Шағын бизнесті ұйымдастыру


Жоспары :
Кіріспе. 2 - 3
1. Бөлім. Шағын кәсіпорындарды басқарудың теориялық негіздері.
1. 1. Кәсіпорынды басқарудың мәні және міндеттері. 4 - 8
1. 2. Шағын кәсіпорындарды қолдау - елдегі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешудің негізгі жолы. 8 - 11
1. 3. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпорындарды дамыту мүмкіндіктері мен болашағы. 12 - 14
2. Бөлім. Шетелдеріндегі шағын кәсіпорындарды басқаруды ұйымдастыру.
2. 1. Шағын кәсіпорындарды құру мен дамытудың шетелдік тәжірибесі. 14 - 19
2. 2. Солтүстік Еуропа елдеріндегі шағын кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі.
Швеция мен Дания елдерінің шағын кәсіпорындарының қауіпсіздігін жүзеге асыру ерекшеліктері. 19 - 23
2. 3. 2006 жылы Қазақстанда шетелдік мамандардың қатысуымен өткен шағын кәсіпорындарды қолдау туралы конференциядан қысқаша үзінді. 23 - 26
Қорытынды27
Пайдаланылған әдебиеттер28
Кіріспе.
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы.
Кәсiпкерлiктiң экономикалық маңызы:
- нарықтық экономиканың қажеттi икемдiлiгiн халықтың өндiрiстiк қорларын шоғырландырады;
- құрылымдық қайта құрудың маңызды факторы және ғылыми-техникалық прогрестiң бiрнеше бағыттары бойнша қозғалысты қамтамасыз етедi;
- нарықтық шаруашылықтың әлеуметтiк мәселелерi мен жұмыспен қамту мәселесiн шешедi;
Өтпелi және дамыған экономикадағы елдерде iрi компаниялармен қатар кiшi кәсiпорындар жұмыс iстейдi, олардың коньюктурасының әзгерiстерiне тез бейiмделедi. Олар жалпы iшкi әнiмнiң 20-60 пайызын ғңрайды. Экономиканың бұл секторында халықтың жұмысқа жарамдылардың 40-80 пайызы қызмет жасайды.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шағын кәсiпкерлiктi дамытуды активизациялау және мемлекеттiк қолдауды күшейту шаралары " туралы жарлығында шағын кәсiпкерлiктi дамыту мен қолдауды экономикалық саясаттың басым сферасы ретiнде қарау көзделген. Осы мақсатта Қазақстан Республикасында шағын кәсiпкерлiктi дамыту және қолдаудың аймақтық бағдарламалары мен басымдылықтары туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығына сәйкес әзiрленген 2000-2003 жылдарға арналған шағын кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың аймақтық бағдарламаларының жүзеге асыру жүргiзiлуде. Зеттеулердiң көкейтестiлiгi Президентiмiздiң халыққа Қазақстан 2030 жолдауындағы" шағын кәсiпкерлiктiң ұзақ мерзiмдiк басымдықтарын жүзеге асыру мңмкiндiктерi мен Қазақстанның әлемдiк шаруашылықтық байланысқа белсендi қатысуына талпынуымен де белгiлi болып отыр. Кәсiпкерлiк проблемаларының әзiрлемесiнде экономикалық ғылымның бiршама жетiстiктерi бар.
Көп жылғы зерттеулердiң қорытындысы болып кәсiпкерлiктiң теориясының ғлыми негiзiнiң қалануы болып отыр. Кәсiпкерлiктiң теориялық және әдiстемелiк әзiрлемесiн жасауда шетелдiк ғалымдардың ңлесi зор.
Қазақстанда кәсiпкерлiктiң қалыптасуының ерекшелiктерi мен аспектiлерi Қошанов, Қаңтарбаев, Жатқанбаев еңбектерiнде қарастырылған. Бiрақ кәсiпкерлiктiң методологиялық аспектiлерiнiң кәбiсi тереңiрек зерттеулердi талап етедi. Атап айтқанда Қазақстан аймақтарына бейiмделу мен даму механизмiн жасау олардың қызметiнiң әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгiн бағалау мен шағын кәсiпкерлiктiң қалыптасуының аймақтық аспектiлерiн арнайы зерттеулердiң болмауы. Сондықтан әтпелi экономика жағдайындағы шағын кәсiпкерлiктiң кәкейтестiлiгi, теоретикалық және практикалық маңыздылықы, проблемелардың аз шешiмiн таппағандықы дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға бағыт берiп отыр, оның мақсаты мен мiндеттерi ашып отыр.
1. Бөлім. Шағын кәсіпорындарды басқарудың теориялық негіздері.
1. 1. Кәсіпорынды басқарудың мәні және міндеттері.
Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоқамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ңсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар қңрылып жатыр. Ол дңрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағьпта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы.
Халық шаруашылықы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тықыз байланысты орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алуда. Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тңтыну тауарларын шықару сапаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындықы, клиенттердің (тұтынушылардың) сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тңтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тңтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шықару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескеретін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорындарға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат (лицензия) керек етеді.
Шағын кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетінде дербестік мүмкіндігі бар: өндірген тауарын, салық төлемдерінен қалған пайдасын пайдалана алады. Шаруашылық іс-әрекетіндегі басты жағдай - жоспарлау.
Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын арттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізіне (бизнес-жоспар) тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек.
Шағын кәсіпорын өзінің өндірген тауарларына, көрсеткен қызметтеріне бағаны тағайындайды немесе шарт бойынша келісілген бағамен сатады.
Кәсіпорынның финанс ресурстары оның ұйымдастыру - праволық формаларына байланысты, пайдадан, амортизацияға шығарылған сомадан, бағалы қағаздарды сатқаннан түскен ақшадан, еңбек ұжымының мүшелерінің жарналарынан, пайдадан түскен несиеден т. б. заңға қарсы емес түсімдерден тңрады.
Ақша қаражаттарды сақтау үшін және есеп айырысу, кассалық операцияларды жүргізу үшін банкте есеп-айырысу және басқа түрлі шоттар аша алады.
Кәсіпорын несие шарттары есеп айырысу тәртібіне толық жауап береді. Есеп айырыс тәртібін орындамаған кәсіпорын сот арқылы банкрот болып жарияланады.
Жалпы негізде, шағын кәсіпорын шет елдік серіктестермен шарт жасап және шетел валюталық шотын аша алады. Белгіленген ережеге сәйкес шағын кәсіпорын өз бетімен дербес нарыққа шықып валюта табуына, оны сатып алуына оның ішінде аукциондарға да қатынасуға праволы.
Шағын кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу мөлшері, оның жүйесі, түрі дербес шешілді. Шағын кәсіпорын заң бойынша кепілді еңбек ақы төлеуді қамтамасыз етеді, еңбек жағдайын, қызметкерлердің әлеуметтік қорғау шараларын орындайды. Өзінің қызметкерлеріне қосымша демалыс, қысқартылған жұмыс күнін, тағы басқа жеңілдіктерді қолдана алады.
Заң бойынша шағын кәсіпорын қызметкерлеріне қауіпсіз еңбек етуіне және олардың денсаулықына, еңбек қабілетіне келтірілғен зияңды толықтыруға жауапты.
Шағын кәсіпорын қызметкерлеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға белгіленгендей, әлеуметтік медициналық сақтандыру қолданылады. Сондықтан шағын кәсіпорын әлеуметтік, медициналық сақтандыру үшін өздерінің жарналарын төлеуге тиісті.
Шағын кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.
Қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның себебі жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орын ала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды.
Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд. доллар бюджетте қаралады.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Егер шағын кәсіпорынның материалдық базасы жеткіліксіз болса, айналым қорына қаражаты жоқ болса, өндірілген өнімді өткізу жөнінде алдына ала жасақталған шарттар болмаса, ол қалай өз аяғынан жүріп кете алады деген сұрау туады.
Шағын кәсіпорындардың басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын мүлік шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан Шағын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек.
Шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу және информациялық қызметтерге мңқтаж. Оны кім шешеді? Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда-саттық, қоқамдық тамақтану, азаматтық қңрылыс, техника және машиналарды жөндеу, т. б. салаларда орын алып отыр.
Осықан орай ең ірі нарық - ғылыми-техникалық жаңалықтар, мәліметтер сферасы әлі күнге дейін қолға алынбай келеді.
Шағын бизнес проблемалары және оны шешу жолдары.
Шағын кәсіпорын өзінің іс-әрекетінде көптеген қиындықтарға кездеседі.
1. Шағын кәсіпорындардың негізгі проблемасы - ресурстық базасының жетіспеушілігі: материал-техникалық және финанстық. Шын мәнінде халық шаруашылықында бос жерге кең жаңа сектор қңру көзделіп отыр. Ондаған жылдар бойы шағын кәсіпорын секторы болған емес. Олай болса осындай жұмысты ұйымдастырып, алып кететіндей кәсіпкерлер де болған жоқ. Тңрғындардың көпшілігінің басы артық ақшасы болмады, ал өз ісін бастап кәсіпкер болу үшін өзінің қаражаты жоқ. Сақтық кассаларындағы ақшалар күйіп кетті. Сондықтан өз ісін жүргізу үшін тек қана несие керек. Оны кім береді?
2. Шағын кәсіпорындардың заңға сүйенерлік базасы жоқ деуге болады.
3. Шағын кәсіпорындардың іс-әрекеттерін терең талдау жасайтын жүйе жоқ.
Олардың істеген жұмысынан қорытынды табу қиын, қандай көрсеткіштер арқылы талдау жасап мемлекеттік жеңілдік беру керек екендігін анықтау қиын. Көбіне тек таныстық керек. Ол коррупцияға апарады.
4. Басты проблеманың бірі - ол кадр мәселесі. Кәсіпкерлік сүйекке біткен қасиет дейді. Ол мүмкін дңрыс болар, бірақ ондай адамдар аз. Қоқамға керекті кәсіпкерлерді даярлау керек.
Ол үшін оларды таңдап алып оқыту қажет.
5. Кәсіпкерлік істі әлеуметтік қорғау керек. Ол үшін әлеуметтік кепілдік және әлеуметтік қамтамасыздандыру т. б. шаралар қолданылуы тиіс.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлықымен Қазақстан Республикасында «Шағын кәсіпорындарды дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» бекітілді. Оның басты мақсаты шағын шағын кәсіпорындардың өндірістік саласының серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру болып табылады. Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар мыналар:
1. Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
2. Қоқамдық бірлестіктердің шағын кәсіпорындарды қолдау мен қорғау мәселелеріндегі ролін күшейту.
3. Шағын кәсіпорындардың өндірістік саласын басымдылықты дамыту.
4. Шағын кәсіпорындарды ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылықы - бұл әлеуметтік аспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссызды азайтады. Бұдан басқа халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтарын және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке «ісін» ашу, өзінің бизнеспен айналысуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайында рыногқа өтуінде шағын кәсіпорындар «жанама» өнім ретінде болмайды. Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі болып табылады.
Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылықы, солай болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде тартылады: екіншіден, рыногтық жағдайда олар қажетті икемділікті қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті тармақтан кооперацияға айналдырады. Онсыз экономикалық тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне ықпал етеді; үшіншіден, шағын кәсіпорындар ролінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың қызмет етуіне тиек болады.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
1. «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 19. 06. 98ж. №131-1.
2. «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы 29. 11. 2000 ж. №135-1.
3. «Шағын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ҚР Үкіметінің қаулысы» 08. 04. 2001 ж. №499.
4. «Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекттік бағдарламасы». ҚР Президентінің 2002 жылғы 7 мамырдағы Жарлықы.
Кәсіпкерлік - кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық қызметінің біртұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді нысананың бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметінің көптеген түрлерінің ішінен негізінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, консультативтік.
Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік, құқықтық жағдайлар жасалуы қажет.
1. 2. Шағын кәсіпорындарды қолдау - елдегі әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешудің негізгі жолы.
Экономикалық және әлеуметтік процестерді тиімді басқару ең алдымен экономикалық және әлеуметтік процестердің мазмұнын, олардың арасындағы өзара қарым-қатынастарын дұрыс түсінуге байланысты. Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайында әлеуметтік процестерді басқарудың қажеттілігі арта түссуде. Әлеуметтік процестерді экономикалық процестермен бірге қарастыру қажет. Өйткені, экономикалық даму әр түрлі әлеуметтік жетістіктерлің негізі болып табылады. Экономикалық, саяси, мәдени қатынастардың негізгі аспектісі жеке тұлғаның әлеуметтік топтар арқылы әрекетін сипаттайды. Белгілі бір өнім өндіретін өндіріс экономикалық процесс ретінде қаралады. Ал, сол өндірістің адамдарды еңбекпен қамтамасыз етуі және өз өнімі арқылы тұрғындардың белгілі бір қажетін қанағаттандыруы әлеуметтік сипатқа көшеді. Адамның іс-әрекетін, бір-бірімен қарым-қатынасын, қоқамдағы жағдайын анықтайтын біртұтас әлеуметтік және экономикалық процестер әлеуметтік-экономикалық процестер болып табылады. Қазақстанның көп ұлтты халқы қазір әлеуметтік және экономикалық салада көптеген қиындықтарды басынан өткізуде.
Нарықтық қатынастарға өту кезінде халқымыздың өмір сүру деңгейі төмендеп кетті. Бағаның үнемі өсіп отыруы, тұрғындардың табыстарының көлемінің төмен болуы әлеуметтік мәселелерді кезек күттірмей шешуді қажет етеді. Әлеуметтік процесс, жалпы алғанда адамдардың өмір сүру деңгейін және олардың бір-бірімен қарым-қатынасын анықтайтын қоқамдық процесс болып табылады. Әлеуметтік процестің қарапайым объектісі адам болып табылады. Оның өмір сүру деңгейін қазіргі заман талабына сай ету, білім алу және мәдениетін көтеру мүмкіндігін, жақсы төленетін еңбектің және қартайған шағында зейнеттік демалыспен қамтамасыз ету - егеменді Қазақстан үшін бұдан үлкен мақсат жоқ.
Еліміздің экономикасында осыдан он шақты жыл бұрын басталған экономикалық реформалар қазіргі кезде белсенді түрде жүруде. Осы кезең ішінде республикамызда жұмыс күшінің өмір сүруінің жаңа түрлері пайда бола бастады. Аймақта нарықтық қатынастардың дамуы еңбек күші нарықының құрылысына өзгерістер алып келді.
1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының тұрғындарының саны 14953 мың адамды құрады. Еңбек жасындағы және еңбек етіп жүрген зейнеткерлер мен жас өспірімдер санының жиынтықы болып табылатын еңбек ресурстарының көлемі 8, 4 млн. адамға жетіп жалпы халықтың 56, 2 пайызын құрады. Тұрғындардың еңбекпен қамтамасыз етілуін республика экономикасының секторлары бойынша қарайтын болсақ, онда соңғы жылдары экономиканың мемлекеттік емес секторларының рөлінің өскендігін көреміз.
2002 жылы республикамыздағы тіркелінген жұмыссыздардың саны 950 мың адам болып экономикалық белсенді тұрғындардың 13, 5 пайызын құрады. Республикамыздың аймақтарында жұмыссыздардың әр үшіншісі және төртіншісі арнайы мемлекеттік органдарда жұмыссыз ретінде тіркелетіні белгілі. Осыны есепке алатын болсақ, онда республикадағы онда нақты жұмыссыздар саны жоғарыдағы көрсеткіштен 3-4 есе асып экономикалық белсенді тұрғындардың шамамен 30-40 пайызын құрауы мүмкін. Тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартудың негізгі жолы болып оларды еңбекпен қамту табылады. Экономикада жеке сектордың үлесінің басым болуына байланысты тұрғындарды еңбекпен қамтуда осы сектордың үлесі зор. Бұл салада мемлекет келесі екі бағыттың дамуына қолдау жасағаны жөн:
- Экономикада қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған ірі, орта және шағын кәсіпорындардың өз персонал санын көбейтуіне немесе қосымша жұмыс орындарын ашуына қолдау жасау.
- Тұрғындардың өз жұмыс орындарын ашуына мүмкіндіктерін кеңейту.
Барлық кәсіпорындардың негізгі мақсаты - табыс табу. Бұл экономикалық заңдылық. Ешқандай кәсіпорын тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз етуді, оларды материалдық деңгейін көтеруді немесе халықтың басқа да әлеуметтік мәселелерін жақсартуды өзіне негізгі мақсат етіп қоймайды. Әр кәсіпорын иесі адамды жұмысқа алғанда оның еңбегін пайдалану арқылы белгілі бір қосымша табыс табуды көздейді. Осы орайда айта кететін бір жайт ел қазіргі Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлердің мәселелері хақында.
Әлемнің өте қарқынды өзгерістер мен процестерде болғандықын барша халық мойындайды. Қазақстан осы өзгерістерден тыс қалмау үшін жаңашыл бетбұрыстарды тиімді қолдану керек. Көп жылдардан кейін қол жеткізген тәуелсіздігін жоғары деңгейдегі әлеуметтік және экономикалық негізге сай нықайтуы керек. Өтпелі кезеңдегі және алдағы болатын қиындықтарды жеңіп өту, табысты және кедергісіз өтпелі кезең үшін жаңа саясат пен стратегияларды дамыту керек. Осы саясат пен стратегиялардың өзекті мәселесі ретінде шағын және орта кәсіпорындардың кезеңін қолданылуы және дамытылуы қарастырылады. Қазіргі кезде барлық мемлекеттерде дерлік шағын кәсіпорындардың жұмыс орнындағы, жалпы жұмыспен қамтудағы және өндірістегі алатын үлесімен қоса есептегенде оның экономикадағы орны қарқынды артуда.
Кәсіпорындардың техникалық жаңалықтарға бейімді тұтынушылардың талаптарына сай икемді сипаттары, конъюктуралық ауытқуларғы бейімделу ерекшеліктері, өндірістегі кемшіліктерін дереу жоюдағы үлесі, ірі шағын кәсіпорындарға деген болымды ықпалдары, аймақтар арасындағы бірдей дамуға тигізетін әсерлері, бәсекені ынталандырудағы рөлі, бюрократиялық құрылымның болмауы және жұмыспен қамтудың артуына қосқан нақты үлесі ең басты ерекшеліктері болып табылады. Шағын кәсіпорындардың экономикадағы рөлін, әсіресе жұмыспен қамтуға қосқан үлесін төмендегі мысалдар арқылы нақты көрсетуге болады. Италияда 80 %, Англияда 76 %, Жапонияда 73 %, Францияда 69 %, АҚШ-та 53 %. 2000 жылдың деректері бойынша Қазақстанда жалпы жұмысшылардың тек 5, 2 %-і, Ресейде 10 %-і, Белоруссияда 6 %-і шағын кәсіпорындар тарапынан жұмыспен қамтылып отыр.
Жоғарыда атап өткен бұл көрсеткіштер дамықан мемлекеттегі жағдайды білдіреді және бұл мәселенің маңызды екенін көрсетеді. Дамықан мемлекеттерде бұл жағдай дамушы мемлекеттер үшін үлгі болуы тиіс және осы жылдағы іс-әрекеттерді арттыруы керек. Бұл мақсат пен маңыздылықты Қазақстан да тәуелсіздікті алғаннан кейінгі жылдарда түсіне бастады. Барлық қиыншылыққа қарамастан алға қойылған мақсаттың дұрыс таңдалуы және осының негізінде құқықтық инфрақұрылымның қалыптастырылуы маңызды бір қадам болған. Бірақ, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз. Құрылымдық әрі іс жүзінде туындаған көптеген мәселелер ШОК-тің дамуына кедергі келтіруде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz