Қылмыстың заты бойынша квалификациялау


§ 3. Қылмыстың заты бойынша квалификациялау
Ұқсас қылмыстарды бір-бірінен ажыратуды тек объектілері бойынша ғана емес, барлық құрам элементерінің белгілері, оның ішінде қылмыстың заты бойынша да жүргізуге болады.
Кейбір қылмыстық құрамдарда қылмыстың заты міндетті белгі болып табылады. Қылмыстың заты Ерекше бөлім баптарының диспозициясында тікелей аталғанда, ол заттар осы қылмыс құрамының міндетті белгісі ретінде бағаланады, яғни осы баппен квалификация жасау үшін баптың диспозициясында келтірілген заттар қолданыла отырып немесе осы заттарға байланысты іс-әрекет жасалаған болуы керек. Егер жаса-лаған қылмыста құрам элементтерінің өзге белгілері белгілі бапқа то-лық сәйкес келгенімен, бірақ қылмыс заты сай келмесе, онда іс-әрекет басқа қылмыс түрімен квалфикацияланады.
Қылмыстың заты дегеніміз - кінәлі қылмыс жасау кезінде қолданатын және осы қылмысты жасауда міндетті түрде болатын жанды немесе жансыз материалдық сапаға ие заттар болып табылады.
Қылмыстың заты жанды немесе жансыз болуы, ол кейбір қылмыстардың жансыз материалдық заттарды, мысалы есірткі, атылатын қару, радиактивті заттар, мүлік, құжаттарды пайдаланып немесе сол заттарға қатысты әрекеттерді жасай отырып, қылмысты іске асыруды көздеуін түсінуіміз керек. Ал жанды заттар ретінде жануарларға қатысты, яғни экологияға, адамгершілікке қарсы әрекеттер жасай отырып, қылмыс жасау кезінде жанды құндылықтарға зиян келуін түсінеміз. Адамдар қылмыс затына жатқызылмайды. Себебі адамдар қылмыстық құрам-дарда жәбірленуші немесе кейде құрал ретінде кездеседі. Л. Д. Гаух-ман "жәбірленуші адам ретінде қылмыстың затынан мысалы РФ ҚК 318-бабында көрсетілгендей өкімет өкілдеріне қатысты күш қолдану құрамындағыдай олардың қызметіне байланысты сипаттамада болуы мүмкін", - дейді. 1 Адамдар қылмыста көпшілік жағдайда жәбірленуші (мысалы адам өміріне қарсы қылмыстарда) немесе кәмелетке толма-ғандарды қылмыстық жолға тарту қылмысындағыдай қылмыс жасау құралы түрінде ғана кездесіп, бір жақты мағынада қолданылады. Ал қылмыс заты қылмыстық құрамдарда жәбірленуші түрінде емес, қылмыстың орындалуында қолданылуы міндетті және материал түрінде кездесуімен ерекшеленеді.
Қылмыстың заты және қылмыс объектісі қылмыстық құрамда қылмыс объектісі элементіне қосыла отырып қарастырылады. Бұл екі ұғымды бірдей көруге болмайды, себебі бұл ұғымдардың қылмыстық құрамды ашуда және міндетті белгі болып саналуында айырашылықтар бар. Қылмыстың заты қылмыс объектісіндей заңмен қорғауға алынған қоғамдық қатынастарды білдірмейді, ол бірнеше мағыналарда объектіге жа-қындығын байқатады немесе қылмыс объектісінен кейін бірден анық-талуы қажет ететідігін көрсетеді. Біріншіден, қылмыстың заты жасалған қылмыстарда көрініс алуы арқылы заңмен қорғалатын объектіге нұсан келгенін білдіреді. Мысалы ұрлық қылмысының объектісі болып табылатын меншікті ақша, киім, тамақ, бұйым құрап, ондай игілі-ктер қылмыстың затын білдіреді. Яғни қылмыс затының көрініс табуы объектіге зиян келегенін білдіре алады. Екіншіден, қылмыс заты міндетті белгі болып табылатын құрамдарда бұл белгі болмаса қылмыс объектісі бола алмайды. Үшіншіден, қылмыс затының қоғамдағы ма-ңыздылығы объектінің құндалық дәрежесін, қылмыстың ауырлық дең-гейін көрсете алады. Мысалы ұрлық (175-бап) және ерекше құнды зат-тарды ұрлау (180-бап) . Төртіншіден, қылмыс затының құрамдарда бірдей анықталуы, ол қылмыстардың объектісінің де бірдей екендігін көрсетеді. Мысалы, ұрлық, тонау, қарақшылық қылмыстарының, Сондай-ақ алаяқтықпен қорқытып алушылықтың заттары бірдей, соған орай олардың объектілері де бірдей анықталады.
Қылмыстың заты қылмыс объектісімен салыстырғанда қосымша (факультативті) белгі ретінде қолданылады, яғни қылмыс құрамын си-паттау кезінде барлық кезде міндетті белгі ретінде қолданылмайды. Қылмыс затының қосымша белгі ретінде қолданылу себебі, ол барлық қылмыстың құрамында белгілі бір заттың қолданылуы міндетті болма-уына, заңдағы көпшілік қылмыстарға құқықтық талдау бергенде және ол қылмыстардың жасалу табиғатына зер салғанда арнайы бір заттар-дың қолданылуы шартты болмауына байланысты. Мысалы бұзақылық, кэмелектке толмағандарды қылмыстық жолға тарту, жала жабу, көрінеу кінәсіз адамды қылмыстылық жауаптылыққа тарту және т. б. қылмыстарда қылмыс заты, оның арнайы бір түрлері болмайды. Мұндай қылмыстарда өзге элементтердің белгілері және қылмыс объектісі болса қылмыс құрамы бар деп танылады.
Кейбір қылмыс түрлерінде зат қосымша емес, міндетті міндетті белгі реінде қолданылады, яғни қылмыс жасалды немесе заңмен қорғалатын объектіге щлқсан келді деп есептеу үшін қылмыстың заты көрініс алуы керек болып табылады. Қылмыс заты міндетті белгі болып табылатын құрамдарда сол заттың түрі баптың атауында немесе оның диспозиция-сында көрсетіледі, сондай-ақ бапта зат түрі аталғанда объектінің мағы-насын аша отырып анықтауды қажет ететін кездер болады. Қылмыстың заты 193-бапта (Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру), 194-бапта (Несиені заңсыз алу және мақсатсыз жұмсау), 252-бапта (Қаруды заңсыз жасау), 253-бапта (Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау), 260-бапта (Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу), т. б. тікелей баптың атауында көрсе-тіледі. Мұндай жағдайда жасалаған қылмысты осы баппен квалификациялау үшін іс-әрекет сол бапта аталағандай заттармен немесе соларға қатысты жасалған болуы керек.
Қылмыстың заты бапта арнайы көрсетілгенде оны өзге ұқсас қылмыстардан затына арай отырып бірден оңай ажыратуға болады. Мысалы 260-баптағы есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқытып алу және 255-баптағы қаруды, оқ-дәріні, жа-рылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, Сондай-ақ 248-баптағы радиактивті заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, 181-баптағы қорқытып алушылық қылмыстарының негізгі айырмашы-лықтары қылмыстың затында және қылмыс затының қоғамға тигізеті пайдалы немесе зиянды әсеріне қарай қылмыс объектісі де анықтала-ды. Жоғарыда келтіріліп отырған ұқсас қылмыстардың өзге құрам эле-менттері бірдей, олардың айырмашылығы тек қылмыстың затында, со-ған қарай объекті де өзгерен.
Қылмыстың заты квалификациялау үшін міндетті белгі болып баға-ланатын құрамдарда баптың диспозициясында тікелей көрсетілмей, объектінің атынан, оның мағынасынан шығуы да мүмкін. Мұндай құрам-дарада қылмыс объектісіне щлқсан келуі үшін қолданылатын немесе жәбірленушіден алынатын заттар ескеріледі. Мысалы ұрлық қылмысы заңда "бөтен мүлікті жасырын алу" деп анықталаған. Бұл қылмыстың затын білдіретін "мүлік" ұғымы түсіндіруді талап етеді. Қысқаша айтқанда ұрлық қылмысының заттарын ерекше құнды заттар мен қоз-ғалмайтын мүліктер құрай алмайтынын ескеруіміз керек.
Бір ескере кететін жәйт, ол кейбір құрамадарда қылымыстың заты мен қылмыс құралы ұқсас анықталады. Мұндай құрамдарда құрал мен заттың айырмашылығын білу керек. Анығырақ айтқанда, белгілі бір қылмыста зат ретінде қолданылатын материалдық сапалар басқа бір қылмыста құрал ретінде қолданылуы кездеседі. Қылмыс жасау құралы баптың диспозицисында тікелей көрсетілуі де, көрсетілмеуі де мүмкін. Қылмыстың заты мен құралын шатастырмас үшін ол заттың қылмыс-тың жасалуын жеңілдету үшін немесе басқа мағынада қолданылып отыр-ғанын ескеру керек. Егер белгілі бір зат қылмыстың жасалуын жеңіл-дету мақсатында қолданылса, онда ол құрал ретінде бағаланады. Мысалы, халықтың денсаулығына және адамнершілікке қарсы қылмыстар тарауындағы есірткімен байланысты 259-265-баптардағы қылмыстар-дың заты есірткі және жүйкеге әсер ететін заттар болып табылады. Ал адамның денсаулығына қасақана ауыр зиян келтірудің бір түрі адамды есірткіге тәуелді етуде есірткі заттар қылмыс құралы ретінде қолда-нылады. Сол сияқты қару-жараққа байланысты 251-255-баптарда кел-тірілген қылмыстардағы "атылатын қару" осы баптардағы қылмыстар-дың заты ретінде бағаланса, ал кісі өлтіру қылмысында құрал ретінде пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz