Германия Федерациялық Республикасы туралы


Пән: Халықаралық қатынастар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Германия (нем. Bundesrepublik Deutschland - Германия Федерациялық Республикасы) - Орталық Eуропада 16 жеке не жартылай тәуелсіз федералдық жерлерден тұратын ел.

Бүгінгі Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері - Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті - әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр.

Мазмұны

  • 1 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі1. 1 Саяси партиялар
  • 2 Экономикасы
  • 3 Германияның көлігі мен экологиясы
  • 4 Пайдаланған әдебиеттер

Әкімшілік-аумақтық бөлінісі

Германия - федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы - конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан - Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бун¬десратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік - федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сай¬ланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Германия қазіргі Федералдық канцлері - Ангела Меркель.

Саяси партиялар

Германия Федеративті Республикасында бірқатар саяси партиялар қызмет етеді. Олардың ішінде негізгілері, яғни басқа партияларға қарағанда ықпалы күшті алты партияны бөле-жара атаған жөн. Ретіне қарай атайтын болсақ, 1869 жылы құрылған Алмания Социал-демократиялық партиясы; 1945 жылы құрылған Христиан демократиялық одағы. Бұл партияны Федералдық канцлер Ангела Меркель басқарады. Негізгі мақсаты - Батыс елдерімен интеграция жасау және әлеуметтік нарықтық экономика. Бұдан кейінгісі Христиан әлеуметтік одағы; Еркін демократиялық партиясы; Демократиялық социализм партиясы және 1990 жылы құрылған “Жасылдар” одағы. 2002 жылғы қыркүйекте өткен Бундестаг сайлауында тиісті 603 орынның 251-ін Германия Социал-демократиялық партиясы, 248-ін Христиан демократиялық одағы мен Христиан әлеуметтік одағы, 55-ін “Жасылдар”, 47-сін Еркін демократиялық партиясы, ал 2 орынды Демократиялық социализм партиясы алды.

Экономикасы

Германия экономикасы дамыған елдердің алдыңғы қатарынан орын алады. Негізгі салалары мәшине жасау, электр техникасы, металлургия, химия және фармацевтика өнеркәсібі, тағы басқа салалар ел экономикасының өркендеуіне қомақты үлес қосып келеді. Сонымен қатар, көлік инфрақұрылымы ерекше маңызға ие. Ірі 13 әуежай, 6, 8 мың шақырымнан асатын ішкі су жолдары күндіз-түні жұмыс істейді. Бұған Солтүстік теңіздегі Гамбург пен Бремен, Балтық теңізіндегі Киль, Любек және Росток теңіз порттары қосылады. Германияның сыртқы саудадағы әріптестеріне келсек, ең алдында Франция тұр. Одан соң импорт бойынша Нидерланды, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, ал экспорт бойынша Ұлыбритания, Италия, АҚШ және Нидерланды келеді. Германия БҰҰ мен ЕҚЫҰ-ның жұмыстарына белсенді түрде қаты¬сып жүр. Өз тараптарынан беделді бұл халықаралық ұйымдарға айтарлықтай қаржы және кадр ресурстарын бөліп отырады. Сондай-ақ, Германияның алдына қойған басым бағыттарының бірі - БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу. Ал Германияның Орталық Азия елдеріне байланысты ұстанған саясаты айқын, ол - экономикалық салаларда мүмкіндігіне қарай ынтымақтастық жасау.

Германияның көлігі мен экологиясы

Германия сыртқа өнімдер шығару жөнінен дүние жүзінде 2-орын алады. Қазіргі заманғы Германияның экономикалық қуаты мен байлығының негізін өңдеуші өнеркәсіп құрайды. Оның көпшілік кәсіпорындары еуропалық ауыр индустрия орталықтарының бірі, елдің батысындағы Рурға шоғырланған. Тұрмыстық техникадан бастап зауыттық құрал- жабдықтарға дейінгі әр түрлі тауарлар өндіретін өңдеуші өнеркәсіп саласына елдегі жұмыс күшінің 25%-ы қамтылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Германия Федерациялық Республикасы
Саяси жүйелердің қазіргі кездегі түрлері
ЕУРОПАНЫҢ ЖОҒАРЫ ДАМЫҒАН ЕЛДЕРІ
Аумағының құрамы
Бразилия мемлекеті туралы
ШЕТ ЕЛДЕРДІҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫЛАМА СИПАТТАМАСЫ
Еуропа мен Азияның саяси картасы мен құрамы
Үндістан елінің экономикалық-географиясы
Халықаралық қылмыстық құқық
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz