Асқазанды жуу


Асқазанды жуу.
Химиялық немесе улы заттардың табиғатына қарамастан, оның ағзаға түсу саны мен уақытына қарамастан, таза суға дейін бөлме температурасындағы судың көп мөлшерімен (3-4 л) асқазанды жуу қажет. Ол үшін Сіз пациентті бірден көп жылы су ішуді және тілдің түбін басып құсық шақыруды сұраңыз. Бұл манипуляцияны Сіз 2-3 рет қайталау қажетсіз, кейін пациентке 2-3 үлкен қасықпен үгітілген активтелген көмір мен іш жүргізетін дәрі беріңіз. Егер Сіз пациенттің қышқылмен уланғанын білсеңіз, осы заттарды сілтімен (мысалы, соды ертіндісімен) немесе керісінше жасауға болмайды. Көп мөлшерде газ шығару азқазан қабырғасының жарылуына әкелуі мүмкін және оның ішіндегі іш қарынға ағылады.
Оқыған медперсонал болған кезде жууды асқазан зонды арқылы жасауға болады.
Ішекті тазалау - жәрдем көрсетер алдындағы келесі кезеңі. Тік ішекті улы заттардан бірнеше тазалағыш клизмалар көмегімен таза суға дейін жуу қажет. Жалпы соммада бөлме температурасындағы 4-5 л су (бір мерзілде 1-1, 5 л су енгізу қажет) қолдану қажет. Клизмалық ұшты алып тастаған жөн, резеңке шлангты вазелени майымен немесе балалар кремімен жақсылап жағып, терең (15-20 см-ге) пациенттің тік ішегіне кіргізу қажет. Бұл манипуляцияны, Сіздің пациентіңіз сол қабырғасында тізесін бүгіп жатқан кезде жасаған жөн. Жамбас аймағына клеенканы салуды ұмытып кетпеңіз.
Егер Сіздің пациентіңіз үлкен жаста болса және ішекке кіргілізлген суды ұстай алмаса, оны дәрет ыдысына отырғызып, су бірден ішектен дәрет ыдысына құйылатындығына көңіл бөлмей, ішекті тазалауға көшу қажет. Сізге Эсмарх ыдысына, ішектен резеңке шлангысын алмай су құйып тұру қажет. Тазалағыш клизма - Сіздің пациентіңіз үшін, оның жағдайын ескерсек, жай рәсім емес екендігін есіңізде сақтаңыз. Сондықтан да оның жүрегі туралы қам жеңіз. Мүмкін оған терінің астына 4 мл сульфокамфокаин немесе кордиамин салу қажет шығар.
Дайындық персоналы болған кезде сифондық клизманы қойған жөн. Ол үшін Сізге алдымен дайындап алу қажет: қалық асқазан зонды, үйірме, бөлме температурасындағы бір шелек су, бос шелек, клеенка, дәрет ыдысы, вазелин майы.
Инфузиялық терапия. Алдында айтылғандай, уланған кезде улар қанға сіңеді және бүйрек пен өкпенің жұмысына ахау келтіреді, ол несіп бөлінуінің азаюынан немесе толық тоқтауынан білінеді. Осы мәселені форсирленген диурезді қалпына келтіріп қана шешу қажет. Пациентті тұзды ертінділермен сүрту керек және несіптің шығуын тездетеді.
Құсу
Құсу, (vomіtus, emesіs) - асқазан ішіндегі заттардың ауыз арқылы еріксіз кері шығарылуын туғызатын күрделі рефлекторлық қозғалыс. Терең дем алғанда көк ет босаңсып, көмекей қақпақшасы төмен түсіп, жұмсақ таңдайдың көтерілуінен құсық тыныс жолдарына түспейді. Мидың Құсу орталығында орналасқан хеморецептив аймағының тітіркенуінен құрсақ, кеуде бұлшық еттері жиырылады да асқазан қысқарып, оның өңешпен жалғасқан бөлігі кеңінен ашылып, құсықтың сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Құсу ми қабығының қабынуынан (менингит, энцефалит), психикалық жағдайлар (истерия), организмде зат алмасу процесінің бұзылуы (уремия), қант диабетінің асқынуы (ацетонемия), иіс тию, улану, т. б., сондай-ақ, жүктілік кезінде де болады. Құсу арқылы организм зиянды заттардан тазарады. Егер Құсу тоқтамай, қайталана берсе, организмдегі судың азаюына (дегидратация, гиповолемия), натрий, хлор, калий тұздарының концентрациясының азаюына (гипонатриемия, т. б. ), яғни зат алмасу процесінің бұзылуына әкеледі. Бұл жағдай жүрек-қантамыр, бүйрек, бауыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, асқазан-өңештен көп қан кеткенде де құсудың асқынуы байқалады. Құсу жас балалар мен қарт адамдар үшін өте қауіпті. Себебі оларда аспирация (тыныс жолдарының құсықпен бітелуі) жиі кездеседі. Емі: уланғанда асқазанды жуу, дезинтоксикалық әрекеттер (тамырға әр түрлі сұйық дәрілер құю) жасау. Құсуды тоқтататын дәрілер (аминазин, этоперазин, мотилиум, димедрол, тавегил, супрастин, т. б. ) пайдаланылады. Асқынған жағдайда хирургиялық операция жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz