Бұрыштама


Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бұрыштама.

Бұрыштаманың құрамына орындаушының (орындаушылардың) тегі, тапсырманың (тапсырмалардың) мазмұны, орындалу мерзімі, қойылған қолы, уақыты енеді. Тапсырма лауазымы тең екі немесе бірнеше тұлғаға берілген жағдайда, егер басқасы бұрыштамада көрсетілмесе, жауапты орындаушы тапсырмадағы бірінші көрсетілген тұлға болып табылады.

Бұрыштама құжаттың бірінші парағына, оның жоғарғы бөлігіндегі мәтіннен бос орынға қойылады. Бұрыштаманы кіріске алынған тіркеу нөмірін бұрыштамаға қатысты және құжат деректемелері туралы белгілерді (авторды, құжаттың шығыс нөмірі мен уақытын) міндетті түрде көрсете отырып жеке бланкіде (фишкіде) ресімдеуге болады.

Бұрыштама ұйымда қалатын құжат данасының оң жақ бетіне (жоспардың жобасына, есептерге, хаттарға және басқалары) қолдың төменгі жағына қойылады. Басқарушылық құжат жобасына бұрыштама бірінші данасына ғана қойылады. Басқарушылық құжаттың соңғы парағының теріс жағына да бұрыштама қоюға рұқсат етіледі.

Бұрыштаманың құрамына бұрыштама қоюшының қолын, уақыты, қажет жағдайда қолтаңбаның мәні (есімнің бас әріптері мен тегі) бұрыштама қоюшы тұлғаның лауазымын көрсету жолымен ресімдеу енеді. Құжат жобасына қатысты ескертулер, пікірлер, толықтырулар құжат жобасына сәйкес белгілер қою жолымен, жеке парақта ресімделеді.

БҰРЫШТАМА

Ш. Құдайбердиев атындағы

Семей мемлекеттік

университетінің ректоры,

проф. А. С. Садықовқа

қазақ тілі кафедрасының

оқытушысы А. Шағырбаевадан

Өтініш

Мені отбасылық жағдайыма байланысты 20 қаңтардан 27 қаңтарға дейін ақысысз демалысқа жіберуіңізді сұраймын.

18. 01. 2010 ж қолы А. Шағырбаева

Өтініш

Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек-өтінішті білдіретін құжат.

Өтініштің құрылымы:

  • мекеменің толық атауы;
  • басшының қызметі, атағы, аты-жөні;
  • құжаттың атауы;
  • мәтіні;
  • жазылған мерзімі;
  • өтініш иесінің қолы.

Өтініш - ресми іс қағаздарының бірі. Ол қызметке орналасқанда, демалыс сұрауда, қандай да бір көмек сұрауда, жұмыстан шығарда, бір қызметтен екінші бір қызметке ауысуда және тағы басқа жағдайларда жазылады.

Ең алдымен, қағаздың оң жақ бұрышына кімге және кімнен екені жазылады. /барыс және шығыс септіктерінде/. Сосын қағаздың ортасына «Өтініш» деген сөз және азат жолдан өтініштің мәтіні жазылады. Соңында күні, айы, жылы көрсетіліп, өтініш иесінің қолы қойылады.

Өтінішке мекеме басшысы бұрыштама қойғаннан кейін, сол өтініш бойынша бұйрық шығарылады. Өтініш таза қағазға, кейде арнайы бланкке жазылады.

«Адал» фирмасының басшысы

О. Жұбанов мырзаға

Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы,

15-үй, 45-пәтерде тұратын

Досанова Сәуледен

Өтініш

Мені 2009 жылдың 15 ақпанынан бастап лаборант қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

14. 02. 2009 ж. Өтініш іесі:

Түйіндеме (Резюме)

Резюме (фр. тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) . Түйіндеме - белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- аты-жөні; - туған жылы, күні, айы, туған жері; - ұлты; - жынысы; - мекен-жайы, телефоны; - отбасы жағдайы; - азаматтығы; - білімі; - бітірген оқу орындары; - кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; - тілдік дағдылары; - компьютерлік сауаттылығы; - жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б. ) - қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б. ) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т. б. )

Т Ү Й І Н Д Е М Е

Аты-жөні: Сұлтанова Назира Айханқызы

Туған жылы, күні, жері : 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрыштама қандай құжат
Туризм саласындағы іс-құжаттар
Теодолит, оның құрылысы және жұмыс істеу принциптері
Кәсіпкерлік туристік фирма жоспары
Құжат нысандары мен деректемелері
Қызметтік хаттар
Ресейдің туристік формальділігі
Анықтамалық-ақпараттық құжаттар
ФАКСИМАЛЬДІ АҚПАРАТ ТАРАТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫНЫҢ ПРИНЦИПИАЛЬДІ СХЕМАСЫН ҚҰРУ
Өкімдік құжат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz