Естің нейрофизиологиялық негізі



1 Ес пен парасаттың бұзылуы
Дене шынықтыру
2. Ес процестері, олардың мазмұндық, функционалды сипаттамасы
3.Есті зерттеудің ассоциативті бағыты. Г. Эббингауздың ұмыту қисығы
4. Л.С. Выготскийдің психика дамуының мәдени . тарихи концепциясындағы ес мәселесі
Нейроглияда естің генотиптік, фенотиптік ес деп аталатын түрлерін ажыратады. Генотиптік ес шартсыз рефлекстің, инстинктердің, импритингтің көрініс беруін қамтамасыз ететін туабіткен ес түрін айтады. Фенотиптік ес ағзаның жеке дамуында қабылданған ақпаратты өңдеуді және сақтауды қамтамасың ететін ес түрі. Жалпы ес деген ұғынның өзі белгілі бір ақпаратты есте қалдыру, сақтау, еске түсіру үрдістерінің жиынтығы түрінде көрініс береді. Бұл үрдістер ми нейрондарында ерікті немесе еріксіз «ізжазбасы» (энграммасы) түрінде қалуы мүмкін. Фенотиптік ес есте сақтау қабілеті бойынша бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Адамның есте сақтау қабілеті қисынды – мағыналық және сезімді – бейнелік деп бөлінеді. Бірінші естің түрі адамның екінші сигналдық жүйесімен өте тығыз байланыста болады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЕСТІҢ НЕЙРОФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
 
Нейроглияда естің генотиптік, фенотиптік ес деп аталатын түрлерін ажыратады. Генотиптік ес шартсыз рефлекстің, инстинктердің, импритингтің көрініс беруін қамтамасыз ететін туабіткен ес түрін айтады. Фенотиптік ес ағзаның жеке дамуында қабылданған ақпаратты өңдеуді және сақтауды қамтамасың ететін ес түрі. Жалпы ес деген ұғынның өзі белгілі бір ақпаратты есте қалдыру, сақтау, еске түсіру үрдістерінің жиынтығы түрінде көрініс береді. Бұл үрдістер ми нейрондарында ерікті немесе еріксіз ізжазбасы (энграммасы) түрінде қалуы мүмкін. Фенотиптік ес есте сақтау қабілеті бойынша бейнелік, эмоциялық, шартты рефлекстік, ерікті және еріксіз деп бөлінеді. Адамның есте сақтау қабілеті қисынды – мағыналық және сезімді – бейнелік деп бөлінеді. Бірінші естің түрі адамның екінші сигналдық жүйесімен өте тығыз байланыста болады. Ол ойлауға, сөйлеуге, қшелдауға қатысы бар ес, ал екінші түрі анализаторлардың рецепторларынан келген мәліметті сақтауға қатысы бар ес. Жалпы көптеген ғалымдардың көзқарастыра бойынша адамның ес үрдісі кем дегенде 4 деңгейден өтеді.
Сенсорлық ақпараттың милисекунд аралығында сақталуына және де ол ақпараттың біріншілік талдануымен, жүйеленуімен байланысты. Сексорлық есте ақпарат ізінің сақталуы 0,1-0,5 секундты құрайды, яғни бұл деңгей ақпаратты қысқа мерзімге сақтағанымен, оның сыйымдылығы салыстырмала түрде шексіз, бұл сенсорлық естің негізгі ерекшелігі болып табылады. Оның сыйымдылығының жоғары болуы естің басқа деңгейлерінің сенсорлы естен ақпаратты таңдап алуға, келешекте маңыздысын ғана теріп сақтауға мүмкіндік береді. Сақтауға арналған материалдың тағдыры оның сипатымен анықталады. Сөзге байланыссыз ақпарат (вербальды емес) сенсорлы естен бірден аралық ес деңгейіне түседі. Ол түскен ақпарат сол жерде бірнеше минуттан бірнеше жылға дейін сақталады, ал вербальды (сөзге байланысты) ақпарат аралық еске түспестен бұрын қысқа мерзімді еске өтеді. Қысқа мерзімдік ес сыйымдылығы шекті 7ұ2 бірліктегі ақпаратты сақтайтын ес болып табылады. Вербальды ақпараттың бірінші қысқа мерзімдік еске өтуі, оның есте жазылуы үшін бірнеше рет сол ақпаратты қайталаумен түсіндіріледі. Аралық естің ерекшеліктерінің бірі ол есте жеке тұлға үшін маңызды ақпараттың жазылуында. Ақпараттың жақсы сақталуын төртінші деңгей, ұзақ мерзімдік ес қамтамасыз етеді. Бұл есте жеке тұлғаның белгілі бір өзіне ғана тән ерекшеліктері (оқу, жазу, профессионалдық дағдылары) сақталады. Бұл ес түрі басқа естермен салыстырғанда ми ұлпасының зақымдалуына тұрақты келеді, яғни амнезия туындаған жағдайда да ұзақ мерзімдік есте жазылған көптеген ақпараттар жазылып қолда. Мида сақталған керексіз ақпарттардың жайылып, естен шығарылуы ұйқы кезінде жүреді деген болжам бар, сонымен қатар ақпараттың логикалық оңделуі бояу ұйқыда өңделген ақпараттың ұзақ мерзімдік еске өтуі жылдам ұйқы кезінде жүреді деп болжанады.
Естің физиологиялық негізі өте күрделі. Ғалымдардың көзқарасы бойынша ақпараттың ізі ми қыртыстарында пайда болып, сақталады, ал оларды қабылдап консолидациялауға (бекіту, нығайту, нықтау) ретикулырлық формация мен лимбиялық жүйе қатысады. Есте сақтаудың молекулалық гипотезасы бойынша мидағы нейрондардың уақытша байланыс тізбектері химиялық жолдармен қалыптасады. Қазіргі түсініктер бойынша естің негізгі элементі синапстар болып табылады. Жалпы ес механизмін түсіндіруге тырысқан бірнеше теориялар бар. Солардың ішінде кең тарағандарының бірі реверберация гипотезасы. Бұл гипотеза Лоренто Де Ноның мида тұйықталған Нейрондар тізбегінің бар екендігін дәлелдейтін еңбегіне негізделген. Бұл гипотеза бойынша нейрон тізбегіне түскен ақпарат тізбекте айналып жүріп, өзінің ізін қалдырады, бірақ кейінгі кезде көптеген ғалымдар бұл гипотезаны қолдамайды. Соңғы кезеңде Шнейдер мен Шерманның 1968 ж. жұмыстарының негізінде есті бір кезеңде жүретін гипотезасы өрбіді,. 1984 ж. Корсаков және Корсакова мынадай гипотезаны ұсынды: ес ізінің жазылуы немесе меңгерілуі импритинг типі бойынша бірден жүреді.
Есте сақтау қабілетінің физиологиялық жағын зерттеген академик Ливанов мынадай қорытындыға келді: ес синапстық құрылымдардың дәрежесіне байланысты. Естің механизмін түсіндіруде ортақ бір көзқарас қалыптаспаған, сонымен қатар есте сақтаудың жеке бір орталығы мидың арнайы, бөлігі ми аймағы бар деуге де болмайды, себебі ақпаратты есте сақтауда мидың барлық құрылымдары қатысатын болу керек. Бұнда негізгі рольді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады.
Мидың зақымдалуына байланысты еске түсіру қабілетінің бұзылуы немесе толық жойылуы толық немесе жартылай амнезия деп атайды.

Ес пен парасаттың бұзылуы
Парасат – индивидиумның ішкі құрылысында, өтіп жатқан жағдайлардың субъективті суретін құруды қамтамасыздандыратын психикалық механизмдер жүйесі.
Парасат ( intellectus латын сөзінен – ақылмен түйсіну, жетілу) – индивидтің ақыл қабілеттерінің орнықты құрылымы. Анықтама келесі түсініктер жүйесінен құралған: біріншіден, парасат термині ақыл терминінің синонимы; екіншіден, парасатты тек ойлау қабылетімен сипаттау дұрыс емес, үшіншіден, парасат деңгейі қабылет жүйелерімен сипатталады. Қабылет жүйелері әртүрлі қызмет атқару нәтижесінде, индивидтің қоршаған ортамен, басқа адамдармен байланысу нәтижесінде қалыптастырылады.
Парасаттың келесі түсініктемелері бар: биологиялық: жаңа жағдайларға санамен бейімделу қабылеттілігі; педагогикалық: оқуға қабілеттілігі, оқытылуы; психологиялық (құрылым тұрғысынан қарау): құралдардың мақсатқа бейімделу қабілеті. Парасат әртүрлі қабілеттер жиынтығы.
Ес - өткен тәжірибені ендіру, сақтау және қайта жаңғырту.
Ес бұзылуы – ұмытшақтықтар, қате еске түсірулер.
Парасат бұзылуы – тума кемақылдылық, кейіннен пайда болған кемақылдылық. Дисмнезия деп естін әлсіреуінің әр алуан түрлерін еске алу, сақтау және еске түсірудің төмендеуін айтады. Естің әлсіздігі психикалық аурулардың көптеген түрлерінде басталады.
Естің нашарлауының неғұрлым ерте көрінісіне сол сәтке қажетті ес материалын еске түсірудің қиындығы жатады. Бұл, әсіресе, даталарды (оқиғалар жылнамасы), атаулар мен есімдерді, терминдерді, белгілі бір ұғымдарды, яғни неғұрлым дара, жіктелген, естің дерексіз материалын еске түсіруге қиналудан көрінеді.
Амнезия — естің болмауы, ессіздік. Кертартпа амнезия — белгілі бір психикалық аурулардың ессіз күйі басталар алдында тікелей болған оқиғалардың естен шығуы. Кеселдің бұл түрінде сананың жоғалуы немесе аурудың басталуы алдындағы оқиғалардың бірде-бір деректі, жағдайда еске түсіру мүмкін болмайды. Мұндай ұмыту әр түрлі уақыт кезеңдеріне — сағат, күн, айларға да қатысты.
Антероградтық амнезия — санасыз күй немесе психикалық басқа да кеселі аяқталған соң, тікелей іле-шала болатын окиғалар туралы естеліктерді жоғалту. Кертартпа амнезия сияқты мұндай ұмыту сағаттармен шектеледі, бірақ күндер мен апталарға да созылуы мүмкін.
Артынан осы ауруға шалдыққан ұмытшақ науқастың мінез-құлкы белгілі бір кезеңде әбден дұрыс болады, олар барлық жағынан өзіне есеп береді, бірақ бұдан әрі осы уакыт ішінде жасалғанның бәрі олардың есінен ізсіз жойылып кетеді.
Антероретроградттық амнезия — бұл алдыңғы амнезияның екі түрінің ұштасып келуі. Санасыз жай-күйдің немесе аурудың алдында өткен ғана емес, сондай-ақ оның соңынан еткен оқиғалар да естен шығып кетеді.
Фиксаждық амнезия — еске сақтау қабілетінің, ағымдағы оқиғаларға естің жоғалуы — бұл Корса-ковсиндромының негізгі белгісі болып табылады (төмен-нен қарацыз).
Өршіген   амнезия — еске    сақтау    қабілетінің жоғалып, дәйекті   зандылықпен өтетін    ес қорларының босауының біртіндеп әсе түсуімен білінеді, Ең алдымен еске жақында ғана түскен    материал жойыльп, өмірдің соңғы жылдарындағы оқиғалар ұмытылып қалады. Естің ерте иеленген қоры,  өмірдің ерте кезеңдегі   оқиғалары есте едәуір ұзақ сақталады. Ес материалының жойылуы оның жинақталуындағы    кері жүйемен: жаңадан ескіге карай, жаңа иеленгеннен ежелгі иеленгенге қарай, дара-дан жалпыға карай жүріп  жатады. Өршіген амнезияда әуелгіде естің неғұрлым аз ұйымдаскан, неғұрлым аз автоматтанған материалы жойылады. Баяғыда ие болған, демек, берік ұйымдасқан, неғұрлым көп автоматтанған материал ұзақ сақталады. Парамнезия (естің алдануы) конфабуляция (алдамшы еске алу) мен криптомнезияға (естің бұрмалануы) бөлінеді.
Конфабуляция мазмұнына шын мәнінде өткенде болған окиға бірақ басқа, жақын уақытпен араласқан оқиға жатады. Көп жағдайда бұл күнделікті, окиғаның кәсібімен жиі байланысты болып келеді. Конфабуляцияның мұндай түрі амнезиялық кеселге ұшырағанда пайда болып, аурудың   естелігіндегі   ақаулардың орнын   басып тұрғандай   болады    (орнын   басушы    конфабуляция).
Ауруханада апталап жатқан ауру әлгінде ғана вокзалдан келдім деп хабарлайды. Ол бүгін пойызда болған, ал кеше кешкісін командировкаға шыққан. Ол өзі кеткенше күні бойы әр түрлі мекемелерді аралаған, әр түрлі іс ұйымдастырып, сан алуан тапсырмаларды орындаған. Конфабуляцияның мазмұны естелік түрінде болатын патологиялық елестету    болуы мүмкін    (қиял-ғажайыптык конфабуляция.
Ауру онымен өткен шақта өткен  бір адам нанғысыз оқиғаларды аса бейнелі түрде, барлық егжей — тегжейлі жақтарымен әңгімелейді. Бұл әңгімелердің мазмұны ұлы адамдармен кездесулер, әр түрлі махаббат машақаттары, асыл заттарды сыйлау, данышпандық шығармалар жасау, ұлы жаңалықтар ашу, аса таңқаларлық оқиғалар болып келуі мүмкін. Осының бәрі оның, өмірінің белгілі бір өткен кезеңіне сәйкес келіп отырады. Қиял-ғажайыптық конфабуляция амнезия кезінде, әсіресе, өршіген амнезияда, сондай-ақ сандырақтың кейбір түрлерінде байқалады.  Қоршаған адамдар мен жағдайларды жалған тануг мен, ойдың байланыссыздығымен қоса жүріп отыратын көптеген конфабулациялардың қарқынды пайда болуы конфабуляциялық қатысу деп аталады.
Криптомнезия — ақиқат болған оқиғалар мен түсінде көрген оқиғалардың, есіткендері мен оқығандарының арасындағы айырмашылықтың толық жойылған-ға дейін әлсіреуі.
Белгілі бір жағдайларда есіткені, окиғаны немесе түсінде көргені аурудың шын мәнінде басынан өткен оқиға ұқсап еске алынады (ассоциациялык, естелік). Бұл кеселге, көбіне алғашқыда жоққа шығарылған жат идеяларды ырықсыз иелену жатады. Басқа бір жағдайда, бұған керісінше, шын мәнінде, бастан өткен оқиға естілген, оқыған немесе көзбен көрген окиға ұқсап еске алынады (жат естелік). Естің бұзылуы ми қыртысының функциялық қозуының азаюы, әлсіреуі нәтижесінде пайда болады.

Дене шынықтыру
  Спорт залдарында үзбей дене шынықтырумен айналысудың нәтижесінде миға қан келіп, ағза оттегіні де белгілі дәрежеде қабылдап, мидың жұмысын жақсартады. Егер мидың жұмысы жақсы болса, есте сақтау қабілеті де жақсара түседі. Сондай-ақ, бүкіл дененің мимен байланысы тағыз. Дене қозғалысының көптігі — ағзадаға зат алмасу процессін жақсартып, миды артық күштерден арылтады. Сондықтан да, бұл дәлелдерден кейін, спортпен шұғылдануды — күн тәртібіндегі басты ереже деп қарауға кеңес береміз.
 Миға жүктеу
Көп нәрсені есте сақтау үшін оқып, оқығанды мида тоқудан жалықпаңыз. Тіпті, тісіңізді бүгін басқа қолмен тазалауыңыз, не болмаса киім тігуде басқа қол иірімдерін пайдалануыңыздың өзін сіздің ми жаңашылдық деп қабылдайды. Ал жаңа ілімдермен таныс болудың өзі де миға сергектік сыйлайды.
  Тәтті ұйқы
 Күндіз ми қабылдаған ақпарат, түнгі ұйқы кезінде қайта іске қосылады. Оқымысты ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушалары адамның ұйықтап жатқан сәтін пайдаланып, миды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Яғни, күндіз қабылданған ақпараттар түнгі ұйқы кезінде бас ішінде сараланып, рет-ретімен тізіледі екен. Ал бізден кеңес: тәулігіне 8 сағаттан кем ұйықтамаңыз. Ұйқының жетіспеушілігінен ми қабаттары зардап шегіп, есте сақтау қабілетіңіз де төмендей түседі. Сонымен қатар, алкогольді ішімдік ішіп алып, ұйқыға кету де өте зиянды. Тәжірибеңізден көрген боларсыз, мас адам сау кезінде, кешегі болған оқиғалардан бейхабар болады.
 Күйзелістің алдын алу
  Күйзелістің пайда болуына әсер ететін үш фактор мыналар: күйбең тіршілікте пайда болған жаңа заңдылықтар, кей оқиғалардан алатын негатив әсер және уайым. Бұл факторлардан келетін жағымсыз әсерлер адамды күйзеліске ұшыратып, соңынан миына артық күш түсіреді. Бұдан құтылудың жолы, тыныс жолдарына арналған жаттығулар мен йога, кешкі уақытта жылы ванна қабылдау. Кеңесіміз, уайымшылдықтан арылу мен уақытылы қабылданған  ас пен ұйқы.
  Есте сақтаудың дұрыс жолы
Дауысыңызды шығарып, болып жатқан құбылысты әңгімелеп көріңіз. Міне менің көлігім. Оны дүкеннің қасына қалдырып барамын. Кілтті әкеліп, тоңазытқыштың үстіне қойдым. Тоңазытқышта тағамдар сақталған ... Ойыңызды дабыстап айтып көрсеңіз, есіңізде сақталады. Себебі, құлақпен кірген дыбысты ми да жақсы сақтай алады.
Өз әрекеттеріңізді суретке түсіріп көріңіз. Дыбыстап айту жеткіліксіз жайттар болады, бұл кезде түсірілген суреттер кейін болған жайтты қайта еске түсіреді. Қазір, ақпарат пен техниканың дамыған заманында, сағат санап түсетін ақпаратты есте ұстай алмай, техниканың көмегіне жүгінуге мәжбүр боламыз. Ұстауға да, қолдануға да ыңғайлы фотоаппараттың көмегімен оқиғаларды сурет етіп жазсаңыз, ұтылмайсыз. Тойлар мен маңызы бар іс-шараларды міндетті түрде суретке түсіріп жүру, кейін сол суреттердің арқасында өткен қуанышты оқиғаны қайта еске алу. Бізден кеңес: егер есте сақтап қалу үшін өте маңызды жайттар көз алдыңызда өтіп жатса, суретке түсіру пернесін басудан қысылмаңыз.
Қайталаңыз
Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берік болмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибратлану керек көңілденіп, ойланып, көңілге бекіту керек төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Бұл Абай қалдырып кеткен қара сөздердің бірі. ХІХ ғасырда жазылып кеткен бұл сөздің жаны бүгінгі күнге дейін жоғалмаса керек. Шынымен, естіген, көрген нәрсені ұмытпас үшін көкірекке тек соны түйіп, іштен бірнеше рет қайталап отыру керек.
  Өзіңізді тексеру үшін
 Төменде көрсетілген белгілерді саралай кле, өзіңізге қатысты талдау жасап көріңіз. Егер қандай да бір белгі бойыңыздан табылса, есте сақтау қабілетіңіздің нашарлағаны. Олар төмендегіше жіктеледі:
1.  Қалыпты ұмытшақтық
-     Кілтіңізді көрінген жерге салып қоясыз да, қайда салғаныңызды ұмытып кетесіз.
-     Жаңа танысыңыз не болмаса әріптесіңіздің есімін де аз уақытта ұмытып қаласыз.
2.   Есте сақтаудың жеңіл бұзылуы
-      Бүгінге жоспарланған кездесуіңіздің бар екенін ұмытасыз.
-      Жеке заттарыңызға ие бола алмай, жоғалтып ала беретін боласыз.
3.    Ауыр жағдай.
-      Сіз жақындарыңыз бен туғандарыңыздың есімін естен шығарып аласыз.
-      Сіз жоспарлы түрде мүлде әрекет ете алмай қаласыз.
 Еске түсіру
Кейде, әр түрлі жағдайларға байланысты өткінші құбылыстар өздігінен еске оралады. Ал, еске түсіру қатты қажет болған кезде, есімін таппай, не болмаса өткен оқиғаны еске түсіре алмай, қиналып жататын кездер болады. Бұл тығырықтан шығудың жолы бар. Мәселен, бүгін Арманмен кездесесіз делік. Кездесу орнын белгілеп қойған болсаңыз да, есіңізден әп сәтте шығып кетіп, қайда барарыңызды білмей тұрсыз. Осы бір сәтте Арман сүйіп оқитын ақынды еске түсіріңізші. Ол — Абай.  Демек, кездесуге белгіленген орын Абай даңғылы болды. Осылай, егер жадыңызда сақтап қалар дүниелер болса, басқа бір жағдайлармен байланыстыра отырып есте сақтаған, кейін осы жағдайды еске түсіре отырып, оқиғаны да миға сол қалпында оралтуға болады. Белгілі жағдайлар еске түскенде, ұмытқан нәрсе де өздігінен ойға келеді.
 Ұмыту да керек
Есте ұстау мен ұстағанды ойда сақтап қалу жеткіліксіз. Қажеті жоқ, ескі ақпараттан да құтылып отыру маңызды. Досыңыздың есігін қағып тұрған сайын, оның ескі нөмірін тере бересіз дейік. Осы жерде былай етіп көріңіз: қағазға ескі үй нөмірін жазыңыз да, сол қағазды өртеңіз...ойша. Өртеніп кеткен қағаз күлін жел өзімен бірге алып кетті. Мидан да жоғалды. Қарапаймым ғана әрекет.
Қиынырақ мысал алып көрелік.  Мәселен, сіздің жігітіңізбен жолдарыңыз екі айырылып кетті деп есептейік. Оны ұмыту керек. Бірақ, көзіңізді жұмған бойда оның елесі көз алдыңыздан кетпей,  мазаңызды қашырады. Ойша, ескіріп кеткен фотосуретті көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Ұмыта алмай жүрген жаныңыз бейнеленген суреттің түсі ойыңызда барған сайын оңа түсіп, сурет ақ параққа айналады. Міне, сурет те жоғалды, санаңыздан ұмыта алмай жүрген жанды да жоғалттыңыз.
 Дұрыс тамақтаныңыз
Біздің мидың үштен бір бөлігі қанбаған май оттегілерінен құралған. Соның әсерінен ми қабаттары қанды жақсы қабылдап, жұмыс істеу белсенділігін арттырады. Бұл белсенділікті арттыру үшін теңіз тағамдарын, балық майын, жаңғақтар мен пістелерді жеткілікті мөлшерде қабылдау керек. Сондай-ақ, жарма мен көкөністер құрамы жәй көмірсуларға мол болады. Ал құрамы қантқа толы ұн тағамдары мен чипсы болса,  шапшаң көмірсуларға бай. Олар ойлау мен дене қызметінің белсенділігін арттырады, бірақ соңынан барып, әлсіздік пайда болып, ойлау жұмысын тым бәсеңдетіп жібереді. Енді осыдан шешім шығарып көріңіз. Тәтті тағамдарға әуес болған дұрыс па, әлде теңіз тағамдары мен көкөністерге құмартқан дұрыс па?
Адам миына аминқышқылдары ауадай қажет. Ал қышқылдың бұл түрі балықта, дәнді дақылдар мен күріште болады. Есте сақтау қабілетіңізді жақсартқыңыз келсе, аталған азықтармен қоректенуді әдетке айналдырыңыз.
 Мнемозиннің сырлары
 Мнемозин сөзі жат көрініп отырған болар. Бұл дегеніміз, есте сақтау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ес жайындағы теориялар
Ес туралы ақпарат
Ес туралы
Оқушылар есінің даралық ерекшеліктері
Естің жалпы сипаты
Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік құрылысы
Ес және адам
Мектепалды даярлық топтағы оқу іс-әрекеті процесіндегі естің маңыздылығы мен алатын орнын анықтау және дамыту
Ес туралы туралы мәлімет
Зерттеудің теориялық мәні
Пәндер