Үкіметтің құқықтық мәртебесі



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Үкіметтің құқықтық мәртебесі.
1.1 Үкіметті құру.
1.2 Өкiлеттiктері.
2.1 Қазақстандағы сайлау жүйесі.
2.2Сайлау құқығының түрлері.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиет
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 2/3-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады.
1. Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Үкіметтің құқықтық мәртебесі.

1.1 Үкіметті құру.

1.2 Өкiлеттiктері.

2.1 Қазақстандағы сайлау жүйесі.

2.2Сайлау құқығының түрлері.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Жаңадан құрылған Үкiмет өз қызметiнiң бағдарламасын жасап, бұл туралы Парламентке баяндама ұсынады. Егер Парламент Үкiметтiң бағдарламасын қабылдамаса, Үкiмет екi ай iшiнде бағдарламаны қайтадан ұсынады. Егер Парламент депутаттарының жалпы санының 23-сiнiң дауыс беруiмен бағдарлама тағы да қабылданбаса, онда бұл Үкiметке сенiмсiздiк вотумын бiлдiредi. Үкiмет заңдық ұсыныстар енгiзуге хақылы. Ол заң жобаларының жоспарын құрып, соған сәйкес парламент мәжiлiсiне заң жобаларын ұсынады. Заң жобаларын дайындауға олардың сапасы үшiн жауапты болатын министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, агенттiктер, бiрiншi басшылар қатысады. Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi шегiнде қызмет етедi және жаңадан сайланып, қызметке кiрiскен ҚР Президентiне үкiмет мүшелерi жазбаша қол қойған өтiнiш беру арқылы өз өкiлеттiгiн доғарады.

ҚР-ның Конституциясында (70-бап) және ҚР-ның Үкiметi туралы констиуц. заңда республика Үкiметiнiң, оның мүшелерiнiң тиiстi өкiлеттi мерзiмiнен бұрын орындарынан түсу себептерi мен тәртiптерi қаралған. Егер Үкiмет, оның кез келген мүшесi өздерiне жүктелген мiндеттердi одан әрi орындау мүмкiн емес деп санайтын болса, онда олар республика Президентiне өз орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Конституцияда (53-бап, 7-тармақ, 61-бап, 7-тармақ) көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы ҚР Президентiне мәлiмдейдi. Орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi ҚР Президентi он күн мерзiмде қарайды. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң не оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылды дегендi бiлдiредi.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерiҚазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкіметті құру.

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

Өкiлеттiктері.

Үкiметке мынадай негiзгi конституц. өкiлеттiктер берiлген: ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды талдап жасау; мемлекеттік бағдарламаларды әзiрлеу; әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, iске асыру; Республика Президентi белгiлеген тәртiппен респ. бюджеттi және оған енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге қатысу, парламентке республикалық бюджет және оның атқарылуы туралы есеп беру, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз ету; ҚР-ның қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру; мемлекеттік валюталық, қаржы және материалдық қорларының құралуы мен пайдалануы кезiнде заңдылықтың сақталуына мемлекеттік бақылау жасау; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру; баға құралуының мемлекеттік саясатын әзiрлеп, ұйымдастыру; мемлекет реттейтiн баға қолданылатын өнiмдердiң, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң номенклатурасын белгiлеу; мемлекеттік меншiктi басқаруды ұйымдастыру, оны пайдалану шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру, мемлекеттік меншiк құқығының қорғалуын қамтамасыз ету; еңбекке ақы төлеу, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесi мен шарттарын айқындау; мемлекеттік аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, iске асыру; аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың аймақаралық мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi; ғылым мен техниканы дамыту, жаңа технологияларды енгiзу, мәдениеттi, бiлiм берудi, денсаулық сақтауды, туризм мен спортты дамыту жөнiндегi мемл. саясатты айқындап, iске асыру; табиғат қорлары мен қоршаған табиғи ортаны оңтайлы пайдалану және қорғау шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру; құқықтық реформалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және заңдылық пен құқықтық тәртiптi сақтау, ҚР-ның қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, аумақтық тұтастығын сақтау және қорғау, ҚР-ның мемлекеттік шекарасын күзету шараларын әзiрлеп, iске асыру; келiссөздер жүргiзу және үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдау; ҚР-ның шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуын қамтамасыз ету; сыртқы экономикалық саясатты iске асыру шараларын әзiрлеу; сыртқы сауданы дамыту шараларын қолдану; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық пен өзара iс-қимылды жүзеге асыру; Конституциямен, заңдармен және президент актiлерiмен жүктелген өзге де қызметтердi орындау. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде конституцияда және үкiмет туралы конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты. ҚР-ның Премьер-Министрi үкiмет қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық етедi, оның жұмысы үшiн жауап бередi, Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары жөнiнде баяндайды, қаулылар шығарады. Үкiмет мүшелерi өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды, Олар өздерiне бағынышты мемлекеттік органдардың жұмысы немесе тапсырылған жұмыс аясы үшiн Премьер-Министрдiң алдында жауап бередi. Парламенттiң әрбiр палатасы үкiмет мүшелерiнiң қызметтерi жөнiндегi есептерiн тыңдауға хақылы. Үкiмет мүшесi заңдарды орындамаған жағдайда депутаттар оны қызметтен босату жөнiнде Президентке мәлiмдей алады. Үкiмет ҚР Конституциясы, заңдары, ҚР Президентiнiң нормативтiк жарлықтары негiзiнде және солардың орындалуы үшiн өз құзыретi шегiнде бүкiл мемлекеттік аумағында мiндеттi күшi бар Үкiмет қаулылары мен Премьер Министрдiң өкiмдерiн шығарады, олардың iске асырылуын қамтамасыз етедi. Бұл қаулылар мен өкiмдер Конституцияға, заңдарға, Республика Президентiнiң актiлерiне қайшы келмеуге тиiс.

Құрылымы

Министрлiктiң және өзге де орт. атқарушы органдардың басшылары болып табылатын үкiмет мүшелерi: тиiстi мемл. органдарға басшылықты жүзеге асырады; өз құзыретi шегiнде дербес шешiмдер қабылдайды; ҚР Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне жүктелген бағынышты мемл. органдардың жұмысы үшiн, сондай-ақ, тиiстi мемл. органдардың қарауына жататын мемлекеттік басқару аясындағы iстiң жайы үшiн дербес жауап бередi; ҚР заңдарының, ҚР Президентi мен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi. Министр ҚР Конституциясында көзделген ретте (37-бап, 6-тармақ) өз қызметiнiң мәселелерi жөнiнде парламент палаталарына есеп бередi.Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. Қазiргi кезде республикалық бірнеше орталық атқарушы органдары жұмыс iстей

Қазақстандағы сайлау жүйесі

Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау қүқыгы нсгізімдо өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті. Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде Қазақстан азаматтық партиясы, Қазақстан халықтық республикалық партиясы, Отан республикалық саяси партиясы, Қазақстан аграрлық партиясы жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.

Алдыңғы саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атқарушылық билік мазмұнының конституциялық- құқықтық дәрежесі. Үкіметтің міндеттері мен атқаратын функциялары
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Атқарушы биліктің орталық органдары
Қазақстан Республикасын құқықтық мемлекет ретінде орнықтырудың конституциялық негіздері
Атқарушы билік
Өкілетті органдар
Парламенттің саяси жауапкершілігі
Атқарушы билік органдары туралы
ҚР-ның орталық атқарушы билік органдарының негізгі қызметтері мен мақсаттары
Мемлекет - мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы
Пәндер