Ұлы державалар додасына тyскен орталық азия


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

ҰЛЫ ДЕРЖАВАЛАР ДОДАСЫНА ТYСКЕН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Ресей, Қытай мен АҚШ-тың аймақтағы өзара бәсекелестігі - бұл шындығында алдымен Қазақстан үшін бәсекелестік

Аймақтағы жағдай қазір өте қиын болып тұр. Бұрындары үлкен саясаттың З. Бжезинский сияқты белгілі мамандары Орталық Азияның ұлы державалар тартысына түсетінін болжайтын. Сондай болжамдар қазір шындыққа айнала бастады. Әндіжандағы оқиғадан соң, Батыспен қатты араздасқан ресми Ташкент амалсыздан Ресей мен Қытайдың ығына тығылуға мәжбүр болған еді. Сол Мәскеу мен Пекиннің емеурініне ыңғайлана отырып, АҚШ-тан Карши-Ханабадтағы өз әскери базасын 180 күннің, яғни алты айдың ішінде көшіріп әкетуді талап ете бастады. Өзбекстан басшылығының айтқаны болды. Американдықтардың Карши-Ханабад базасы жабылды. Қарашаның 21-і күні АҚШ әуе-соғыс күштерінің соңғы ұшағы ол жерден ұшып кетті. Сөйтіп, американдық әскерилердің Өзбекстандағы төрт жылдық «қонақ болуы» аяқталды.
Бірақ олар кетіп болмай жатып-ақ, осыған ең алдымен мүдделі болған басқа екі ұлы держава - Ресей мен Қытай - солардың орнын бірінші болып басып қалу жолында өзара таласқа түскендей әсер қалдырады. Демек, бұл жердегі мәселе тек қана американдықтарда ғана болмаса керек. Ресми Вашингтон Өзбекстан басшылығының өзінен осылайша теріс айналғанын, әрине, аяқсыз қалдырмайды. Бірақ бұл - өз алдына бөлек тақырып.
Сондықтан алдымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) ауқымында бір-біріне одақтас болып табылатын ресми Мәскеу мен Пекиннің, американдық әскерилердің Өзбекстаннан кетуіне байланысты көздейтін мақсаттары туралы сөз қозғайық. Бұл жерде Ресейдің осы күнге дейін Орталық Азияны бұрынғыша өзінің «ішкі ауласындай» көріп, басқа ірі державалардың осы аймаққа өздерінің саяси не әскери ықпалын таратпақ болған талпыныстарын, тіпті жақтырмайтынын айта кету керек. Сондықтан қытайлықтардың осы аймаққа өз базасын орналастырмақ болып жатқаны туралы әңгіменің ең алдымен Вашингтон жақтан емес, сол Мәскеу жақтан шығуына таңданудың қажеті жоқ болар.
Мәселен, ресейлік әскери сарапшы В. Мухиннің айтуына қарағанда, шілде айының соңында өзбек басшылығы АҚШ әскери күштеріне Карши-Ханабадтан кету туралы талап қойғаннан кейін Қытай өзіне деп осы базаға жол ашу туралы ақырындап болса да нақты түрде сұрастырулар жасай бастаған (Stephen Blank «CHINA JOINS THE GREAT CENTRAL ASIAN BASE RACE», EurasіaNet, 16. 11. 2005 ж. ) . Бұл талпыныс Ресейдің Орталық Азияға қатысты әскери саясатына түрткі болған. Сөйтіп, Мәскеу тез арада басқалардан осы бағытта озудың амалын қарастыра бастайды. Қарашаның 14 күні, яғни АҚШ-тың соңғы ұшағы Карши-Ханабадттан ұшып кетерден тура бір апта бұрын Ресей мен Өзбекстан президенттері одақтастық қарым-қатынас жөніндегі келісімшартқа қол қойды. Iс жүзінде бұл құжат екі жақты қауіпсіздік пакті болып табылады. Онда осы екі елдің біреуіне үшінші бір жақ шабуыл жасаса, екіншісінің лезде көмекке келуі қарастырылған. Осы келісімшарт ауқымында ресейліктердің болашақта Өзбекстан жерінде өз базасын орнықтыруына жол ашылған болса керек.
Бірақ бұл жайт ресми Пекиннің Орталық Азияға қатысты саяси-әскери жоспарларына айтарлықтай әсер ете қоймаса керек. Демек, Қытай мен Ресейдің біздің аймаққа ықпалын тарату жолында ерте ме, кеш пе өзара кикілжіңге барарын болжауға болады. Бұл туралы EurasіaNet электронды басылымының авторы Стивен Бланк былай дейді: «Қытайдың Орталық Азиядағы американдық әскери тұрақтаудан қорқатыны - айтарлықтай анық нәрсе. Сонымен қатар қытайлық дипломаттар АҚШ күштерінің тұрақтауының тек потенциалды қауіп қана емес, оның үстіне аймақтық тұрақсыздық факторы болып табылатынын айтады. Осы уақытта Ресейдің жоғарғы лауазымды шенеуніктерінің кем дегенде 2004 жылы жария болған ашық мәлімдемелері Мәскеудің Орталық Азияда қытайлық әскери тұрақтауға табанды қарсылығын айқындап көрсетеді» (Stephen Blank «CHINA JOINS THE GREAT CENTRAL ASIAN BASE RACE» . . . ) . Оның болжамына қарағанда, Ресейдің, бірдеңе бола қалған күнде, Қытайға қатысты өскелең стратегиялық рөлге американдықтардың аймақта кеңейтілген деңгейде тұрақтауы мүмкіндігіне қарсы тұрғанынан да бетер қарсылық көрсетуі мүмкін көрінеді. Бұл, бір жағынан, түсінікті де. Өйткені АҚШ алыста, ал Қытай жақында орналасқан. Ресеймен біздің аймақ үшін жан-жақты таласқа түсуге тек сол ғана жарайды. Және де ол Орталық Азияда бір орнығып алса, американдықтарды Карши-Ханабадтан кетіргендей қылып, оны үш-төрт айдан кейін шығарып жіберу әсте мүмкін бола қоймас. Осындайдан ресми Мәскеу ең көп қауіптенетін сияқты.
Әлгі В. Мухин бірінші болып Қытайдың өзбек базасына қатысты талпынысы туралы айтқаннан бері ешкім оның мәліметін растаған да, жоққа шығарған да емес. Ал осы кезде «Ресей әскерилері Карши-Ханабадта әлі орны суып үлгермеген американдықтардың ізін басайын деп жатыр» деген хабар тарап жатыр. “Коммерсантъ” газеті өзінің 23 қараша күнгі нөмірінде осы жайт туралы былай дейді: «Как только американцы покинули базу Карши-Ханабад, стало ясно, что сюда скоро придем мы. Потому что при нынешнем геополитическом раскладе и том положении, которое занимает в мире режим Ислама Каримова, прийти сюда, кроме России, больше некому…». Бұл асығыс айтылған пікір болар. Өйткені В. Мухиннің таратқан мәліметіне қарағанда, Карши-Ханабадты американдықтар кеткен соң бірінші болып басып қалуға қамданған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі Орталық Азия мемлекеттерінің әлемдік қауымдастықта алатын орны тақырыбын мектепте оқыту
Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастығының қазіргі тетіктері
Қытай мен Ресейдің Орталық Азияға әсері
Ұлы державалардың Қиыр Шығысқа шабуылдары
Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы
Геосаяси жағдай
Қазақстан Республикасының энергетикалық ресурстарына қызығушылығы
Орталық Азия бірыңғай интеграциялану жолында
ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты
Синьхай революциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz