Халықаралық капитал рыногы


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КАПИТАЛ РЫНОГЫ
4. 1. Халықаралық капитал қозғалысының түсінігі
Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралык. экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады.
Капиталды шетке шығару дұниежүзілік шаруашылықты терең-дете дамыту кезеңіндегі тауарды шетке шығару монополиясын жойды. Тауарды шетке шығаруды толықтыра және негіздей отырып, ол ХЭҚ жүйесінде анықтаушы қызметін атқара бастайды. ОЭСР бағасы бойынша, 80-жылдары (1983 жылдан) тікелей инвестиция-лардың орташа жылдық өсу қарқыны 34% тең болып, ол әлемдік сауда өсім қарқынынан 4 есе көп болды. 90-жылдар басындағы қысқа мерзімдік дағдарыстан кейін, ол қайтадан әлемдік сауда айналым өсімінен артық бола бастады.
Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың іс-әрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыс-тарын дамытуда анықтаушы элемент болып табылады.
Капиталды шетке шығару - бұл жұйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдын шет елге ауысуын (капиталды шетке шығару) дегеніміз - бір елдін ұлттык әйналымынан капиталдын бір бөлігін алып. оны кабылдаушы елдін өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар (акшалай, тауарлы) аркылы ауыстыру процесін айтамыз. Бір елден екінші елге капитал ауысуы, ең алдымен, шығарушы елдің экономикалық дамуының сыртқы саудаға қараганда өсу қарқыны жогары болғанымен байланысты. Капитал экспортының қажеттігі дамыған елдерде капитал "молдығы" пайда болып, ол ұлттық экономикадағы пайда нормасының төмендеуі, оның массасының жоғарылауымен өтелмейтіндігіне байланысты болды. /
96
Капиталды шетке шығару мүмкіндігінің пайда болуы XIX ғасыр соңында бірқатар артта қалған елдердің дүниежүзілік шаруашылық-қа тартылуына, олардың көбінде басты теміржол желілері салынып немесе салына бастауына, өндірістің дамуының қолайлы жағдай-лармен қамтамасыз етілуі мен жергілікті ақшалай қорлану қаржы-лары пайда болып, оны тауарлы өндірісті к, арқынды дамуына қосылуға дайын болуына байланысты болды.
Статистика мәліметтері бойынша, соғыстан кейінгі жылдары сыржы сауда көлемдері тұрақты өсіп оъырды, бірақ көбінесе бұл өсім капитал ауысуымен байланысты болды, басқаша айтқанда капитал экспорты тауарды шет елге шығаруды ынталандырудың құралы болған. БҮЛ төмендегі жағдайлар негізінде жүргізіледі:
- капиталды шетке шығару тауарлы формада, мысалға машина,
құрал-жабдық және т. б. түрде жүзеге асырылды;
- капиталды шетке шығару - бұл несиелеуші елде тауардысатып алу үшін несиелер беру;
- капиталды шетке шығару - трансұлттық компанияларшеңберінде ішкіфирмалық тауарлар ауысуы арқылы болды.
Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдіңтауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құрал-жабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасының темендеу тенденциясы тоқтатылды.
Назар аударатын тағы бір жағдай, қазіргі кезеңде егеменді елдер арасындағы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.
Капиталды шетке шығару себептері.
Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор-елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда алу үшін жүзеге
асырылады.
90-жылдарға дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор келемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталуда. АҚШ-тың өзінде 1995 жылы олардың активтері 8 трлн. доллардан асып түсті.
ХХ-ғасырдың екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі есуде. Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен
97
4. 4. Әлемдік қарыз капиталының рыногы
Елдер арасындағы ақша капиталының миграциясы әлемдік қарыз капиталы рыногының механизмі арқылы жүзеге асырылады. Бұл рынок әр түрлі елдердің қарыз берушілер мен қарыз алушыларының қарыз капиталына деген жиынтық сұраныс пен ұсыныстан тұрады. Оның негізгі функционалды мақсаты - әлемдік деңгейде қаржы ресурстарын жинақтау мен оны бөлу.
Қарыз капиталы несиелерді ақшалай немесе тауарлы тұрде, шетелден жоғары пайыз алу мақсатында беру. Әлемдік қарыз капиталының рыногын қалыптастыру дұниежүзілік шаруашылық кешенінің негізі болып табылады.
Қарыз капиталының халықаралық қозғалысы мемлекетаралық несиелер мен банк депозиттерімен байланысты. Осы рынок біртұтас рынок ретінде қызмет етпейді. Ол әлемдік қаржы институттарын ғана емес, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырушы компаниялар пайдаланатын ұлттық несиө рыноктарын да қамтидьі^
Қарыз капиталының әлемдік рыногы елдер арасындағы қарыз капиталының қорлануы мен қайта бөлуіне қатысты жүйені құрап және әрекет етуші капитал айналымына қызмет етеді. Егер бір жерлерде қаржының бір бөлігі босаса, екіншісінде оған деген сүраныс туындауы мүмкін.
Қажетті валютаны валюта рыногында сатып алуға немесе оны қарызға алуға болады. Осы мақсаттар үшін әлемдік қарыз капиталы рыногы немесе банк несие рыногы қыз. лет етеді, Осы рыноктың
қалыптасуының алғышарттары халықаралық деңгейде несие катынастарының тез дамуы болды. Әлемдік қарыз капиталы рыногы дамыған елдердің - АҚШ, Англия. Франция, Германия, Швейцария сияқты елдердің үлттық рыноктары негізінде пайда болып, әлемдік шаруашылық шеңберінде капитал ауысу жүйесін қалыптастырды. БҮЛ өндірісі дамыған елдер рыноктарының бірігуінің табиғи процесін көрсетеді. Қарыз капитал рыногынын қалыптасуының объективті негізі халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірістің интерүлттан-дыруының әрі қарай дамуы болды.
Әлемдік қарыз капитал рыногының қарыз алушы мен қарыз беруші арасындағы делдалдық қызметті атқаратын, маманданған қатысушылар негізінде, өзіндік ерекше басқару қүрылымы бар^ Олардың қатарына қаржы компаниялар, қор биржалары, ірі трансұлттық банктер мен басқадай қаржы-несие ұйымдар кіреді. Осы қаржы үйымдары, ресми институттар, жеке меншік корпорациялар, зейнет қорлар, банктер, сақтандыру компаниялары әлемдік рынокқа келетін капиталдардың зор көлемін шоғырландырады. Әлемдік капитал рыногында негізгі қарыз алушыларға мемлекеттік органдар, ТҰҚ, халықаралық және аймақтық ұйымдар кіреді.
Қазіргі уақытта әлемдік қарыз капитал рыногына бірқатар халықаралық қаржы ұйымдары кіріп, олар әлем бойынша зор көлемде қарыз капиталын жинап, оны қайта бөлуді жүзеге асырады. Осы орталықтарда валюталық, депозиттік, несиелік, эмиссиялық және сақтандыру операцияларының басым бөлігі іске асырылуда.
Әлемнің ең маңызды қаржы орталығы АҚШ-тың сыйымды капитал рыногы бар Нью-Йорк болып табылады. Нью-Йорктық қор биржасы әлемдегі ең ірі қор биржасы болып табылады.
Еуропада алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып Лондон саналады. Өйткені ол валюталық, депозиттік және неиселік операциялар бойынша бірінші орын алады. Осы жерде ірі бағалы металдар рыногы орналасқан. Сонымен бірге Батыс Европада ұзақ мерзімдегі несиелер беруге маманданған Цюрих пен Франкфурт-тағы-Майн, қысқа және орта мерзім несие операцияларын жүзеге асыратын Люксембург ірі қаржы орталықтары бола бастады.
Соңғы онжылдықтарда Шығыста - Токио, Сингапурда, Гонконгта жаңа қаржы рыноктары пайда болды. Оған Жапонияның және басқа Азия аймағындағы экономиканың қарқынды өсуі әсер етеді. Өйткені олар әлемдік саудада өз позициясын нығайтып, батыс елдері сияқты несиелеуші бола бастады.
114
115
4. 8. Халықаралық қаржы дағдарысы жәнө оның әлемдік капиталдар рыногына тигізген әсері
Шығыс және Оңтұстік-Шығыс Азия аймағында және бірқатар елдерге әсер еткен қаржы-экономикалық дағдарысы бұл құбылыстың әлемдік экономикадағы жалпы процестерімен тығыз байланыстығын айқындады.
Дағдарыс жаңа индустриалды елдердің бәріне әсер еткен жоқ. Оның орталығы Шығыс және Оңттстік Шығыс Азияның бес мемле-кеті: Оңтұстік Корея, Тайланд, Малайзия, Индонезия мен Филиппин сияқты елдер болды. Дағдарыстан ең көп зиян шеккен бұл топ елдерді ЕА-5 (Шығыс Азияның бес мемлекеті -Еазі Азіа) деп атап кетті. Дағдарысқа дейінгі кезеңде олар экономикалық дамуда зор табыстарға жетті. 1997 жылы жалпы халық саны 398 млн. адамға немесе әлем халқының 6, 9%-на жетті. Оларға әлемнің ЖҰӨ 3, 6%-ы, әлем саудасының 7%-дай, тікелей шетел инвестицияларының 6%, несиелер мен портфельді инвестициялардың 5, 2%-ы келеді.
ЕА-5 тобындағы дағдарыстың басталуы 1997 жылдың екінші жартысында Тайланд елінің ұлттық валютасы - бата бағамы төмендеуіне байланысты болды. Одан кейін дағдарыс басқа елдерге тарай бастады. Дағдарыс экспортқа бағытталған моделінің қарама-қайшылығы, инвестициялар динамикасының сәйкессіздігі, сыртқы рыноктарда сату жағдайының нашарлауы және т. б. құбылыстар айқын байқалды. Экспортқа бағытталу моделін жұзеге асыру, шетел инвестициялары мен технологиялар импорты және еңбекті қөп қажет ететін өндірістерді, еңбек кұшінің арзандығына байланысты дамытуға негізделген еді. Экономикалық сапа көрсеткіштері нашарлай бастады: өндірістің қор сіңіргіштігі мен еңбек сіңіргіштігі жоғарылай бастады. Мысалға, 1992-1996 жылы капитал қайтарымдылығы Оңтұстік Корея мен Тайланд елінде 40% азайып, еңбек кұшінің қымбаттауымен қосылып өндіріс шығын-дарының өсуіне әкелді, ал ол өз кезегінде бәсекелестігін төмен-детуге әкелді. І
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz