Қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну



1 Қылмысты квалификациялау мәселесі
2 Сотының қылмыстық істер туралы нормативтік қаулылары айналысады
3 Қылмыстық құрам белгілерінің мағынасын дұрыс түсінуде практика қызметкерлерінің атқаратын қызметі
Қылмысты квалификациялау мәселесі құрам элементтерінің жасалған қылмыстың белгілерімен сәйкестігіне қарай шешілетіндіктен, заң нормаларының мазмұнын дұрыс түсіну қажет болып табылады. Ерек-ше бөлім нормаларының диспозицияларында сол қылмыстың барлық элементтерін ашатын белгілер көрсетіле бермейді. Қылмыстық құқықта құрамның мағынасы оның таралу деңгейі, жекелеген қылмыстың құрам-дарына талдау жасау кезінде бір шама ашылады. Бірақ қылмыстық құқық оқулықтарында кейбір қылмыс құрамдарына, олардың белгіле-ріне түсіндіруме беру кезінде, осы қылмыс туралы ақиқат болмысын тануда қиындықтар туындайды. Әдетте баптың диспозициясында қылмыстың обьективтік жағының белгілеріне жататын әрекеттердің түрлері келтіріледі, бірақ кінә нысаны туралы ештеңе айтылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда заңды түсіндірушілердің арасында біркелкілік болмай, әркім осы қылмыста кездесетін кінә нысандарын әртүрлі анық¬тауы мүмкін. Мысалы мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария етуді қарастыратын Қылмыстық кодекстің 173 бабында немесе өзін-өзі өлтіру-ге дейін жеткізу қылмысына жауаптылық белгілеуге арналған 102 бап-та обьективтік жақтың белгілерін білдіретін әрекеттер түрлері келтіріл-генмен, бұл қылмыстардағы кінә нысаны туралы ешнәрсе айтылмайды.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
§5. Қылмыстық қү_рамның мазмүлын түсіну

Қылмысты квалификациялау мәселесі құрам элементтерінің жасалған қылмыстың белгілерімен сәйкестігіне қарай шешілетіндіктен, заң нормаларының мазмұнын дұрыс түсіну қажет болып табылады. Ерек-ше бөлім нормаларының диспозицияларында сол қылмыстың барлық элементтерін ашатын белгілер көрсетіле бермейді. Қылмыстық құқықта құрамның мағынасы оның таралу деңгейі, жекелеген қылмыстың құрам-дарына талдау жасау кезінде бір шама ашылады. Бірақ қылмыстық құқық оқулықтарында кейбір қылмыс құрамдарына, олардың белгіле-ріне түсіндіруме беру кезінде, осы қылмыс туралы ақиқат болмысын тануда қиындықтар туындайды. Әдетте баптың диспозициясында қылмыстың обьективтік жағының белгілеріне жататын әрекеттердің түрлері келтіріледі, бірақ кінә нысаны туралы ештеңе айтылмауы мүмкін. Мұндай жағдайларда заңды түсіндірушілердің арасында біркелкілік болмай, әркім осы қылмыста кездесетін кінә нысандарын әртүрлі анықтауы мүмкін. Мысалы мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария етуді қарастыратын Қылмыстық кодекстің 173 бабында немесе өзін-өзі өлтіру-ге дейін жеткізу қылмысына жауаптылық белгілеуге арналған 102 бап-та обьективтік жақтың белгілерін білдіретін әрекеттер түрлері келтіріл-генмен, бұл қылмыстардағы кінә нысаны туралы ешнәрсе айтылмайды. Қылмыстық құқық мамандарына, практика қызыметкерлеріне осы қылмыстағы кінә түрлерін анықтау қажеттілігі туындайды. Бұл біріншіден, екіншіден қылмыс құрамының мазмұнынын түсіну мәселесі баптың диспозициясында келтірілген белгінің мағынасын ашу, дұрыс түсінуге де байланысты туындайды. Мысалы азаптау қылмысын қарастыратын 107 баптың диспозициясындағы ұдайы ұрып-соғу ретінде кем деген-де неше рет ұруды түсіну керек деген де мәселе туындауы мүмкін. Осындай құрам элементтерін дұрыс түсінуге қатысты мәселе қылмыс субьек-тісіне байланысты да туындап, жалпы субьекті түрінде анықтау немесе арнайы субьектілерді де қосу туралы ұсыныстар туындауы мүмкін. Демек қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну мәселесі екі жағдайда да, яғни белгі баптың диспозицияда көрсетілсе де, көрсетілмесе де туын-дай алады. Бұл бір жағынан алғанда заңды құбылыс. Өйткені бұдан бұрынғы бөлімдерде айтқандай Ерекше бөлімнің баптары қылмыс құра-мының элементтерін толық көрсетіп беруді немесе диспозицияда аталғ-ан белгінің мағынасын ашып беруді міндет тутпайды. Бірақ бұл мәселені шешуде тек практика қызыметкерлерінің арасында ғана емес, Сондай-ақ қылмыстық құқық оқулықтарының арасында да алауыздық кез-десетін кездер болады. Мұны жағымсыз құбылыс деп бағалау керек. Себебі қылмыс құрамының мазмұнын түсінуде әркелкі пікірлердің болуы қылмысты квалификациялау барысына әсер етіп, заңдылық қағида-сының бұзылуын білдіреді. Қылмыстық құрамдардың анықталуы не-месе қылмыстың түрін белгілеу, ол жеке адамдардың көзқарасына, ер-кіне тәуелді болмауы керек. Демек, бұл мәселеде ортақ шешім, бір үлгі өмір сүруі керек болып табылады.

Бұл міндетті шешудің бірнеше амалдарын келтіруге болады. Біріншіден, заң нормалары заң шығарушының ой жұмысының жемісі емес, ол қоғамдық болмыс ақиқатын анықтау бағытындағы қызметтің бір түрі екендігін ескеру керек. Құқық нормалары қоғамдық дамудағы обьективтік заңдылықтарды бейнелейді, яғни құқық ескі замандағы немесе болашақтағы болмыстрды емес, осы уақыттағы жағдайларды көрсетте білуге міндетті. Қү_қық нормаларының мағынасын түсіну-бү_л осы норманы келтірудің негізі ретінде қандай қоғамдық қү_былыс немесе обьективтік заңдылық алынғандағын және осы норманы үхынуда заң шығарушының қандай мақсатты көздегенін білу болып табылады. Сонда ғана құқық нормаларын қолданушы осы норманың арналуын, яғни оның қандай жағдайда қолданылатынын, бұл норманың таралу деңгейін немесе әлеуметтік- құқықтық мағынасын дұрыс түсіне алады. Жоғарыда мысал ретінде келтірілген адамды өзін-өзі өлтіруге жекізу үшін жауаптылықты көздейтін құқық нормасының таралу діңгейінде адамға қатыгездікпен қарау әрекетінің ауыр салдарға соқтыруы мүмкіндігі үшін жауаптылық мәселесі көзделіп отыр. Бұл қылмыстың табиғатында адамды өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу әрекеттерінің кінә нысандары бойынша негізінен абайсыздықпен, ал кейбір жағдайларда жанама қасақаналықпен жасалуы екендігін көрсету жа-тыр. Себебі адамдар бір-біріне қатігездік, үнемі ұрып-соғу, кемсіту әрекеттерін жасағанда, ол өзін-өзі өлтірсін деп тілемеуі мүмкін. Кінәлі адам мұндай зардаптардың болуы мүмкін екендігін көре білмеуі, көре білгенмен, ондай зардаптар болмас деп есеп жасауы немесе зардаптың туындауына мэн-мағынасыз, бәрібір деп қарауы да мүмкін. Бұл қылмыс құрамының жәбірленушінің өзін-өзі өлтіруге бағытталғандығы үшін кінәліге жауаптылық көздеуінің басты негізі, шындап келгенде зардап түрінде немесе зардапқа деген ой-қатынаста емес, ол кінәлінің жасаған іс-әрекеттерінің қауіпті және заң қорғайтын мүдделерге қарсы болуы-ның нәтижесінде ауыр зардапқа соқтыру мүмкіндігінде жатыр. Сондықтан қылмысты квалификациялау мәселесінде кейбір құрамдардың белгілерін түсіну, таралу деңгейін анықтау қиындық тудырғанда құқық нормаларының аралауына, бағытына сүйену керек.

Екіншіден, қылмыстық құрамның мазмұнын түсіну мәселесі заңның баптарында келтірілген, бірақ мағынасын түсіндіруді қажет ететін белгілер кездескенде пайда болады. Яғни белгінің атауына қарап, оның мағынасын бірнеше түрде түсінуге болатын кездер болады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 296 бабы 1 бөлімінің диспозициясы автомобильді, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, ... зиян келтірсе деп бейнеленген. Мұндай жағдайдағы әрекеттерді квалификациялауда трактор, мотоцикл тәрізді құрал-дар басқа да механикалық құралдар түріне жата ма деген сұрақ ту-ындауы мүмкін. Заң шығарушы баптың диспозициясына берілген белг-ілерді біркелкі түсінбеушілік орын алуы мүмкін дегенде, ол бапқа ес-кертпе қосып, түсіндіруді талап етіп отырған белгіге арнайы түсінік береді. Жоғарыда аталған 296 бапта да ескертпе келтіріліп, онда басқа техникалық құралдар ретінде нені түсіну керек екендігі айтылады.

Мағынасын түсінуге қиындық тудыратын белгілердің барлығына баптың астында ескертпе келтіріле бермеуі де мүмкін. Баптарға түсіндіру бағытындағы ескертпелер кейде практика қызметкерлерінің сұранысы-нан, олардың қызметінде осы белгіні қате ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамдарының белгілері және түрлері
Қылмыстық заң бойынша қылмыс құрамдарының белгілері
Қылмысты ашу
Мемлекеттік құпияны жария ету
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмыс құрамының ұғымы
Қылмыстық құқық жайлы
Қылмысты саралаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы
Қылмыстық құқық теориясындағы қылмысты саралау
Пәндер