Экономика - әлеуметтанудың зерттеу объектісі



1 Экономикалық әлеуметтану
2 Экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны
3 Өндірістегі әлеуметтік реттеу, басқару құралдары
Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар (фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау), еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы, ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық, талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың сапсының артуына әсері, т.б. жатады.
1. ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуының 2005 – 2007 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары. ОҚО Статистика агентігі. Шымкент, 2005.
2. ОҚО 2005 – 2007 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасы. ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаменті. Шымкент, 2005.
3. П.В.Забелин, Н.К.Моисеева. Основы стратегической управления. Москва, 1998 г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУ
Экономика - әлеуметтанудың зерттеу объектісі.

Экономикалық әлеуметтану жалпы әлеуметтану ғылымының қоғамның
экономикалық өмірін зерттейтін арнаулы теориясы болып саналады. Бұл арнаулы
теория жалпы әлеуметтанудың қарқынды дамуымен және оның экономикалық
процестерімен тығыз байланысының негізінде пайда болды. Осыған орай
экономикалық әлеуметтанудың объектісіне зерттеушінің қалауына қарай алынған
қандай да болмасын экономикалық және әлеуметтік тұрғыда бір-бірімен тығыз
байланысқан құбылыстар мен процестер жатады. Ал, экономикалық
әлеуметтанудың пәніне қоғамның экономикалық дамуының әлеуметтік аспектілері
жатады. Бұған экономиканың алуан түрлі салалары, әлеуметтік инститіттар
(фирмалар, акционерлік қоғамдар (АО) корпорациялар, банктер, т.б.), алуан
түрлі адамдар бірлігі (мысалы, өндіріс, еңбек ұжымдары, өндірістік
бірлестіктер, топтар, бригадалар, т.б.) ; экономикалық процестер, өндңрңс
саласындағы қатынастар (үстемдік ету – бағыну, басқару-орындау),
еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуы, жұмыс күшінің тұрақсыздығы,
ауысуы, миграция, мамандықты іріктеп алу, еңбек ұжымдарының әлеуметтік
қорлары мен ресурстық мүмкіншіліктері, адам және алуан түрлі топтардың
экономикалық іс-әрекеттің себеп-дәлелдері, экономикалық сана, экономикалық
ойлау, экономикалық-материалдық жағдайы, көңіл-күй, тәртіп, мұқтаждық,
талап-тілек, әлеуметтік құндылықтардың еңбектің өнімділігіне, тауардың
сапсының артуына әсері, т.б. жатады.
Экономикалық әлеуметтану экономикалық процестерді адамдардың іс-
әрекеті, қызметінің жемісі ретінде қарайды. Қоғамдағы адамдардың
материалдық тұрмыс жағдайы әр түрлі болғандықтан, олардың мұқтаждығы, талап-
тілектері де, тұтыну дәрежелері де әр түрлі. Сондықтан олар қоғамда әр
түрлі рөлдер, яғни қызмет атқарады, осыған сәйкес оған қоғамда әр түрлі
орында, жағдайда, беделде, т.б. болады. Экономикалық әлеуметтану
экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретіндеэкономиканың өзалдына жүйе деп
қарайды. Ал, экономикалық жүйеде- өндіріс-бөлу-айырбастау-тұтыну жүзеге
асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: “Сұраныс және ұсыныс”. Нарық
дегеніміз, тар мағынада- азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын,
тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының
өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Таурларды ұсыну жіне оған деген
төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство)
теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып, өсуімен қатар
пайда болып, дами бастайды, әсіресе ол қала мен ауылда натуралдық
шаруашылық ыдырап, қоғамдық еңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып
кеңейеді.
Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процес, яғни сұраныс пен ұсыныс қатар
қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен
мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына
аударылады. Адам және оның топтары – жұмысшы, қызметкер, тұтынушы,
айырбастушы, стаушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық
дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек.
Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары
қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы,
ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсеңділігі,
шаруа қорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтіп,
сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.
Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлері,
яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы,
саналылығы, әділеттілігі, белсеңділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері
еңбек процесіне қалай әсер ететінің де зерттейдң.
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономика
құбылыстар мен процестерді жеке адамның топты оның ішінде жіктің
экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және
мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің,
басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да, экономикалық сананы,
экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет, т.б. мәселелерді
зерттейді. Міне, осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің
ең басты мәселелері.
Қазіргі уақытта біздің еліміз нарқытық экономикаға өтуде. Ал,
нарықтық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін
ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын
айтамыз. Нарықтық қатынастар- бұл экономикалық қатынастар.Нарықтық
қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық құбылыстар мен процестер
(жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа,
т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғымдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды,
оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал,
әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен,
адамның, әлеуметтік топтың, жіктің экономикалық мінез-құлқын қарайды.
Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық қшбылыс,
процес болмасын, оларды талдау, анықтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан,
оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекшеліктерінен, жағдайынан
бастайды.
Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысаны бағыттары, тіртібі –
міне экономикалық әлеуметтанудың құбылыстары мен процестерді зерттеудің
басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірегі, адамның өмір сүріп, отырған
ортасы – қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп
жатқан өзгерітсерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға,
ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде
көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет
жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың болып жатқан
іс-әрекеті сол уақыттағы кер тартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана
кейінгі 2-3 жыдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын,
пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым
көпшілігі нарықтық экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтанудың объектісі мен пәні
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтанудың әдісі
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Социология ғылымы туралы жалпы түсінік беру
«Әлемдік әлеуметтану»
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Қазіргі қоғамның түсінігіндегі әлеуметтанудың рөлі
Пәндер