ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Толеранттылық

Толеранттылық (ағылш. tolerance - төзімділік, көнбістік) - басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық кәрсете білу қасиеті. Толеранттылық - адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық - қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің кәрсеткіші.

ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МОДЕЛЬ

Толеранттылық - бұл жергілікті ха­лық­тың басқа ұлт өкілдеріне және басқа діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі. Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл - халықтың сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемел­ден­генінің айқын көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-қатынастардың белгілі бір дәре­жеге көтерілгенін байқаймыз.

Елімізде ұлтаралық татулықтың салта­нат құруы - біз мемлекеттің негізін құрайтын қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейге көтерілгенінің белгісі. Біле білсек, толеранттылық - үлкен құндылық. Мұны тәуелсіздікке қол жеткізген 20 жылдағы маңыз­ды жетістігіміз десек артық айтқандық болмас еді. Қазақстандағы полиэтникалық қоғамда негізінен екі мәдениеттің үстемдік құрып отырғаны белгілі. Біріншісі, сөз жоқ қазақ мәдениеті. Бұдан кейінгі орында орыс мәдениеті тұр. Дәл қазір өзге ұлт өкілдерінің діні мен салт-дәстүрін жаңғыртуға барынша жағдай жасалған. Осындай ынтымақты тір­лікке дүниежүзінің көптеген елдері қол жет­кізе алмауда. Керек десеңіз, Қазақстан - Орталық Азияда ұлтаралық татулықты сақ­тап, алауыздыққа жол бермеген жалғыз ел. Бүгінде кең-байтақ қазақ жерінде 11 тілде жастарға тәлім беретін мектептер жұмыс істейді. Біздің билік мұндай білім ошақта­рының барлық шығындарын көтеріп отырғаны белгілі. Осыдан-ақ еліміздегі өзге ұлт өкіл­деріне қандай жағдай жасалғанын бағамдай беруге болады. Сондай-ақ, мұндай мектептер өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін оқып-үйренуіне негіз болып отырғанын тілге тиек ете кетуіміз керек. Бұдан басқа ел аума­ғында 13 тілде түрлі радио­хабарлар та­райтыны белгілі. Бұны үлкен жетістік деп айтуымызға қақымыз бар.

Қазіргі таңда өзге ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының маңайына топтасып, өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамы­туда. Өз басым Ассамблеяны Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ұсынған «ноу-хауы» деп есептеймін. Мұны елімізге келіп, қо­ғамдық-саяси жағдайды сараптаған саясат­танушылардың өздері де айтып жүргені белгілі. Тәуелсіздікпен бірге есейіп келе жат­қан Ассамблея еліміз үшін үлкен мән-мағынаға ие. Бүгінде қоғамдық институтқа республика бойынша 820 мәдени орталық мүше. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бүгінгі өміріміз дүниежүзіне үлкен үлгі-өне­ге болып отырғаны даусыз. Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайды сараптаған адам қазақ жерінде қандайда бір ұлтқа қатысты ксенефобиялық көзқарастың жоқ екенін бірден байқайды. Қазақ халқы Кеңес Одағы тарапынан аштық пен репрессияның тауқы­метін көп тартқан ел. Бірақ біздер КСРО-ның заңды мұрагері Ресейге қарсы ешқандай өшпенділік пиғыл танытпадық. Ал басқа ел­дерде мұндай жағдай керісінше сипат алғанын көзіміз көрді. Іргеміздегі Ресейдің өзі әлі күнге дейін Кавказ бен Орталық Азия­ның кейбір халықтарына қатысты жа­ғымсыз көзқарастан арыла алмай отыр. Өр­кениеттің шыңына шықты деген Фран­цияның өзінде Ислам дініне қатысты қай­­шылықты көзқарастар туындап, үлкен мәселеге айналып отырғаны жасырын емес. Осындай жайттарды еске алғанда еліміздегі қалыптасқан толерантты қоғамның мәні мен мазмұнын жете түсіне бастайсың. Бұдан басқа Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың Астана төрінде әлемдік дінбасылар­дың құрылтайын өткізіп, төрткүл дүниедегі тәрбие мен бейбітшілікті, лаңкестікке қарсы күресті талқылау бүгінде маңызды ғаламдық іс-шараға айналып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Ұлтаралық қатынас мәдениеті
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Қазақстандағы ұлттардың арасындағы қарым-қатынастың жағдайы мен болашақтағы өзгерістері
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Төзімділік мәселесін теориялық - әдіснамалық талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz