Экологиялық құқық пәнінен дәрістер


Жоспары

1. Экологиялық құқықтың түсінігі.

2. Экологиялық қатынастардың түрлері мен жалпы сипаты.

3. Экология құқық қатынастардың субьектілері мен обьектілері.

4. Экологиялық қатынастардың мазмұны, пайда болуы, өзгертілуі, тоқтатылуы.

5. Экология құқықтың әдістері, қағидалары.

6. Экологиялық құқықтың жүйесі.

1. Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара-қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара тікелей байланысты екені көрініс табады. Адамзаттың тіршілік ортасының айрықша күйзеліске үшырауына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр. Табиғи ортаның қолайлы болуы - қоғамның экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер ететін қажетті шарт. Экологиялық ахуалдың төмендеуі адамдардың тұрмыс деңгейін нашарлатады. Мұндай жағдайға сай, табиғи ортаны қорғаумен қатар, экологиялық зардап шеккен халықты әлеуметтік жағынан қорғау және экономикалық жәрдем көрсету шаралары туындайды. Мұны біздің республикамыздағы Семей ядролық сынау полигоны мен Арал апты тікелей көрсетіп отыр.

Табиғатты қорғау - табиғаттың өзіндік болмысын сақтау немесе оны қалпына келтіру арқылы табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану үшін құрылған мемлекеттік жүйедегі қоғамдық шара. Ол әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылады. Соның бірі - айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғау.

2. Экология құқығының пәнін-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз-қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар:

  1. Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазКРгі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс.
  2. Экологиялық қатынастардың әр түрлі екндігін атадық. Экология құқығы нормаларының нысандары, басқару жүйесі, субъектілері, тетіктерітері, жауапкершілік міндеттері мен талаптары және басқалары экологиялық құқық нормаларының мазмұнын құрайтын болғандықтан, олар өз алдына қаралады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде қылмыс кодексіндегі, әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың дисозиялары түгелімен экология талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.

Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілеріне-адамдар жатады. Ал, объектілеріне-экологиялық құқықтың зерттейтін объектілері, яғни табиғат нысандары жатады. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.

Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.

Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.

Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.

Экологиялық құқық қағидалары - мемлекет, қоғам, кәсіпорындардың, өкімет орындарының, ұйымдардың және басқа құрылымдардың, лаузымды адамдар мен азаматтардың экологиялық құқықтық қатынастардағы алғашқы түр бастамасы. Олар-құқықтық мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.

Сонымен экология құқығының негізгі қағидалары мыналар болып табылады:

1. адмның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

2. ҚР нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазКРгі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

3. экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қаіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

4. табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезң-кезңімен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғайға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;

5. биолгиялық алуан түрлілікті және экологиялық ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

6. қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеумен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жаупкершіліктің ымырасыздығы;

7. қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

8. халықтық, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде демократиялық жолмен қатысу;

9. халықарлық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асырылуы.

6. Экология құқығының жүйесі экологиялық қатынастарды ғылыми түрде салаларға бөліп қараудан туындайды. Оның әр саласы зерттеу тақырыбы институтын құрайды. Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан үш бөлімге бөлінеді: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы.

Жалпы бөлімде қаралған институттар:

  • экология құқығының түсінігі және тақырыбы, жүйесі;
  • экология құқығының объектілері мен принциптері;
  • экология құқығының тарихы мен негіздері;
  • табиғат қорларына мемлекеттің меншік құқығы;
  • азаматтардың табиғатты пайдалану құқығы және айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуының құқығы;
  • айналадағы табиғи ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау мен қадағалау;
  • экология туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.

Ереше бөлімде қарлатын институттар:

  • жердің құқықтық жағдайы және оны қорғау;
  • жер қойнауының құқықтық жағдайы және оны қорғау;
  • судың құқықтық жағдайы және оны қорғау;
  • орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау;
  • атмосфералық ауаны құқықтық қорғау;
  • жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану;
  • айрықша қорғалатын табиғат объектілерінің құқықтық жағдайы.

Ал арнайы бөлімде: табиғатты халықаралық құқықтық қорғау қатынастары қаралады.

Экология құқығы 1988 ж. бастап қалыптас бастады. Бұл құқықтың қалыптасуына - экологиялық қорғаныстардың пайда болуына қоршаған ортаның және оның құрамдас бөлігі - табиғи ресурстардың біртұтастығы және өзара тығыз байланыстылығы, табиғи ерекшеліктері, соған қарай қатынастардың да бірыңғайлығы себеп болды. Мемлекет тарапынан экологиялық заңдар шыға бастады. Мұны экология құқығының негіздері тақырыбының мазмұнынан көруге болады. Қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық қатынастарды реттегенде аталған жағдайларды ескермеуге болмайды. Сондықтанда экологиялық қатынастар біртұтас. Сонымен қоршаған ортаны және оның құрамдас бөлігі табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану, молайту, қалпына келтіру жақсарту ұғымы пайда болады. Экология құқығының пәнін-экологиялық құқықтық қатынастар құрайды. Республикада айналадағы табиғи ортаны қорғау жөніндегі мұндай қатынастар еліміздегі табиғи ортаны жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау туралы заңдары мен ол заңдарды қолдану жөніндегі өзге де ҚР құқықтық актілерімен реттеледі. Экологиялық құқықтық қатынастар дегеніміз-қоршаған табиғи орта мен оның ресурстарын қорғауға және пайдалануға байланысты әртүрлі экологиялық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл анықтамада ескерілетін негізгі екі мәселе бар: Қоршаған табиғи ортаны және оның ресурстарын қорғауды бірінші орынға қою қажеттілігі. Себебі, экология құқығы саласында қоршаған табиғи ортаны, оның ресурстарын қорғауға басымдылық берілуі қажет. Олай дейтініміз, қазіргі уақытта жоғарыда аталған зиянды факторларға байланысты қоршаған табиғи орта және оның ресурстары азайып, тіпті нашарлап бара жатыр. Сондықтан апат аумағына айналған аймақтардың табиғатын бастапқы қалпына келтіру жұмыстары пәрменді түрде жүргізілуі тиіс. Экологиялық қатынастардың әр түрлі екндігін атадық. Олардың ішінде экологиялық, эконномикалық, мәдени және

Экология құқығының қайнар көздері - айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, спасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актілердің жиынтығы болып табылады. Экология туралы заңдарды мазмұны жағынан, заң қабылдайтын огандардың түрлері немесе олардың заң шығару өкілеттігі жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.

Экология құқығының негіздері ішінде ҚР конституциясы ерекшк орын алады. ҚР Конституциясы табиғи ресурстар қорлардың құқықтық жағдайын және оның аумағының бөлінбейтінін, оған қол сұғуға болмайтынын, табиғи қорларды мемлекет атынан иемдену құқығын жүзеге асыру жолдарын, заңдарын, соның ішінде экологиялық заңдардың, өзге де құжаттардың Конституция ережелеріне қайшы келмеуін, азаматтардың өмір сүруі мен денсаулыққа қолайлы айналадағы табиғи ортада тұру құқығын, Конституция мен заңдарды сақтау, басқа адамдардың құқықтарын құрметтеу міндеттерін белгілейді.

Экология құқығының экологиялық қатынастарды реттеудің мазмұнына қарай, оның жүйесін құрайтын қатынастарға және соларға байланысты нормативтік құжаттардың мазмұнына қарй мынадай турлерге бөліп қаруға да болады. Жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер және оның құрамдас бөлігі болып саналатын салалық нормативтік құқықтық актілер:

Жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілердің өзі екіге бөлінеді:

1. негізгі жалпы экологиялық нормативтік құқықтық актілер;

2. туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілер;

Негізгі жалпы экологиялық нормативтік құықтық актілерге төмендегілер жатады:

  1. ҚР Экологиялық кодексі. 2007 жылғы 9 қаңтардағы.
  2. ҚР Экологиялық сараптамасы туралы 1997 ж. 18 наурыздағы заңы.
  3. ҚР Азаматтарының денсаулығын сақтау туралы 1997 жылғы 19 мамырдағы заңы.
  4. ҚР Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы 1994 жылғы 8 шілдесінде қабылданған заңы;
  5. ҚР Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 1996 жылғы 5 шілдеде қабылданған заңы.

Туынды жалпы экологиялық нормативтік құықтар актілеріне жататындар;

1. ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі туралы ереже ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 27 сәуКРдегі N481 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, N15, 154-құжат) ;

2. ”Республикалық қоршаған ортаны қорғау туралы қоры”. Мемлекеттік қоры туралы Ереже ҚР Үкіметінің 1998 жылғы 1 сәуКРдегі N280 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 1998 ж. N10, 74-құжат. )

3. ҚР Жер ресурстарын басқару агенттігі туралы Ереже ҚР Үкіметінің 2005 жылғы14 қаңтардағы N14 қаулысымен бекітілген. (ҚР ПҮАЖ-ы, 2005 ж. N1, 64-70 б. б.

Салалық негізгі нормативтік құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Жер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

2. Жер қойнауы және он пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

3. Ормандар мен басқа өсімдіктер туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

4. Су жөніндегі негізгі нормативтік құқықтық актілер;

5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

6. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

7. Атмосфералық ауаны қоғау туралы негізгі нормативтік құықтық актілер;

8. Экология саласында халықаралық экологиялық ынтымақтастықтар туралы негізгі нормативтік құқықтық актілер;

Осы аталған негізгі салалық нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері де бар.

ҚР Экологиялық құқығы ҚР Конституциясына негізделеді, сондықтан Экологиялық құқықтың басты қайнар көзі ретінде Конититуция табылады. Экология құқығының мазмұны күрделі болғанымен, ол жоғарыда атағанымыздай бір табиғи объект. Қоршаған ортаның ресурстары оның құрамдас бөлігі екенінде қарастырдық. Сондықтан осы салада барлық экологиялық қатынастар экология құқығының мазмұнын құрайды. Оның ішінде қылмыс кодексіндегі, әкімшілік құқық бұзушылық, Азаматтық кодекстер және басқа заңдардағы экологиялық жауапкершіліктер туралы қатынастар экологияға қызмет ететін қосымша салалық нормалары қатарына жатады. Бұл заңдар экологиялық жауапкершілік қатынастарды реттеуге қолданылатын санкцияларымен ерекшеленеді. Олардың дисозиялары түгелімен экология талаптарынан туындайды. Мұндай құқық құрылымында бір құқықтың басқа құқықтарға қызмет етуі заңды. Экологиялық құқық саласындағы жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, тау-кен құқығы және басқа құқық негіздерін құрайтын-жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану туралы, атмосфералық ауаны қорғау, ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңдар, оның ішкі құрылымына жататын, салалық құқықтар қатрына жатады.

Экологиялық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру барысында жергілікті өкілді және атқарушы органдарда өз құзіреттеріне сай қызметтер атқарады. Мысалы: актілер шығарады. Экологиялық құқықтың бұл көрінісі экологиялық құқықтық қатынастардың ерекшелігінен, күрделілігінен туындап қалыптасатынын еске алу керек. Құқықтық реттеу әдісі- мемлекет тарапынан қоғамдық қатынастарға қолданылатын құқықтық әдіс. Немесе құқықтық нормалармен белгіленген қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық әсер ету тәсілі. Экология құқығында бұл әдістеме қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды пайдалану және қорғауға байланысты барлық кешенді қатынастарды реттегенде бұл әдістеме экологиялық тақырыпты белгілеуден кем түспейді.

Экологиялық құқықтың негізгі әдістемелеріне қоршаған ортаның табиғилығын немесе оның жүйесінің, табиғи ресурстардың табиғилығы олардың өзара байланыстылығы, біртұтастылығы, бір табиғи объектіні қорғау арқылы басқа табиғи объектілерді қорғау, немесе оларға жағдай жасау жатады. Экологиялық құқық аталған негізгі әдістемелерді экология қатынастарында пайдаланылып, қоршаған ортаның табиғилығын, өсімін молайту, қорғау немсе табиғатқа байланысты қоғамдық қатынастармен ұштастырылып, оларды осы мақсатқа сай экологияландыру тәсілі қолданылады. Мысалы: ормандар мен өсімдіктерді сақтау, қорғау шараларын қолдану арқылы жердің ылғалдығын, құнарлығын сақтауға, арттыруға қол жеткізуге болады.

Экологиялық қатынастарды реттеу кезінде де сот органдарының атқаратын қызметтері де маңызды. Нарық экономикасы жағдайында табғи ресурстарды материалдық заттық құқық объектісі ретінде пайдалануға байланысты құқықтық қатынастарды реттеуде азаматтық құқық әдістемесі қатыстырылады. Оның негізгі себебі: табиғи ресурстар, оның ішінде жер, жер қойнауы, орман, су, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі адамның күн көру, өндіріс объектілерінің яғни экономикалық қажеттерінің де объектісі болып салады. БІРақ бұл экономикалық қатынастарды экологиялық қатынастардан бөліп қарауға болмайды. Сондықтан, азаматтық құқық әдістемесі экология құқығында субъектілерді қоршаған табиғи ортаны қорғауға, сақтауға ынталандыру үшін де қолданылады.

пайдаланатын табиғи ресурстар жатады. Табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығы - бұл табиғат ресурстарына Қазақстан Республикасы егемендігінің материалдық негізін құрайтын, экологиялық және экономикалық құқықтық ережелердің жиынтығы.

Республикамызда алғаш рет 1990 жылғы қарашаның 15-де қабылданған Қазақ ССР- дегі “Меншік туралы “ Заңда және Қазақ ССр-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияда (1990 жылғы 25 қазан) жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі тек қана мемлекеттің меншігі болып жарияланды.

1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы“ Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында аталған табиғат объектілері, әуе кеңістігі және басқа да табиғи ресурстар тек қана Қазақстан Республикасының меншігі болып аталды. Қазақстан Республикасындағы табиғи ресурстардың құқықтық жағдайы 1993 жылғы 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тек қана мемлекеттің меншігі ретінде айқындалатыны көрсетілді.

Қазақстан Республикасы жер кодексінің нормаларына сйкес республика аумағында жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы. Оның жерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге құқығы бар. Осы меншік құқығының мазмұнына қарай жерді басқару органдары мен жер пайдаланушылардың құзыреті белгіленеді. Бұл заң ҚР Конституциясына сай келеді. Орталық және жергілікті мемлекеттік және басқару органдары табиғи ресурстарға мемлекеттік меншік құқығын заңда белгіленген басқару уәкілдігіне ие бола алады. Оларда табиғи ресурстарды иемдену мен пайдалану құқығы жоқ. Мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың заңда көрсетілген ретте ғана табиғи ресурстарға иемдену, пайдалану, билік ету құқығы бар. Оның өзінде билік ету құқығы да, мемлекет атынан және заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мектеп пен жанұя бірлігі негізінде оқушыларды жан-жақты дамытудың теориялық негіздері
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы туралы
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Әскери бөлімдер мен бөлімшелерді елді мекендерге орналастыру.Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары
Сантехникалық құрылғылар цехы
Ветеринариялық кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Биология білімін бақылаудың формалары, түрлері және әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz