Жүрек-қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық зерттеу әдістері мен эндокардит, миокардит, перикардиттің клиникалық-патологиялық негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Жүрек - қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық әдістермен зерттеу.

Жүрек -қан тамыр жүйесін лабораториялық және инструменталдық әдістермен зерттеу.

Лабораториялық зерттеу әдістері. Ферменттердің активтілігін (белсенділігін) талдау: АСАТ және АЛАТ немесе аспарагинді, аланинді, аминотрансферазаны, креатинфосфокиназа (КФК), лактатдегидрогеназа (ЛДГ) . Диагностикалық маңызы.

Жалпы белокты, белок фракциясын, С реактивті белокты, серомукоидты, антистрептолизинді, антигеалуронидазаны, антистрептокиназаны, сиалды қышқылды анықтаудың диагностикалық маңызы. Холестерин мен липопротеидтерді анықтаудың маңызы
Электрокардиография. техникасы.

12 тіркемесін жазу стандартты, кеуделік, бір полюсте тіркеу, ЭКГ қалыпты түрде ЭКГ анализін талдау.
Ырғақ бұзылғанда ЭКГ-ың өзгеруі: синустық тахикардия, брадикардия, экстросистолия, аритмия, пароксизамалды тахикардия туралы түсінік.
Өткізгіштігінің бұзылуы. Атриовентрикулярлы блокада. Сол жақ және оң жақ Гисс таяқшаларының блокадасы.

Қарыншалар мен жүрекшелер гипертрофиясы кезіндегі ЭКГ-ың өзгерістері. Жүректің ишемиялық ауруындағы ЭКГ (стенокардия, жедел миокард инфаркті) .

Фонокардиография. ФКГ-ны тіркеу әдістермен т ехникасы туралы түсінік. Диагностикалық маңызы. Жүрек-қан тамырларының ауруларының диагностикалық ФКГ-сы. Сфигмография. Сфигмографияны тіркеу әдістері туралы жалпы түсінік. Бұл әдістің диагностикалық маңызы.

Эхокардиография. Бұл әдіс бойынша жалпы түсінік. Бұл зерттеудің қолданылу жағдайлары. Диагнотикалық маңызы.

Жүректі рентгенмен тексеру. Радиоизотоптық зерттеу әдістері. Бұлардың диагнотикалық маңызы.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары елімізде адам өлімінің себептері арасында бірінші орынға шығып отыр. Атеросклероз, гипертония ауруы, жүректің ишемиялық ауруы адамзаттың "катерлі үшбірлігі" деген атқа ие болған. Осы топтан тысқары эндокардиттер, миокардит және жүрек жетіспеушіліктері де қаралады.

ЭНДОКАРДИТ
Эндокардит жүректің ішкі қабығының қабынуы. Этиологиясы. Эндокардиттер әртүрлі инфекциялар нәтижесінде дамиды, әсіресе оның пайда болуына гемолиз шақырушы -стрептококтардың, жасыл стрептококтардың, стафилококтардың маңызы зор. Эндокардиттердің бұл түрлері ревматизм, сепсис ауруларының бір көрінісі есебінде қаралады. Тек фибропластикалық эозинофилиямен барушы эндокардитті эндокардиттің алғашқы сырқаты деп қарауға болады.

Бұл сырқат үшін қарыншалар эндокардының едәуір қалыңдап кетуі және сол жерлерде тромб пайда болуы (тромбты эндокардит) тән. Егер осы өзгерістер сорғыш бұлшықетке немесе хорда жіптеріне өтсе клапандар жақсы жабылмай олардың жетіспеушілігіне әкеп соғады.

Ауру өлімі жүрек жұмысының нашарлығынан немесе тромбтар эмболиясына байланысты инфарктан болады.

МИОКАРДИТ
Миокардит - көптеген инфекциялардың, улы заттардың, аллергиялық әсерлердің нәтижесінде дамитын жүрек бұлшықеттерінің қабынуы.
Я. Л. Рапопорт морфологиялық тұрғыдан миокардиттердің: 1) арнайы емес; 2) гранулематозды және 3) алып клеткалы түрлерін ажыратады.
Этиологиясы. Гранулематозды миокардит туберкулез, саркоидоз, ревматизм сырқаттары үшін тән болса, ал алып клеткалы миокардит осы процесс нәтижесінде пайда болған ірі некроз ошақтарының айналасында дамиды. Миокардиттің бұл түрі миастенияда, Вегенер гранулематозында ұшырайды. Миокардиттердің көпшілігі кейбір аурудың қосалқы белгісі есебінде дамиды. И. В. Давыдовскийдің пікірінше өз алдына дамитын миокардитке тек себебі белгісіз (идиопатиялық) миокардитті ғана жатқызуға болады, үйткені осы сырқатта патологиялық процесс басқа ағзалардың емес жүрек қызметінің бұзылуынан басталады.

Идиопатиялық миокардит - Абрамов-Фидлер миокардиті, клиникалық көріністеріне қарап, қатерлі миокардит деп те атайды. Бұл сырқаттың этиологиясы анық емес, оның шығуында әртүрлі инфекциялардың, организмде дамитын иммунологиялық және иммунопатологиялық өзгерістердің маңызы бар.

Патогенезі. Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде жүрек бұлшықеттері зақымданып, организмде оларға қарсы антиденелер түзіледі. Антиденелер қандағы комплементпен қосылып иммунды жиынтық түзеді, оның миокардта, жүрек қан тамырларында шегіп қалуына байланысты иммунды қабыну процесі басталады. Миокард тканін бұзуда иммунды жүйеде түзілген, киллирлік әсер етуші, Т-лимфоциттердің маңызы зор. Демек осы аурудың организмде үдемелі (қатерлі) түр аяуы иммундық механизммен байланысты.

Патологиялық анатомиясы. Миокардит нәтижесінде жүрек қуыстары кеңіп, ткані босап, кесіп қарағанда сарғыш-қоңыр түсте көрінеді. Осы сырқат ұзаққа созылғанда кеңіген қуыстарда тромбтар түзіліп, жүрек салмағы 1 килограмға дейін жетеді. Микроскоппен тексергенде миокардта әртүрлі дистрофиялық және қабынуға тән өзгерістерді көреміз. Аурудың жіті түрінде қабыну сіңбелерінде лейкоциттер, әсіресе эозинофилді лейкоциттер көп болса, оның созылмады түрінде лимфоциттер, плазмалы клеткалар басым болады. Сонымен катар миокард аралығында дәнекер тканьнің көбейіп кеткендігі, ошақты немесе диффузды кардиосклероз дамығандығы байқалады.

Ауру өлімі жүрек қызметінің нашарлауына немесе тромбоэмболияға байланысты болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары: эндокардит, миокардит, перикардит, кардиомиопатиялар және атеросклероз
Жануарларды клиникалық жалпы зерттеу әдістері және жүрек-қан тамыр жүйесін зерттеу
Жануарларда жүрек-қан тамыр жүйесін клиникалық тексеру әдістері
Малдардағы эндокардит пен жарақаттық перикардиттің клиникасы, патологиясы және емдеу шаралары
Әртүрлі жастағы дені сау балалардың жүрек-қан тамыр жүйесін функционалдық және аспаптық зерттеу әдістері
Малдардың жүрек-қан тамырлар жүйесін клиникалық тексеру әдістері
Жануарларда жүрек-қантамыр жүйесін клиникалық зерттеу әдістері
Малдардың жүрек пен қан тамыр жүйесі аурулары: перикардит пен миокардиттің классификациясы, клиникасы, диагностикасы және емі
Малдардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің ақаулары және олардың емдеу мен профилактикасы
Әртүрлі жас топтарындағы студенттердің жүрек-қан тамыр жүйесінің функционалдық жағдайын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz