортаны сауықтырудың объективті қажеттілігін терең түсінуге мүмкіндік береді. Солай екен, негізгі салалар бойынша қажетті кәсіби мамандық беру барысында экологиялық білім мен тәрбиенің де мәні зор.
Экологиялық білім берудің біртұтас жүйесін қалыптастыру Қазақстанда білім берудің жаңа жүйелері мен әлемдік стандартқа сай мемлекеттік оқу жоспарын жасауды, қаржыландыруды, экологиялық білім беретін ұстаздарға қамқорлық көрсетуді, мектепте экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді.
Оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруда табиғи ортадағы әсемдікті, үйлесімділікті тани білу шарт. Педагог И. Д. Зверев (1983ж) тәрбиеленушіге педагогикалық әсердің бірінші кезеңі ретінде ең алдымен оқушының табиғат сұлулығын түйсінуі, осы сұлулықты сақтау үшін адамгершілік, азаматтық борышты ұғынуын қамтамасыз ету керектігіне көңіл аударады. Сондықтан да экологиялық күйзелістердің болуы не болмауы антропогендік факторға, жастардың экологиялық мәдениетіне, сауаттылығына, экологиялық білімінің жоғары деңгейде болуына байланысты.
Білім беру жүйелері үнемі дамып, жаңарып отыратын үрдіс. Қазіргі ғылым, техника, мәдениет дамуына сай келетін техникалық құралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар, бағдарламалар қажет.
Мектептерде игеретін кәсіби мамандықтарды экологиялық сауаттылықпен, біліктілікпен ұштастырып, экологиялық білім беруді жетілдіре түссе қошаған ортаны қорғаудың тиімді жолдарын ашары сөзсіз.
Оқушылардың сапалы экологиялық білім алуы үшін оқу - тәжірибелік жұмыстарын өндірістік орындарды және ғылыми зерттеу мекемелерінде өткізсе, тіпті құба - құп.
Экологиялық білім деңгейін көтеруде радио - теледидардан берілетін хабарлардың, дәрістердің, Интернеттен алынатын экологиялық деректердің оқушылардың экологиялық санасын қалыптастыруда рөлі айрықша. Сондай - ақ, олардың экологиялық мәдениетін қалайтын қызықты үйірмелер, семинар, баспасөз конференциялары, дөңгелек үстел, халықаралық байланыстар, кештер экологиялық тәрбиенің қайнар көзі болып табылады.
Оқушылардың экологиялық тәрбиесін бағалауда іс - тәжірибеде қолданылып жүрген мынадай мотивтерді жіктеп көрсетуге болады:
1. Азаматтық, патриоттық себеп - табиғат байлығын байыта түсуге ынталануы, табиғатты қорғауда қоғам алдындағы борышы деп ұғынуы.
2. Эстетикалық себеп - табиғат сұлулығын ұғынып, ол арқылы рухани күш алуы.
3. Гуманистік себеп - оқушылардың іс - әрекеттері мен қылықтарында барлық тіршілікті қорғауға ынталануы, жақсылық жасау, жамандыққа күйіну сезімінің көрінісі.
4. Ғылыми - танымдық себеп - табиғатты тану, адамның табиғатқа әсерінің салдары мен табиғат заңдылықтарын білуге ұмтылу.
5. Экономикалық - практикалық себеп - табиғи ресурстарды адамның тұрмыс - тіршілігінің көзі екенін, оның маңыздылығын бағалай білу.
6. Гигиеналық себеп -табиғаттың адам денсаулығына пайдасын ұғыну және зиян келтірмеуге тырысу.
Бірақ қазіргі мектептерде оқушыларға экологиялық тәрбие беруге толық мүмкіндіктер болмай отыр. Бұл мәселеге төмендегідей фактілер қиыншылықтар келтіруде:
1. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беру міндеттерін іске асыру үшін пән мұғалімдеріне қажетті ұсыныс, бағдарламалардың жеткіліксіздігі.
2. Арнайы әдістемелік нұсқаулардың болмауы.
3. Сабақтағы экологиялық материалдардың көпшілік жағдайда сыныптан және мектептен тыс жұмыстармен байланыстың жетімсіздігі.
Экологиялық тәрбие беруді арнайы бір жүйе арқылы жүзеге асыруға болады. Ол үшін жүйеге белгілі бір мазмұн, әдіс, оқыту құралдары, оқушылардың шығармашылық іс - әрекетін ұйымдастыру формаларымен бірге жалпы педагогикалық ұстанымдарды енгізу керек. Жүйеде әрбір элементтің мазмұны, әдісі, оқыту құралы, оқыту формасының өзіндік қызметі, орны болуы тиіс . Бірақ олардың ішіндегі ең басты, шешуші элемент - оқылатын материалдың маңызы. Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде өз туған өлкесінің табиғатын оқып үйренуінің өзіндік мәні бар. Экологиялық білім беру жүйесінде оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыру үшін мұғалімнің атқаратын рөлі ерекше.
Табиғатты қорғау жұмыстары, айналаға сүйіспеншілікті қалыптастыру, соған баланы кішкентайынан баулу мектепке дейінгі мекемелерден басталғаны абзал. Халық қазынасы болып табылатын табиғат байлығы сол елдің бүгіні мен жарқын болашағы үшін барынша тиімді әрі ұқыпты пайдаланылуы керек.
Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны сауықтыру экологиялық білімді ғана емес, экологиялық тәрбиеге де қатысты. Демек, қоғам мен табиғат арасындағы қарым - қатынас мәселесін шешу - мемлеттік іс. Ал оны жүзеге асыру әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Назарбаев Н. Ә. Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы». «Егемен Қазақстан». Газет ішіндегі кітап . 11 қазан, 1997жыл.
2. Экологиялық білім бағдарламасы. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының республикалық баспа кабинеті. Алматы 1999жыл
3. Оспанова Г. С., Бозшатаева Г. Т. Экология. Алматы. 2002жыл
4. Таңатарова Қ. Т. Кәсіби мамандықтара сәйкес экологиялық білім берудің ерекшеліктері. Қазақстан жоғары мектебі №2. 1999жыл, 149-156б.
5. Экологическое образование школьников / Под ред. И. Д. Зверева, Т. И. Суравегиной, Педагогика 1983г
Тіркелу қағазы
- Аты-жөні, әкесінің атыАбушахманова Марэтай Амановна
- Ғылыми атағы жоқ
- Мекеме, қызметі ММ №35 мектеп
- Мекен - жайы 140005 Павлодар қаласы, Айманов көш. 37
5. Телефон 564447
6. Е - mail - school_35@inbox. ru
7. Баяндаманың аты Экологиялық білім - оқыту үрдісінде
8. Қажетті құрал-жабдықтар
Экологиялық тәрбие беру
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.
- педагог мамандардың экологиялық тәрбие беру жөніндегі білім деңгейін көтеру;
- балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардың ата-аналарына насихаттау;
- әр түрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көз-қарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезеңі болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.
Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра оты-рып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.
Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса бала да соғұрлым көбірек үйренеді.
Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қала-ды.
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз.
Балалармен жүмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында
оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Балаларды есімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелеу керек. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
Барлық жастағы балалар топтарында табиғат бұрыштары, тірі жәндіктер бұрыштары ұйымдастырылған, олар арқылы балалар өсімдіктер мен жәндіктерді күтіп баптаудың жолдарын үйренуде. Балаларды табиғи материалдармен жұмыс атқарудың тәсілдеріне оқыту жолында тәрбиешілер көп еңбек етуде.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
- Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудіңалғы шарттарын құру;
- Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатынжұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
- Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшініс-шаралар ұйымдастыру;
- Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құрал-дарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерін жүйелітүрде қолдану;
- Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арт-тыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және эко-логиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экология-лық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуытиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы” жарық көрді. “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”, “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы”, “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы” сияқты ел дамуы үшін маңызды рөл атқаратын құжаттарды өмірге әкелген Президентіміздің мына жаңа тұжырымдамасы мазмұны жағынан да, қамтитын мәселелерінің ауқымы жағынан да кең мағынадағы тың құжат болып табылады.
Елдің тұрақты дамуға көшуінің бағдарламасы ретінде ол Қазақстан өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізудің негізгі жолдарын, осы жолдағы міндеттер мен оған жетудің тетіктерін айқындайды, дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторларының өзара байланысын нақты белгілейді және оларды біртұтас үдеріс ретінде қарастырады.
Осылардың ішінде Қазақстанның экологиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарының орны ерекше. Бұл - бір Қазақстан емес, Еуразия құрлығының экологиясын жақсартуда ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастың көпірі болып отырған Қазақстан осы ортаның ландшафты мен экологиялық жүйелерінде байланыстырушы есебінде де маңызды қызмет атқарады. Қазақстанның аумақтық кеңдігі, климаттық жағдайлары, су жүйелерінің ерекшеліктері бүкіл Еуразияның экологиялық жағдайына әсер ететінін, оның даму тұрақтылығы екі жаққа да маңызды екенін ескерсек, бұл мәселенің мәні зор.
Қазіргі Қазақстанның дамуы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар негізінде атқарған істердің нәтижесі деп білеміз. Көп жағдайда экономиканың тұрақтануы, оның көтерілуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жалпыұлттық саясаттың негізгі тірегі болып табылады. Осыған орай Парламент палаталарында қабылданған, халықтың талқысынан өткен Экология кодексі де осы тұжырымдаманың негізі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы біз экология мәселесін сөз жүзінде әңгімелеп келгенмен, нақты тұжырымдамалар мен нақты заңды түрде қабылданған кодекс болған жоқ. Ендігі жерде экологиялық мәселелерді шешу осы кодекске негізделеді.
Ал экологияның тұрақтануы, экологияның дамуы, экологияның қалпына келтірілуінің барлығы ол экономиканың дамуымен, саясаттың дамуымен байланысты екенін естен шығарып алдық. Алайда, Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары мәз емес екені көпке мәлім. Ол жағдайлар, тұтастай қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян. Нарықтық экономикадағы табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда. Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып, олар қоршаған ортаны ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағының 75 пайызға жуығы экологиялық тұрақсыздыққа тап болып отыр. Табиғаттың жұтаңдауынан жарамсыз жерлер көбейіп жатыр. Ластанулар мен қалдықтардан бөлінетін улы заттар табиғи ортаға әсер етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Осы жағдайлар Президент Тұжырымдамасында экология дамуын тұрақтандырудың қажет екенін дәлелдеуге негіз болған. Сондықтан да тұрақты дамуға көшудің басты қағидалары мен басымдықтары ішінде көрсетілген ел экономикасын көтеруде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, саламатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулығын көтеру, демографиялық жағдайды жақсарту, қоғамның аса маңызды неосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру, трансөңірлік экожүйелік аумақтық даму, экологиялық қауіпсіздіктің жаңа технологиясын пайдалану, экологиялық аспектілерді ескере отырып, кедейшілікпен күресу, шөлейттенуге қарсы жұмыс жүргізу, эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен азон қабатын бұзатын газдарды азайту, сапалы ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу, радиациялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды кәдеге асыру сияқты проблемалардың экологияға тікелей қатысы бар. Бұл мәселелердің әрқайсысының өзі көп салалы. Мысалы, экономиканы көтерудегі табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы қазір аяқ басқан сайын көзге түседі. Біздің табиғаттан алатын өз өнімдеріміз азайып, сырттан тасымалдау көбейді. Сырттан, тіпті алыс елдерден әкелінетін, көп айлар сақталған және жол жүрген өнім өзінің құндылығы мен дәмділігін сақтай алады деп кім кепілдік береді? Оның үстіне ол азық-түлік қазақтың өз менталитеті мен организмінің талабына жауап бере ала ма? Әр түрлі аурулар мен аллергияның молаюы осыдан өрбіп жатқан жоқ па? Алматының алмалы бақтары оталып, олардың бәрі саябаққа айналып кетті. Апортқа үйренген адамға сырттан әкелінген алма киіз, сағыз татиды. Саяжай иелері үйлерін биік дуалдармен қоршап алып, ауаның қозғалысын, тазалығын бөгеді. Онсыз да ауасы ауыр Алматының әр қорасында қоршау ішінде тұнып жатқан тұманды ауаны өздері жұтуда. Осылардың бәрі табиғатқа адам қолымен жасалып жатқан зорлық емес пе?
Бір кезде қала сыртынан саяжайларға жер бөлінгенде, ол жерге ағаш егу, әр түрлі жеміс беретін бұталар мен отбасының күн көрісіне қажет өнімдер өндіру міндеті қойылған еді. Қазіргі саяжайларда мұндай ештеме өндірілмейді, иелері үлкен сарай салып, айналасын қиюласқан тас төсенішпен, жасанды, газонмен жауып, жеміс ағаштарын шауып тастады.
Кезінде балық шаруашылығы деген министрлік белгілі су қоймаларында балық өсіруді молайтып, қосымша көлдер мен тоғандар жасап, оларға балық жіберіп, бұл салада республикаға мол өнім беріп тұрғаны есімізде. Қазір сол жерлердегі балық колхоздары тарап, көлдер жеке меншікке көшіп, ол өнімнен айырылып қалдық. Каспий мен Аралда, Балқаш пен Зайсанда балық азайды. Сөйтіп балық өнімдері арқылы келетін адам организміне қажетті микроэлементтер жоғалуға айналды.
Жер ысыраппен пайдаланылады. Сондықтан оның өсімдік жамылғысы сиреп, жарамсыз телімдер көбеюде. Даланың өзіне тән құстары мен жануарлары азайып кетті. Бір кездерде қазақ даласын кезіп, топ-топ болып жүретін киіктер де жоғалуға жақын. Сол құс пен аң да кезінде біздің дастарқанымызды толтырып тұратын табиғат байлығына кірмейтін бе еді?
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz