Сот шығындарының түрлері



Жоспар
Кіріспе
§1. Сот шығындарының түрлері.
§2. Сот шығындарын бөлу тәртібі.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе
Қазіргі заманда, азаматтар сот арқылы өздерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға болады. Көптеген азаматтар сотқа заңды бiлмеудiң негiзiнде, не оны қажетсiз деп санап сотқа жүгінбейді. Сотқа келгеннен кейiн азаматтар талап арыз жазып, қажеттi дәлелдемелер ұсынуға тиiс. Азаматтық ic жүргізуде дәлелдемелер ерекше маңызға ие.
Заңмен көзделген тәртiпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негiздейтiн мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшiн өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер ic бойынша дәлелдемелер болып табыла¬ды. Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылық¬тарының негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жай¬ларды делелдеуi тиic. Егер делелдеме ic үшiн маңызды мән-жайлардың бар екендiгi туралы тұжы¬рымдарды растайтын, тepicкe шығаратын не ола¬pғa күмән келтiретiн нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.
Егерде сiздердiң құқықтарыңызды және заңды мүдделерiңізді бұзылған ретте, сiз тұрып жаткан жердегі немесе жауапкердің тұpғaн жеріндегі сотына (егерде ол заңды тұлға болып табылса) шағым¬дану құқығыңыз бар.
Талапты сiз, не қорғаушымен бiрлесiп, немесе ceнiмxaт арқылы қорғаушыңыз бере алады. Қазақ¬стан Республикасының азаматтық ic жургiзу кодексiнiң 150-бабына сәйкес талап арыз сотқа жазбаша түрде берiледi.
Республика Президентінің 2009 жыл¬ғы 24 тамыздағы №858 Жар-лығымен бекітілген Қазақстан Рес¬публикасының 2012 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге ар¬налған жаңа құқықтық саясат тұ¬жыр¬ымдамасы ұлттық құқықтық жү¬йенің алдымыздағы он жылдағы даму болашағын айқындады.
Осы орайда ұлттық жүйенің базасын жетілдіре отырып, азамат-тардың құқықтарының толық қам¬та¬масыз етілуін көздей отырып, Қазақстан Республикасының Қы묬¬¬мыс¬тық іс жүргізу кодексінің 175-176 баשּׁтарында көрсетілген іс жүр¬гізу шығындары, іс жүргізу шығын¬дарын төлеттіру мәселесі қозғалып отыр.
Пайдаланылған әдебиет
1. http://www.satpaevsot.kz/zhanalyktar/14-11-2013-1015
2. http://kk.wikipedia.org/wik
3. kazdiplom.kz/content
4. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы №132 конституциялың заңы // "Егеменді Қазақстан". - 2000 жылғы 30 желтоқсан. -№333-334.
5. "Салық бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209 кодексі // ҚР Парламентінің Жаршысы. -2001. -№11-12. - 168-құжат.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

§1. Сот шығындарының түрлері.

§2. Сот шығындарын бөлу тәртібі.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиет



Кіріспе

Қазіргі заманда, азаматтар сот арқылы өздерiнiң құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауға болады. Көптеген азаматтар сотқа заңды бiлмеудiң негiзiнде, не оны қажетсiз деп санап сотқа жүгінбейді. Сотқа келгеннен кейiн азаматтар талап арыз жазып, қажеттi дәлелдемелер ұсынуға тиiс. Азаматтық ic жүргізуде дәлелдемелер ерекше маңызға ие.

Заңмен көзделген тәртiпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негiздейтiн мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшiн өзге де маңызы бар мән-жайларды, солардың негiзiнде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер ic бойынша дәлелдемелер болып табылады. Әр тарап өзiнiң талаптарының және қарсылықтарының негiзi ретiнде сiлтеме жасайтын мән-жайларды делелдеуi тиic. Егер делелдеме ic үшiн маңызды мән-жайлардың бар екендiгi туралы тұжырымдарды растайтын, тepicкe шығаратын не олаpғa күмән келтiретiн нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

Егерде сiздердiң құқықтарыңызды және заңды мүдделерiңізді бұзылған ретте, сiз тұрып жаткан жердегі немесе жауапкердің тұpғaн жеріндегі сотына (егерде ол заңды тұлға болып табылса) шағымдану құқығыңыз бар.

Талапты сiз, не қорғаушымен бiрлесiп, немесе ceнiмxaт арқылы қорғаушыңыз бере алады. Қазақстан Республикасының азаматтық ic жургiзу кодексiнiң 150-бабына сәйкес талап арыз сотқа жазбаша түрде берiледi.
Республика Президентінің 2009 жылғы  24 тамыздағы  №858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2012 жылдан 2020 жылға  дейінгі  кезеңге  арналған жаңа  құқықтық саясат тұжырымдамасы ұлттық құқықтық жүйенің  алдымыздағы  он жылдағы  даму  болашағын айқындады.

Осы  орайда  ұлттық жүйенің  базасын жетілдіре  отырып,  азаматтардың  құқықтарының  толық қамтамасыз етілуін көздей отырып,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс  жүргізу кодексінің 175-176 баптарында  көрсетілген іс  жүргізу  шығындары, іс  жүргізу  шығындарын төлеттіру  мәселесі  қозғалып отыр. 

§1. Сот шығындарының түрлері.

Соттың қызметі мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Осы шығындардың бір бөлігі заңмен бекітілген тәртіпте процеске қатысушылармен төленеді. ҚР АІЖК-нің 100-бабына сәйкес сот шығындары:

мемлекеттік бажбен;
іс жүргізуге байланысты шығындардан тұрады.
Әрқайсысын жеке қарастырып көрейік.

Мемлекеттік баж - уәкілдік берілген мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар заңдың мәні бар іс-қимылдар жасағаны не құжаттар бергені үшін алатын міндетті төлем, яғни сотпен (судьямен) азаматтық істер қарап шешкені үшін мемлекет кірісіне төленетін ақша төлемі.

Мемлекеттік баж сотқа берілетін талап арыздардан, ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан), апелляциялық шағымдардан, атқару парағының дубликатын беру туралы сұрағы бойынша сот ұйғарымына жеке шағымдардан, сот бұйрығын беру туралы арыздан, сондай-ақ сот пен аралық соттардың, шетелдік соттардың және төреліктердің шешімдері бойынша атқару парақтарын, құжаттар көшірмелерін (дубликаттарын) бергені үшін алынады.

Мемлекеттік баждың белгіленген пайыздық ставкалары, егер өзге Салық кодексімен белгіленбесе, ҚР-сы заңды актісімен мемлекеттік баж төленетін күні белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен есептеледі (Салық кодексі 495-бабының 2-бөлігі).

Мемлекеттік баждың екі түрі бар:

талап қою бағасынан пайыздық ставкалары бойынша есептелетін мемлекеттік баж;
төленген күні республикада белгіленген есептік көрсеткіш мөлшеріне негізделіп есептелетін мемлекеттік баж.
Соттардағы мемлекеттік баж ставкалары мынадай мөлшерде алынады (ҚР Салық кодексінің 496-бабының 1-бөлігі):

1) мүліктік сипаттағы талап арыздардан:

жеке тұлғалар үшін - талап сомасының - 1 пайызы;
заңды тұлғалар үшін - талап сомасының - 3 пайызы;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының жеке тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан -30 пайыз;
мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының заңды тұлғалардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңсыз іс-әрекеттеріне берілген шағымдардан -500 пайыз;
Салық тексеру актілері бойынша ескертулерге дау айту туралы талап арыздардан:
жеке кәсіпкерлер және шаруа (ферма) қожалықтары үшін - ескертулерде белгіленіп есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 0,1 пайыз;
заңды тұлғалар үшін - ескертулерде белгіленген есептелген салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер сомасынан (айыптарды қосқанда) 1 пайыз;
некені бұзу туралы талап арыздардан - 30 пайыз; некені бұзу кезінде мүлікті бөлген жағдайда баж осы баптың 1) тармақшасына сәйкес талап бағасына қарай белгіленеді;
хабар-ошарсыз кеткен немесе ақылынан ауысуы немесе ақылесінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеті жоқ деп белгіленген тәртіппен танылған адамдармен, не үш жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдармен некені бұзу кезінде мүлікті бөлу туралы талап арыздардан осы баптың 1) тармақшасына сәйкес;
түрғын үй-жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу туралы, мұраны қабылдау мерзімін ұзарту туралы, мүлікті пайдалануға тыйым салудан босату туралы талап арыздардан және мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын басқа да талап арыздардан - 50 пайыз;
ерекше жүргізілетін істер жөніндегі арыздардан (шағымдардан) - 50 пайыз;
8-1) аралық соттар шешімі, төрелік шешімдердің күшін жою туралы өтініштерден: жеке тұлғалар үшін - талап сомасының - 1 пайызы; заңды тұлғалар үшін - талап сомасының - 3 пайызы;

9) соттың шешіміне апелляциялық шағымдардан мүліктік емес сипаттағы талап арыз берілген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінің, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша - арыз беруші дауласып отырған сома негізге алынып есептелген мемлекеттік баж мөлшерінің - 50 пайызы;

9-1) сот бұйрығын шығару туралы арыздардан - осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік баж ставкасының 50 пайызы;

9-2) атқару парағының дубликатын беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарымына жеке шағымнан, сондай-ақ аралық соттар, шетелдік соттар және төреліктер шешімдері бойынша атқару парақтарын беру үшін – 500 пайыз;

сот шешімдерінің, үкімдерінің, ұйғарымдарының, соттың басқа да қаулыларының көшірмелерін (дубликаттарын), сондай-ақ іске қатысушы тараптар мен басқа да адамдардың өтініші бойынша соттар беретін іске қатысты басқа да құжаттардың көшірмелерін қайталап беру үшін әрбір құжат үшін 10 пайыз және бұған қоса, әзірленген әр бет үшін 3 пайыз;
заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы арыздардан - 500 пайыз.
Бір мезгілде мүліктік және мүліктік емес сипаттағы талаптар қойылған талап арыздар үшін мүліктік сипаттағы талап арыздарға және мүліктік емес сипаттағы талап арыздарға белгіленген мемлекеттік баж қатар алынады.

Талап қоюдың бағасын талап қоюшы көрсетеді (ҚР АІЖК 102-бабы). Көрсетілген бағаның талабын мүліктің шын мәніндегі бағасына анық сәйкес келмеген жағдайда талап қою бағасын талап арызын қабылдау кезінде судья айқындайды.

Талап қою кезінде оның бағасын анықтау қиын болған жағдайда мемлекеттік баж мөлшерін сот істі шешу кезінде анықтаған талап қою бағасына сәйкес келетін бажды кейіннен қосымша өндіріп алу арқылы судья алдын ала белгілейді.

Істі қарау кезінде талап қою мөлшері ұлғайған жағдайда, баждың жетіспейтін сомасын талап қоюшы талаптың көбейген бағасына сәйкес қосымша төлейді.

Соттарда мемлекеттік баж төлеуден мыналар босатылады (ҚР Салық кодексінің 501-бабы):

талап қоюшылар - еңбекке ақы төлеу сомасын өндіріп алу туралы талаптар және еңбек қызметіне байланысты басқа да талаптар бойынша;
талап қоюшылар - авторлық құқықтан, сондай-ақ жаңалық ашу, өнертабыс, рационализаторлық ұсыныс және өнеркәсіптік үлгілер құқығынан туындайтын талаптар бойынша;
талап қоюшылар - алимент өндіріп алу туралы талаптар бойынша;
талап қоюшылар - асыраушының мертігуіне немесе денсаулығының өзге де зақымдануына, сондай-ақ қайтыс болуына байланысты зиянның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;
талап қоюшылар - қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптар бойынша;
жеке тұлғалар - некені бұзу туралы істер жөніндегі апелляциялық шағымдардан;
іске қатысы жоқ адамдардан басқа заңды және жеке тұлғалар - қылмыстық істерге және алимент жөніндегі істерге байланысты өздеріне құжаттар бергені үшін;
талап қоюшылар - Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының бұзылуы арқылы мемлекетке келтірілген нұқсанның орнын толтыру үшін мемлекет кірісіне қаражат өндіріп алу туралы талаптар бойынша;
жалпы орта білім беру жүйесінің кәсіптік-техникалық мектептері - оқу орындарын өз бетімен тастап кеткен немесе олардан шығарылған оқушылардың қажетіне жұмсауға мемлекет шеккен шығындарды өндіріп алу туралы талаптар бойынша;
жеке тұлғалар - қылмыс жасау арқылы келтірілген материалдық нұқсанды өндіріп алудың дұрыстығына дау жасалатын қылмыстық істер бойынша апелляциялық шағымдардан;
заңдарда көзделген жағдайларда басқа адамдардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заң арқылы қорғалатын мүдделерін қорғап сотқа арызданған заңды және жеке тұлғалар;
талапкерлер - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер - барлық істер мен құжаттар бойынша;
заңды және жеке тұлғалар - сотқа іс жүргізуді тоқтату немесе арыздарды қарамай тастау туралы сот ұйғарымының күшін жою жөнінде; шешімнің орындалуын кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту жөнінде; шешімді орындау әдісі мен тәртібін өзгерту жөнінде; талаптарды қамтамасыз ету немесе қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру жөнінде арыздар; жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша сот шешімдерін, ұйғарымдарын немесе қаулыларын қайта қарау туралы арыздар; сот шешімімен салынған айып- пұлдарды ұлғайту немесе азайту туралы; сот ұйғарымының орындалу барысы туралы, өткізіліп алынған мерзімдерді қалпына келтіру туралы арыздар; сондай-ақ сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдар; айыппұлдарды ұлғайтудан немесе азайтудан бас тартқандық туралы сот ұйғарымдарына берілген жеке шағымдар; сот ұйғарымдарына берілген басқа да жеке шағымдар; әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жөніндегі қаулыға шағымдар; сырттай шешімдер күшін жою туралы арыздар бергені үшін;
прокуратура органдары - барлық талаптар бойынша;
мемлекеттік мекемелер - үшінші бір тұлғалардың мүдделерін қорғайтын жағдайларды қоспағанда, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талап-арыздар берген кезде;
мүгедектердің қоғамдық ұйымдары - өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша талаптар қойған жағдайда;
сақтандырушылар мен сақтанушылар - міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талаптар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Cот шығындары
Қазақстан Республикасының соттарының азаматтық істер бойынша сот шығындары туралы заңдары
Сот шығындары
Сот шығындарын төлеуден босату
Сот шығындарын бөлу тәртібі
Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
Кезең шығындарының есебі
Коммерциялық ұйымдардағы шығындар есебі мен аудиті
Мемлекет шығындарын қаржыландыру
Өндірісті есептеу әдістері
Пәндер