Жер астын шаймалау — уран өндірісіндегі ең қауіпсіз әдіс
1 Қазақстанның құтты қойнауы жер асты қазба байлықтары
2 Табиғи уран шығару және оны өңдеумен айналысатын кәсіпорындар
3 Жер асты шаймалау әдісі
4 “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының кәсіпорындары жұмыс жасайтын аймақтар

Қазақстанның құтты қойнауы жер асты қазба байлықтарына бай екендігін мақтаныш етеміз. Ол — мемлекеттің, елдің ырысы. Бүкіл әлемді тітіреткен, Америка секілді алпауыт мемлекетті шайқалтып, шаңын сіліккен дүниежүзілік дағдарыстың суық нышандары Қазақстанда да аңғарылып жатыр. Біздің елдің бақыты уақытында қазба байлықтарымыздың есебінен – Ұлттық қор жасақтап алғанымызда. Елінің серкелері әрі тарт пен бері тартқа салған Украина сияқты мемлекеттер ұлттық қоры жоқтықтан девальвацияны шарықтау шегіне жіберді. Көршілерімізде сансырап қалды. Ұлттық қор – Елбасымыздың әртүрлі дағдарыстардың алдын алуға жасаған қадамы екендігін жұрт енді анық ұғынып жатыр.
Мұнай, көгілдір отын, алтын мен мыс сияқты уран – Қазақстанды әлем алдында айдындандырып отырған байлығы. Қазақстанның ураны өркениетті елдердің электр энергиясын өндіруінде үлкен кәдесіне жарап тұр. Елбасының Үндістанға сапарында да мемлекетаралық әріптестік саясатында уран өндірісіне үлкен көңіл бөлінді.

Пән: Геология, Геофизика, Геодезия
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
ЖЕР АСТЫН ШАЙМАЛАУ — УРАН ӨНДІРІСІНДЕГІ ЕҢ ҚАУІПСІЗ ӘДІС
Қазақстанның құтты қойнауы жер асты қазба байлықтарына бай екендігін мақтаныш етеміз. Ол — мемлекеттің, елдің ырысы. Бүкіл әлемді тітіреткен, Америка секілді алпауыт мемлекетті шайқалтып, шаңын сіліккен дүниежүзілік дағдарыстың суық нышандары Қазақстанда да аңғарылып жатыр. Біздің елдің бақыты уақытында қазба байлықтарымыздың есебінен – Ұлттық қор жасақтап алғанымызда. Елінің серкелері әрі тарт пен бері тартқа салған Украина сияқты мемлекеттер ұлттық қоры жоқтықтан девальвацияны шарықтау шегіне жіберді. Көршілерімізде сансырап қалды. Ұлттық қор – Елбасымыздың әртүрлі дағдарыстардың алдын алуға жасаған қадамы екендігін жұрт енді анық ұғынып жатыр.
Мұнай, көгілдір отын, алтын мен мыс сияқты уран – Қазақстанды әлем алдында айдындандырып отырған байлығы. Қазақстанның ураны өркениетті елдердің электр энергиясын өндіруінде үлкен кәдесіне жарап тұр. Елбасының Үндістанға сапарында да мемлекетаралық әріптестік саясатында уран өндірісіне үлкен көңіл бөлінді.
Осылай бола тұра, біздің қадірменді азаматтарымыздың тарапынан уран өндірісінің халыққа залалы жөнінде жайсыз әңгімелер айтыла бастады.
Бір қызығы, айқайға сүрен қосып жүргендердің біразының уран өндіруіндегі жұмыс тәжірибесі жөнінен түсінігі жоқ. “Қазатомөнеркәсіп” ұлттық компаниясы” АҚ президенті Мұқтар Жәкішев олардың бірпарасын уран өндіріп жатқан Созақ өндірісіндегі кәсіпорындардағы экологиялық ахуалды өз көзімен көруге сан рет шақырды. Осындай ұсыныс уран өндірісінің бел ортасында жүрген басшы Марат Ниетбаевтың тарапынан да ұсынылды.
Созақтың ураны Кеңес өкіметі кезінде де игерілген. Бірақ, жергілікті тұрғындардан рұқсат сұралмайтын және мемлекеттің қажеттілігі болғаннан кейін ешкім тырс деп үн шығармайтын.
Ал, “Қазатомөнеркәсіп” компаниясы жұмысында жұрттан бүкпе жоқ. Ең алдыңғы орынға қоршаған ортаның тазалығы мен адамдардың амандығын қояды. Мұны жақсы түсінетін елшіл әкім Созақбай Әбдіқұлов ұлттық компаниямен түсіністік жағдайда жұмыс істеп отыр. Өз қалтасынан халық пайдасын артық қоятын аудан әкімімен уран өндіруші кәсіпорындар да тығыз байланыста. Соның арқасында ауданға үлкен инвестиция тартылуда. Ұлттық компанияға жұмысқа тартылған жұмысшылардың жетпіс пайызға жуығы Созақ ауданының азаматтары. Мектеп түлектерінің алды Франция сияқты мемлекеттерде білім алып, елге оралды. Уран өндірісінде табысты жұмыс істеп жатыр.
Уран өндіру мемлекетімізге, оның тінін құраған қазаққа керек пе, әрине керек. Сол уран — кейбір азаматтарымыз айтып жүргендей соншалықты қауіпті ме?!
Уран өндіретін кәсіпорынның бел ортасында жүрген кәсіби маман ретінде осы сұрақтарға анығырақ жауап бергім келеді. Ең басты айтарымыз, уран өнімін өндіруші “Қазатомөнеркәсіп” компаниясы жұмыс орнындарында жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету, жергілікті халық пен жұмысшылардың денсаулығын сақтау, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану саясатын ұстанады. Қоғам мен болашақ ұрпақтың алдында жауапкершілігін толық сезініп, өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін бақылау және оны төмендетуге бағытталған іс-шараларды толық жүзеге асырады.
Табиғи уран шығару және оны өңдеумен айналысатын кәсіпорындар “Қоршаған ортаға әсерін бағалау” бөлімі бар жобалар бойынша салынады. Әр жағдайда, коғам өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және басқа да мүдделі жақтарға, кәсіпорынның “Қоршаған ортаға әсерін бағалау” материалдары ұсынылып, қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, нәтижесі жобаның бөлінбес бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделіп отырады. Бұл құжатсыз жобаны Мемлекеттік экологиялық сараптаудан өткізу, яғни кәсіпорынды салу мүмкін емес.
2002 жылы, Кеңес Одағы кезінен бері уранды өндіріп жатқан “Қанжуған”, “Уанас” және “Мыңқұдық” кен орындарында жерасты шаймалау әдісімен уранды өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау” тақырыбы бойынша, зерттеу жұмыстары аяқталды. Осы жасалған зерттеу жұмыстарының есебіне берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік экологиялық сараптамасының 2002 жылғы 28 тамыздағы №09-1276 қорытындысында былай жазылған: “... уранды кен орындарын жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен пайдаланудың ерекшеліктерін ескере отырып және зерттеу жұмыстарының есебінде көрсетілген оның қоршаған ортаға әсерінің фактілеріне сүйене отырып, жақын маңайда орналасқан елді мекендердегі халықтың денсаулығына қауіптілігі жоқ. Бұл кен басқармалары мен облыстық санэпидемқадағалау арнайы қызметтерінің топыраққа, ауаға және табиғи су көздеріне үнемі жүргізілетін радиациялық бақылауларының нәтижелерімен де расталады”.
Осы тақырыптағы зерттеулердің нәтижелері Халықаралық атом энергетикасы агенттігінде (МАГАТЭ) баяндалып, оң бағаға ие болды.
1999 жылдың қыркүйек айында швед және фин мамандары “Ядролық отын және қоршаған орта” жобасы аясында “Қазатомөнеркәсіп” компаниясының кәсіпорындарында тексеру өткізген болатын. Тексерудің нәтижесі бойынша кәсіпорындар аталған жобаның талаптары мен өлшемдеріне толық сәйкес келеді деген қорытынды жасалынды.
Жер асты шаймалау әдісі – уран өндірудің ең таза әдісі. Бұрғыланған ұңғымалар арқылы кенді қабаттарға күкірт қышқылы құйылмайды, тек оның 2 пайызды судағы ерітіндісі құйылады. Химиялық реакциялар нәтижесінде қышқылдың молекулалары уранның молекулаларымен қосылып, кешенді күрделі қосылыстары бар ерітінді түзеді. Одан әрі түзілген ерітінді өңдеу үшін жердің бетіне шығарылады. Жер асты шаймалау үдерісі жабық топтамадан тұрады. Кенді қатпарға канша қышқыл ерітіндісі құйылса, кенді қатпардан сонша ерітінді кайтадан алынады. Реакцияға қосылмаған әлсіз қышқылды ерітіндінің азын-аулақ мөлшері, табиғи карбонаттардың бейтараптануымен тұз, көмірқышқыл газы және суға 10-15 жылдың ішінде айналып бітеді.
Жерасты шаймалау жұмыстарын жүргізген кезде технологиялық ерітінділердің жайылуын бақылап отыру үшін, полигоннан 50-200 метр қашықтықта орналасқан бақылаушы ұңғымалардан әрдайым алынып отыратын сынамалардың химиялық құрамының, осы қабаттардағы жерасты cуларының химиялық құрамымен бірдей болуы осыған куә.
“Қазатомөнеркәсіп” компаниясы кәсіпорындарында радиациялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Табиғатты қорғау ұйымдарының, санэпидемқадағалау органдарының, аудандардың арнайы прокуратурасының, еңбекті және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жергілікті өкілдерінің, сонымен қатар, атом энергетикасы халықаралық агенттігінің тексерулері нәтижесінде жазылған ресми актілері осының айғағы. Тексеру барысында анықталған барлық ескертулер белгіленген мерзімде жойылып отырады.
“Қазатомөнеркәсіп” компаниясының кәсіпорындары 2006-2007 жылдар аралығында сапа менеджменті (ІSO 9001), кәсіби қауіпсіздік пен денсаулықты қорғау менеджменті (OHSAS 18001) және экологиялық менеджменті (ІSO 14001) жүйелерін енгізіп, өнім сапасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласында халықаралық және Қазақстан Республикасының стандарттарына сай сертификаттаудан өтті. Бұл Компанияның жұмысы Қазақстан Республикасында және шетелде де қойылатын барлық қажетті талаптарға сәйкес келетінінің дәлелі.
Радиациялық бақылау, радиациялық қауіпті нысандарды жобалау кезеңінен бастап, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі бөлігі больп табылады. Радиациялық қауіпті нысандардың тізімі және көлемі, өлшеу мерзімдігі мен бақылаудың деңгейі облыстық санэпидемқадағалау органдарының радиациялық бақылау бөлімдерімен жыл сайын бекітіліп, бұлжытпай орындалып отырады.
Компанияның уран өндіруші кәсіпорындарындағы физикалық және радиациялық зиянды көрсеткіш шектері Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен бекітілген. 2000 жылғы 1 қаңтарда енгізілген радиациялық қауіпсіздік мөлшерлерінен (НРБ-99) бірталай төмен. Бұған дәлел, жаңа айтылып өткен мемлекеттік деңгейдегі нормативтік құжат бойынша “А” топтағы жұмысшылардың (радиациялық белсенді заттармен тікелей жұмыс істейтін жұмысшылардың) шекті дозасының жылына 20 мЗв-ке тең болса (осы деңгей адамның денсаулығына зиян келтірмейтін және мутагендік өзгерістерге апарып соқпайтын радиация деңгейі деп анықталған), ал компанияның кәсіпорындарында бұл көрсеткіш жылына 4-5 мЗв-ке дейін азайтылған және бақылау деңгейі ретінде қабылданып, осы көрсеткіштен асып кетуі радиациялық апат ретінде саналып, тексеру жүргізіліп отырады.
Компания кәсіпорындарының “А” топтағы жұмысшылары толығымен жеке дозиметрмен қамтамасыз етілген. Жеке дозиметрлердегі қабылданған радиация мөлшері арнайы лицензиясы бар мекемелерде анықталады. Жеке дозиметр дегеніміз, жұмысшылардың кеудесіне тағылып, адамның белгілі бір уақытта қанша мөлшерде радиациялық доза қабылдағанын көрсететін құрал.
Осы күнге дейін алғашқы уран өндіруді бастаған кезден бастап компания кәсіпорындарында кәсіби аурулардың бір де біреуі анықталмаған.
Компанияның барлық кәсіпорындарында, жұмыс жүргізуде қауіпсіздікті бақылауды қамтамасыз ету үшін, өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздік декларациясы әзірленген. Сонымен қатар, мүмкін болатын радиациялық апаттарды жою үшін жаттығуды үнемі жүргізіп отыратын апаттан құтқарушы бригадалар ұйымдастырылған.
Тұрақты және уақытша жұмыс орындарында, санитарлық қорғау және селитебті аймақтарда тоқсан сайын радиациялық мониторинг өткізіледі. Эквивалентті дозаның қуаты (МЭД) мөлшерінің мыңдаған өлшемдері жасалынады. Ауаның, топырақтың, қыста қардың сынамалары алынып, радиациялық талдаулар жасалады. Компанияның кәсіпорындары осы деректерді халыққа жеткізу үшін материалдарды бұқаралық ақпарат кұралдарына жариялауға әрқашан да дайын.
Сонымен қатар “Қазатомөнеркәсіп” компаниясы кәсіпорындары орналасқан аудандарда радиациялық жағдай жөнінде халыққа мәлімет беру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен халықтың өтініші бойынша Тау-кен компаниясы қаражатына Шолаққорған, Жуантөбе ауылдарында дозиметр-көрсеткіш тақталар орнатылған. Көрсеткіш тақталар іске қосылған уақыттан бастап бір ретте жоғарыда аталған ауылдардың аймағында радиациялық табиғи ахуал деңгейінің көтерілуін және радиациялық жағдайдың өзгергенін көрсетпеді. Мысалы, Алматы каласының әр жерінде табиғи ахуалы сағатына 15 мкр-нен 22 мкр-ге дейін құбылып отырады, ал айтылып отырған ауылдарда қоғамдық дозиметрлер сағатына 11 мкр-нен 14 мкр-ге дейін көрсетеді. Бұл ретте бүкіл әлемде табиғи ахуалдың көрсеткіші сағатына 30-33 мкр-нен аспауы керек деп қабылданған екенін айта кету керек, Салыстырмалы түрде айта кететін болсақ, Франциядағы, Финляндиядағы және Швециядағы радиациялық табиғи фонның деңгейі бұл ауылдардағыдан 3-4 есе жоғары. Ал, Бразилияның Копакабана теңіз жағалауында 100 есе жоғары деңгейге дейін барады. Өздеріңіз білетіндей, бұл мемлекет өздерінің футболшыларымен бүкіл әлемге әйгілі.
“Қазатомөнеркәсіп” компаниясының кәсіпорындары жұмыс жасайтын аймақтарда халықтың денсаулығына және әлеуметтік деңгейді өз қалпында ұстауға әрдайым көңіл бөлініп отырады. Уран өндіру жұмыстарымен тікелей айналысатың жұмысшылар жұмыстың алдында күн сайын медициналық тексерілуден, жылына бір рет толық медициналық профилактикалық қаралудан өтеді. Зиянды заттардың әсері болмауы үшін жұмысшылар емдеу-профиликтикалық тағамдармен толық көлемде қамтамасыз етіліп отырады. Сонымен қатар, зиянды және қауіпті факторлардан сақтап қалу үшін жұмысшылар белгіленген мөлшерге сәйкес 100 пайызға жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тек Тау-кен компаниясына қарасты кәсіпорындар бойынша еңбек кауіпсіздігіне бөлінген және жұмсалған қаржы көлемі 2007 жылғы – 424 млн. теңгені, 2008 жылы — 567 млн. теңгені құрады, ал 2009 жылға 628 млн. теңге жоспарланып отыр, Бұл ретте қаражаттың басым бөлігі – 417 млн. теңгеге арнайы киім, аяқ киім және басқа да заманға сай жеке қорғаныш құралдарын сатып алуға және жұмысшыларды емдеу-профилактикалық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz