Атырау мұнай өңдеу зауыты


Атырау мұнай өңдеу зауыты-Қазақстандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының жоспарлы тапсырмасы негізінде 1943 жылы басталды. Зауыт құрылысы соғыс уақытының аса қиын жағдайында жүргізілді. Зауыттың техникалық жобасын американдық "Баджер и сыновья" фирмасы жасады. Ал оған түзетуді КСРО мұнай өнеркәсібі халық комиссариаты № 1 мемлекеттік тресінің жобалаушы ұйымы жүзеге асырды. Жергілікті жағдайға ыңғайлау жұмысгарының авторлары "Эмбанефтьпроектінің"жобалаушылары болды.
Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна мұнай болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дисгиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық вариант бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлықжәне қазандық отындарын шығарумен айналысгы. Батыс
Қазақстан аймағының дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллятты өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарайбастады.
Өткен ғасырдың 60-жылдары жаңа технологиялық қондырғылар салу арқылы мұнай өңдеу көлемін арттыру бағыты ұсталды. 1969 жылдан бастап 2006 жылды қоса зауытта мұнайды бастапқы өңдеу ЭЛОУ-АВТ-3, каталитикалық риформинг ЛГ-35-11/300, баяу кокстеу, мұнай коксын қыздырып шынықтыру, техникалық азот шығару, бензинді сутекпен тазарту және изомерлеу, дизель отынын сутекпен тазарту және парафинсіздендіру, сутек тазарту және шығару, түйіршіктеу блогы бар күкірт шығару қондырғылары салынып, пайдалануға берілді.
Зауыт 65 жыл ішінде отындық мақсатта мұнай өнімдерін шығаратын осы заманғы озық
кәсіпорынға айналды. Мұнай өңдейтін барлық технологиялық қондырғыларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру жөнінде көлемді жұмыстар жүргізіліп, жылдық қуатты 5 миллион тоннаға дейін өсіруге қол жеткізілді.
1999 жылдың ортасынан бастап зауыт акциясы бақылау пакетінің (86, 7%) ұстаушысы "ҚазақОйл"¥лттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамы, кейін "ҚазМұнайГаз" ¥К" акционерлік қоғамы болды. "ҚазМұнайГаз" Қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 2005 жылдан бастап 99, 17% үлесті иеленуші болып есептеледі.
Қарамай өндіруді төмендету бағдарламасы аясында баяу кокстеу қондырғысы мен АВТ-3 қондырғысының вакуум блогын кешенді қайта жаңғырту жобасын іске асыру басталды. Зауытты қайта жаңғыртудың екінші кезеңі - хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы өз бастауын алды.
1. АИ-80, АИ-92, АИ-96, Нормаль-80, Регуляр-92, Премиум-95, Супер-98 маркалы этилденбеген автокөлік бензиндері.
2. ДЛЭЧ маркалы экологиялық таза жазғы дизель отыны.
3. ДЗэч маркалы экологиялық таза қысқы дизель отыны.
4. Л-0, 2-62; Л-0, 2-40; З-0, 2 минус 35 маркалы дизель отындары.
5. ЛД-0, 2; ЛД-0, 5 маркалы дизель отыны.
6. ДЗп-15 маркалы депрессорлық қоспасы бар қысқы дизель отыны.
7. Күкірті аз тұрмыстық пеш отыны.
8. ТС-1 маркалы реактивті қозғалтқыштарға арналған отын.
9. Түйіршіктелген техникалық күкірт.
10. Уайт-спирит (нефрас-С4-155/200) .
11. Вакуумдық газойл: маркасы А, түрі 1.
12. СПБТ және БТ маркалы сұйытылған көмірсутекті газ.
13. Отындық қарамай 100, 40, күлі аз.
14. Алюминий өнеркәсібіне арналған жиынтық мұнай коксы.
15. Қыздырып шынықтырылған КП-1, КП-2 коксы
16. Эксорттық тіке айдау бензині (нафта)
17. Күкірті аз мұнай кокстері
Жоспардағы өндіріс
1. Бензол.
2. Параксилол.
Шымкент мұнай өңдеу зауытының еңбек ұжымымен кездесті
Қайыргелді Қабылдин өз сөзінде, «ҚазМұнайГаз» компаниялары тобының 2010 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша өндірістік жоспарды артығымен орындағанын атап айтты.
2010 жылы Қазақстан Республикасының үш мұнай өңдеу зауытында 13, 7 миллион тонна шикі мұнай өңделді, бұл жоспарлы көрсеткіштен 509 мың тонна немесе 3, 86 пайызға артық. Сонымен бірге Шымкент мұнай өңдеу зауытында 4, 6 миллион тонна мұнай өңделді. Мұнай өңдеу зауыты жұмысының тиімділігін арттыру және республиканың ішкі нарығын жоғары сапалы мұнай өнімдерінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз ету мақсатында 2010 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында катализатор мен риформинг қондырғысының жылу алмастыру құралы ауыстырылды, бұл жоғары октанды бензин өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен, 2010 жылы Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-92, 96 маркалы бензин өндіру жоспарлы көрсеткіштен 170 593 тоннаға артты. ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының 2009-2015 жылдарға арналған мұнай өңдеу зауыттарын дамытудың кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысына және «Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған мұнай-газ секторын дамыту жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту мен қайта құру жобасын жүзеге асырады.
Жоба зауыттың жобалық қуатын жылына 6 миллион тоннаға дейін жеткізуге, мұнай өңдеу тереңдігін 90 пайызға ұлғайтуға, мұнай өнімдерінің сапасын Евро-4, 5 стандарттарына дейін арттыруға, ауаны ластайтын заттардың атмосфераға тасталымын қысқартуға бағытталған. Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және қайта құру жобасын техникалық экономикалық негіздеуді (ТЭН) бекітуді аяқтау 2011 жылғы ІІ тоқсанға жоспарланып отыр. Қ. Қабылдин өз сөзінде сондай-ақ, көпмақсатты 50 спорт алаңын салу бағдарламасы шеңберінде биыл Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш кентінде балалар үшін футбол, волейбол, баскетбол және спорттың басқа да бұқаралық түрімен айналысуға арналған «ҚазМұнайГаздың» спорт алаңы салынатындығын айтты.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігінің президенті Асылбек Кәрібаев, компания қызметкерлердің қабілеттері мен тәжірибелерін үнемі жетілдіріп отыру үшін кең мүмкіндіктер жасап отырғанын айтып өтті. Биылғы жылы Шымкент мұнай өңдеу зауыты қызметкерлерінің әлеуметтік-білім алу бағдарламасына 70 миллион астам теңге бөлетін болады. Қызметкерлердің әлеуметтік жәрдемақысына, сонымен бірге санаторийлерге жолдама алуға, аналарға бала бағу үшін қосымша жәрдемақы төлеуге, зейнеткерлер мен асыраудағы адамдарға жәрдемақы төлеу және медициналық сақтандыру қызметімен қамтамасыз етуге 2011 жылы 112 миллион теңге аударылады. Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын әлеуметтік жағынан қолдауға 150 миллион теңге жұмсалады.
«ҚазМұнайГаз» сала жұмысына 165 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартып отыр
Астана. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат. Наурыздың 17-сінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда аталған қоғамның қаржы және экономика жөніндегі атқарушы директоры Айдан Кәрібжанов пен «ҚазМұнайГаз» сауда үйінің директоры Жанболат Сәрсенов мұнай өнімдерін өндеудің тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарға кеңінен тоқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінде ұлтық компания мұнай-газ шикізаттарын өндеу мен тасымалдау мақсатына 165 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға қол жеткізіп отыр. Өткен жылы «ҚазМұнайГазға» қарасты құрылымдардың қатысуымен 1, 8 миллион тонна көлемінде мұнай шикізаты өндірілген. Әйтсе де тасымал ісі әлі де жетілдіре түсуді талап етеді. Атырауда 1945 жылы іске қосылған мұнай өндеу зауыты мен оған қарасты темір жол тораптарын күрделі жөндеу қажет.
Мәслихатта Павлодар мұнай өндеу зауыты, «Алмаз Интернэшнл», «Шымкент мұнайоргсинтез» секілді акционерлік қоғамдар мен өзге де шет елдік ұйымдар арасындағы байланыстар, сала жұмысын оңтайландыру бағытындағы қолға алынып жатқан шаралар да сөз болды.
Павлодар мұнай-химия зауытының жаңа мұнай координаттары
Астана. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат. 2004 жылғы желтоқсанның 15-і мен 17-сі аралығында Қазақстанның, Қытайдың және ТМД елдерінің жетекші мұнай компанияларының қолдауымен Лондон мұнай биржасының конференциялар және мамандар дайындау бөлімі Дубайда (БАӘ) мұнай және мұнай өнімдерін сату жөніндегі Ресей-Қытай-Қазақстан форумын өткізді. «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ-тың экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Шухрат Данбай Дубайда ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берді. - Шухрат Әбдірашитұлы, Қазақстан бизнесі үшін мұнай операциясы саласында сарапшылардың, талдамашылардың жетіспеушілігі үлкен проблема болып табылады. Дубай форумында қытайлық және ресейлік сарапшылар өз пікірлерін білдірді. Осы форумға қазақстандық делегацияның қатысуына сіз қалайша түсінік берген болар едіңіз? - Иә, кейбір үйлессіздік жағдайлар болды, дегенмен, мұның осы бағыттағы бірінші бас қосу екендігін ескеру қажет. Бұл ? үлкен жолдың бастамасы ғана. Көмірсутегі шикізаты кеңістігінің рыногында әрқайсысының өз мүддесі, экономикасы, саясаты бар үш мемлекеттің сарапшыларының басын бір жерге қосып, бұл форумды өткізу және оған экономикалық маңыз беру үлкен мәселе. Бұл форумда үш мемлекеттің ортақ мүдделерінің үлкен болашағына негіз қаланды. Форумға ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен ұлттық компаниялардың өкілдері, Ресей мен Қытай делегациялары келді. Бұл жағдай форумға айырықша мәртебе берді. Форумда, әсіресе, қытайлық әріптестермен жақсы қарым-қатынас орнады. Бір қуанарлығы ? жеке меншік компаниялардың өкілдері көп болды. Ал олардың Гонконг компаниялары арқылы үлкен қаржы мүмкіндіктері бар. - Форумға қатысқан Павлодар мұнай-химия зауыты өзінің алдына қандай мақсаттар қойды? - Қытайдың солтүстігі (Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі) Қазақстанда бір ғана Достық стансасы арқылы белгілі. Шет елдерге экспортталатын отандық мұнайдың жалпы көлемі 2003 жылы 6, 5 миллиард АҚШ доллары бағасында 37 миллион тоннаны, Қазақстаннан Қытайға мұнай мен мұнай өнімдерін ауыстырып тиеу өткен жылы 287 миллион АҚШ долларына 1, 5 миллион тоннаны құрады. Мұның үстіне, Қытай бағытындағы экспорттың жалпы көлемінің 400 мың тоннасы мұнай өнімдерін құрады. Үстіміздегі жылы қарашаның 1-індегі жағдай бойынша, Қытайға 375 миллион доллардың 2 миллион тонна мұнайы экспортталды. Бұл Қазақстаннан барлық мұнай экспортының 5, 5 бөлігін құрайды. Павлодар зауыты Қазақстандағы мұнай өңдейтін үш зауыттың ішінде оңтүстік шекараға ең жақыны. Сондықтан да, біз Қытайды стратегиялық серіктес ретінде танимыз. Дегенмен, қазір алдағы 1, 5 жылда болатын жағдайды күтіп отыра алмаймыз. Мен бұл жерде 2005 жылы желтоқсан айында іске қосылатын Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын айтып отырмын. Оның жыл сайынғы мұнай өткізу мүмкіндігі 10 миллион тоннаны құрайды. Осымен байланысты біздің зауыт өзіміздің мұнай өнімдерімізді сату үшін барынша оңтайлы жолдар мен байланыстарды іздестіруде. - Сіз форумда қытайлық және ресейлік мұнай бизнесінің өкілдерін көрдіңіз. Олармен салыстырғанда, біздің отандық мұнайшылар қаншалықты тартымды және кәсіби болып көрінеді? - Қазақстандық мұнайшыларға батыл түрде «өте жақсы» деген баға қоюға болады. Ал ресейлік мұнайшыларға «төрттік» қоюға болар еді. Неліктен екенін түсіндірейін. Бұл менің жеке пікірім емес, қазақстандық мұнай бизнесі мен Қытай сарапшылары тарапынан берілген баға. Бұған, әрине, ел Президентінің оң саясаты да ықпал етеді. Біздің республиканың іскер адамдар өкілдері қарым-қатынасқа тез және көбірек баруда. Инвестициялық ахуал, атап айтқанда, қазақстандық рынокта Қытай кәсіпорындарымен жақсы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. - Сіз, шамасы, біздің салық әкімдігі, «электронды кеден» саласындағы заңнамаларыңызды айтып отырған боларсыз. Ал олар, қазіргі заманғы халықаралық озық стандарттарға шендесе ала ма? - Форумға қатысушылар ҚР Қаржы министрлігі Кеден комитетінің энергия ресурстарына кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасының бастығы Нұргүл Досмұратованың жасаған баяндамасына өте жақсы баға бергендігін байқаған боларсыз. Ол өзінің сөзінде республикамызда «Электронды кеден» ақпараттық жүйесін енгізудің кезең-кезеңдерімен таныстырды. Атап айтқанда, «Электронды кеденнің» мәліметтері кеден брокерлеріне электронды режимде жүк-кеден декларацияларын және басқа да құжаттарды тексеруге, кеден баждарын төлеу үшін өзінің жеке шотының жағдайын анықтауға, құжаттар мен жүктердің кеден бақылауының қай деңгейінде тұрғандығы туралы ақпарат алуына мүмкіндік береді. Бір қуаныштысы, бүгінде біздің еліміздегі 99 кеден бекеттерінде кеден төлемдері мен салықтарын төлеген кезде екінші деңгейдегі 8 банктің төлем карточкаларын пайдалануға болады. Келесі кезең ? электронды байланыс құралдарының көмегімен барлық кедендік процедураларды қанықтыру. Осының барлығы, ресейлік кеден заңнамасына қарағанда бізде үлкен алға басушылықтың бар екендігін көрсетеді. Ал ресейліктер болса, кеден декларациясының электронды нұсқасын жасауды енді-енді ойластыруда. Ал ол Қазақстанда бүгінде жұмыс істеп тұр. - Қазір зауыттың өндірістік ахуалы қандай, 2004 жылы қандай істер атқарылды, алда қандай жоспарларыңыз бар? - Зауыт тарихы 1970 жылғы наурыздың 31-інен басталғандығын еске салғым келеді. Сол кезде КСРО Министрлер Кеңесінің өкімімен қуаты жылына 7, 5 миллион тонна мұнай өндейтін зауыт салу туралы жоба бекітілген болатын. Ол кезде зауыт тек батыс Сібірдегі кен орындарынан алынатын мұнаймен жұмыс істейтін. Өнім Омбы-Павлодар магистральды мұнай құбырымен келетін. «Павлодар мұнай өндеу зауыты» мемлекеттік кәсіпорны 1978 жылы іске қосылды. 1994 жылы зауыт ҚР заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін ашық акционерлік қоғам болып қайта тіркелді. Павлодар зауытының перспективалық бағыттарының бірі халықаралық рынокқа шығу болып табылады. Бүгінде зауыт өнімдерін тек Ресей мен Қытай ғана емес, сондай-ақ Қырғызстан, Монғолия, Ауғанстан пайдаланады. 2003 жылы өнімдер сатудан түскен табыс 25, 4 миллиард теңгеге жуық соманы құрады. Ал таза табыс - 114, 6 миллион теңге. Өнім өндірудің жалпы көлемін 2004 жылы 2, 9 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Биылғы 9 айдың ішінде өнім өткізуден түскен табыс 15, 4 миллиард теңгеге жуықты құрады. Сондай-ақ, біздің зауыт өндірістік мұнай өнімдерін сатумен айналыспайтындығын ескеру қажет. «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ тапсырыс беруші компаниялармен жасалған келісімдерге және келісім-шарттарға сәйкес, олардан көмірсутегі шикізатын алып, содан соң «орнын толтыру» жүйесі бойынша жұмыс істейді. Яғни, алынған шикізатты мұнай өнімдерінің бірнеше түріне өңдеп, содан-соң оларды тапсырыс берген компанияларға қайтарады. Зауытқа мұнай тасымалдаумен және ол өңдеген өнімдерді тұтынушыларға жеткізуді ұйымдастырумен тапсырыс берген компаниялар айналысады. Тұтастай алғанда, 2005 жылы зауыт екі есе көп мұнай ? 3, 5 миллион тонна өңдейтін болады. Солардың 500 мың тоннасы Қытайға шығарылмақшы. Қытай Мемлекеттік компаниясымен біз тиісті келісімге қол қойдық. - Павлодар облысының бюджетін құруда сіздің компанияның төлемдері үлкен рөл атқаратындығы белгілі. Оның жыл сайынғы көлемі қандай? - Облыс бойынша Павлодар мұнай-химия зауыты бюджетке төлемдер жөнінен «Қазақстан аллюминиі» АҚ-дан кейін екінші орын алады. Сондықтан Павлодар облысы үшін біздің кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі аса маңызды. Бізде 3200 адам еңбек етеді. Біз өндіріс көлемін ұлғайтамыз, әкімшілік көп салық алады, елдің тұрмыс- жағдайы жақсарады, зейнетақылар уақытымен төленеді. Демек, бәрі бір-бірімен байланысты. Зауыттың облыстық бюджетке төлемдері арасында акциз үлкен үлеске ие. Дегенмен, республикалық бюджетке төленетін де бірқатар салықтар бар. Тұтастай алғанда, мемлекеттік бюджетке төлемдер 4 миллиард 249 миллион теңгеге жуықты құрайды.
2011 жылғы акпанда экономиканың тұтынушылық және нақты секторларындағы баға мұнай өнімдеріне бағалар2011ж. ақпанда экономиканың тұтынушылық және нақты секторларындагы бағалар өзгерісі туралы….
пайыздармен
2011 жылғы ақпанға облыстың тұтынушылық нарығында тұтыну бағаларының индексі 101, 3% (2010ж. ұқсас кезеңінде -100, 5%), бұл республика деңгйінен 0, 2% төмен.
Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда жарма -18, 2%, ет және ет өнімдері 2, 5%, майлар мен тоңмайлар-4, 0%, сүт өнімдері - 2, 4%, макарон өнімдері -1, 8%, ұн - 2, 1%, жемістер мен көкөністер-3, 2%, қант -4, 5% қымбаттағаны белгіленді.
Бағалар киімге - 0, 4%, аяқ киімге - 0, 2%, жуғыш және тазалағыш заттарға- 1, 0%, фармацевтикалық препараттарға - 0, 7%, жеке гигиена тауарларына 0, 6%-ға көтерілді. Жанар-жағар май бағасы - 0, 7%, дизель отынына баға-5, 4% өсті.
Білім қызметтері -1, 1% өсті, мектепке дейінгі және бастауыш білім -4, 1% өсті. Телефонға абонеттік ақыға баға өсімі -20, 0%, медициналық қызметтер -0, 8% өсті
2011 ж. ақпанда өнеркәсіпте бағалар индексі өткен аймен салыстырғанда - 4, 1% жоғарлады. Шикі мұнайға - 4, 9%, метал рудаларын өндіру -9, 6%, пластмасса өнімдері өндірісіне- 13, 2%, бағалардың көтерілгені тіркелді. Тағам өнерқәсібінде сүт өнімдеріне -2, 0%, жарма және ұн өнімдеріне - 2, 0%, какао, шоколад және қантталған кондитер өнімдеріне - 6, 3%, дайын тамақ өнімдеріне және жартылай дайын өнімдерге -2, 4%, сусындар өндірісіне -3, 2% баға қымбаттады.
2011 жылғы ақпанда ауыл шаруашылығы өніміне бағалар индексі 101, 6% құрады. Көкөніске - 16, 0%, картопқа - 9, 8%, өсімдік шаруашылығы өнімдеріне - 2, 1%, мал мен құсқа - 0, 5% бағалардың жоғарылағаны белгіленді.
Құрылыста 2011 жылғы ақпанға технологиялық процестің барлық элементтеріне бағалар индексі 100, 3% құрады, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарына - 100, 1%, машиналар мен құрал-жабдықтарға -101, 3%.
2011 жылғы ақпанғаға өткен айға қарағанда көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау тарифтері өзгеріссіз қалды.
Көтерме саудада 2011 жылғы ақанда бағалар индексі өткен аймен салыстырғанда 101, 5% құрады. Сонымен бірге өндіріс құралдарына -3, 4%, азық-түлік тауарларына -1, 8%, тұтыну және азық-түлік емес тауарларға -1, 7%%, тұтыну аралық өнімдерге бағалар өсті -1, 0%.
Мұнай өнімдеріне бағалар
2011 ж. 28 ақпан айында Ақтөбе облысы бойынша 1 литр автомобиль бензині мынадай бағаны құрады: АИ-80 - 70, 31, АИ-92 - 90, 62, АИ - 93 - 89, 75, АИ-95, 96 - 102, 83 және дизел отыны - 91, 03. Өткен айға пайыздық арақатынас, яғни 2011 ж. 31 қаңтарға, АИ-80, АИ-98 маркалы автомобиль бензині өткен ай көрсеткішіндей өзгеріссіз қалды, дизел отыны - 5, 8 %, АИ -92, АИ-93 1, 1% өсті. АИ- 95, 96 маркалы бензин бағасы 1, 0 % төмендеді.
2010-2011жж. бензин бағалар өзгерісі
өсу +, кему -, пайыздармен
Бөлісу…
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үстіміздегі жылғы мамыр айында өткен “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде сөйлеген сөзінде “Мұнай өңдеуді және мұнай-газ секторының инфрақұрылымын дамытқан жөн. 2014 жылға қарай отандық мұнай өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай өнімдеріне - жанармай мен авикеросинге деген ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуге тиіс” деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты елімізде мұнай-газ саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, қолда бар үш мұнай өңдеу зауыттарын технологиялық жағынан қайта жарақтандырып, өндіріс қуатын бүгінгі жоғары сұранысқа сай қайта құру мақсатында үлкен жұмыстар қолға алына бастады.
Биылғы жылдың өткен тоғыз айында елімізде 56, 24 миллион тонна мұнай және газ конденсаты өндірілген. Мұнай және газ конденсатын өндірудің мұндай өсіміне “ТеңізШевройл” ЖШС-ның - 16, 1 млн. тонна (130, 3 пайыз), “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың 4, 55 млн. тонна (104, 5 пайыз), “Қарашығанақ Петролеум Опер. Б. В. ” 8, 81 млн. тонна (100, 3 пайыз) және “РД ҚазМұнайГаз” АҚ-тың 6, 75 млн. тонна (95, 5 пайыз) өнім шығарған табысты жұмыстарының нәтижесінде қол жеткізілді.
Осы мерзім ішінде еліміз бойынша 50219, 1 мың тонна мұнай экспортталды. Оның ішнде 20556, 8 мың тоннасы Каспий мұнай құбыры консорциумы арқылы, Атырау - Самара құбыры арқылы 12987, 6 мың тонна, Атасу - Алашанькоу мұнай құбыры арқылы 4025, 3 мың тонна, ал Ақтау порты арқылы 8398, 7 мың тонна, темір жол арқылы 3028, 4 мың тонна мұнай тасымалданған. 1222, 2 мың тонна шикі мұнай Орынбор мұнай өңдеу зауытына жөнелтілген.
Атырау мұнай өңдеу зауытын модернизациялау және қайта жарақтандыру мақсатында үлкен жобалар жүзеге асырыла бастады. Атап айтқанда, “Петро Казахстан Ойл Продактс” зауытын қайта жарақтандыру үшін “Honeywel” компаниясымен техникалық-экономикалық негіздеме жасау жөнінде келісім жасалынды. Мемлекет басшысының берген тапсырмаларына сәйкес осы зауыттың базасында жағармай өндірісін жолға қою міндеті қарастырылуда. Павлодар мұнай-химия зауытын қайта жарақтандыру жұмыстары өткен жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Мәселен, өткен жылы Францияның “Аксенс” компаниясы зауытты қайта жарақтандырудың қаржылық-сметалық құнын анықтау жұмыстарын қолға алды. Сөйтіп Павлодар мұнай-химия зауытын модернизациялау және қайта жарақтандырудың 2010-2014 жылдарға арналған жұмыс жоспары жасалынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz